Микробиология - Экология - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Суббота, 03.12.2016, 18:41
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Экология

Микробиология

Жоспары:

Кіріспе:

Негізгі бөлім:

1. Өсімдіктердің тіршілігі және олардың жіктелуі.
2. Өсімдіктердің аурулары.
3. Өсімдіктерде вирустар тудыратын аурулар.

Қорытынды:

Пайдаланған әдебиеттер:

Негізгі бөлім:

1. Өсімдіктердің тіршілігі және олардың жіктелуі.

Барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктердің зат алмасу, қоректену, тынысалу, көбею, тітіркену үрдістеріне қатынасады.
Өсімдіктер жасушалардан тұрады. өсімдіктердің көпшілігінде түзуші, жабын, тірек, фотозинтездеуші, қор жинаушы, өткізгіш, бөліп шығарушы ұлпалары болады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің сабағы, жапырағы, тамыры болады.
Өсімдіктер жынысты, жыныссыз жлдарымен көбейеді. Адамдар ерте кезден бастап кейбір өсімдіктердің жемістерінің тамырлары күнделікті тұрмыста пайдаланылады. Сондықтан өсімдіктердің түрлерін ажырату үшін оларға ат қою қажеттілігі туды.
Қазір жер бетінде 500мыңдай өсімдіктің түрі бар. Олар туыстық белгілеріне тән топтастырылып, жүйеленген. Жер бетіндеге өсімдіктердің алуан түрлі. Оларды нақты білу үшін біріне – бірі ұқсас өсімдіктерді топтастыруға бөліп қарастырылады. Өсімдіктің ұқсас түрлеріне туысқа, ұқсас туыстарды – тұқымдасқа, тұқымдастарды қатарға, ұқсас затды – класқа, класты – бөлімдерге бөледі.
Жүйенің ең кіші бірлігі – түр. Түр туралы ұғым олардың біріне – бірінің ұқсас болуына немесе өзара будандасып, өздеріне ұқсас ұрпақ бере алатындығына байланысты қалыптасқан.
Түрі анықтау кезінде көптеген жағдайлар ескертіледі. Олар:
• Барлық белгілердің ұқсас болуы;
• Экологиялық жағдайларының ұқсас болуы;
• Таралу айналымының ұқсас болуы;
Қазақстанда 5600-дей өсімдіктердің түрі бар. Олардың бәрінің де өсімдік жүйесінің өз орны анықталған.

3. Өсімдіктердің вирустар тудыратын аурулар

Вирус – жасушасы жоқ өте ұқсас ағзалық зат. Ол бактериядан кіші. Вирус – латынша «у» деген сөз. Вирустарды алғаш рет орыс биологы 1892 жылы Д.И.Ивановский ашты. Вирус* 100 000 есе үлкейтетін микроскопта ғана көрінеді. Вирус термині 1899 жылы ботаник М.В.Витерник ғылымға енгізді.
100 топқа біріктілген. Вирус мыңнан астам өсімдік ауруларды туғызады. Вирус қауымдастырылған өсімдіктердің жапырағында, басқа мүшелерінде түрлі түсті дақтар, жолақтар пайда болады. Вирус әсерінен кейбір өсімдіктердің бойы өспей, пішіні өзгереді. Астық дақылдарын зақымдаған вирустар оның түсімін төмендетеді.

2. Өсімдіктердің аурулары.

Өсімдіктердің ауруларын, олардың таралу және шығу себептерін зерттейтін, сонымен бірге олармен күрес шараларын белгілейтін ғылымды фитопатология деп атайды.
Өсімдіктердегі ауруларды жұқпалы және жұқпалы емес аурулар деп екіге бөледі. Оның біріншісінде өсімдіктердің өсу мен дамуына жалпы жағдайлар әсер етеді, ал екінші жағдайда ауруды паразит саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар қоздырады.
Бұлардың ішінде вирустықаурулар жер шарының барлық түпкірінде таралған. Вирустар негізінен өсімдіктер цитоплазмасында тіршілік етеді және сол плазманы бірнеше рет сұйылтқанның өзінде ол активтігін жоймайды. Мәселен, темекіні теңбілі 1:100 000 есе сұйылтқанда да өзінің вируленттік, яғни ауру қоздырғыштық қасиетін жоғалтпайды. Вирустар ауру өсімдіктерден сау өсімдіктерге бірнеше жолмен ауысады. Сорушы насекомдардың сілекейлері арқылы вирус клеткаға ауысады. Кейбір насекомдар ауру өсімдіктердің шырынын сорып қоректенетіндіктен, бұкіл тіршілігі бойынша осы вирусты тасымалдаушы болып есептеледі. Өсімдіктердің өай мүшесінде болмасын келіп түскенде вирус олардың басқа мүшелеріне лезде таралады.
Вируспен ауырғанда аурудың инкубациялық кезеңі түрліше: мәселен, темекі теңбілі үшін ол 9-11 күнге, ал карорпка аурудың белгелері тек күзде ғана біліне бастайды. Кейбір бір вирустың өзі бір туысқа немесе тұқымдасқа жататын бір топ өсімдіктерде хлорпластар бүлінеді. Соның нәтижесінде жапырақтардың түсі өзгереді, теңбілденеді. Жапырақ алақаны жиырылып, бүрісіп, шиыршықтала қалады, тостағанша мен күлте де өзгереді.
Өсімдіктердің сарғыш тартып ауруы бактериялардан да ұсақ микоплазмалардың әсерінен екен. Сары аурумен ауырған өсімдіктердіғ мүшелерін тіліп қарап, ғалымдар осындай қорытындыға келді. Қазір микопламалық болып есептеледі.
Вирустарға қарағанда микроплазмаларды жеке күйінде қоректік ортада өсіруге болады. Олардың көпшілігі эллипс тәрізді. Микроплазмалық денелер вирустарға қарағанда антибиотиктерге сезімтал. Олармен күресте хлортеерациклин, окситетрациклин және хлорамфенил қосылған тетрациклин жақсы нәтиже береді.
Сұлыдағы қуыршақтану ауруы сары аурудың біріне жатады. Мұның басты белгілері өсімдіктің өсуі, түлегі кейбір морфологиялық өзгерісьтер, мәселен, аталықтар жасыл болғанына қарамастан кішірейіп кетеді, жапырақтарға теңбіл түседі. Оны қоздыратын қоңыр белоктары кристалл және параккристалдар түрінде келеді. Оны өсімдіктер шырынынан кристал күйінде таза бөліп алуға болады.
Астық тұқымдастарға бұл ауру көбінесе Сібірде, Қиыр Шығыста және Солтүстік Қазақстанда таралған. Агротехникалық шаралардың дұрыс жүргізіліп, қатаң сақталған жерде бұл ауру тудырмайды. Көбінесе жерде зябьке жыртқанда бұл аурудың таралуы едәуір тежеледі.
Помидор қошқылданып ауруы – сары аурудың бір түрі. Ол көбінесе еліміздің оңтүстік аудандарында таралған. Оны қоздырушы – хиалестес абсолетус. Мұнда гүлдің тостағанша жапырақшалары бір – біріне қабысып, өсіп, қоңырау сияқты түрге айналады. Мұнымен ауырған помидорлар майда, іші қатты, тұтынуға жарамсыз болады. Бұл ауруды қоздырушылар еліміздің орталық аймақтарында кездеспейді. Ол оңтүмтік облыстарға тән.
Өсімдіктердің вирустық ауруларына қарсы күрес жолы – сұрыптау немесе селекция әдісі, Мәселен, Терновский никотина глютиноза мен иикотина табакумды шағылыстыру арқылы вирус ауруына төзімді сорт шығарды. Картоптың лорх сорты да вирустық ауруға тым төзімді келеді.
К.С.Сухов пен А.М.Вовок (1949) тұқымдық картопты вирустан сақтау үшін оңтүстік облыстарда оны себудің мерзімін өзгерту керек деген ұсыныс жасалды. Мәселен, вирусты тасымалдаушы орнганизм маусым айының аяғы шілденің басында шыға бастайды. Суармалы жерлерде тұқымдық картоп шілденің бірініші он күндігінде отырғызу аурудан сақтайды.
Насекомдар арқылы баратын виркстық аурулармен күресуде инсектицидтер жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар ауыспалы егісті дұрыс жеткізу ауару өсімдіктерді дер кезінде құрту да бұл саладағы пайдалы шаралардың бірінен саналады.

Категория: Экология | Добавил: erdeeen
Просмотров: 2258 | Загрузок: 208 | Рейтинг: 2.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2016