Биология мамандықтарына магистратураға қабылдау емтиханының СҰРАҚТАРЫ - Биология, Валеология - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Четверг, 31.07.2014, 09:19
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Биология, Валеология

Биология мамандықтарына магистратураға қабылдау емтиханының СҰРАҚТАРЫ


6М011300 – Биология және 6М060700 – Биология
мамандықтарына магистратураға қабылдау емтиханының
СҰРАҚТАРЫ

1. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы. Олардың төменгі сатыдағы өсімдіктерге ұқсастығы мен айырмашылығы. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі бөлімдері.
2. Тканьдер (ұлпалар) туралы жалпы сипаттама. Олардың классификациясы, құрылысы және өсімдіктер денесіндегі орналасуы.
3. Өсімдіктердің экологиялық топтары. Тіршілік формаларының Раункиер бойынша жүйесі. Өсімдіктер тіршілігіндегі жастық және маусымдық құбылыстар. Тіршілік формаларының жіктелуі.
4. Фототрофты өсімдіктер морфологиялық эволюциясының ерекшеліктері. Көп клеткалылықтың пайда болуы және денесінің бөлшектенуі. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі мүшелерінің пайда болуы.
5. Тамырдың негізгі морфологиялық және анатомиялық белгілері мен қызметі. Тамыр жүйесінің типтері, тамыр метоморфозы.
6. Жапырақтың көптүрлілігі және қызметтері. Жапырақтың анатомиялық, морфологиялық құрылысы. Жапырақ онтогенезі, өсу түрлері және тіршілігінің ұзақтығы.
7. Гүлдің көптүрлілігі, құрылысы мен қызметтері. Андроцей мен гинецей құрылысы. Гүлдің шығу тегі теориялары. Гүлдің морфологиялық табиғатына қазіргі көзқарастар.
8. Мүк тәрізділердің жалпы морфо-анатомиялық сипаттамасы. Мүктәрізділердің тектік мүмкіндіктері. Даму циклі. Кластарға бөлінуі. Мүк тәрізділердің экологиясы және таралуы. Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
9. Плаун тәрізділерге жалпы морфолого-анатомиялық сипаттама. Шығу тегі. Даму циклі. Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
10. Саңырауқұлақтарға морфологиялық жалпы сипаттама. Классификациясы. Шығу тегі және көбею жолдары. Саңырауқұлақтардың экологиялық топтары. Олардың табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы.
11. Өсімдіктердің көбеюі мен ұрпақ беруі. Көбею типтері, ұрпақ беру циклдері. Спорофит және гаметофит туралы түсінік, олардың биологиялық ерекшеліктері.
12. Сабаққа жалпы сипаттама. Негізгі қызметтері. Дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктер сабағының құрылысы. Стелярлық теориясы. Стел типтері.
13. Жалаңаш тұқымдыларға жалпы морфологиялық, анатомиялық сипаттама. Шығу тегі. Даму циклы. Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
14. Өсімдіктер систематикасының (жүйесінің) даму тарихы. К.Линнейдің жасанды систематикасы. Бинарлық номенклатурасы. Филогенетикалық системаны құрудың принциптері
15. Папоротник тәрізділерге жалпы морфологиялық, анатомиялық сипаттама. Шығу тегі. Даму циклі. Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
16. Гүлді өсімдіктердің негізгі даму бағыттары мен маңызы және олардың қазіргі өсімдіктер жамылғысын түзудегі орны. Табиғаттағы өсімдіктер байлығын қорғаудың міндеттері, сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді қорғау.
17. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі топтарының филогенетикалық байланыстары.
18. Балдырларға жалпы сипаттама. Классификациялау принциптері. Даму циклдарының варианттары. Изоморфты және гетероморфты ұрпақ алмасу. Балдырлардың биосфера және адам өміріндегі маңызы.
19. Тең және әртүрлі споралық туралы түсінік. Аталық және аналық өскіншелер. Әртүрлі споралылықтың пайда болуының биологиялық және эволюциялық маңызы (Селагинеллылар қатарының мысалында).
20. Ұрық жапырақшалары. Экто-, энто- және мезодерма туындылар
21. Омыртқасыздардың тамыр жүйесі мен ішкі ортасы.
22. Омыртқасыздардың жабындары мен олардың туындылары.
23. Омыртқалылардың бас сүйегінің эволюциялық прогрестегі қайта түзілуі. Палеосома мен неосома.
24. Омыртқалылардың осьтік қаңқасына салыстырмалы-анатомиялық шолу.
25. Целомды омыртқасыздардың ас қорыту жүйесінің құрылысы, мезодерманың париеталды және висцералды жапырақшаға жіктелуі.
26. Омыртқалылардың перифериялық қаңқасына салыстырмалы-анатомиялық шолу.
27. Омыртқасыздардың және омыртқалылардың миының эволюциялық бағыттары мен негізгі этаптары.
28. Омыртқасыздардың тыныс алу жүйесінің эволюциясы
29. Омыртқалы жануарлардың зәр-жыныс мүшелер жүйесіндегі филогенетикалық қайта түзілулер. Зәр және жыныс мүшелері жүйелері арасындағы байланыс.
30. Насекомдардың өсімдіктермен коэволюциясы. Биологиялық прогреске мүмкіндік туғызатын насекомдардың органдарының салыстырмалы сипаттамасы.
31. Омыртқасыздардағы симметрия типтері.
32. Омыртқасыздардағы ас қорыту типі эволюциясының негізгі этаптары.
33. Аналогиялық және гомологиялық мүшелер. Мүшелердің филогенетикалық өзгерістерінің принциптері, жануарлар мен өсімдіктердің мысалында.
34. Локомоторлық жүйе (жалпы шолу). Омыртқасыздардың қозғалу мүшелері.
35. Хордалылар типіндегі жабындар және олардың туындылары.
36. Омыртқасыздар денесінің сегементарлық құрамының филогенетикалық өзгерісі.
37. Омыртқалы жануарлардың қан айналу жүйесіне салыстырмалы-анатомиялық шолу.
38. Приокариоттар мен эукариоттардың бірклеткалылар филогенезінің этаптары екендігі.
39. Омыртқасыздардың алғашқы жыныс клеткаларының даму этаптары.
40. Омыртқасыздардың ішкі ортасының эволюциясының этаптары (кезеңдері).
41. Омыртқасыздардың зәр шығару жүйесінің эволюциясы
42. Хромосомалар, олардың морфологиясы, структурасы және химиялық құрамы. Хромосомалардың репликациясы және оның механизмдері.
43. ДНК молекуласының құрылымы, нуклеотидтердің типтері, олардың орналасу реті. ДНК редупликациясының механизмі. ДНК-ның маңызы.
44. Геннің табиғаты жайлы қазіргі көзқарастар 1 ген- 1 фермент концепциясы.
45. Тұқымқуалаудың хромосомдық теориясы.
46. Генетикалық код, оның негізгі қасиеттері, кодтың универсалдығы. Транскрипция, транскрипцияның генетикалық реттелуі.
47. Мутациялық өзгергіштік және оның классификациясы.
48. Жынысты анықтаудың генетикалық механизмі, жыныспен тіркесіп тұқым қуалау.
49. Адам генетикасы, оны зерттеудің әдістері мен ерекшеліктері.
50. Тұқымқуалайтын аурулар және олардың пайда болу себептері. Радиациялық және химиялық мутагендердің адамның тұқымқуалаушылығындағы қауіптілігі.
51. Молекулалық генетиканың жетістіктерін практикада қолдану. Ген инженериясы.
52. Г.Мендельдің заңдары. Моно- және полигибридті будандастырудағы тұқым қуалау.
53. Өзгергіштің классификациясы (қазіргі генетика жетістіктері тұрғысынан алғанда).
54. Эволюцияның элементарлық факторлары (мутациялық процесс, популяция толқындары, миграция т.б.).
55. Популяция және оның генетикалық құрылысы. Гарди-Вайнберг заңы
56. Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі гипотезалар.
57. Чарльз Дарвин теориясының негізгі қағидалары. Дарвинизмнің биология ғылымының дамуындағы ролі.
58. Микроэволюция түр құрылымының бастамасы және түр пайда болуының алғашқы сатысы екендігі.
59. Изоляцияның эволюциядағы ролі. Изоляцияның формалары (кеңістік, экологиялық, уақытша т.б.).
60. Моно- және полифилитикалық эволюция туралы түсінік.
61. Эволюциядағы прогресс және регресс. Биологиялық прогрестің А.Н.Северцов пен И.И.Шмальгаузен бойынша критерийлері.
62. Табиғи сұрыптаудың эволюциялық негізгі фактор екендігі. Табиғи сұрыптаудың формалары туралы қазіргі көзқарастар.
63. Адамның шығу орталықтары. Нәсілшілдікті сынау.
64. Биогенетикалық заң және филогенетикалық қайта түзілудің негізгі әдістері.
65. Түр. Түрдің критерийлері. Адамды және клоналды формалардағы түрдің ерекшеліктері.
66. Физиология пәні.Физиологияның даму тарихы.
67. Нейромоторлық бірлік.
68. Өттің құрамы және қасиеттері
69. Тітіркену және тітіркендіргіштер.Тітіркену заңдылықтары.
70. Қалқанша бездері және гормондарының физиологиялық маңызы.
71. Қарын бездерінің секреторлық функциясы.
72. Қозғыштық және қозу.Қозғыш құрылымдар
73. Бинокулярлық көру.
74. Организмдегі су-тұз алмасуы.
75. Биоэлектрлік құбылыстың тарихы.
76. Динамикалық стереотип.
77. Асқорытудағы тоқ ішектің маңызы
78. Тыныштық потенциалы, оның пайда болу механизмдері.
79. Зат алмасу маңызы.
80. Қалқансерік бездері және гормондарының физиологялық маңызы.
81. Әрекет потенциалы.Мембрананың деполяризациясы және реполяризациясы
82. Терінің без аппараты және оның физиологиялық маңызы.
83. Витаминдер.
84. Физиологияның зерттеу әдістері.
85. Сөйлеу және оның физиологиялық механизмдері
86. Эритроциттер,эритропоэз.
87. Қозу толқының жеке бөлімдері.
88. Көздің оптикалық жүйесі. Аккомодация.
89. Эпифиз және оның эндокриндік қызметі.
90. Ұйқы безінің сыртқы секрециялық қызметі.
91. Шартты рефлекторлық тежелу.
92. Гормондар әсерінің механизмі.
93. Биоэлектрлік құбылыстың механизмі. Қозғыш құрылымдар клеткаларының мембранасының морфо-функционалдық құрылымы.
94. Қабырғалық асқорыту.
95. Шартты және шартсыз рефлекстердің айырмашылығы.
96. Лейкоциттер және олардың жіктелуі (классификациясы).
97. Көздің жарық сезгіш аппараты, түрлі-түсті көру теориясы.
98. Зәрдің пайда болуының нейрогуморалдық реттелуі.
99. Нейрон.Олардың құрылысы мен қызметтеріне байланысты жіктелуі.
100. Эндокриндік(ішкі секрециялық) бездер және гормондар туралы түсінік, оларды зерттеу әдістері.
101. Белоктың алмасуы.Белоктың организмдегі маңызы. Азоттық баланс.
102. Нерв талшықтарының құрылысы мен функциялары.
103. Организм функцияларының үйлесімділігі (Координация)
104. 1- және 2- сигналдық жүйелер.Олардың бір-біріне қатынасы.
105. Жүрек жұмысының нейрогуморальдық реттелуі.
106. Айыршық без - иммуногенез органы.
107. Химиялық және электрлік синапстар құрылысы.
108. Гомеостаз және оның механизмдері.
109. Зәрдің пайда болу механизмі.
110. Резус- фактор және оның маңызы.
111. Қанқа және орган еттерінің физиологиялық қасиетері.
112. Көздің рефракциясы және оның бұзылуы.
113. Орталық нерв жүйесіндегі тежелу. Тежелудің түрлері.
114. Есту анализаторы.Қазіргі кездегі естудің теорясы.
115. Бұлшық еттердің жиырылу механизмі
116. Нерв жүйесінің маңызы, оның дамуы,. зерттеу әдістемесі.
117. Авитаминоздар, гиповитаминоздар,гипервитаминоздар.
118. Нерв бағанының электрофизиологиясы.
119. Анализатордың адаптациясы.
120. Химиялық және физикалық термореттелу.
121. Көмірсулардың алмасуы.Көмірсулардың организмлегі маңызы мен өзгерістері.
122. Мидың жеке бөлімдерінң функциялық маңызы.
123. Тыныс алудың маңызы. Өкпе сиымдылықтары мен көлемдері.
124. Липидтердің алмасуы. Майдың қоры.
125. Ретикулярлық формацияның құрылысы мен функциясы.
126. Эритроциттер, эритроцитопоэз.
127. Лимбия жүйесі, құрлымы және маңызы.
128. Дәм сезу және иіс сезу анализаторы.
129. Тромбоциттер.Тормбоцитопоэз.
130. Вегетативтік нерв жүйесі. Рефлекторлық доғасының ерекшелігі.
131. Иммунитет түрлері. Клеткалық және гуморальдық иммунитеттің іске асуында Т және В лимфоциттердің ролі.
132. Рефлекс.Рефлекторлық доға. Рефлекстердің классификациясы.
133. Тыныс алудың нейрогуморалдық реттелуі.
134. Қан қысымы.
135. Есте сақтау және оның түрлері. Есте сақтаудың механизмі.
136. Үлкен жарты шарлар ми қыртыстары.
137. Бұлшық еттің структуралық құрылымы.
138. Жүректің автоматиясы, оның табиғаты мен механизмі.
139. Тері рецепторлары, құрлымы және функциональдық қасиеттері.
140. Ми қыртысындағы функциялық нерв орталықтар.
141. Ет жиырылуы. Ет жиырылуының суммацияссы.
142. И.П.Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімі.
143. Стресс. Стресстің механизмі.
144. Қан арқылы газдың алмасуы.
145. Қанның топтары. Қан ауыстырып құю.
146. Зәрдің пайда болуының нейро-гуморальдық реттелуі.
147. Жүрек етінің физиологиялық сипаты.
148. Түс көру механизмі.
149. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің маңызы.
150. Жыныс бездері және жыныс гормондарының организмдегі физиологиялық маңызы.
151. Жоғары нерв әрекетінің типтері.
152. Қан плазмасының, құрамы және қасиеттері.
153. Бүйрек үсті безінің гормондары.
154. Адамның жоғары нерв әрекетінің типтері.
155. Қанның маңызы және құрлымы.
156. Сілекей бездерінің маңызы.
157. И.П.Павловтың анализаторлар туралы ілімі.
158. Ұйқы безінің ішкі секрециялық функциясы.
159. Гемокоагуляция. Фибринолиз.
160. Лимфа. Лимфа айналымы.
161. Рецепторлардың жіктелуі және олардың арнайы қасиеттері.
162. Асқорыту маңызы және зерттеу әдістері (Павлов мектебі).
163. Анализоторлардың адаптациясы.


Категория: Биология, Валеология | Добавил: erdeeen
Просмотров: 4012 | Загрузок: 2654 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2014