Воскресенье, 30.04.2017, 19:40
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Экономика Бухгалтерия

Өнім сапасын басқару

Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХІХ – ғасырдың француз экономисті Жан Батист Сәй (1767 -1832 жылдар) жылдар кәсіпорыннның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды. «Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек».
Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту болды.
Осы дәуір, еркін бәсеке дәуірі теоретикалық экономикаға баға бәсеке дәуірі ретінде белгілі. Осы уақытта бәсекелестеріне қарағанда сондай өнімге бағасы төмен фирма алға шықты.
Осы бойынша америка ғылымы, экономист, П. Самуэльсон: «Тауар өндірушілер бағалар бәсекесіне қарсы тұра алады және өздерінің пайдасын максимум деңгейге дейін көтере алады, тек қана шығындарды минумум деңгейге дейін азайтқанда, бұл өз кезегінде өндірістің ең тиімді әдістерін ендіргенде ғана қол жеткізіледі» - деп жазды.
Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке жағдайында өндірістің шығындары азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе фирмалар арасында бәсеке болғанда ерте ме кеш не фирма үшін төлем төлей алмау әкеледі.
Әлемдік қауымдастықтың қазіргі экономикасы өтпелі экономика ретінде сипатталады: бір елдер, бұрынғы социалистік елдерді қосып алып нарықтық экономикаға өтуде, дамушы елдердің бір қатары дамудың индустриалдыға дейінгі деңгейіннен индустриалды дәуірге өтуде, индустриалды дамыған елдер индустриалдықтан ақпараттық дәуірге өтуде.
Ақпараттық дәуірде тұтынушылардың мұқтаждықтары мен сұраныстары көн қырлы және ұлттық рыноктар рамкаларынан алыстауда, сұраныстар мінезі өзіндік сипат алып және де өзінің құрылымы бойынша әр түрлі болуда.
Фирма, егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру болса да.
Зерттеудің мақсаты мен тіндеттері. Жалпы қабылдағандай, фирма басшысы білімді және жан – жақты болса да, менеджерлер мен инженерлердің қандай таланттары мен қабілеттері болғанымен, бағалық емес, қатаң бәсеке жағдайларында, яғни тұтынушылар сұраныстарының құрылымында бірінші орынға жаңашылдық, сапа, дизайн, жиі жаңарту мен әр алуан ассортимент, сатудан кейінгі жоғары деңгейдегі сервис қойылғанда, өз фирмасында өндірістік шығындар деңгейін белгілі бір шекарасынан төмен азайту мүмкін еместігіне көзі жетеді.
Микроэкономика саласындағы мамандардың бағалауынша кез – келген фирма үшін кез – келген экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыруы болуы тиіс және мына параметрлерге сәйкес келуі тиіс:
1. үлкен икемділігі, өнім ассортиментін тез өзгертуге және өнімді жиі жаңарту қабілеттер болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң стандартқа негізделген жаппай өндірісі тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз және оның салдары төлем төлей алмауға әкеледі;
2. фирма жаңа технология мен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нышандарына көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышандарын әсіресе фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;
3. фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім сапасына деген талаптары бүгін тек, өсіп қана қойған жоқ, және де өзінің сипатын түбірмен өзгертті. Қазір жақсы өнімді шығару аз, сонымен бірге сатудан кейінгі сервисті ұйымдастыруды, тұтынушылардың жоғары деңгейдегі өзіндік сұраныстарына қосымша фирмалық қызметтерді көрсету туралы ойлау керек.
Нарықты орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық, құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Кәсіпорынның айналысатын қызметі, шеңбері ұлғаяды. Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс - әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталды. Кәсіпорын өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі әлеуметтік – бағытталған нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтан да барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз – ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті. Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:
− өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті тауар мен қызмет өндірісімен байланысты;
− алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда өндіріс іс - әрекетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және ұжымды әлеуметтік дамытуға жұмсалады;
− жаңа жағдайда кәсіпорын өндірілген өнімді өткеру қызметімен айналысуға мәжбүр, мұнда ол нарықтық конъюнктурамен, бәсекелестік орта жағдайымен сұраным төлем қабілеттілігімен және нарықтық ортаның басқа да фактормен есептесуі керек;
− жаңа жағдайда кәсіпорын иығына мемлекеттік экономикадағы кәсіпорында кездеспеген – кәсіпкерлік қызмет жүктеледі. Осы қызмет бұрындары және қазіргі кезде же дәстүрлі түрде шағын бизнеспен байланыстырылады. Қазіргі нарықтық жағдай кәсіпкерлік жайлы ескі көзқарасты барынша жоюда.
Экономикалық бизнес саласындағы кәсіпкер жетістігін, олардың бизнес жүргізу мүмкіндігін ашу қабілеттілігі және оны қолдану шеберлігімен байланыстырады. Жалпы кәсіпорын кәсіпкер ретінде мынаны шешуі қажет:
1. нарықтық тұтыныстардың құрылымын дұрыс бағалау керек және олардың ішінен табысын қалай максимилизацияласа, сатып алушылардың пайдалылығын да солай арттыру қажет;
2. кәсіпорынның мақсатын анықтап, адамдады соған қол жеткізу үшін ұйымдастыру керек. Ол үшін оған ынталандыру мен мотивация құрылады. Сондай – ақ осыдан туындайтын нарықтық экономиканың жаңа жағдайында кәсіпорынға басқада бірнеше қызметтерді жүзеге асыруға тура келеді;
3. нарықтық ортаның жағдайында кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін қолдау;
4. менеджмент жүйесін қолдана отырып, ішкі ортаны басқару қызметі және қазіргі маркетингтік жүйені қолданып, сыртқы нарықтық ортына басқару қызметі.

І Сапа және оның теориясы
1.1 Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты — баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.
Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны — бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.
Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Сапаның көрсеткішін анықтау оның саңдық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:
өлшеуші әдіс (аснаитар, приборлардың көмегімен);
тіркеу әдісі — бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін;
есептеу әдісі — өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді;
органолептік әдіс — адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, даңдылығына және қабілеттілігіне байланысты;
социологиялық әдіс — өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;
сарапшылық әдіс — мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм айырушылар.
Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөнідегі жеке көрсеткіштер қосылады.
Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы сапада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:
• сұрыптылығы;
• маркасы;
• жүктелімі;
• пайдалы заттың мазмұны;
• өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі, т.б. жеке көрсеткіштер тым әр түрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.

Категория: Экономика Бухгалтерия | Добавил: erdeeen
Просмотров: 884 | Загрузок: 79 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2017