Среда, 20.09.2017, 08:50
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Қазақ әдебиеті

Абай құнанбаев

Абай Құнанбаев
(1845-1904)
Абай осы күнгі Семей облысындағы
Шыңғыс тауын жайлаған тобықты
руының ішінде 1845 жылы туған.
Абайдың өз әкесі – Құнанбай,
атасы - Өскембай. Аталарының
барлығы да ру ішінде үстемдік
жүргізген адамдар.

Орыс классиктері мен Абай

Батыс әдебиеті дегенде, алдымен айтатынымыз орыс әдебиеті.Өткен ғасырдағы қазақ ақындарының орыс әдебиетінен ары барып, француз, неміс, ағылшын, италия әдебиеті сияқтылармен танысқандары аз. Олардан шыққан ірі ақын, жазушымен қазақ ақындарының танысқандары болса, орыс әдебиеті арқылы таныс.Не орыс тіліне жасалған аудармаларын оқып, немесе солардың орыс ақындарына еткен әсерін орысша шығармалардан көріп қана танысты.
Сонымен қазақ әдебиетінің ауқымына мәдениетті батыстан келген әсерді алсақ, алдымен айрықша айтатынымыз орыс әдебиеті болды.Мәселе ХIХ ғасырдағы әсерлер жайында.
Өнерлі орыс ұлтының мәдениетін қазақтай бұратана отар елге таратып, орна-тайын деген ниет-талап ол кездегі әкімшілік иесі, үстем таптардың ойында да жоқ еді...
Ел өзінің ән-күйінде,үлкенді-кішілі жыр, әңгімесінде, айтыс-тартыстарда берік бағытын үнемі білдірумен келген.Қалың көпшіліктің осы бағыты, патшалық жағынан шыққан қараңғы, қаскөй саясаттарымен салыстырғанда барынша алға қарай ұмтылған, өнер-мәдениет іздеген, үлгілі тартыстың жолы еді...
Өнер-білім іздену, үлгілі елдің қалпына қарай талпыну-көптің мұраты еді.Замандағы құлдық пен қанаудың зардабынан сергу үшін, аз да болса соған қарсы құралдану үшін-ақ өнер-білімді ендігі жалғыз сүйеніш, арқа тірегі деп біліп еді.
Міне XIX ғасырдағы батыс әдебиетінің әсерін сөз қылған уақытта, ең алдымен осындай жалпы қоғамдық, тарихи жайларды еске алу керек.
Әдебиеттегі белгілі дәуірлермен, сол дәуірдегі үстем сарындар, әрқашан сол қоғамның тұрмысындағы таптық-тарихы күй-жағдайдан туатыны даусыз.Олай болса XIX ғасырдағы батыс әдебиетінің біздің мәдениеттен көрінетін әсерлерді де осы жағдай тудырады.Қалың ел тұрмысының ендігі дамуы, ендігі бет алысы өзге өнер иесі болған елдің аңдысын аңдап, үлгісін тұтынуды талап етті.
Ел өрісінің осындай алға беттеген жол кезеңін сол елмен табысқан ақын, жазушы өзіне де жол, бағыт етеді.
Біздің әдебиеттің XIX ғасырында осы аңғарға беттеген екі белгілі ақын бар. Олар-Абай мен Ыбырай Алтынсарин.
Олар-өз заманында прогресс жолында болып, көпке пайдалы еңбек еткен ақындар. XIX ғасырдың екінші жарымы, әсіресе мынау екі ақынның еңбек еткен жетпісінші , сексенінші жылдары және одан бергі жиырмасыншы ғасыр басына шейін созылған жылдар барлығы да, қазақ даласын саудалы базар, кеңселі қала баурап меңгере бастаған кездер еді.
Ресей көлемінде күш алып, қанатын жайып, өрлеп өсіп келе жатқан өндіріс капиталы ол кезде отар, базар іздеп жалақтайтын. Отар бір жағынан өндірістік шикі бұйымын арзан беруші қор, екінші жағынан сол өндіріс туындыларын қымбатқа алатын базар. Сондықтан ондай отарды жебей-жебей сауып, берерін де, бермесін де баса қимыл етіп, омыраулай беріп алатын күш керек еді.Сол күш орнына, өндіріс капиталы қазақ даласына, алдымен жалаңқия сауда капиталын агент қылып жұмсады.Екінші, сол өндірістің тап мақсатына үйлес келерлік тәртіп орнатып, өз дегенін бұлжытпай орындатып отыра алатын әкімшілік керек болды.
Мұндай әкімдер патшалық үкіметтің ел ішіндегі тірегі, көзі боларлық міндетті орындай, әлеумет майданына шықты.Ел ішінде әкім, сұлтан, төре, болыс, би дегендер көбейді.
Бұрын да титығы құрып келген ел енді жерден айрылып, малдан ажырап, алым-шығын, салық-қаржы, қымбат базар талауына бір ұшырады.Жұт, індет, пара-пәле сияқты кесірлерге тағы шырмалды.
Осындай күйлердің барлығының арты, көпшілік қолының аса төмендеп, кедейленуіне себеп болады.Ашаршылық-жоқшылыққа қамалтады.Басқа түскен күйге наразылық үндемесе өшпейді. Бірақ бұрын әр кезеңде алысып көрсе де дегеніне жете алмаған ел енді жаңа шараларға ұмтылады.Онысы сол қала, сол базардың, сол өктемдік етіп тұрған әкімнің өз құралымен құралдану шарасы болады. Ашаршылықтан қала жағалау, батырақ болу, жұмысқа жалдану, кәсіп іздеу, өнер үйрену-барлығы да тұйыққа қамалған елдің жалғыз көздеген ниеті болады. Осы кезде мүмкіндік болса, қолынан келгенінше ел көпшілігі қол-өнерді талап етеді.Бірақ кедей бұқараның қолына ол игілік тимеген.
Ел ішінің әкімдері сол елді сорлатушы, тыныштығынан айырушы бүлдіргіш әкім болады.Олар-әсіресе жемшіл-парақор, партияқор, зорлықшыл әкімдер, әрі жоғары ұлыққа жағынымпаз құлдар. Елдің өнерлі, мәдениетті болуын олар ойламақ түгіл, өздеріндей қып елді де надан күйінде ұстауға тырысады. Қолына түспеген өнер-білім, елдің аңсаған сусыны, жалғыз суаты есепті болады. Ел осы тілегін қиялында, көкірегінде сақтайды.Басына түскен хал менен жаңағыдай әкімшілікке ел наразы, жұрт күйзеу болып күңірене береді.
Сол күндегі құрылыстың көпшілікті тұйыққа қамаған халіне наразы болушы ел жоқшылары көбейді. Ел ішінен шыққан ақыны, өнерпазының қайсысы болса да, көргенде, сөз қылғанда ең алдымен ел көзіндегі жасты сөз қылады. Топас билік пен қара күшке сүйенген қанаушылыққа наразы болушы жалғыз елдің өзі, яки елдің өз жоқшылары ғана емес. Сол билеуші таптың өз ішінен шыққан бірен-саран білімді, либерал ағартушылар да пайда болады. Бұлар елді билеу жолы жаңа үлгіде, жаңа мазмұнда болу керек деген ұранмен сөз бастайды. Алғашқы бағыты сол болғандықтан бұрынғы әкімдердің, әкімшіліктің барлық лас-былық белгілерін аямай шенеп, мінеп сөйлейді.Осымен әкімшілік, шаруашылық, жалпы қоғамдық жайларға өзгеріс кіргіземіз деп талпынады.
Көпшілік бұқара күйіне де өзгеріс кірсін, ол кәсіп үйренсін, оқу-білім білсін, көпшілік сауатты, саңылаулы болсын деп, ұран тастайды.Осы тілекпен шыққан ағартушылар, халықтың сол кездегі жоғарыда айтылған мұң-мұқтажын ауызға алушы адамдар болып шығады.Бұлар-елді дұрыс меңгеру жағын үгіттеушілер.Тарихтың жаңа жағдайына үйлескен басшылықты көксейтін кәсіпке, білім-қаракетке үгіттеумен бірге өздеріне өнер табады.
Міне, өткен ғасырда, сондайлық үлгі-өнеге, оқу-білімге ден қойып, көпті артынан ертпек болған, алғаш оянған, мәдениетті ақындар Абай мен Алтынсарин болады. Бұлардың әрі өздері кәдірлеп, әрі жұртшылығына да нұсқаған қыбласы Европа мәдениеті-орыс халқының мәдениеті болды.
Әдебиет майданын алғанда, екеуі де орыс халқының XIX ғасырдағы классик әдебиетінің мектебінен өткен, содан үлкен үлгі, ұстаздық көрген кісілер.Бұлар көрген әдебиет мектебінің басы Крылов, Пушкин, Лермонтовтардан басталса, бергі жағы Белинский болып және 60-жылдардағы халықшыл-бұқарашыл, сыншыл жазушылар Чернышевский, Добролюбов, Писарев, Некрасов, Салтыков-Щедриндер боп кетеді.
Бұл мектептен олардың нық ұстап шығатын үлгі, түсінігі ақындық, халыққа қызмет етудің үлкен жолы деген ұғым болады.Ақын шығармалары қоғамның тәрбиесіне, өсіп дамуына, дүние тануына жәрдем ететін еңбек деп таниды. Орыс әдебиетінің жаңағы ұлы қайраткерлері өз шығармалары арқылы тұс-тұсындағы зұлымдық,қараңғылық күштермен алысып өткенін көреді.Пушкин, Белинский, Чернышевский, Некрасов, Салтыковтардың сол замандағы жауыз тәртіпке қарсы алысқан қандай құралдарды қолданғаның көріп, біледі.Патшалық реакцияның үлкенді-кішілі таянышы-агенттері боп отырған ақсүйек ұлықтар, төре-чиновниктер, алпауыт қанаушылардың қоғамға залалды озбырлық өктемдігін, надандық, зұлымдығын сол ақын, жазушылар- дың қалайша сынап, жерлеп сөйлегенің көреді.Абай Крыловтан бастап өз уақытына шейінгі орыс жазушы-ақындарының, сыншы-тарихшыларының-барлығының да еңбегімен танысқан.
Сексенінші жылдардың ішінде жазған (Интернатта оқып жүр) деген өлеңінде Абай жаңа даңқтанып келе жатқан Толстойды текке атамайды. Арғы классиктер ғана емес, өз тұсында енді-енді дамып келе жатқан жазушыларды да оқып біліп жүргендігін сездіреді.Мінеки, Абайдың орыс әдебиеті арқылы барлап көрген өрістері осындай.Бұл – оқып біліп, танысып өткен мәдениетінің көлемі.Ал, осылардың ішінен енді Абайдың тесіле қарап, үңіле бойлап, өзіне жоғарыдай айтқандай, жақын тұтқан сыбайлас білген ақын-жазушылар бар.Олары, әсіресе Лермонтов, Крылов, Пушкин, Салтыковтар болды.Бұларға да Абайдың ұштасып қатынасуы біркелкі емес, әр түрлі.
Абайдың көп көңіл бөліп,тырысып аударуларына қарағанда, ол Крылов мысалдарын зор бағалаған.Бірақ сонымен қатар өзі дәл бұл үлгі, бұл жанрдың ақыны емес. Ол жалтартып, сипай қамшылап айту емес, Лермонтовша көзге шұқып, басқа ұра айтуды сүйетін ақын.Сондықтан мысалдар түрін бағалағанмен, оны көпке ұғымды, өтімді бір алуан көркем түр деп таныса да, өзіне үлгі етіп баурап алмайды.
Крыловтың мысалдарын осылайша аударып, қоғамдық мін, кемшіліктерді тұспалмен ғана шенеп, ажуалап тоқтаған. Абай Пушкинге келгенде былайша жадағай күйді қанағат қылмайды.Пушкин мен Абай арасының жалғасы – мол салалы, тамыр-түбірлі болады.
Олардың өзінің өсуі және олар арқылы бүкіл орыс елінің классик әдебиетінің өсуі осылайша жалпы батыс әдебиетінің өсу жолдарымен байланысты боп отырады.Осылайша классик ақын – жазушылардың және барлық орыс әдебиетінің үлкен ерекшелігі болатын.
Осындай қатынас болмаса, жалғыс өз ұлтының тар көлемінде қалса, ол мәдениет, ол әдебиетінің тағдыры мың жыл бойы бір қалпында тұрып қалған ескі қытай мәдениетінің тағдырындай болар еді.
Осымен қатар Абай алашорда ақындарынан аулақ ететін, осындай алға беттеген, прогрессивтік ерекшеліктер бар.Соны ұмытпау керек. Орыс классиктерімен байланысын зерттеуде, бұдан былай есте тұтатын тағы бір нәрсе, оның байланысы жалғыз Крылов, Пушкин, Лермонтовпен бітпейді.
Орыс әдебиетінің барлық XIX ғасырдағы классик ақын-жазушысымен , сыншы – қоғамшылдармен жақсы таныс боп, үлкен мектебінен өткен Абай Лермонтовтардан бергі жазушылардан да үлгі, өрнек алған.
Осы ретте айрықша, қосымша зерттеуді керек ететін бір мәселе, Абайдың Салтыков – Щедринмен байланысы турасында.
Абайдың өз тұсында, орыстың классик әдебиетін мектеп тұтып бағалауы сол арқылы нәр, қазына табуы бүгінгі біздің социалистік интернационалдық, бүкіл дүниелік қорға тезірек ұмтылып, көңілдегідей меңгеріп алуымызға жәрдемші болады.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: erdeeen | Теги: Абай құнанбаев
Просмотров: 5941 | Загрузок: 251 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 2.0/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2017