Зікір - Дін тану - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Пятница, 24.02.2017, 13:04
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Дін тану

Зікір

Алланың қазаққа қарасқаны ма, әйтеуір Түркістан топырағында Алланың ардақты достарының себебінен Ислам молынан нәсіп болды. Сосын барып “мұсылман” деп аталатын адамзат категориясына кіруге мүмкіндік алдық. „Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат”- деп аталар айтқан ақиқатқа тоқтасақ, Алланың жәрдемімен Қожа Ахмет Ясауи атты Құдай досының шарапатынан ең көп үлес алып, Яссауи іліміне бірден бір рухани мұрагер болып қалған да біз, яғни қазақ деп аталатын аңғал да аңқау, ақжүрек халық екен
Мына создер маган таныс...Бұл создерді сырттан келген келімсектер қазақтын таза исламды ұстап жұргенін қызганып хақ дініне қарсы шыгып,осындай создерді ел арасында жайып жүргені. Мен сізбен келіспейтінім зікір жоқ дегенсіз, дұрыстап ізденсеніз ол бар! Келімсектерге сенбей оз ата-бабамыздын ұстаңган хақ жолы таза исламмен жүргеніміз дұрыс болар!
Ауыздан ак копірік атып естен танып жайсан жақсыдай емес, жын қаққан бақсыдай салатын зікір Ислам дінінде Құранда Пайғамбарымыздың сүннетінде жоқ Қазақ баласын адастырып Ата бабаларымыз зікір салған Қожа Ахмет Ясауи, Бекет ата осы жолда жүрген деп жалған насихат айтып жүргендердің арасында салмағы қорғасындай ағаларымызда көп. Осындай Алланың бізге саф таза күйінде түсірген Хақ исламын пенденің әлсіз ойынан шығарылған бидағат жаңалықтармен қоқыс ластармен таза бұлақты былғасақ ол дегенің барып тұрған шектен шығушылық емес пе, ағайын?!
Тарихтан сабақ алмасақ

Зікірия Жандарбек,
тарих ғылымдарының кандидаты

Тарихтан сабақ алмасақ …

Дін – кез-келген халықтың рухани дүниесі мен мәдениетінің өзегі. Халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі сол діннің ыңғайына қарай жасалады. Дін өзгерсе олар да өзгереді. Діннен тыс мәдениет те, салт-дәстүр де болмайды. Керек десе бір діннің ішіндегі әр түрлі ағымдар арасындағы айырмашылық халықтың этникалық бет-бейнесін өзгертуге күші жетеді. Оған дәлелді ұзақтан іздеп қажеті жоқ. Түркі халықтарының соңғы мың жыл ішінде жүріп өткен жолы оған дәлел бола алады. Бұл мәселе жөнінде соңғы жылдары республикалық баспасөз бетінде жарияланған мақалаларымда айтқан болатынмын. Енді бүгін сол айтылғандарды тағы да қайталап, нақтылап айтудың қажеттігі туып отыр. Өйткені, қазіргі күні Елімізде жүріп жатқан рухани процестер Қазақ өзі халқының жүріп өткен рухани тарихынан хабарсыз екендігін көрсетіп берді. Ал, рухани дүниесін малынан да, жанынан да артық санаған «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген қазақ сияқты халық үшін бұл аса қауіпті процесс екені айтпаса да түсінікті. Өкінішке орай, жетпіс жылдық атеистік тәрбие халқымызды діннен хабарсыз еткені, ақ пен қараны ажыратуға шамасын келтірмей қойғаны да шындық. Осыны пайдаланған шет елдік діндарлар елімізге, исламнан тыс ағымдарды қоспағанның өзінде, әртүрі бағыттағы ислам ағымдарын әкелгенін көзіміз көріп отыр. Аузында Алласы, қолында Құраны болғансын алғашында оларды қазақтың құшақ жая қарсы алғаны да рас. Бүгін сол ағымдар қазақ халқы үшін аса қауіпті факторға айналып отырғанына бәріміз куәміз. Бұл қалыптасқан жағдайдың елді ертеңгі күні қанды қырғынға ұшыратары, олай болмаған күнде қазақты өзінің рухани, мәдени дербестігінен айырып, әртүрлі этникалық топқа жіктері анық. Өйткені, сырттан келген діни ағымдар қазақ халқының рухани дүниесі мен мәдени мұрасын ертеңгі күні қажет етпейді. Қажетсіз, зиянды дүние ретінде сыртқа теуіп, қолданыстан шығарып тастайды. Оны қазір сырттан дін үйреніп келген «әсіре мұсылман» молдалар мен діни оқымыстылар мысалынан көріп жүрміз. Оның орнына өздеріне ыңғайлы, қазақ үшін жат мәдениет пен дәстүрді қалыптастырады. Басқаша айтқанда, қазақ халқы ешқандай соғыссыз, қантөгіссіз тарих сахнасынан кетеді. Егерде бүгінгі күні қазақ халқы ес жиып, етегін жаппаса, өзінің рухани, мәдени дербестігін сақтап қалмаса, тарихтың солай үкім шығарарына менің иманым кәміл. Өйткені, біз мұндай қателікті тарихта бірнеше рет қайталаған халықпыз. Ол бізді, майдан даласында ешкімге дес бермеген түркі деген халықты, сүттей ірітіп, бір-бірімізбен қырқыстырып, әр түрі этникалық топтарға жіктеп, мемлекетігімізден, тәуелсіздігімізден айырған тарихамыздағы аса қасіретті процесс болып еді. Енді сол тарихқа осы мақала көлемінде аз да болса тоқталып көрелік.

VIII ғасырдан бастап ене бастаған ислам діні XI-XII ғасырларда түркілердің рухани дүниесінен мықтап орын алды. Қарахандықтар мемлекетінде дін тілі мен ғылым тілінің араб тілі, мемлекет тілі мен әдебиет, мәдениет тілінің парсы тілі болуы түркі халықтарының парсы мәдениетіне жұтылып кету қаупін тудырды. Парсылармен етене араласқан кейбір тайпалар сол мәдениетке жұтылып кетті де. Оның үстіне бүкіл ислам әлемін шарпыған рухани тоқырау түркі халықтарына жеткен еді. Оған мысал ретінде ислам мәдениетін көтеруде өшпес із қалдырған Қарахан мемлекеттерінің тарих сахнасынан кетуін айтсақ та жеткілікті. Кейіннен ол кезеңді, араб тарихшысы Ибн ал-Асир, Шыңғыс хан шапқыншылығын, Алланың мұсылмандарға азғындағаны үшін жіберген зауалы деп бағалады. Осы сын сағатта тарих сахнасына Қожа Ахмет Йасауи сынды Ұлы тұлға шығып, сопылық жолдың түркілік бағытын жасауы, түркілердің ислам дінінде бола тұрып, өздерінің рухани, мәдени дербестігін сақтауға мүмкіндік берген еді. Және ол жол Құран аяттары мен Пайғамбар хадистеріне негізделді. Ислам діні мен түркілердің рухани мұрасын ұштастырып өре білген Қожа Ахмет Йасауи салған жолы түркі мәдениетінің одан кейінгі ғасырлардағы басты сақтаушысына айналды. Сондықтан Йасауиді ортағасырлық ғұламалар «Қтуб ал-ақтаб», «Пир-и Түркістан» - деп атады. Бұл сөздердің мағнасы «Түркі дүниесінің Темірқазығы», «Түркілердің пірі» дегенді, басқаша айтқанда, бұл Йасауи жолынан тыс исламда түркілерге жол жоқ дегенді білдіретін еді. Бұл сөздің төркінінде ұлы шындық жатқандығын тарих сан мәрте дәлелдеді. Өкінішке орай, біз тарихтан сабақ алмадық.

Йасауи жолының кең қанат жаюына Шыңғыс хан құрған империяның ықпалы зор болды. Шығыс хан шапқышылығынан кейін араға жүз жыл салып, Өзбек хан тұсында Йасауи жолы Алтын Орда мемелекетінің мемлекеттік идеологиясына айналды. Мемлекеттің бүкіл құрылымдық жүйесі толығымен түркілік сипат алды. Қазіргі күні өзімізге белгілі рулық, тайпалық, жүздік құрылымдар мен мемлекетті басқарудың пәрменді құралына айналған билер институты сол кезде тарих сахнасына шыққан болатын. Қоғам толық заңға бағынды. Шариғатқа хан да, би де, қара да мойын ұсынатын. Өзбек хан өз еркімен абсолюттік биліктен бас тартты. Ханның өзі заңнан, билерден асып кете алмайтын. Өзбек хан мен оның ұлы Әз-Жәнібек хан тұсында Алтын Орда мемлекетінің ең гүлденген кезеңі болды. Мемлекетте қалыптасқан мұндай жағдай Шыңғыс хан ұрпақтарының көпшілігін қанағаттандырмады. Олар абсолюттік билікке ұмтылды. Сол себепті, олар өздерін абсолюттік билікпен қамтамасыз етеді деген өзге діни ағымдарға иек арта бастады. 1356 жылы Әз-Жәнібек ханның өз ұлы Бердібектің тарапынан өлтірілуі сол әрекеттің басы болатын. Одан кейінгі кезеңде бұл аурумен ауырмаған хан тағынан үміткер Шыңғыс хан ұрпағы қалмады десе болады. Йасауийа жолының шайхтары мен билерді жау тұтқан Шыңғыс хан ұрпақтары Алтын Орда мемелекетінің іргесін шайқалтты. Әмір Темірдің Алтын Орда ханы Тоқтамысты талқандауы да оларды тоқтата алмады. Мемлекетте тыныштық орнатпақ болып, қырық жыл аттан түспеген Едігенің де үміті ақталмады. Ол соңында Хорезмге қашуға мәжбүр болды. Ол кездегі орда ішіндегі жағдай туралы бір тарихи жазбада былай деп жазылған: Тоқтамыс ханның ұлы Жалал ад-дин заманында … оның мәжілістерінде/ордада/ бар билік тәжіктер қолында болды. Моңғол әмірлері шетке ысырылды. Олар /ханның/ інісі Сұлтан Махмұдты хандық билікті қолына алуға үгіттеді. … Бір жылдан кейін түнде ол ағасын тақта отырған жерінде өлтірді. Осы оқиғадан көп ұзамай 1419 жылы Едіге би Тоқтамыстың ұлы Қадырбердімен болған соғыста қаза тапқаннан кейін Алтын Орда мемлекеті бірнеше майда иеліктерге ыдырап кетті. Бірақ бұл оқиғадан Шыңғыс әулеті сабақ алған жоқ. Бар мақсаты хан тағы мен абсолюттік билік болған хандар жат жерлік идеологияны халыққа тықпалау саясатынан бас тартпады. Бұл кезеңдегі түркілерге таңылған діни ағым – нақшбандийа тариқаты еді.

Нақшбандийа - XIV ғ. тарих сахнасына шыққан сопылық жол(тариқат). Бұл жолдың негізін салған Баха‘ ад-дин Мұхаммад ал-Бұхари. Ол өзінің Нақшбанд деген лақаб атын кәсібіне байланысты алған. Кәсібі – ұста-өрнекші(чеканщик). Ол өз ілімінің негізіне ХІІ ғ. өмір сүрген Абд ал-Ғыждуанидың жолын негізге алды. Бірақ, бұл жолдың теориялық және практикалық негіздері Қожа Ахмет Йасауи салған йасауийа жолынан алынған болатын. Өйткені, Баха’ ад-дин сопылық ілім негіздерін маураннахрлық йасауийа тариқатының ірі өкілдерінің бірі - Әмір Құлалдан алған еді. Оның ілімі діни көзқарас жағынан суниттік бағытта болды. Нақшбанд өзінің рухани силсиласын (шежіресін) халиф Әбу Бәкір Сыдыққа алып барса, қан жағынан өздерін Али ибн Абу Талибтің ұрпақтарымыз деп санады. Баха’ ад-дин Нақшбандтың көзі тірісінде оның ілімі көпке белгілі бола қойған жоқ. Бұл жолдың кең жайылуына ықпал еткен оның шәкірттері Ала ад-дин Аттар мен Мұхаммад Парса болды. Олар нақшбандийа тариқатының таралуына, белгілі сопылық ағым ретінде қалыптасуына, әлеуметтік негізін нығайтуға күш салды. Бұл ағым ұсақ қолөнершілер мен саудагерлердің рухани сұранысына лайықталып, соғды-тәжік мәдениеті мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен ұштастыра өрілді. ХIV ғ. дейін барлық сопылық ағымдарда болған «зикр жахрден « (дауыстап зікір салу) бас тартып, «зикр-и хафиді»(зікірді әр адамның жеке іштей, құпия салуы) енгізді. Мысалы, йасауийа тариқатында «зикри жахр» халықты ұйыстырушы, халықты көпшілдікке тәрбиелеу құралы болса, нақшбандийа тариқаты керісінше, адамдарды индивидуализмге тәрбиеледі. Иассауи жолындағы түрікі халықтарында рулық-тайпалық жүйе болды және қандас (рулас) адамдар арасындағы некелік қатынастарға тыйым салынды. Ал нақшбандийа тариқатында анасы бөлек адамдар арасында (бір анадан емшек ембеген) некелік қатынастарға рұқсат берілетін (Кейіннен нақшбандийа тариқатының түркі халықтарының арасына кеңінен таралуына осы фактор басты роль ойнады).

Нақшбандийа тариқаты ХV-ХVІ ғасырларда Мауараннахр мен Қыпшақ даласында болған саяси күрестерге белсене араласты. Мысалы, нақшбандийа өкілі Ходжа Ахрар(1404-1490) ХV ғ. Мауараннахрдың негізгі билеушісіне айналды. ХVІ ғ. оның бұл әрекетін Махдум-и Ағзам одан әрі жалғастырды. Нақшбандийа ХV-ХVІІІ ғ. аралығында өз ықпалын ислам әлемінің көптеген жеріне таратып үлгерді. Сонымен қатар, нақшбандийа тариқаты ислам дінін қасаң догмаға айналдырып, исламдағы ғылыми бағытты толығымен жоққа шығарды. Ұлықбек сияқты ғұлама ғалымды өз ұлы Абд ал-Латифтің өлтіруі астарында нақшбандийа тариқаты өкілдерінің ықпалы жатты. Медреселерде математика, химия, география т. б. пәндерді оқыту тоқтатылды.

Нақшбандийа тариқатының түркі халықтарының арасына таралуы діни-идеологиялық бағыттағы ірі қақтығыстарға әкелді. Нақшбандийа ілімін түркі халықтары арасына таратуға, абсолюттік билікке ұмтылған, билік басындағы Шыңғыс-хан ұрпақтары мүдделі болды. Олар, Б. Нақшбанд ілімін түркі халықтарының арасына тарату арқылы, мемлекеттің құрылымдық жүйесі - рулық, тайпалық, жүздік жүйені ыдыратамыз, хан билігін тежеп отырған билер институтын жоямыз, сөйтіп абсолюттік билікке жетеміз,- деп есептеді. Бұл кезеңде әр түрлі діни ағымдар соңына ерген халық пен бар арманы абсолюттік билік болған Шайбан ұрпақтары тарих сахнасына бірнеше мемлекетті қатар шығарды. Еділдің батыс жағындағы халықтар түркілік билік жүйесі мен Йасауи жолынан толық бас тартып үлгерген еді. Түркілік билік жүйесі аз да болса Еділдің шығыс жағындағы халықтарда сақталған еді. Себебі, мұнда Едігенің ұлдарының ықпалы әлі әлсірей қоймаған болатын. Кез келген Шыңғыс ұрпағының таққа отыруы осы Едіге ұрпақтарының шешіміне байланысты болды және олардың барлығы Шайбан ұрпақтарынан болған хандардың қасындағы беклербегі қызметін атқарды. Мысалы, Мансұр би - Қажы Мұхаммедтің, басқа бір деректерде Ғияс ад-Дин, Кіші Мұхаммед, Барақ қастарында беклербегі қызметін атқарды; Ғазы би Кіші Мұхаммед пен Жұмадықта, Кейқабат би - Полат ханның жанында беклербегі қызметін атқарды. Демек бұл жердегі халықтар арасында, аз да болса, ата дәстүріне, Йасауи жолына адалдық сақталды. Бірақ осы кезеңнің өзінде нақшбандийа тариқатының түркілер арасына сыналап ене бастағанын, хандардың арасынан да, билердің арасынан да осы жолдың тұзағына түскендерді байқауға болады. Мысалы, Барақ ханның өз ордасының беклербегі болған Мансұр биді Хиуаны шапқаны үшін қинап өлтіруі соның айғағы. Ал, Жұмадық хан өз ордасының беклербегі Ғазы бимен бірігіп ата жолды бұзғаны үшін, халыққа көп қысым көрсеткені үшін ру тайпа басшылары бірігіп Ғазы биді өлтіреді де, өздері Жұмадық ханнан бөлініп көшіп кетеді. Бірақ бұл оқиғаның астарында діни көзқарас барлығы деректерде айтылмайды. Оның есесіне Ғазы бидің айналасындағы халыққа қысым көрсеткені, озбырлық жасағаны, сол үшін өлтірілгені айтылады. Демек, бұл әрекет Ғазы бидің Ата дәстүрді, антты бұзып, тура жолдан тайғанын көрсетеді. Ғазы бидің халық кешірмейтіндей күнәсі болмаса, халықтың оны жазалауға батылы бармаған да, Едігенің өзге ұлдары мұндай бассыздыққа жол бермеген болар еді. Мысалы, Барақ хан Мансұр биді Хиуада өлтіргенде, Едігенің өзге ұлдары Кіші Мұхаммедтен әскер әкеліп, Барақ ханды майдан даласында өлтіргені белгілі. Осының өзі Ғазы бидің Жұмадық ханмен бірігіп Ата жолын бұзғанын, сол үшін бидің жазаланғандығын көрсетеді. Одан кейінгі оқиғалар да жағдайдың осылай болғандығын нақтылай түседі. Жұмадық хан өзінен бөлініп кеткен халықты әскермен барып жазаламақ болған әрекеті сәтсіз аяқталып, өзі майдан даласында қаза табады. Қолға түскен он жеті жасар Әбілхайырды халық ру, тайпа басшылары өлтірмек түгіл, қайта басына көтеріп хан сайлады. Ол туралы ортағасырлық тарихшы Махмуд ибн Уали былай деп жазды: «Жәнібек хан өлген 758/1356-57 жылдан 835/1428-29 жылға дейінгі аралықта Дешті Қыпшақтағы патшалық тағына ақылды, әрі табанды басшы табылмады. Соның себебінен мемлекеттегі дін мен мемлекет ісі қожырады. Халық басын біріктіріп тұрған арқау үзілді, бірлік кетті. Бұл елдің халқының осыншалық қиналғанын көрген Ұлы Жаратушы елдің болашағын жарық қылатын, дін мен мемлекет ісін қалпына келтіретін жаңа жұлдызды көкжиекке шығарды. Ол Әбілхайыр хан еді. Дүние қайта жарыққа толды. Бүлінген дүние қайтадан қалпына келді. Қоғамның барлық мүшесінің мүддесі қайтадан қалыпқа түсірілді. Қоғам қайта гүлдене бастады. Әйгілі Ахметтің жолының заңдары мен Мұхаммедтің діні қайта гүлдеді.» Осы бір кішкене үзіндінің өзі ислам дінінің, оның ішінде Йасауи жолының Алтын Орда мемлекетінде қандай роль атқарғандығын, Әбілхайырдың сол жолды қайтадан қалпына келтіргендігін көрсетіп тұрған жоқ па? Демек, бұл Жошы ұлысындағы халықтардың басын біріктірген негізгі арқау Йасауи жолы болғандығын, рухани фактордың шешуші мәнге ие болғандығын көрсетеді. Ендігі кезекте сол Әбілхайырды таққа отырғызып хан көтерген кімдер еді, соған тоқталайық. Мас‘уд ибн ‘Усман Кухстанидің «Тарих-и Абу-л Хайр-хан-и» атты еңбегінде мынадай кісілердің аттары аталады: «Барлық әскербасылар, даңты Пайғамбар әулетінің өкілдері, «Та» және «Йа-Син» өкілдері болды. Олардың ішіндегі ең даңқтылары Құл Мұхаммед сейіт және Қара сейіт(Алла олардың қабірін жарық етсін.) Және Бұзұнжар би қият, Уаққас би манғыт, Шайх софы оғлан, Сатұғ би, Сүйініш би, Қара Кедей дүрмен, Ақ Софы найман, Шайх Софы найман, … Жүсіп Қожа өкіреш найман, Қажы Мырза шат, Бахты Қожа ұйғыр, Орыс қоңырат тағы басқа ұлы адамдар қуатты әміршінің сарайына келіп, оның жеңімпаз әскерлері мен қызметшілерінің қатарынан орын алды.» Бұл дерек сол кездегі Қыпшақ даласын мекендеген түркілер құрамындағы рулар мен тайпалардың басындағы басшылардың барлығы дерлік дін өкілдері екенін көрсетіп тұр. Демек, ол кезеңде ру, тайпа басында алдымен рухани басшы болғандығын нақтылай түседі. Бұл жерде «сопы» мен «қожа» атауларының дінге қатысы барлығына күмән жоқ. Ал «би» сөзінің түпкі мағнасына күмән келтіушілер табылуы мүмкін. Бірақ «би» - деп орта ғасырларда діни, рухани басшыны атағанын және ол қазақ даласындағы діннің өмір сүру формасы болған Йасауи жолымен тікелей байланысты екендігін қазақтың көнеден қалған аталы сөздері дәлелдейді. Мысалы:

Батыр деген барақ ит,
Екінің бірі табады.
Би деген ақ шариғат,
Ілуден біреу табады.

Немесе «Елге бай құт емес, би құт» деген мәтелдер-ақ бидің қазақ қоғамында аса жоғары бағаланғандығын көрсетеді. Бұл деректер Әбілхайыр хан басқарған Өзбек ұлысында Йасауи жолы салтанат құрғанын дәлелдейді. Әбілхайыр хан Йасауи жолына адал болған кезеңде оның тасының өрге домалап, ешкімге бет қаратпағаны тарихтан белгілі. Алайда, 1446 жылы Әбілхайыр ханның Сыр бойындағы қалаларды жаулап алуы, Сыр бойындағы Сығнақ қаласына өзінің ордасын орнатуы оны мемлекетті басқару саясаты мен мемлекеттің құрылымдық жүйесін өзгертуге итермеледі. Өйткені ол осы жерде нақшбандийа тариқаты өкілдерінің ықпалына түседі. Бірақ жазба деректерде Әбілхайыр ханның Сығанақта кіммен кездескені туралы нақты дерек жоқ. Бірақ бүкіл Өзбек ұлысындағы саяси жағдайдың күрт өзгеруі; Әбілхайыр ханның ұзақ жылдар бойына тірегі де, серігі де болған Едігенің немересі Уаққас биді өлтіруі, Арқада Қара қыпшақ Қобландының арғыннның биі - Дайыр қожа Ақжол биді өлтіруі, одан кейін көптеген ру, тайпалардың Әбілхайырдан бөліне көшуі, халық алдында хан тарапынан кешірілмес күнә жасалынғандығын дәлелдейді. Ата жолдан аттап, Антты бұзбаса, Йасауи жолынан бас тартпаса халық оншалықты қатал шараларға бармаған болар еді. Осы оқиға Өзбек ұлысын екіге бөліп, тарих сахнасына екі мемлекетті: Қазақ хандығы мен Шайбанилер мемлекетін шығарды. Өзгенің рухани ықпалын қабылдамаған, түркінің өршіл рухының өзегі болған Иассауи жолындағы халық қазақ атанып, Ата жұртқа ие болып қалды. Ал, нақшбандийа тариқатын қабылдап, соғды-тәжік мәдениетіне мойын ұсынған халық Ата жұртқа сыймай, Мауараннахр жеріне кетуге мәжбүр болды.

Қазақ Хандығы жеке ел болып тарих сахнасына шыққанан кейін-ақ біз Өзбек ұлысында болған тарихтан сабақ алмағанымыз белгілі бола бастады. Аз ғана жылда қуатты мемлекетке айналып үлгерген Қазақ хандығы Қасым хан қайтыс болған соң қайтадан кері кетіп, қуатынан айырылды. Атақты тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің шығармасында былай деп жазды: Қасым хан бүкіл Қыпшақ даласын бағындырды. Жошыдан кейін Қыпшақ даласын ешкім толық бағындырған жоқ еді. Оның мың-мың әскері болды. … Қасым хан өлген соң мемлекет ыдырады. Қазір қазақтардан ешкім қалмады-дейді.

Қазақ тарихындағы осы бір қасіретті кезеңнің тууына тағы да рухани фактор себеп болды. Қасым ханның жасы ұлғайған шағында нақшбандийа шайхы Абу Бакр Са‘дқа мурид болуы, балаларын нақшбандийа шайхына тәрбиеге беруі, оның жіберген басты қателігі болды. Қасым хан өлгенсін оның басқа рухта тәрбиеленген балаларына халықтың ықласы болмады, теріс айналды. Мамаш, Тахир, Бұйдаш хандар мемлекет тізгінінен айырылып қалды. Тек, Хақназар хан тұсында ғана қазақтың басы қайта қосылып, мемлекет қалпына келді. Ал, Шығай хан болса балалары Тәуеккел Мұхаммед пен Есімді т.б. балаларын алып, Бұхардың ханы Абдулла-ІІ барып паналады. Себебі, Шығай хан да, балалары Тәуеккел Мұхаммед пен Есім сұлтандар да нақшбандийа тариқатына кіріп қазақтан оқшауланып қалған еді. Осы кезде қазақ даласына хандық билікті Әбілхайыр хан ұрпағы Баба сұлтан жүргізді. Шындығында қазақ халқы Баба сұлтанды сол кезеңде өз билеушісі деп танығанын тарихи деректерді саралағанда аңғаруға болады. Мысалы, Түркістан, Сауран, Сайрам сияқты қалалардың халықтарының сол үшін соғысуы, Баба сұлтанды мемлекет басшысы ретінде танығандығын білдіреді.

XVI ғасыр соңында, Тәуеккел Мұхаммед өзінің 120 ұрпағымен қайтадан Йасауи жолына бет бұрды. Ал, Есім болса өзінің бұрынғы сенімінде қалды. 1598 жылы Бұхара қаласы үшін болған соғыста Тәуеккел Мұхаммед ханның жараланып, одан Ташкентке келіп қайтыс болды. Ендігі кезекте хан тағына оның інісі Есім сұлтан отыруы тиіс еді. Бірақ халық хан етіп Есімді емес, Тәуеккел Мұхаммедтің ұлы Тұрсын Мұхаммедті отырғызды. Себебі, Тұрсын Мұхаммед Йасауи жолындағы кісі болатын. Есім болса, қазаққа өкпелеп Қашғарға кетіп, сол жақта Абд ар-Рахим ханға біршама жыл қызмет қылды. Одан қырғыздарға келіп хан болды, одан Ұлы жүз руларын өзіне қаратып, сол жердегі Ұлы жүз руларының біразын нақшбандийа тариқатына кіргізді. Шәкәрім қажы жазатын атақты Қалқаман-Мамыр оқиғасынан кейін қазақтар қайта ес жиып, нақшбандилер жолына үрки қарайтын болды. Бұл жағдай Ұлы жүз құрамындағы кейбір рулардың Орта жүз құрамына ауысуына себеп болды. Сол кезеңде Ұлы жүз құрамындағы қарақалпақтар да нақшбандилер ықпалына түсіп, Қазақ хандығына мойын ұсынудан бас тартты. Араларынан Абд ал-Ғаффар дегенді хан сайлап, алғашқы кезде қазақ әскерлеріне дес бермей, Түркістан, Сайрам, Ташкентке дейінгі аралықты өздеріне қаратып алды. Араға біраз уақыт салып қазақтардың біріккен күштері қарақалпақтар әскерін талқандап, Әбдіғаппарды өлтірді. Осы оқиғадан соң қарақалпақтар Ұлы жүз құрамынан шығарылып тасталды. Шегінген қарақалпақтар Сырдың төменгі ағысы мен Арал теңізінің батыс жағалауына, нақшбандийа ықпалындағы Хиуа хандығын барып паналады. Есім ханның Түркістанға ордасын орналастыруы, қазақтардың бір бөлігіне билік жүргізуі осы кезден басталса керек. Оған дейін қазақтар Есімді хан ретінде мойындаған емес. Тұрсын Мұхаммед үлкен қателік жіберді. Өз бауыры болғанымен өзгенің ықпалындағы адамның өзіне дос болмасын кеш түсінді. Кейіннен Есім хан қалмақтарға қарсы жорыққа кеткенде, Тұрсын ханның Түркістанға келіп, Есімнің ордасын шабуы өзінің бұрын жіберген қатесін түзетпек болған әрекеті еді. Есім хан Әндіжан билеушісі Абылай сұлтан мен Бұхара билеушісі Имамқулимен бірігіп Тұрсын ханды шапқаны, өлтіргені тарихтан белгілі.

Есім хан қазақ даласына хан болғансын өзінің атақты «Есім ханның ескі жолы» атты заң жобасын қабылдатты. Қазақ даласында парсы тілі қайтадан ресми дәрежеге қол жеткізді. Оған сол кезде хан ордасында парсы тілінде жазылған уақфтық құжаттар дәлел бола алады. Осы саясаттың нәтижесінде нақшбандийа тариқатын толық қабылдаған Түркістан, Шымкент,Тараз маңындағы халықтар өзбектеніп кетті. Қазақтардың өз ішінде де діни көзқарасына қарай халық іштей жіктеле бастады. Қазіргі тарихта рулық-тайпалық күрес аталып жүрген оқиғалар негізінде сол ру-тайпалар арасындағы діни көзқарас қайшылығы жатты. Тек, Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» дүниеге келгенсін бұл қайшылыққа тоқтау салынды. Ол кезеңді қазақ «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» – деп бағалайды. «Жеті Жарғы» Йасауи жолы мен нақшбандийа тариқаты арасындағы қайшылықты келісім жолымен тоқтатты. Әдет-ғұрып, салт-дәстүр билер қолында қалып, таза діни идеология нақшбандилер қолына берілді. Бұрынғы дін мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр тұтастығы бұзылып, шариғат жолы тариқат жолы деп екіге бөлінді. Шариғатқа нақшбандилер ие болса, тариқат жолы билер қолына берілді. Сонымен қатар, «Жеті жарғы» хан мен өзге Шыңғыс хан ұрпақтарының билікке араласу құқын күшейтті. Қазақтың үш жүзінің басына хан сайлануы енгізілді. Бұл қазақ халқының арасындағы бірлікті әлсіретті. Бұл шешімнің «улы жемісін» қазақ халқы жоңғар шапқыншылығы кезінде татты. Тек Абылайханның үш жүздің басын қосу жолындағы жанқиярлық еңбегі, Йасауи жолын жалпы мемлекеттік идеология дәрежесіне көтеруі қазақ халқын ары қарай этникалық бөлшектенуден сақтап қалды. Абылай заманында, одан кейінгі кезеңдерде ғана Ұлы жүз тайпаларының игі-жақсылары, Есім хан дәуірінен кейін, қайтадан Әзірет Сұлтан кесенесіне жерлене бастады. Оған Жауғаш, Қойгелді батырлар мен тағы басқа игі-жақсылардың жерленгені дәлел бола алады.

Одан кейінгі кезеңдегі жағдайдың қалай болғанынан жалпы халық хабардар. Абылай хан дүниеден өткесін, қазақ халқының қабырғасы сөгіліп, солтүстігі патшалық Ресейдің, оңтүстігі Қоқан хандығының, Маңғыстау Хиуа хандығының тепкісіне қалғанына тарих куә. Бұл аралықта қазақ халқы не қорлықты көрмеді? Ресей патшалығы «заказной» молдалар арқылы халық ішін ірітуге әрекет жасады. Қоқандықтар болса, Әзірет Сұлтан кесенесінен Йасауи жолындағы қожаларды қуып шығып, орнына нақшбандилермен араласқан қожа әулеттерін отырғызды. Қазақ хандары мен билерінің, батырларының бастарына қойылған тастарды қиратып, Түркістаннан қазақ атын өшіруге күш салды. Бірақ қазақ рухын өшіре алмады. Алайда, әр-бір кезеңдегі Йасауи жолына жасалынған шабуыл халқымызға қаншалықты зиян әкелгенін бір мақала көлемінде толық баяндап шығу мүмкін емес. Бірақ Алтын Орданың ыдырауынан бастап, Қазақ хандығының құлауына дейінгі аралықта бір ортақ заңдылық бар. Ол түркі халықтарының рухани өзегі болған Йасауи жолына жасалынған қастандық бізді халық ретінде ыдыратып, мемлекеттілігімізден айырып отырыпты. Түркі халықтарын орта ғасырларда жік-жікке бөліп, әр-түрлі әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі бөлек халықтарға айналдырып, мемлекеттілігінен айырған исламдық бір ағым – нақшбандийа тариқаты еді. Сол идеологияның ықпалына түскен кешегі қандастарымыз Қоқан билеушілері мен хиуалықтардың қазақ халқына көрсеткен зұлымдығын тілмен айтып жеткізу қиын. Малдан жиған зекетті былай қойғанда, қыздан зекет жиғандары қазақ халқының ар-намысын таптау еді. Бұндай қорлыққа шыдамаған қазақтың көптеген ру-тайпалары Ресей бодандығы қамытын мойындарына өз еркімен салды. Әрине, ол кезегінде патшалы Ресейдің отарлау саясатын жылдамдата жүргізуге септігін тигізді. Одан кейінгі кезеңде де қазақ халқы басынан небір қан-құйлы, зұлматты жылдарды, атеизмді басынан өткерді. Бірақ өзінің ешқашанда қазақ екенін, мұсылман екенін ұмытқан емес. Ұмыттырмаған құдыретті күш ғасырлар бойына Йасауи жолының ықпалымен қалыптасқан қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрі болатын. Бүгін Еліміз тәуелсіздік алып, Егемен ел болғанда Йасауи жолы қайтадан күш алып, көктесе керек еді. Өкінішке орай, бүгінгі күні де жағдай басқаша қалыптасып отыр. Йасауи жолы шеттен келген діни ағымдардың тепкісінде қалды және олардың ортақ бір ғана нысанасы бар. Ол – Йасауи жолы. Шеттен дін үйреніп, оқып келген имамдар мен дін оқымыстыларының да негізгі нысанасы – қазақ халқының рухани дүниесінің өзегі Йасауи жолы. Қазір олар қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын жеке секта ретінде көрсетуге күш салуда. Жақында «Айқын» газетінде жарияланған Б. Қосбармақовтың «Тахриршілдер, ваххабилер, сопылар: Діни экстремизмнің Қазақстандық синдромы» атты мақаласында Қазақстан Діни Басқармасының уағыз және діни насихат бөлімінің меңгерушісі Ә. Дәуренбекұлы дегеннің «Йасауи жолы жәһили тариқат» деген пікірін жариялады. Ал «Нұр-Астана» газетінде Ғ. Жәдігердің «Қазақстанды» кімдер билейді?» деген мақаласы да Йасауи жолын ұстанып жүрген халықты сектанттар есебінде көрсетуге күш салған. Йасауи жолы мен қазақ халқының рухани мұрасын уағыздап жүрген «Сенім.Білім.Өмір» қоғамдық бірлестігі мемлекетке қауыпты ұйым есебінде көрсетіліпті. Жақында Алмтыдағы «Шәкәрім» медресесінің рухани жетекшісі Исматулла Мақсұмның «Құран сырларының әліппесі» атты кітабының баспадан шыққаны көпшілікке белгілі. Ол кітапта Йасауи жолы өзінің түпкі бастауларын Құран мен Пайғамбар (ғ. с.) хадистерінен алатыны, бұл жолдың кешегі Абай мен Шәкәрімге дейін үзілмей жалғасып келгендігі нақты мысалдармен көрсетілген. Бұл еңбектің шығуына шын мұсылман, нағыз елім, жерім деген әрбір қазақ қуанса керек еді. Осы еңбектің өзіне күдікпен қарау біздің шеттен оқып келген діни оқымыстыларға тән болып отыр. Мысалы, Мұхитдин Исаұлының бұл кітапқа қатысты көзқарасы мынадай: «Құранның тәржімелері мен оған түсінік беруге бақылау жүргізу керек. Мұны билік пен Мұсылмандар Діни басқармасы жүзеге асыру тиіс. Әйтпесе, ел халқының бірлігі бұзылады», – дейді. Сонда ғасырлар бойына қалыптасқан қазақ халқының рухани мұрасы, Қожа Ахмет Йасауи, С. Бақырғани, А. Йүгнеки, Абай, Шәкәрім тағы басқа мыңдаған арыстардың ғасырлар бойы жасаған рухани мұрасы Исматулла қаридің кітабымен бірге Қазақ елінің бірлігін бұзатын болғаны ма? Әлде, М. Исаұлы сияқтылар шет елде ғылыми дәреже алып келіпті деп, қазақтың бүкіл рухани мұрасын құрбандыққа шаламыз ба? Сырттан келген діни ағымдар тарпынан қазақтың дәстүрлі діни танымына жасалынып жатқан шабуыл бір бұл емес. Шапағат-Нұр журналы (№10 2004 «Орынсыз жала жабудан сақтан» т.б.) мен басқа да діни басылымдарда Йасауиге, қазақтың діни танымына қарсы мақалалар жүйелі түрде жарияланып келеді. «Шапағат-Нұр» баспасынан шыққан Гүлбахрам Жебесіннің «Ақыл-ойдың азғындауы» атты кітабында Қожа Ахмет Йасауиді ақыл-ойдың азғынына айналдырды. Өкінішке орай, Қазақстан Діни Басқармасы мұндай мәселелерге тыйым салудың орнына қазақ халқының дәстүрлі діни танымына қарсы жүйелі түрде күрес жүргізуші орталыққа айналып барады. Діни Басқармаға қарайтын мешіттер радикалды «Хизб ут-тахрир», «Таблиғи Жамағат», ваххабилер, такфиршілер сияқты ағымдар идеяларын тарататын орталыққа айналып отыр. Оның есесіне Йасауи жолын Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп мұраларын, қазақ халқындағы рухани сабақтастықты уағыздап жүрген «Сенім.Білім.Өмір» қоғамдық бірлестігі қауіпті секта ретінде көрсетілуде. Басқаша айтқанда, қазақтың дәстүрлі діні мен рухани дүниесіне соққы ортағасырлардағы жасалынған шабуылдан әлденеше есе қуатты күшпен берілуде. Бұл күрестен нақшбандийа өкідері де тыс қалып жатқан жоқ. Бірақ, олар өз әрекетін өзгелер сияқты дабыра қылмай байыппен жүргізуде.

Қазіргі күні нақшбандийа тариқатының ықпалы Қарағанды облысының Шет ауданында, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында күн санап өсіп келеді. Нақшбандийа тариқатына кіргендер арасында дін өкілдері, интеллигенция және т.б. әлеуметтік топ өкілдері бар. Әсіресе, нақшбандийа тариқаты Қазақстанның батыс облыстарында белсенді әрекет етуде. Өткен күзде, қазан айында Маңғыстау облысына ғылыми экспедицияға барған кезімізде нақшбандийлердің бұл өлкеде ықпалды күшке айнала бастағанына көзіміз жетті. Қазіргі күні Маңғыстаудағы әулиелі жерлердің көбінде шырақшы болып нақшбандийа өкілдерінің отырғандығы, келген зияратшыларды сол нақшбандийлер жолына кіруге үгіттеп жүргендігі белгілі болды. Солардың бірі - Ескі Бейнеудегі «Бекет Ата» мешітінің шырақшысы. Бұл жердегі басты қауіп мынада: Маңғыстау жеріндегі әулиелі жерлердің барлығы дерлік Қожа Ахмет Ясауи негізін салған йасауийа тариқатымен тікелей байланысты және ол әулиелердің барлығы йасауийа тариқатының өкілдері. Олардың барлығының йасауийа тариқаты өкілдері екендігін ел арасына тараған аңыздар да, тарихи деректер де қуаттайды. Ал, нақшбандийа өкілдері шырақшы болып отырған әулиелі жерлерде осы аңыздарды, тарихи шындықты бұрмалап, бұл әулие нақшбандийа өкілі еді – дегенді айтып елді шатастырып жүр. Ең өкініштісі, Бейнеу ауданының әкімі Бабаш дегеннің нақшбандийа тариқатына кіріп, тарихты бұрмалаушы сол шырақшыларды қызғыштай қорғап отыруында. Егерде бұл әркетке бүгін тоқтау салынбаса, ертеңгі күні көрші мемлекеттер сол ойдан шығарылған «аңыздар мен тарихтарды» алға тартып, еліміздің жеріне көз алартуы мүмкін. Қазіргі күні Түркіменстан тарапынан «Маңғыстау түрікіменнің жері» деген ойдың айтылып жүргені аз емес.

Құрметті оқырман! Қорыта айтқанда бүгінгі күні елімізде жүріп жатқан рухани процестердің жалпы бағыты осындай. Біз оны халқымыз жүріп өткен қасіретті тарихпен салыстыра, сабақтастыра баяндағанды жөн көрдік. Мақсат тарихтағы болған қасіретті оқиғаларға ой жіберіп, қазіргі қоғамымызда болып жатқан рухани процестерге көңіл аударып, ойланса екен деген үміт. Тәуелсіздік алып, есімізді жиып, Егемен ел болдық па - дегенде, қайтадан айрандай ұйып отырған халқымызды, сүттей ірітіп, ініні ағаға, ағаны ініге айдап салмасын деген ізгі тілек. Орта ғасырларда бір ғана нақшбандийа тариқаты біздің халқымызды мемлекеттілігінен, тәуелсіздігінен айырған еді. Қазіргі күні мына ислам атын жамылып келген анталаған ағымдардың әрекетіне уақытында тоқтау салынбаса, мақала баЗікір деген рас! Зікір Алланы мадақтап еске алу! Зікірмен Қатқан қара жүрегіңді тазартасың! Зікір бар, зікір рас, зікір салып Алланы еске алу керек ! Оның бәріне келісемін! Бірақ бір нәрсеге келіспеймін! Егер білсеңіздер өз көзіммен көріп жүрген сопылардың салатын зікіріне келіспеймін! Зікір салудың тәртібі: Аллаға сеніп, Алланы еске алу ол дұрыс. және ең бастысы Зікірді тыныштықпен іштен айтып салу!!! Қазіргі көргенім зікіршілер зікірді айқайлап жынданып бастарын ары бері жұлқып дірілдеп салады!Мен осыған келіспеймін және қарсымын! Өздеріңіз зерттеп көріңіздер! Кай жерде зікірді бар дауысымен айқайлып салу керек деп жазыпты?! Мен Көп оқып зерттедім керсінше зікірді іштен салу керек дегенді көп кездестірдім! Шынымды Айтсам Мен Түркістан қаласында Медреседе Сопылардың арасында зікір салып бірнеше қырыққа жаттым! Бәрін Өз көзіммен көрдім! Сопылардың тағы бір заңсыз істері бар, бірақ ол туралы айтпайаққояйын! Менің жазғаным бойынша айтатын сөздеріңіз болса! Және кім мемен келіседі, келіспейді! Айтатын сөздеріңізді мына менің e-mail жіберіңіздер!: tokesh2n_o_s@mail.ru Сіздердің хаттарыңызды күтемін!!!
сында айтылған қауіптің соңы шындыққа айналуы мүМанғыстауды мекен еткен 362 әулиелер арғы жағы орта азияға дін-исламды таратқан Қожа Ахмет Яссауиден бастау алады. "Адам болып біз журміз,атамыз софи Адамнан"-деп термелерде айтқандай бұл кісілерде софылық жолмен тарихаттың төрт мазғабымен жүрген."Ала таңмен аралас,зікір айтып зарлаған, бір құдайдың достары"-дейді терме-жырлар. Бұл кісілердің зікір айтып көкірек көздері (қалыбы) ашылған,Аллаға жақын болған.
мкін. Пайғамбарымыз Мұхаммед с ғ с сахих хадисінде Кім Қасиетті Құранмен және менің сүннетіммен жүрген адам адаспайды деген. Егер адамның істеген құлшылықтары Құранда және Сүннетте болмаса ол бидағат

Категория: Дін тану | Добавил: Axi
Просмотров: 848 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2017