XX ғасыр мәдениеті - Қалғандары - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Пятница, 24.03.2017, 07:09
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Қалғандары

XX ғасыр мәдениеті

Адамзат тарихында ХХ ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, сан-қилы дағдарыстарға толы сындарлы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамығае елдерде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениетінің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, ХХ ғасыр мәдениетінің мазмұнын ашып көрсетуде екі басты мәселеге баса назар аударғанды жөн көрдік. Оның біріншісі, ХХ ғасыр мәдениеті дамуының басты бағыттары (ХХ ғасыр мәдениетінің қалыптасуының сабақтастығы мен дәстүрлері, қазіргі заман мәдениетінің тоқырауға ұшырауы мен одан шығу жолдары және бұл процестің түрлі мәдени концепцияларда көрініс табуы және т.б. мәселелері), екіншісі, ХХ ғасыр мәдениетінің жалпы адамзаттық және ұлттық сипаты (жалпы адамзат мәдениеті қалыптасуының басты себептері және оның құндылықтары, жалпы адамзаттық және ұлттық диалектика және т.б.).
Бүгінгі таңда дүниежүзінде 200 мемлекетке жетіп, мыңдаған халықтарға бөлінген, саны жағынан 6 млрд. Жеткен адамзат баласы 2 млн. Жуық өсімдіктер мен жануарлардың бір түрі ғана. Адам баласы өмір сүрген кезден бастап мыңға жуық ұрпақ ауыстырған екен. Осынша халықтың ішінде екі адамның бір-біріне мүлде ұқсас болмай, өзіндік қайталанбас ерекшеліктерінің болуы да таңқаларлық жайт. Адам бір-бірінен жеке тұлға есебінде ерекшеленіп қана қоймайды, сонымен қатар топтық айырмашылықтарға да тәуелді болып келеді. Осыншама айырмашылықтар бола тұрса да адамзат баласының басын біріктіретін не нәрсе? Ол- ең алдымен дүниенің тұтастығына негізделген «жалпы адамзаттық мәдениет». «Дүниенің тұтастығы» дегеніміз- дүниежүзілік көлемде өндірісті дамыту мен әлемдік мәселелердің туындауы негізінде пайда болған адамдар мен халықтардың өзара тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. «Дүниенің тұтастығы»- қазіргі замандағы адамзат пен бірыңғай жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болды. Демек, адамзат баласының басын біріктіретін «жаңа заман мәдениетінің» тағдыры- адамзаттық құндылықтарға, гуманизмге, адам құқын қорғау қозғалысын дамытуға, ғылыми білім мен алдыңғы қатарлы технологияны дамытуға, ұлттық мәдениеттердің өзара байланысына, қоршаған орта мен өмірге, экологиялық қатынасқа тікелей байланысты. ХХ ғасыр дүниежүзінде түрлі мәдениеттердің өмір сүретіндігін жоққа шығарған, бірыңғайға келтірілген «гуманистік моно-мәдениеттің» екі үлгісін бастан кешірді. Оның біріншісі- «дүниежүзілік» пролетарлық революция идеясы. Ол таптық құндылықтарды асыра бағалауға негізделген. Екінші модель, бір ғана ұлттық мәдениеттің, бір ғана ұлт пен мыңжылдық рейх (герман фашизмі) мемлекетінің үстемдігіне негізделді. Бұл жағдайлардың салдарынан миллиондаған адамдар қазіргі заман мәдениетінің жалпы адамзаттық сипаты туралы идеяны басқаша қабылдады. Осы себепті мәдениеттің «қарсы мәдениетке» айналуы етек алып, әлеуметтік қозғалыстың бұрмаланған түрі пайда болды. Осы орайда, жалпы адамзаттық мәдениетке апаратын қозғалыстың өте күрделі процесс екендігін ерекше атап өткен жөн. Орын алған қарама-қайшылықтарды шешуде түрлі мәдени бағыттарды, көзқарастарды, пікірлерді есепке алмасқа тағы болмайды. Жалпы адамзаттық мәдениет-жолындағы қайшылыққа толы алғашқы «Біз-Олар» жолы- өте күрделі процесс, ал бұл формулаға сүйенсек, тағылық заманға қайтып оралған болар едік.
Жалпы адамзаттық мәдениет- көркемдік-поэтикалық, ғылыми, өндірістік қызметтің ең жетілген түрлері, әр түрлі халықтар мен ұрпақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір мен шындықты және дүниені танып білуінің бірыңғай тәсілдері. Адамзат баласы осы қағидалардың негізінде таптық және нәсілшілдік өшпенділігіне жол бермейтін, адам мен халықтар құқы бұзылмайтын, қайыршылық пен сауатсыздық, экономикалық және мәдени отаршылдықтан ада біртұтас өркениет құруға бағытталуда. Мәдениеттің бұл үлгілері мәдениетті қалыптастыруда басты бағдар болып отыр. Адамзаттық мәдениеттің қалыптасуын халықаралық қауымдастық мүшелерінің құндылықтарының белгілі бір жүйесін жай ғана қабылдау деп, дәлірек айтқанда, түрлі мәдениет салаларын бірыңғайлау деп қарастыруға тағы болмайды.
Өйткені, мәселе аймақтық және ұлттық мәдениеттердің өзара рухани байланысуының өсуі туралы болып отыр. Уақыт өткен сайын түрлі халықтар мәдениеттерінің арасындағы байланыстардың арнасы кеңейе түсуде, бір мәдениет саласындағы өзгеріс басқаларын да өз ықпалын тигізуде. Ғаламдық мәдени жетістіктер дүниежүзіне кеңінен тарауда. Ендеше, біз ғылымдық гуманистік құндылықтардың дамуының мүлде жаңа кезеңіне өткенімізді мойындауымыз керек. Біртұтас әлемдік өркениеттің қалыптасуының негізі- саяси-экономикалық және мәдени байланыстардың белең алуында жатыр. Соның негізінде жаңа сапалы жүйе- жалпы адамзаттық мәдениет қалыптасып, түрлі елдер мен халықтардың арасындғы байланыс нығая түсуде, тіпті біртұтас өркениеттің бір жағында болған мәдени тоқырау құбылыстары немесе жетістіктері басқа жақтарға да өз әсерін тигізбей қймады. Мұндай құбылысқа қарап, дүниені қабылдау тәсілдері бір ізге салынып, мәдени нормалары бірыңғай жүйеге келтіріліп, ұлттық сипат жойылып бара жатыр деген ұғым туып қалмауы керек, өйткені әрбір ұлт, әрбір әлеуметтік топ жалпы адамзаттық мәдениет қорынан тек өзіне қажеттісін ғана, өзінің даму дәрежесіне сай келетін мәдени құндылықтарды өз мүмкіндігіне байланысты ғана қабылдайды. Ұлттық мәдениет дәстүрлерін сақтап қалу бағытының ерекше етек алып отырғандығы да жоғарыда айтылған ойымызды айқындай түсетін сияқты. Әрине, қазіргі өркениетті түрлі ғаламдық өркениеттердің басын жай ғана біріктіре салу деп түсіну мүлде қате болған болар еді. Бұл процесс эрі күрделі және толып жатқан қарама-қарсылықтарға толы болып келеді. Оған дәлел ретінде, қазіргі замандағы Батыс мәдениетіне Жапония мен Таяу Шығыстың басқа да елдерінің «өндірістік мәдениетінің» зор ықпалын келтіруге болады. Шындығында да, бұл аталған елдердің мәдениетіне негізделген қызметтің өндірістік түрлерінің Батыстың дәстүрлі құндылықтарымен салыстырғанда көптеген артықшылықтары бар екендігі айқын аңғарылады. Ендеше, қазіргі жалпы адамзаттық мәдениетті қалыптастырып, дамытуда мәдени құндылықтарды өзара байланыста игеру, мәдениетті дамытуды ғалымдық дәрежеге көтеру- бүгінгі таңдағы басты мәселе болмақ. Ал адамзаттың «біртұтас ғаламдық мәдениеті» мәселесінің ерекше қойылуының басты себептері қандай?
Біріншіден, адамзат тіршілігінің түрлері мен тәсілдерінің үлгілерінің терең өзгеріске ұшырауына байланысты ұлы әлеуметтік революция жүзеге асты. Оған дәлел ретінде, ХХ ғасырда дүниежүзілік көлемде дәстүрлі қоғамға тән «жеке еңбек етуден»- жалданып еңбек етуге, коллективте, еңбек ету және бақылау арқылы еңбек етуге көшу жүзеге асырылды. Жаппай урбанизация жағдайында адамдардың өмірді, қоршаған ортаны қабылдау тәсілдері мен түрлері өзгерді, халықтың өмір салты адам айтқысыз өзгерістерге ұшырады. Сөзіміз дәлелді болу үшін цифрлар келтірейік. ХХ ғасырдың басында Батыстың ең алдыңғы қатарлы 9 еліндегі өнеркәсіп саласында еңбек етушілер 43%-і болса, ХХ ғасырдың ортасында бұл көрсеткіш, яғни жалданып жұмыс істеушілердің саны 60%-ке жетті, өз кезегінде бұл көрсеткішпен қатар мұндай мемлекеттердің саны да арта түсті. Мұндай құбылыс дамушы елдерде етек алды, тіпті жалданып жұмыс істеушілердің саны жағынан олар Батыс елдерін озып шықты. ХХ ғасырдың басында дүниежүзіндегі қала халқы адамзат баласының небәрі 3%-ін ғана құраса, ХХ ғасырдың ортасында олардың үлесі 28%-ке, ал 90 жылдары 40%-тен асып кетті. Кең байтақ мегополистер пайда болды. Мысалы, АҚШ-тың солтүстік-шығысында, Жапонияда Хоккайдода және т.б. қала мәдениеті жағдайында адамның мәдени жандүниесі күрделі өзгерістерге ұшырады. Қала халқының алдында өзіндік өзгеше өмірдің есігі айқара ашылды. Адам телевидение және компьютерлік жүйелер арқылы толассыз хабарлар алу мүмкіндігіне ие болды, өмір салты, еңбек ету айтарлықтай өзгеріске ұшырады, білім берудің мазмұны мен түрлері жаңа сатыға көтерілді. Сөйтіп, ауыл-село халқының көпшілігі қалаға қоныс аударды, ал бұл жағдай түрлі ұлттардың өзара жақындасуына, мәдени байланыстарының кеңеюіне әсер ете отырып, оларды біртұтас жалпы адамзаттық мәдениет арнасында тоғыстырды.
Екіншіден, ХХ ғасырда адамның мәдени құндылықтарды игеру бағытында, жалпы адамзаттық біртұтас негіздердің қалыптасуында айтарлықтай өзгерістер болды, ал олар өз кезегінде жанұяға деген көзқарастың өзгеруіне, адамның жан-жақты қалыптасуына айтарлықтай әсер ететін алғашқы әлеуметтік ұжымға тікелей байланысты болды. Дәстүрлі неке институты өзгеріп, жаңа жанұя мүлде жаңаша мазмұнға ие болды. Ұлттық мінез өзгешеліктеріне, жанұяның өз ішіндегі қарым-қатынастардың өзгешеліктеріне қарамастан, өз дамуында постиндустриалдық кезеңге аяқ басқан көптеген елдерде түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды. Жанұялардың өз қажеттіліктерін қанағаттандырып табысқа қол жеткізушілік, яғни жанұя мүшелерінің өмірлерінде алға басушылық байқалды. Патриархалдық жанұяда балалар еңбекке ерте араласты, күнкөріс қамын ересектермен бөлісті. Ал ХХ ғасырда балалық шақтың созылуы, оларды жанұяның басты құндылығы деп санау, оларға айырықша қамқорлықтың жасалуы жастардың дүниежүзілік мәдениетке деген құштарлығын арттырып, мүлде жаңаша адамгершілік, сезімдік және интеллектуалдық құндылықтарды өз бойларына тереңірек сіңіруіне себепкер болды. Бұл кезеңде жастар жалпы адамзаттық мәдениеттің қайнар бұлағына сусындаып, рухани азық алды, сөйтіп олардың бойында заман талабына сәйкес жаңа ізгі қасиеттер қалыптасты. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер өмір сүрудің жаңа түрлерін, мәдени стериотиптерді өмірге келтірді.
Мәдениеттің біртұтас дамуы- қарама-қайшылықтарға толы процесс болды. ХХ ғасырда дүниежүзілік мәдениеттің қалыптасуына ұлттық мәдениеттердің өркендеуі жолындағы қуатты қозғалыстармен қабаттас болды. Қазіргі кезеңде мәдениетке «еуроцентристік көзқарастың» шектеулі екендігіне көзімізді жеткізіп отырмыз. «Техногендік еуропа мәдениеті» ерекше дәріптеліп, оны ұлттық және аймақтық мәдениеттерге негіз етіп көрсетілді. Қазіргі заман тәжірибесі Шығыс елдерінің Батыс мәдениетінің құндылықтарын, қол жеткен табыстарын өздерінің өндіріс және білім беру жүйесінде кеңінен қолданып отырғандығын көрсетіп отыр. Тынық мұхит елдері бүгінгі таңда ғылыми-техникалық прогрестің қозғаушы күштерінің біріне айналды. Адамзат санасында қалыптасқан «Шығысты Батысқа қарсы қою» идеясы қалыптасқан жағдайды есепке алмайды. Мұндай көзқарас сөзсіз біртұтас «жалпы-адамзаттық мәдениет» идеясын жоққа шығарған болар еді. Кезінде М. Вебер «протестанттық мәдениеттің» негізінде Батыс Еуропада нарықтық экономиканы қабылдау мен үйрену нәтижесінде қалыптасқан ұлттық мәдени дәстүрлердің орнына ерекше мән берген болатын. Оған дәлел- нарықтық экономиканың әрекеті мен жер шарындағы мемлекеттердің мәдени айырмашылықтары жайында жүргізілген белгілі ғалым Хофстедтің классикалық зерттеулерінің қорытындылары болып табылады. Бұл қорытындылар дүниежүзінің 100 еліндегі трансұлттық компанияларының қызметкерлерінің арасында жүргізілген сұрақ-жауаптарға негізделген. Дамыған елдердің алғашқы қатарынан нарықтық экономикасы мен кәсіпкерлік қызметі шарықтап дамыған елдер орын алған. Олардың өзі екі топқа бөлінген. Біріншісіне- Ұлыбритания мен Канада жатқызылған. Бұл елдер мәдениетінде индивидуализм үстемдігі айқын байқалады. Индивидуалистік мәдени дәстүрде адамдар ұжымнан тысқары, жеке әрекет еткенді қалайды. Мұндай жағдайда –ең бірінші кезекте жеңіске бағдар алу, алға қойған мақсатқа жету және ол мақсат жолында кездесетін бәсекеге, қиындықтарға төтеп беру басты орынға қойылады. Екінші топқа- Швеция мен Жапония сияқты мемлекеттер жатқызылған. Мұнда біршама коллективтік құндылықтар үстемдігі айқын аңғарылады. Шаруашылықты жүргізудегі көптеген ұқсастықтарға қарамастан, бұл екі блок елдерінің арасында келіспеушілік пиғылдар да бар. Мысалы: Американдықтар швед кәсіпкерлерінің іс-қимыл стилін жақтырмай, олардың жұмысын көргенде бастары ауыратындығын жасырмайды. Ұжымдық мәдениетке тән нәрсе- нақты шешім қабылдауда бұйрық беруден бас тартып, бір шешімге ақыл-кеңес арқылы келу. Кәсіпкерліктің мұндай жолын американдықтар босаңдық таныту, олай болса мұндай жағдайда басшы адамның беделі жойылады деп есептейді. Демек, АҚШ-та мәдени идеал- өз күшіне сенген, қандай мәселе болса да жеке дара шешетін, заң алдында жауап бере алатын жеке адам болып саналады. Керісінше, жоғарыда байқағанымыздай Скандинавия кәсіпкерлері коллективтік іс-қимылды табыстың басты көзі деп санайды. Осы орайда техногендік жағынан үлгілі елдердің қатарына жататын Жапония мемлекетінің жетістіктері мәдени дамудың ұлттық түрлеріне негізделген. Мұнда «техногендік өркениет» ерекше мәдени орта жағдайына қарамастан өзіндік үйлесімділік тапқан. Жапон мәдениетіндегі ғасырлар бойы қалыптасқан табиғат, адам мен қоғам арасындағы ерекше қарым-қатынастар елдің нарықтық экономика саласындағы қомақты табыстарына тікелей әсер етіп отырғандығын мойындамасқа болмайды. Міне, сондықтан да Жапонияда мәдениеттің ерекше ұйымдастырушылқ түрлері пайда болды. Жапондардың ұлттық-мәдени бет-бейнесінің ерекшелігі-еңбекті ұжымдық тәсілмен ұйымдастырудан-ақ айқын байқалады. Мысалы, кәсіпорын басшысы шешім қабылдамас бұрын, оны қарамағындағылармен келісіп ақылдасып алады. Жапондықтардың ұжымдық мәдениеті, олардың еңбек саласында демократиялық басқару тәсіліне бой ұрғандығын байқатады. Олардың басты ұраны: «барлығымыз да біргеміз және бәрміз де теңбіз». Сондықтан да болар өнеркәсіп басшысы мен қатардағы маманның алатын жалақыларының мөлшерінде айтарлықтай айырмашылық болмайды. Ұлттық мәдениеттердің әр түрлерінің – Скандинавиялық, романдық, синтоистік, азиаттық, англосаксондық пайда болуы ғылыми білімге, өндірістің жоғарғы тәсілдеріне негізделген нарықтық экономиканың қалыптасуына және оның шарықтап дамуына әсер етті. Дүниежүзілік өркениеттің даму барысының өзі-ақ ұлттық мәдениеттердің маңыздылығы бүгінгі таңда бұрынғыдан да артып отырғандығын және әрбәр мәдениет дүниежүзілік дамудың түрлерін өз қажетінше қабылдауымен қатар, жалпыадамзаттық мәдениеттің қалыптасу процесінде өздерінің қомақты үлестерін қосып отырғандығын көрестіп отыр. Қазіргі дәуірге тән ерекше қасиет- ұлттық мәдениеттердің тұйықтықтан арылып, бір-бірімен байланыстарын жаңа сапалық дәрежеге көтеруі болып табылады. Жоғарыда көрсетілген Шығысқа тән құндылық «коллектившілдік-индивидуалистік» мәдениеттің ең жоғарғы дәрежеде дамыған елі АҚШ-та қабылдауға мәжбүр болды, өйткені қазіргі заманда өнеркәсіпті басқарудың авторитарлық әдісінің тиімсіздігін өмірдің өзі-ақ дәлелдеп берді.
Осы орайда мәдениеттің әр саласындағы өзгерістерді бір елден бір елге жайдан-жай көшіре салуға болмайтындығын ескере кеткен жөн. Оған дәлел ретінде басқа елдерді қойғанда, қазақ халқының кеңес дәуіріндегі мәдениетінің тағдырын айтсақ та жеткілікті сияқты. Мәдениеттің, не өмірдің белгілі бір саласының элементін механикалық көшіре салу ешбір нәтиже бермейді. Сөзіміз дәлелді болу үшін нақты мысал келтірейік. Жапонияда өнімнің сапалылығы жолындағы күреске жұмысшыларды кеңінен тарту мақсатында арнайы «сапа үйірмелері» ұйымдастырылды. Ерекше атап өтетін жайт, бұл қозғалыс жапон халқының мәдени-психологиялық құндылықтарын негізделген болатын, өйткені жапондықтар екі моральдық-құндылықтар ризашылық парызы мен адалдық парызының рухында бала кезінен тәрбиелеген. Іс-әрекеттің осындай ұлттық-мәдени стериотиптің ықпалымен жапондық жұмысшы өз күшіне сенеді, бос уақытын да аямайды. 70-і жылдары осындай «сапа үйірмелері» АҚШ-та пайда бола бастады. Бірнеше жылдардан соң бұлар 230 американ компанияларында өз жұмыстарын жүргізе бастады. Осы біршағын мысалдың өзі-ақ жоғарыда айтылған ойымызды айқындай түссе керек. Американдықтардың индивидуализмді мен кәсіпкерлік рухының тамыры сол елдің өткен тарихында, оның күрделі этникалық және географиялық құрылымында жатыр. Еңбек сүйгіш неміс халқы мен оның экономикалық жетістіктерін неміс мемлекетінің тарихын білмей тұрып, ол халықтың өзіндік ұлттық қасиеттерін ескермей ешуақытта түсінуге болмайды. Мысалы, Қытай мәдениетіне оптимистік дүниетаным, өмір мен өлімге табиғи тұрғыдан қарау тән. Адамдар жер бетінде тіршілік етеді, ондағы тірілер мен өлілер өзара тығыз байланыста. Еуропалық мәдениеттегі батыл қадамдармен қайта жаңғыртушылар, түбегейлі өзгерістер бір жағынан прогресті тығырыққа тіреді. ХХ ғасырдың ұлы ойшылы, А.Швейцер технократтық мәдениеттен бас тартып, дамудың ең жоғарғы сатысына көшу қажеттігі туралы ойға келді. ХХ ғасырдың дүбірлі оқиғалары, қантөгіс қырғиқабақ соғыстар, экологиялық апаттар және т.б. негізінде ғылым «технократизм мен технократтық ғылым»-мәдениетті идеялардың құрбандығына, рухани және сезімдік ақыл-тй қысымына, жалпы мәдениеттің тоқырауына әкелді деген қорытындыға келді. Ұлы ойшыл жаңа жалры адамзаттық мәдениеттің тағдыры үшін «өмірді қастерлеу» принципін ұсынды. Бұл принцип-мәдениетті дамытудың үлгісінен жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген мүлде жаңаша даму бағытына көшуге меңзейді. Ал бұл жол ізгілік жолы, адамдарды жарқын болашаққа апарар даналық жолы.
Категория: Қалғандары | Добавил: Axi
Просмотров: 1189 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2017