КЕНТАУ ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КҮЛ ҚАЛДЫҒЫН ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЖАҚСАРТУДАҒЫ РОЛІ - Экология - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Пятница, 02.12.2016, 22:53
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Экология

КЕНТАУ ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КҮЛ ҚАЛДЫҒЫН ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЖАҚСАРТУДАҒЫ РОЛІ

КЕНТАУ ЖЫЛУ ЭЛЕКТР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КҮЛ ҚАЛДЫҒЫН ӨҢДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ЖАҚСАРТУДАҒЫ РОЛІ

Дәрібаев Ж.Е., Құтжанова А.Н., Тойшыбекова Ғ.Б., Әбдімүтәліп Н.Ә.

Қазіргі күнгі қоғамды толғандырып отырған басты мәселелердің көпшілігі қоршаған ортаны қорғау төңірегінде болып отыр. Өндірісте түзілетін қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтар атмосфералық ауаға тасталынған соң, табиғат компоненттеріне зиянды әсерін тигізіп қана қоймай, нәтижесінде топырақ пен суды ластайды. Мұның салдары тірі ағзалардың табиғи бейімделуіне және келешек ұрпақтың денсаулығына аса қауіпті болып табылады [1]. Сондықтан өндірісте түзіліп атмосфераға тасталынатын қалдықтар өсімдіктер мен тірі ағзалар үшін улы зат болып есептелінеді. Ал оларды экологиялық тұрғыдан зерттеу қоғамның ғылыми техникалық дамуын одан әрі жетілдіруі жолындағы басты мақсатының біріне айналуы тиіс.
Атмосфераны ластаушы заттардың ағзаларға әсерін байқау үшін жүргізілген зерттеулер ауадағы аз мөлшердегі улы қоспалардың концентрациясы адам денесін әлсіретіп, ағзаны бірден тітіркендіруі себепті адамдар арасында аурушаңдықты ұлғайтатындығын анықтаған. Кентау қаласында өте көп таралған, улылығы жағынан жоғары орын алатын өндіріс қалдықтарына жылу электр орталығына күл қалдығы жатады. Оның арнайы қалдық сақтау қоймасында сақталынып тұрғанына қарамастан, қазіргі кезде ол желдің әсерінен атмосфералық ауаға көтеріліп, қоршаған ортаға таралуда. Қалдық сақтау қоймаларындағы қалдықтар ұзақ сақталған сайын, қар және жаңбыр сулары арқылы су көздерін ластайды. Сондықтан, күл қалдығын өңдеу экологиялық тұрғыдан өзекті мәселе болып табылады.
Қазақстандағы 20 млрд. тоннаны құрайтын қатты қалдықтардың елеулі мөлшері жылу электр орталығының күл қалдығы үлесіне тиеді [2]. Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда мұнай-газ секторын дамыту жұмыстары экономикалық жағынан тиімді болғанымен, өндірістің бұл саласының дамуымен бірге қоршаған ортаның ластануы да артып отыр. Қазақстанның 2004-2015 жыл аралығындағы "Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында" Қазақстанның жаңа мемлекеттік экологиялық саясаты жөніндегі ережелер жасалынған [3] .
Тек қана Қазақстан ғана емес, барлық мемлекеттер әлеуметтік-экономикалық дамудың салалық және аймақтық бағдарламаларын жетілдіру үшін, алдымен экологиялық қауіпсіздікті қарастыруды көздейді. Сонымен бірге, эксперттер мұнай өнімдерін есепсіз пайдаланудың арты табиғи қордың 2030 жылдан кейін азая бастайтындығын ескертеді. Себебі, мұнай мен газды пайдаланудың бүгінгі әлеуметтік қажеттілігінің басым болуы, жер бетіндегі халық санының өсуіне байланысты энергия қажеттілігінің артатындығымен түсіндіріледі. Мұнай мен газ таусылатын табиғи қорға жататындықтан, олардың қоры таусылған соң, адамзаттың пайдасы үшін қайтып келмейтін энергия түріне айналатыны анық болып отыр [4, 5] .
Осы кезге дейін мұнайдың тұрақты көзіне айналған Құмкөл кен орны Канадалық компания PetroKazakhstanның еншісінде болатын. 2005 жылдың қазан айында экономикалық және саяси жағдайларға байланысты компания Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясы (ҚҰМК) болып қайта құрылды. Қытай ұлттық мұнай компаниясы 67 акцияны, "ҚазмұнайГаз " ұлттық компания оның 33 %-ын өзіне иеленді. Қазіргі кезде Шымкент қаласындағы "ШНОС" ААҚ-ы "ПетроКазахстан Ойл Продактс" ашық акционерлік қоғамы болып, ҚҰМК-ның басқаруында жұмыс істейді. Бұл өндірістен экологиялық зиянды болып табылатын мұнай шламы түзіледі. Қазақстанда мұнай шламының жалпы мөлшері 30 мың тоннадан астам болса, оның 6 мың тоннасы Шымкент мұнай зауытының үлесінде. Бұл қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысы үшін өзекті мәселе болып табылады. Себебі мұнай шламы басқа өндіріс газдарымен бірге қоршаған ортаны ластаушы көз ретінде жақын маңайда орналасқан аудандардың экологиялық жағдайларын нашарлатып отыр.
Қоршаған ортаның ластануы – тек табиғи ортаны ғана емес, адам ағзасына кері әсер етудің салдарынан түрлі аурулардың тууына себепші фактор болып табылады. Ғылыми техникалық революцияның дамуы – экономикалық пайда көзі болғанымен, оған қоса көптеген елдер мен қалалардың экологиялық дағдарысқа ұшырауына әкеліп соқтыруда. Осыған байланысты өндірістік кәсіпорындардан және жылу электр станцияларынан (ЖЭС) шығатын зиянды заттарға шек қою көзделе бастады. Атмосфералық ауадағы SO2 және CO-ның мөлшерінің артық мөлшері адамдар арасында астма, бронхит және жеңіл эмфизема ауруларының көбеюіне әкеліп соқтырды. Ауру түрін арттыратын қуатты көздерге қосымша мұнай өңдеу зауыттары, транспорттар, энергетикалық қондырғылар, сұйық және қатты отындардың жануын жатқызуға болады. Атмосфералық ауаны ластаушы негізгі химиялық қосылыстардың ішінде SO2 және CO-мен қатар, азот тотықтары (NО, NО2), фенолдар, ауыр металдардың аэрозольдері, көмірсутектер, фотооксиданттар және т.б. органикалық және минералдық қосылыстар кездеседі. Қалалық жерлердегі қоршаған ортаның ластануы адам денсаулығына кері әсерін тигізіп қана қоймай, сонымен бірге, қала өмірінің санитарлық жағдайының бұзылуына және қосымша шығынға ұшырауына әкеліп соқтырады. Мысалы, атмосфералық ауаның түтінді газдармен ластануы жердің беткі қабатында күннің радиациялық ультракүлгін сәулелерінің әсерінен фотохимиялық түтінмен ластануына себеп болады. Сондай-ақ, химиялық ластағыш заттар табиғи өсімдіктерге қажетті оттегі мөлшерін азайтады және су көздерін ластай отырып, оның табиғи өзін-өзі тазарту қабілетін төмендетіп, судың сапасын нашарлатып жібереді.
Өндіріс қалдықтарының адам денсаулығына әсеерін Кентау қаласындағы отбасылық дәрігерлік емханаларладың статистикалық мәліметтері негізінде қарастырылды.
Кентау қаласына қарасты Қантағы елді мекені мен Қарнақ елді мекеніндегі аурулар санын салыстырмалы түрде көрсеткен статистикалық мәліметті төменде 1-кестеден көруге болады.

1- кесте – Кентау қаласындағы тыныс алу ауруымен ауыратын адамдардың көрсеткіш саны


р/с Ауру-ардың түр-
лері "Қантағы" отбасылық дәрігерлік емхананың статистикалық мәліметтері бойынша "Қарнақ" отбасылық дәрігерлік емхананың статистикалық мәліметтері бойынша
2001 2002 2003 2004 2005 2001 2002 2003 2004 2005
14 жасқа дейінгі балалар арасында кездесетін тыныс алу аурулары
1. Пнев-
мо-
ния 34 29 65 64 67 12 1 5 18 13
2. Брон-
хит 36 140 143 129 135 63 103 21 85 80
3.
Брон-хитті
астма 1 5 17 12 15 - 11 2 11 7
15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында кездесетін тыныс алу аурулары
1. Пнев
мония 3 4 4 8 10 - - - - -
Ересек адамдар арасында кездесетін тыныс алу аурулары
1. Пнев
мо-
ния 18 14 25 16 20 6 15 12 16 14

Айта кету керек, бұл кестеде көрсетілген мәндер абсолютті сан болғандықтан, статистикалық санақ жүйесі бойынша абсолютті ауру санын жүз мың тұрғынға көбейтіп, сол жылғы қалада немесе елді мекенде өмір сүретін халық санына бөлу арқылы есептеуге болады.
Бұл ересектер арасында пневмония ауруымен ауыратындар 2,3 есе аз мәнді көрсетті. Бұл күлдің жақын маңайдағы аудандарға шаң түрінде ұшуы салдарынан, тыныс алу органдарын: пневмония, бронхитті астма және т.б. ауруларымен зарарлы әсер ететіндігімен түсіндіріледі. Әдеби шолу жұмыстарын жасау кезінде, Кентау-Түркістан қалаларындағы адамдардың денсаулығы, оған қоршаған ортаның кері әсері туралы шолу жұмыстары жүргізілген. Мұнда Қантағы елді мекені жылу электр орталығының күлін сақтайтын қоймаға жақын орналасқандықтан, Қарнақ елді мекенінің балаларының тыныс алу органдарымен науқастану көрсеткішіне қарағанда, Қантағы елді мекеніндегі балалардың ауру саны өте көп мәнге ие болып отыр. Себебі физиологиялық ерекшеліктерге байланысты, балалар денсаулығы қоршаған ортадағы жағымсыз әсерге өте сезімтал келеді. Сондықтан да өндірістің зиянды заттарының қоршаған ортаны ластау нәтижесінен ересектер мен жасөспірімдерге қарағанда жас балалар арасындағы тыныс алу ауруларының түрі көп болып отыр. Төменде 1-кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша Шымкент қаласындағы «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ашық акционерлік қоғамы өндірісінен шығатын зиянды қалдықтардың балалар денсаулығына әсерін, өндіріске жақын орналасқан Жұлдыз елді мекені мен өндірістен қашық орналасқан Қайтпас елді мекені арасындағы салыстырмалы ауру көрсеткішіне байланыстырылып көрсетілген.

2-кесте – Шымкент қаласындағы «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ашық акционерлік қоғамы өндірісінің балалардың патологиясына әсері


р/с Ауру аты Жұлдыз ОДЕ-сындағы
балалар патологиясы Қайтпас
ОДЕ-сындағы балалар патологиясы
2000 2001 2002 2003 2004 2005 2002 2003 2004 2005
1. Психикалық кемтар балалар 3 14 19 25 27 35 - - - -
2. Тыныс алу ауруы (пневмония)
158 84 170 174 187 249 37 37 62 78

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәлімдемесі бойынша Қайтпас елді мекенінде тыныс алу органдарының ауруымен науқас балалар саны Жұлдыз елді мекенімен салыстырғанда өте аз көрсеткіш болып табылады. Мұнда Жұлдыз елді мекенінде психикалық кемтар балалардың саны жылдан-жылға артқандығын көруге болады (2002-2005 жж. аралығында). Керісінше, Қайтпас елді мекенінде психикалық кемтар туылған балалар кездеспеді. Бұдан өзге Жұлдыз елді мекенінде жас нәресте мен балалар арасында өлімнің соңғы жылдары көбейе бастаған.
1-суретте «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ашық акционерлік қоғамы өндірісінен шығатын зиянды қалдықтардың балалар денсаулығы жөнінде 2000-2005ж.ж. аралығындағы статистикалық мәліметтерді өңдеу негізінде графиктер тұрғызылды.

1 – Жұлдыз елді-мекеніндегі психикалық кемтар балалар; 2 – Жұлдыз елді-мекеніндегі балалар арасындағы тыныс ауруымен ауыратындар; 3 – Қайтпас елді-мекеніндегі балалар арасындағы тыныс ауруымен ауыратындар.

1-сурет – ПетроКазахстан Ойл Продактс ашық акционерлік
қоғамы өндірісінен шығатын зиянды заттардың балалар
денсаулығына әсері

Атмосфера ауасын ластау көздеріне жақын орналасқан елді мекендерде тұратын адамдардың денсаулық көрсеткіштері мен ластау көздерінен қашық орналасқан елді мекендерде тұратын адамдардың денсаулық көрсеткіштерін салыстыру негізінде көрсетіліп жүргізілген анализ нәтижелері бойынша мынадай қорытынды жасауға болады: желдің жиі соғатын солтүстік бағытында және қалдық күл сақтау қоймасына жақын орналасқан Қантағы елді мекені тұрғындарының атмосфера ауасының күл шаңдарымен ластануына тән тыныс алу жолдары ауруымен Қарнақ елді мекенінде тұратын адамдардың тыныс алу ауруымен ауыратын адамдар санынан 3-5 есе асып түсетіндігі анықталды; мұнай өңдеу зауытына жақын орналасқан Жұлдыз елді мекені тұрғындарының, соның ішінде қоршаған ортаның ластануына байланысты ауруға бейім балалардың атмосфера ауасының көмірсутектермен және азоттың қос тотығымен ластануына тән психикалық ауытқулары ластану көздерінен қашықта орналасқан Қайтпас елді мекенінде тұратын балалар арасындағы психикалық ауытқулар санынан 35 есе асып түсетіндігі анықталды.

Әдебиеттер:

1. Майстренко В.Н., Хамитов Р.З., Будников Г.К. Эколого-аналитический мониторинг супертокисикантов. – М.: Химия, 1996. – С. 5-6.
2. Туркебаев Э.А., Садыков Г.Х. Комплексное использование отходов промышленности. – А-Ата, 1988. – 140 с.
3. Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан (10.12.2003 ж.). – Алматы, 2003.
4. Надиров Н.К. Высоковязкие нефти и природные битумы // В 5 т. Сер.: Добыча. Подготовка. Транспортировка. – Алматы: Ғылым, 2001. – Т. 2. – 444 с.
5. BP statіstіcal revіew of world energy. June 2005.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Түркістан қаласы

Ж.Е.Дарибаев
А.Н.Кутжанова
Г.Б.Тойчибекова
Н.А.Абдимуталип

В этой статье приведены исследования вредных воздействии промышленных отходов на здоровье человека и окружающую среду.
В результате исследовании доказоно вреднее воздействие нефтяного шлама и золы на организму человека.

In this work is shown the results of the research, definition of oil pollution in water environment by means of isothermal distillation, and also on the basis of improved psychometrical methods of definition in damp air.

Категория: Экология | Добавил: erdeeen
Просмотров: 1147 | Загрузок: 368 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2016