Среда, 18.10.2017, 10:33
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Экономика Бухгалтерия

Қаржы есептiлiгiн ұсыну

1 ІAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ
Қаржы есептiлiгiн ұсыну

МАҚСАТЫ
1. Осы Стандарттың мақсаты ұйымның алдыңғы кезеңдердегi өз қаржы есептiлiгiмен де, сондай-ақ басқа ұйымдардың қаржы есептiлiгiмен де салыстырмалы болуына қол жеткiзу үшiн жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiн ұсынуға негiз қалау болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшiн осы Стандартта қаржы есептiлiгiн ұсынуға жалпы талаптар, оның құрылымы бойынша ұсынымдар және қаржы есептiлiгiнiң мазмұнына ең төменгi талаптар айтылады. Нақты операциялар мен басқа да оқиғаларды тану, бағалау және ашып көрсету мәселелері басқа Стандарттар мен Түсініктемелерде қарастырылады.
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
2. Осы Стандарт Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес әзірленетін және ұсынылатын жалпы сипаттағы қаржы есептiлiгiнiң барлығына міндетті түрде қолданылуға тиiс.
3. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгi - бұл өздерінің нақты ақпараттық қажеттiлiктерiне сай келетiн есептiлiктiң ұсынылуын талап етуге мүмкiндiгi жоқ пайдаланушылардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге арналған есептілік. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгi жеке өзi немесе жылдық есеп, немесе бағалы қағаздар проспекті сияқты басқа ресми жарияланатын құжаттың құрамында ұсынылатын құжаттарды қамтиды. Осы Стандарт 34-«Аралық қаржы есептілігі» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес әзірленген қысқартылған аралық қаржы есептілігінің құрылымы мен мазмұнына қолданылмайды. Солай бола тұрса да, осындай қаржы есептiлiгiне 13-41-параграфтар қолданылады. Осы Стандартты қолдану барлық ұйымдарға бірдей дәрежеде қолданылады және, 27 ІAS «Шоғырландырылған және жеке қаржы есептілігі» Халықаралық стандартында белгіленгендей, шоғырландырылған қаржы есептілігін немесе жеке қаржы есептілігін әзірлеу қажеттілігіне тәуелді емес.
4. [жойылған].
5. Осы Стандартта мақсаты пайда алу болып табылатын ұйымдар үшiн, оның ішінде мемлекеттік сектордың іскерлік құрылымдары үшін қолайлы терминология пайдаланылған. Қызметі пайда алуға бағдарланбаған ұйымдардың - ол жеке секторда, қоғамдық секторда немесе мемлекеттік органдар құрылымында болсын, - және, осы стандартты қолдануға ниеттенетіндердің, бәлкім, қаржы есептілігіндегі жекелеген желілік баптар үшін және тұтас қаржы есептілігі үшін пайдаланылған тиісті атауларға түзетулер енгiзуіне тура келетiн болар.
6. Жоғарыда айтылғандар сияқты, 32-«Қаржы құралдары - ақпаратты ашу және беру» ІAS Стандартының анықтамасын (мысалы, кейбір өзара қорлар) қанағаттандыратын меншікті капиталы жоқ ұйымдардың және акционерлік капиталы меншікті капитал болып табылмайтын ұйымдардың (мысалы, кейбір кооперативтік ұйымдар), бәлкім, мүшелер мен жарнашылардың үлестері туралы қаржы бейімдеуіне тура келетін болар.
ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ АРНАЛУЫ
7. Қаржы есептiлiгi ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн пайдалы ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi. Осы мақсатқа жету үшiн қаржы есептiлiгi ұйымның мынадай көрсеткiштерi туралы ақпарат бередi:
(а) активтер;
(b) мiндеттемелер;
© өз капиталы;
(d) пайдалар мен залалдарды қоса, кiрiстер мен шығыстар;
(e) өз капиталындағы басқа да өзгерістер;
және
(f) ақшалай қаражаттың қозғалысы.
Бұл ақпарат, қаржы есептiлiгiне ескертпелерге басқа ақпаратпен қатар, пайдаланушыларға ұйымның ақшалай қаражаттарының болашақтағы қозғалысын және, атап айтқанда, олардың уақытқа бөлінуі айқындығына болжам жасауға көмектеседi.
ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ КОМПОНЕНТТЕРІ
8. Қаржы есептiлiгiнiң толық жинақталымы мыналарды қамтиды:
(а) баланс;
(b) пайдалар мен залалдар туралы есеп;
© өз капиталында мыналарды көрсететiн өзгерістер туралы есеп, не:
(і) өз капиталындағы барлық өзгерiстердi;
не
(іі) өз капиталының иелері ретінде әрекет ететін өз капитал иелерімен операциялар жасау нәтижесiнде туындайтындардан өзгеше өз капиталындағы өзгерiстердi көрсететiн өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті;
(d) ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп;
және
(e) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
9. Көптеген ұйымдар, қаржы есептiлiгiнен басқа, ұйым басшылығының қаржылық шолуын ұсынады, онда ұйым қызметiнiң қаржы нәтижелерiнiң, оның қаржы жағдайының негiзгi сипаттамалары және олар кездесiп отыратын негiзгi тұрлаусыздықтар сипатталады және түсiндiрiледi. Мұндай есепте мынадай шолулар болуы мүмкін:
(а) ұйым iс-әрекет ететiн конъюнктураның өзгеруiн, ұйымның осы өзгерiстерге және олардың ықпалына әсерiн қоса, қаржы нәтижелерiн айқындайтын негiзгi факторлар мен ықпалдарды, сондай-ақ дивидендтер саласындағы оның саясатын қоса, қаржы нәтижелерiн қолдауға және жақсартуға бағытталған ұйымның инвестициялық саясатын;
(b) ұйымды қаржыландыру көздерiн, және оның міндеттеме мен меншікті капитал арақатынасының жоспарлы көрсеткіштерін;
және
© ұйымның ХҚЕС-на сәйкес баланста танылмаған қаржыларын шолу.
10. Көптеген қаржы есептiлiгiнен басқа қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi есептер және, әсiресе қоршаған ортаны қорғау факторының зор маңызы бар және олардың қызметкерлерi пайдаланушылардың маңызды тобы болып есептелетiн салалардағы қосылған құн салығы туралы есептер сияқты ресми бюллетендер ұсынады. Қаржы есептілігінің шегінен тыс ұсынылатын есептер мен ресми бюллетендер Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарында қолдану аясына кірмейді.
АНЫҚТАМАЛАР
11. Осы Стандартта келесі терминдер мынадай мәндерде пайдаланылады:
Практикалық мүмкін еместігі - Қандай да болсын талапты қолдану, ұйым, бұл үшін ақылға қонымды күш-жігердің барлығын пайдалана отырып, қалай болғанда да оны қолдана алмаған жағдайда, іс жүзінде мүмкін болмайды.
Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары (ХҚЕС) - бұл халықаралық қаржы есебі стандарттары жөніндегі Кеңес (ХҚЕСК) қабылдаған Стандарттар мен Түсіндірмелер. Олар мыналарды қамтиды:
(а) Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары (ІFRS);
(b) Халықаралық қаржы есептілігі стандарттары (ІAS);
және
(с) Халықаралық қаржы есептілігін түсіндіру жөніндегі комитет (IFRIC) немесе бұрынғы Түсіндіру жөніндегі тұрақты комитет шығарған түсіндірмелер (SIC).
Мәнділік - Баптарды қалдырып кету немесе бұрмалау, егер олар әрқайсысы жеке-жеке немесе жиынтықты түрде қаржы есептілігінің негізінде қабылданатын пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне ықпал етуі мүмкін болса, елеулі болып табылады. Мәнділік қосымша мән-жайлар контексінде бағаланатын нақты қалдырып кетудің немесе бұрмалаудың мөлшері мен сипатына байланысты болады. Тиісті баптың не соның және басқасының ұштасуының не мөлшері, соның не басқасының ұштасуы не сипаты шешуші фактор болуы мүмкін.
Ескертулерде - балансқа, пайдалар мен залалдар туралы есепке, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепке және ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепке қосымша ұсынылатын ақпарат болады. Ескертулерде қаржы есептілігінде ашып көрсетілген баптардың баяндалған сипаттамалары немесе оларды неғұрлым толығырақ талдау, сондай-ақ қаржы есептілігінде тану өлшемдеріне сай келмейтін баптар туралы ақпарат келтіріледі.
12. Осы нақты қалдырып кету немесе бұрмалау пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне ықпал ете ала ма, және, сөйтіп, елеулі болуы мүмкін бе деген мәселені бағалау осы пайдаланушылардың нақты ерекшеліктерін зерделеуді талап етеді. «Қаржы есептілігін әзірлеу және ұсыну принциптерінде», 25-параграф: «пайдаланушылардың іскерлік және зкономикалық қызмет пен бухгалтерлік есеп саласында жеткілікті білімі бар және ұсынылған ақпаратты тиісті ынтамен зерделеуге әзір екендігі болжанады» делінген. Сөйтіп, осы бағалауды жүргізген кезде осындай өзіне тән қасиеттерге ие пайдаланушылар экономикалық шешімдер қабылдаған кезде ықпалға ұшырауы мүмкін болатындығын қалай күту дұрыс екендігін ескеру қажет.
ЖАЛПЫ ҰҒЫНЫМДАР
Әділ ұсыну және Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкестік
13. Қаржы есептілігі ұйымның қаржы жағдайын, оның қызметінің қаржы жағдайын және ақшалай қаражаттардың қозғалысын міндетті түрде адал көрсетуге тиіс. Адал ұсыну операциялардың, «Принциптерде» айтылған активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар үшін тану анықтамалары мен белгілеріне сәйкес басқа оқиғалар мен талаптардың ықпал етуін ұсынған кезде шындықты талап етеді. Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарын, қажет болған жағдайда - ақпаратты қосымша ашып көрсету арқылы қолдану адал ұсыну міндетін шешетін қаржы есептілігін қалыптастыруға жетектейді деп көзделеді.
14. Қаржы есептілігі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес келетін ұйым ондай сәйкестік туралы қаржы есептілігіне ескертуларде тікелей айтуға және сөзсіз мәлімдеуге міндетті. Егер ол Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сай келмейтін болса, қаржы есептілігін Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сай келетіндей етіп сипаттауға жол берілмейді.
15. Іс жүзінде кез келген жағдайларда қолданылып жүрген Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкестік адал ұсынуға жеткізеді. Адал ұсыну сондай-ақ ұйымнан мыналарды талап етеді:
(а) 8-«Есеп саясаты, есеп айырысу бағаларындағы өзгерістер және қателіктер» ІAS Халықаралық стандартына сәйкес есеп саясатын таңдау және қолдану. 8 ІAS Халықаралық стандартында ұйым басшылығы үшін нақты бапқа қолданылған стандарт немесе түсініктеме болмаған жағдайға есептелген ресми тәлімдердің толық жиынтығы айтылған.

Категория: Экономика Бухгалтерия | Добавил: erdeeen
Просмотров: 647 | Загрузок: 174 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2017