МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ МЕН КӨМІРДІ ЖАҒУ КЕЗІНДЕ ТҮЗІЛЕТІН ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ - Экология - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Среда, 07.12.2016, 21:22
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Экология

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ МЕН КӨМІРДІ ЖАҒУ КЕЗІНДЕ ТҮЗІЛЕТІН ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ МЕН КӨМІРДІ ЖАҒУ КЕЗІНДЕ ТҮЗІЛЕТІН ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІН БАҒАЛАУ

Күні бүгін құрылыс материалдарын жасау өндірістерінде бастапқы шикізат құрамына түрлі көмірсутекті органикалық және органикалық-минералды отындарды қосқанда алынатын өнімнің экономикалық тұрғыдан тиімді болатындығын байқауға болады. Мысалы, өзіндік құнының үлесіне кіретін отынның шығыны керамзит үшін – 39,6 % болса, ал аглопорит үшін бар болғаны – 8,8 %-ды құрайды. Осы уақытқа дейін керамзит өндірісінде өндірістік көрсеткіштерді жоғарылату үшін және керамзиттің сапасын арттыру мақсатында, көмірсутекті органикалық қоспалар (мұнай, мазут, керосин, жағар май, пиролизді смола, сульфидті-спиртті барда) және органикалық-минералды қоспалар (антрацит, гумбрин, ағаш ұнтағы, торф, лигнин, хлорлигнин, қара топырақ) қолданып келген 1,2.
Сондықтан аглопорит өндірісінде мұнай шламы мен күлді шикізат ретінде қолдану қоршаған табиғи ортаның қалдықтармен ластану мөлшерін азайтып, өндіріс қалдықтарынан жасалынатын аглопориттің сапасын жоғарылатуымен бірге, қалдықтарды өңдеу тиімділігін арттырады.
Аглопорит өндірісінде мұнай шламын отын ретінде қолдану қоршаған табиғи ортаның мұнай өңдеу қалдықтарымен ластану мөлшерін азайтып, өндіріс қалдықтарынан жасалынатын аглопориттің сапасын жоғарылатуымен бірге, қалдықтарды өңдеу тиімділігін арттырады. Тау-кен өндірісінде минералды шикізаттарды өндіруге және одан пайдалы компоненттер алуға жұмсалынатын жалпы шығындардың 49-51%-ы сол шикізаттарды майдалауға және ұнтақтауға жұмсалынады. Ал күл-шлак қалдықтары майдаланған және ұнтақталған күйде арнайы күлсақтағыш қоймасында сақталынуда. Егер бұл күл-шлак қалдықтарының елімізде тапшы болып табылатын жеңіл бетон толтырғышы – аглопорит жасауға жарамды шикізат екендігін ескерсек, оны пайдалану қоршаған ортаны үлкен мөлшердегі ластау көзінен арылтумен бірге, үлкен экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ел президенті тұрғын үй мәселесі жөніндегі жолдауында өзекті міндеттердің бірі – тұрғын үй мәселесін жеделдете отырып шешу деп атап көрсеткен болатын. Осы жылғы тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру басталатындығын, онда өндірістің құрылыс саласын дамыту экономикамызды сүйреуші қуатты күш екендігіне басты назар аударған.
Құрылысты индустрияландыру және тұрғын үй пәтерлерінің өзіндік құнының бағасын арзандату – тұрғын үй мәселесін шешуге ықпалы зор деп есептеуге негіз бар. Тұрғын үй құрылысының өзіндік құнын төмендету үшін, құрылыс материалдарын жасауға кететін шығынды азайту қажеттілігі туындайды. Ал, бұл мәселені шешудің бірден-бір тиімді жолы - ол жер бетінде жиналып тұруымен қатар, пайдалануға ыңғайлы – майдаланған түрде болатын, құны аса арзан өндіріс қалдықтарын шикізат көзі ретінде пайдалану болып табылады. Мұндай бағыт индустриалды құрылысты дамытып, құрылыс пен тұрғын үй салу жұмыстарын жылдамдатады. Себебі өндіріс қалдықтарынан жасалынатын құрылыс материалдарының өзіндік құнының азаюына байланысты, олардан салынатын тұрғын үйлердің де өзіндік құны арзандайды.
Қазіргі кезде тұрғын үй құрылысы қуысты толтырғыштарды қолдану арқылы жасалынған жеңіл бетондарды пайдаланады. Өзіндік қасиеттеріне байланысты қуысты толтырғыштарды пайдаланудың төмендегідей ерекшеліктері бар:
- конструкциялық монтаж бен транспортқа кететін шығынды азайтады;
- бетон конструкциясының жылу сақтағыш қабылетін арттырады;
- тұрғын үй салуға кететін уақыт мерзімін азайтады.
Қазақстанда жеңіл бетон жасауға қажетті қуысты толтырғыштар негізінен жақын маңда орналасқан шетелдерден тасымалданады. Құрылыс материалдарын алыстан тасымалдау тұрғын үй салуға қажетті қаржылай шығынды арттырады. Ал, бүгінгі күні Қазақстанның өзінде аракідік шығарылып жатқан жасанды қуысты толтырғыштардың басым бөлігі керамзит шағалын алуға бағытталған. Оның басты кемшілігінің бірі – айналмалы пеште жоғары температурада ісінетін қасиеті бар топырақты шихтаға қосу арқылы күйдіру барысында, табиғи шикізат пен отынның көп жұмсалатындығы.
ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңында тау-кен байыту және металлургиялық қатты қалдықтардың мөлшері 5,5 млрд. тоннаға дейін жеткен. Сол кездердегі ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша, тау-кен байыту және энергетикалық өндірістері қалдықтарынан байланыстырғыш материал - цемент алуға және жеңіл бетон толтырғышы – аглопорит алуға болатындығы анықталған.
Әдебиеттік шолу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, осы уақытқа дейін күлді шикізат ретінде және отын ретінде органикалық қоспа – мұнай шламын қосу арқылы аса жеңіл қуысты толтырғыш – аглопорит алу жұмыстарының жүргізілмегендігі анықталды. Бұл жұмыста тұрғын үй құрылысын қарқынды дамытуға және қоршаған ортаны күл мен мұнай қалдықтарынан тазартуға бағытталған құрылыс материалын алудың агломерациялық технологиясын жасау көзделген. Ол өзінің өміршеңдігімен, агломерациялық технологиямен қалдықтардың барлық түрін күйдірудің тиімділігімен және шихтаға мұнай шламын қосу арқылы сапасы жоғары аса жеңіл қуысты толтырғыш алумен ерекшеленеді.
Аглопорит өндірісінің технологиясы қара металлургия шикізаттарын агломерациялық машинада минералды шикізатты пісіру негізінде жасалынған. Агломерациялық әдіспен күл және шлакты пісіру бойынша зерттеулерді алғаш рет 1937-38 жылдары С.Д. Топорков жүргізген болатын. Ол күл қоспасын пісіре отырып, агломерация үрдісінің нәтижесінде жеңіл бетондарды алуға жарамды қуысты материал түзетіндігін анықтады.
Аглопорит жасауда тек күл қалдығы ғана емес, оның құрамына отын ретінде көп мөлшерде мұнай өңдеу зауыттарынан түзілетін мұнай шламдарын пайдалануға болады. Шламның негізгі мөлшері флотаторларда (25-45 wacko және мұнай ұстағыштарда (25-30 wacko түзіледі. Шлам құрамында орташа алғанда (салмақ бойынша) 56-75 % мұнай өнімдері, 30-85 % су, 1,3-46 % қатты қоспалары бар ауыр мұнай қалдықтары кездеседі және олардың шығымы, өңделетін мұнайдың бір тоннасына есептегенде, шамамен 0,007 г-ды құрайды.
Шлам жинағыштар – ашық жерде орналастырылып, үлкен жер аумағын алып жатады. Ол өртке қауіпті, сондай-ақ, мұнайлы өнімдердің булануы және жер асты суларына қосылып кету қаупі салдарынан қоршаған ортаны ластаушы негізгі көзі болып табылады. Сондықтан мұнай шламдарын залалсыздандыру және қауіпсіздік тұрғыдан сақтау маңызды мәселе болып табылады. Сонымен бірге жоғарыда айтқандай, ЖЭС күлінен аглопорит алуға арналған жіті зерттеулер шикізат талаптарын регламенттеуші нормативті документтер, оны сынау әдістерін, дайын өнімге стандарттар [3] және жеңіл бетонның әртүрлі түрлерінде оны қолдануға ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді.
Шет елдерде (АҚШ, Англия, Германия, Канада, Франция және т.б.) аглопорит шығаратын өнеркәсіптерде, шикізат ретінде ЖЭС күлін, көмір байыту және сазды топырақтарды [4] қолданады.
70-шы жылдары “Корсун” фирмасы (АҚШ) ЖЭС күлінен аглопоритті қиыршық тас өндірісіне арнайы технологиялық қондырғылар жасап шығарды. Мәселен, бұл агломерациялық машинада шихтаны пісіру үрдісі машинаның төменгі тізбегінде жүргізіледі де, ал жоғарғы тізбек – күйдіру үрдісі жүретін паллеталарды жылжыту үшін қызмет етеді. Германияда Цвиккау қаласында 30 жылдан аса уақыт бойы, көмір байыту қалдықтарынан және күлінен аглопорит өндірісінде агломерация қондырғылары жұмыс істейді.
Бұл елдерде ЖЭС күлін комплексті өндеуге бағытталған жұмыстар да баршылық [5]. Мысалы, “Энерсон” фирмасында (Канада) күлден алдымен кокс түйіршіктерін, сонан соң магнетитті бөліп алады. Ал қалған ұсақ дисперсті күлді цемент өндірісінде пайдаланады. Осы аталған технологиялық операцияларды орындағаннан кейін ғана күлді аглопорит алу үшін агломерация цехына бағыттайды. Мұндай өнеркәсіптің экономикалық тиімділігі дәлелдеуді қажет етпейтіндігін және энергетикалық өнеркәсіп қалдықтарын тиімді пайдаланудың мысалы бола алатындығын мегзейді.
ЖЭС күлінен аглопорит өндірісінің технологиясын жасауда, ең алдымен, ыстыққа төзімді түйіршіктер жасау мүмкіндігі туралы мәселелер туындайды. Шикізаттық түйіршіктер тасымалдауға төзімді және агломерация машинасына салғанда жарылып майдаланбаулары және шихтаның жоғары жатқан түйіршектер қабатының салмағына шыдайтын болулары тиіс, сонымен бірге, термиялық өңдеу кезінде түйіршіктер жарылмай өз формаларын сақтауы керек.
Шикізаттық түйіршіктердің сапасын арттыру үшін кей жағдайда шихтаға қоспалар (топырақ, СДБ және т.б.) қосылады. Айта кету керек, шихтадағы отын мөлшерінің де технологиялық үлкен маңызы бар. Өйткені отынның артық мөлшері түйіршіктердің балқып монолитке айналуына әкеліп соқтырса, ал отынның қалыпты жағдайдан кем болған кезінде, түйіршіктердің шала күйген бөлігі артып кетуі салдарынан еңбек өнімділігі төмендеп, алынатын аглопориттың сапасы нашарлайды.
Б.П. Данилов, күлде жанбаған отынның мөлшері 25%-дан көп болған жағдайда, шихтаға пластикалық қасиеті жоқ қоспалар (саз және т.б.) енгізу қажеттігін сөз етеді де, бірақ күлдегі отынның мөлшері 10-30 % аралығында болған жағдайда да, 900-600 кг/м3 аглопорит алуға болатындығын тұжырымдайды [6].
Бірнеше жыл бұрын, ВНИИСтром-да күлдегі жанбаған отынның мөлшеріне байланысты шихтаға қоспа енгізудің қажетті мөлшерін табуға бағытталған үлкен жұмыстар жүргізілген. С.Г. Васильков және М.П. Элинзон [7-9 отынның 4-тен 11 %-ға дейінгі мөлшерінде, күлдің салмағының 15-20% мөлшерін құрайтын топырақ енгізді. Ал отынның 4,3-4,4 % мөлшері кезінде, авторлар Иркутск ЖЭС күлінен қосымша ұнтақтамай және қоспаларсыз-ақ аглопоритті қиыршық тас алған. Мына еңбектегі зерттеу нәтижелері бойынша жанбаған отынның 6-8 % мөлшері тиімді болып табылады. Осыған байланысты Фрунзе ЖЭС күліндегі отынның мөлшері бұл мөлшерден асып түскендіктен, олар шихтаға отынсыз қоспа – Белостолбовск топырағын 5-30 % мөлшерде енгізген кезде отынның шихтадағы жалпы мөлшері 7,2-7,9 %-ды құраған. Олардың пікірінше, шихтаға арық топырақ қосқан жағдайда отынның жану жылдамдығы өседі. Шихтада отынсыз қоспаның үлесі жоғары болған сайын күйдіру жылдамдығы артады. Осыған байланысты аглопорит қиыршығының беріктілігі және тығыздығы да жоғары болады.
Күйдіру үрдісіне түйіршік қабаты арқылы сорылатын ауа мөлшерінің әсері зор, сондықтан, сорылатын ауа мөлшерінің артуына байланысты жану зонасының жылжу жылдамдығы жоғарылайды. Пісіру кезінде, 800, 1200 және 1600 Па вакуум шамасында, шығым коэффициенті, сәйкесінше, 0,787, 0,764 және 0,637м3/м2сағ-ты құрайды. Осы нәтижелерге негіздей отырып, бұл жұмыстың авторлары мынадай қорытынды жасайды: күйдіру кезінде вакуум мөлшерінің жоғарылауы, үрдіс жылдамдығының артуына қарамастан қолайсыз болып табылады.
Кейбір авторлар [10] түйіршіктің төзімділігін жоғарылату үшін, шихтаға байланыстырушы қоспалар – күлдің жеке түйіршіктерін біріктіретін коллоид түзуші қоспалар қосуды ұсынады. Коллоидты қоспа ретінде бентонит және оңай балқитын топырақ қолданылады.
Жасалынған технология өндіріске ендіріліп, аглопорит дайындауға пайдаланылатын күлдің шамасы 3700 т, келесі үш және бес жылда 5550 т болған жағдайда қалдық күл сақтайтын қойма бетінің ауданы 32 м3, 57 м2 және 65 м2-қа азаяды.
Осыған байланысты күл сақтайтын қойма бетінен желді күндері атмосфераға көтерілетін күлдің жер бетіне жақын жатқан ауа қабатындағы максимал концентрацияларының жыл мерзімдеріне байланысты шамалары (С1м, С3м, С5м) мынадай болады:

м2;

;

;

;

;

;

;

;

.

Бұл концентрациялар білінетін максимал қашықтықтар алғашқы жылдың соңында, үш және бес жылдан соң экологиялық қауіпті жел жылдамдығының өзгеруіне байланысты мынадай шамаларда болады:

м/с;

м/с;
м/с;

;

d3= 342, d5= 332,7;

м;

513 м, 499 м.

Қалдық күлді өңдеу технологиясын өндіріске ендірілуіне байланысты атмосфераға көтерілетін күлдің максимал концентрациясының сейілуі мен өңдеу мерзімі арасындағы тәуелділікті мынадай сызықтар түрінде көрсетуге болады (1-сурет).

1-сурет – Күлдің атмосфера ауасындағы максимал концентрациясының
уақытқа байланысты азаю тәуелділігі

Бұл суреттегі мәліметтерді математикалық өңдеу арқылы қалдық күл сақтайтын қойма бетінен атмосфераға көтерілетін күлдің максимал концентрациясын, яғни өндірісте өңдеу мерзіміне байланысты азаюын, мынадай теңдеу түрінде көрсетуге болады:

LnCм = 6,678 - 25,34 · 10 -2 · Т. (1)

Әдебиеттер:

1. Онацкий С.П. Производство керамзита. – М.: Стройиздат, 1987. – 330 с.
2. Роговой. М.И. Технология искуственных пористых заполнителей и керамики. – М.: Стройиздат, 1974. – 316 с.
3. 21-31-13-76. Аглопоритовый гравий из золы ТЭС // – М.: М-во пром. строит. материалов СССР, 1976. – 7 с.
4. Aggloporіt aus Verbrennungssrucksfander groser Kraftwerke // Baustoffіndustrіte. – 1970. –Vol. 13, № 14. – P. 18-20.
5. Stіrlіng G.T. Sіmposіum on fly ash utіlіzatіon. – Pіttsburgh, 1970. – P. 283-285.
6. Данилов В.П., Бородинский Г.М., Попов В.В. Получение аглопорита из золы Донецкой ТЭС // Строительные материалы. – М.: Стройиздат, 1986. – № 2. – С. 16-21.
7. Васильков С.Г., Элинзон М.П., Якуб И.А. и др. Аглопоритовый гравий из золы ТЭС и легкие бетоны на их основе // Сб. тр. ВНИИСтром. – М., 1970. – № 19(47). – С. 19-21.
8. Васильков С.Г., Элинзон М.П., Якуб И.А. и др. Освоение в промышленных условиях технологии производства аглопоритового гравия из зол ТЭС // Сб. тр. ВНИИСтром. – М., 1970. – № 19(47). – С.15-19.
9. Васильков С.Г., Элинзон М.П., Якуб И.А. и др. Разработка технологии получения аглопоритового гравия из отвалов ТЭС // Сб. тр. ВНИИСтром. – М., 1970. – № 19(47). – С. 53-63.
10. Васильков С.Г., Элинзон М.П., Якуб И.А. и др. О прочности и температуростойкости сырцовых зольных гранул // Сб. тр. ВНИИСтром, 1970. – № 19(47). – С. 65-78.

Категория: Экология | Добавил: erdeeen
Просмотров: 2767 | Загрузок: 479 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2016