Германия - География - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Понедельник, 05.12.2016, 03:21
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » География

Германия

ГЕРМАНИЯ

Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамырында сайланған.
Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік – федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германияның қазіргі Федералдық канцлері – Ангела Меркель.
Германия Федеративті Республикасында бірқатар саяси партиялар қызмет етеді. Олардың ішінде негізгілері, яғни басқа партияларға қарағанда ықпалы күшті алты партияны бөле-жара атаған жөн. Ретіне қарай атайтын болсақ, 1869 жылы құрылған Германия Социал-демократиялық партиясы; 1945 жылы құрылған Христиан демократиялық одағы. Бұл партияны Федералдық канцлер Ангела Меркель басқарады. Негізгі мақсаты – Батыс елдерімен интеграция жасау және әлеуметтік нарықтық экономика. Бұдан кейінгісі Христиан әлеуметтік одағы; Еркін демократиялық партиясы; Демократиялық социализм партиясы және 1990 жылы құрылған "Жасылдар” одағы. 2002 жылғы қыркүйекте өткен Бундестаг сайлауында тиісті 603 орынның 251-ін Германия Социал-демократиялық партиясы, 248-ін Христиан демократиялық одағы мен Христиан әлеуметтік одағы, 55-ін "Жасылдар”, 47-сін Еркін демократиялық партиясы, ал 2 орынды Демократиялық социализм партиясы алды.
Германия экономикасы дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі салалары мәшине жасау, электр техникасы, металлургия, химия және фармацевтика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Ірі 13 әуежай, 6,8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңізіндегі Гамбург пен Бремен, Балтық теңізіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады.
Германияның сыртқы саудадағы әріптестеріне келсек, ең алдында Франция тұр. Одан соң импорт бойынша Нидерланды, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, ал экспорт бойынша Ұлыбритания, Италия, АҚШ және Нидерланды келеді.
Германия БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның жұмыстарына белсенді түрде қатысып жүр. Өз тараптарынан беделді бұл халықаралық ұйымдарға айтарлықтай қаржы және кадр ресурстарын бөліп отырады. Сондай-ақ, Германияның алдына қойған басым бағыттарының бірі – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Германияның Орталық Азия елдеріне байланысты ұстанған саясаты айқын, ол – экономикалық салаларда мүмкіндігіне қарай ынтымақтастық жасау.

Қазақстан мен Германия
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Германия Федеративті Республикасына төрт мәрте сапармен келген еді. Әр сапардың, әр кездесудің өзіндік орны бар. Әсіресе, Қазақстан басшысының 2004 жылғы 17-20 сәуірдегі Германияға сапары жемісті болды. Осы сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның сол кездегі Федералдық канцлері Герхард Шредермен кең көлемде келіссөз жүргізіп, мемлекеттердің ынтымақтастығын әрі қарай дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, Президент Германияның көрнекті саясаткерлерімен және іскер топ өкілдерімен кездесті. Қазақстан басшысы содан кейін 2006 жылы тамызда Санкт-Петербургте өткен "Үлкен сегіздік” саммитінде Германияның жаңа Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездескен еді. Кездесу қорытындысында Қазақстан Президентіне Германия тарапынан осы елге сапармен келу туралы шақырту түскен болатын.
Сарапшылардың болжамы бойынша, бүгінде Қазақстан мен Германия арасында түсініспеушілік тудыратын проблемалар жоқ, халықаралық саясаттағы негізгі мәселелер бойынша елдердің ұстанған позициялары жақын. Мысалы, Қазақстан Германияның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болу ұмтылысын қолдайды. Ал Германия Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету ұмтылысына және БСҰ-ға кіруіне қолдау білдіреді. Өйткені, Қазақстанның Еуропа мен Орталық Азия арасында диалогты дамыту үшін негізгі рөл атқару мүмкіндігі мол. Оның үстіне біздің еліміздің экономикалық жағдайы Орталық Азиядағы өзге елдерге қарағанда жақсы, саяси тұрақтылық берік орныққан.
Қазақстан мен Германияның сауда-экономикалық байланыстары жыл өткен сайын артып келеді. Әрі Германия Қазақстанның әлемдегі негізгі сауда әріптестерінің бірі болып табылады. Өткен жылдың қаңтар-қараша айлары ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы 2,2 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл 2005 жылға қарағанда едәуір көп. Жалпылай алғанда, Германия – Қазақстанның Ресей, Италия, Швейцария, Қытай және Франциядан кейінгі алтыншы орында тұрған сенімді сауда әріптесі. Екі елдің экспорт-импорт мәселесінде алыс-берістері баршылық. Мысалы, Германия біздің елге автомобильдер, электр тауарларын, медициналық дәрі-дәрмектер экспорттаса, Қазақстан Германияға мұнай, металдар мен химиялық шикізаттар жөнелтіп келеді.
Мемлекеттерді бір-бірімен жақын байланыстыратын мәселелердің тағы бірі – бірлескен кәсіпорындар. Статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша, бүгінде Қазақстанда германиялық капиталдың қатысуымен 688 бірлескен кәсіпорын тіркелген. Олардың басым бөлігі сауда, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тағы басқа салаларда жұмыс істейді. Сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық берік орныққан. Бұл Қазақстан-Германия мәдени ынтымақтастық мәселелері жөніндегі үкіметаралық комиссияның іс-шаралары негізінде үйлесім тауып келеді.

Қолда бар мәліметтерге қарағанда, бүгінде Қазақстанда 220 мыңнан астам неміс тұрып жатыр. Қазақстандық немістердің мүддесін қорғауға бағытталған үкіметаралық комиссия жұмыс істейді. Комиссияның отырыстарында мәдениет пен білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылады. Өз кезегінде ол нәтижесін беріп келеді. Мысалы, Алматыда Гете институты мен Қазақстан-Германия университетінің өкілдіктері ашылды. Сонымен бірге, қазіргі кезде "Болашақ” бағдарламасы бойынша Германияның жоғары оқу орындарында 150-ден астам қазақстандық студент оқып жатыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына бұл сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамытып, жаңа сатыға көтеретін болады.
Германия Федеративті Республикасы "үлкен сегіздік” құрамына кіреді. Еуропалық Одақта Франциямен қатар құрлықта ықпалдасу үдерісінің негізгі қозғаушысы болып табылады. Ал 1990 жылдың басынан бастап Германия басшылығы Қазақстанмен, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның өзге де мемлекеттерімен олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі жақты байланыстарды дамытуды қолдап келеді. Әсіресе, Қазақстанмен. Өйткені, ГФР елімізді Орталық Азиядағы ғана емес, ТМД-дағы ең маңызды әріптесі деп есептейді.
Жалпы, неміс дипломатиясының біздің еліміз жөніндегі мақсаты мейлінше айқын. Оны мынадан байқауға болады. Саяси салада – Астанамен тұрақты диалог арқылы Орталық Азия аймағына өздерінің тереңдеп енуі, экономика саласында – Германияның Қазақстан рыногына жаппай қатысуы.Қазақстан мен Германия арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы қыркүйекте ГФР-ға жасаған алғашқы сапары барысында қаланды. Осы сапар кезінде өзара қарым-қатынастардың негіздері туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылған еді. Сол жылдардан бастап екі мемлекет арасындағы саяси және экономикалық байланыстарды дамыту тұрақты сипат алды. Бұдан кейін Қазақстан Президенті 1997 жылғы қарашада екінші рет ГФР-ға ресми сапармен келді. Сапар барысында мемлекеттердің өзара тиімді ынтымақтастықты, бірінші кезекте экономика саласында тереңдетуге бағытталған маңызды халықаралық келісімдер топтамасына қол қойылған болатын. Бұдан бұрын да, бұдан кейін де Германия тарапынан Қазақстанға осы елдің жоғары деңгейдегі лауазым иелері сапарлармен келіп, екі елдің байланыстарын дамытуға қатысты мәселелерді қарастырды.
Қазақстан мен ГФР арасында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеует бар, әрі маңызы ерекше. Бұл негізінен Қазақстан мен Германияның экономикалық жүйелерінің бірін-бірі құрылымдық жағынан толықтыра алатындығымен түсіндіріледі. Өйткені, Германия Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынастары жеткілікті және тұрақты дамыған еуропалық мемлекет болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанда көптеген неміс фирмасы мен банктері жұмыс істейді. Олардың ішінде әлемге танымал "Мерседес-Бенц”, "Сименс”, Дойчебанк, Дрезденбанк, Коммерцбанк, т.б. бар.
ГФР-дің Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға ерекше назар аударуының негізінде тек экономикалық қана емес, саяси мүдделердің де бар екенін айта кетуіміз керек. Біріншіден, Германия ЕҚЫҰ аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі саясаттың ойдағыдай жүзеге асуына мүдделі. Сондай-ақ, ГФР Каспий аймағында еуропалық қауіпсіздік тұтқаларын нығайту болашақта Еуропа Одағының саясатында негізгі бағыттардың бірі болуы мүмкін деп есептейді. Екіншіден, Германия Орталық Азия аймағын Еуропаны Ислам әлемінің тұрақсыз аймақтарынан бөліп тұрған "тұрақтылық белдеуі” аймағына айналдыру ниетін көздейді. Үшіншіден, Германия Каспий аймағында оны әлемнің жетекші елдерінің саяси және экономикалық мүдделерінің текетіресу аймағына айналдыратын "үлкен ойын” айла-шарғысының шиеленісуіне алаңдаушылық білдіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративті Республикасына ресми сапарының негізгі бөлігі бүгін болады. Мемлекет басшысы алдымен "DZ” банкінің ғимаратында Н.Назарбаевтың "Еуразия жүрегінде” кітабының тұсаукесер салтанатына және Астана қаласына арналған фото-көрменің ашылу рәсіміне қатысады. Елбасы одан кейін Германия Федеративті Республикасының канцлері Ангела Меркельмен және ГФР қоғамдық-саяси және іскер топтарының өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған. Мемлекет басшысы, сондай-ақ осы күні "Франкфуртер Альгемайне” жалпыгермандық газетінің басшысына сұхбат береді деп күтілуде. Карл Эрнст Браунер, Қазақстан-Герман сауда-экономикалық жұмысшы тобының тең төрағасы Евродақтың да осы пікірді ұстанып отырғанына кәміл сенімдімін. Евродақтың Орталық Азияға қатысты жасаған стратегиясы да соның айғағы. Осы елдердің ішінде Қазақстан шешуші әрі басты орынға шығатыны даусыз. Біз сіздердің кластерлік саясат жүргізу бағыттарыңызды толық қолдаймыз. Қазақстанның шикізаттық емес саланы дамытуға да толық мүмкіндігі бар екендігін атап өткім келеді.
Экономикалық мәліметтер тізбегіне көз жүгіртер болсақ, Германия Қазақстанға тауар шығарушы мемлекеттердің қатарынан нық орын алады. Тіпті, неміс тауары ұлттық экономикамызға елеулі ықпал жасап отырған қозғаушы күш деп айтуға болады. Федеративтік республика бес жылдан бері әлем бойынша тауар шығару жөнінен алдына өзге елді салған емес. АҚШ-тың өзі тізімде немістерден кейін тұр. Көлік, электр тауарлары, өндіріске қажет сан алуан жабдықтар мен дәрі-дәрмектер сыртқа шығарылады. Тауар шығаруды негізінен орта және шағын бизнес міндетіне алған. Жылдар бойы нақтылы бір жабдық шығаруға дағдыланған отбасылық бизнестер де Германияда белең алған.Бұл ел Қазақстаннан мұнай, металл, химиялық шикізаттарды сатып алып отыр.
Инвестициялық саясатта екі елдің де мүддесі бір арнаға тоғысады.Қазақстан кәсіпкерлері Герман экономикасына 1 миллард АҚШ долларынан астам қаржы салса, немістер Қазақстанға 2 миллардқа жуық инвестиция салған.Екі ортадағы алыс-беріс негізінен ауылшаруашылығы саласына, тау –кен өндірісі, құрылыс индустриясы, көлік және коммуникацияға бағытталып отыр. Форумға қатысушылар бұл байланыстың аясын одан әрі кеңейтуге болатынын айтты. Нақты ұсыныс жасады.Мәселен, жоғарғы технологиялар бойынша Германияның мүмкіндігі мол. Неміс жетістігін кластер ретінде индустриялық аймақтарға, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларға енгізуге әбден болады.
Қазақстан Республикасы мемлекет басшысының көмекшісі Әсет Есекешов экономиканы ырықтандыру мақсатында осы форумда Қазақстанның әр аймағының мүмкіндігін барынша немістің бизнес ортасына көрсетіп қалуға шақырды. Тиімділігін, оның мүмкіндігін шетелдік инвесторлар өздері өлшеп-пішеді. Немістер әсіресе Каспий теңізі маңында мұнай өңдеу өндірісін салу жобасына қатысты ерекше қызығушылық танытты. «Самұрық» мемлекеттік холдингінің басқарама төрағасы Қанат Бозымбаев бұл форумда неміс кәсіпкерлерінің Қазақстанның бизнесіне қалай кіретіні туралы толық мәлімет алғанын жеткізді. Көз ұзамай форумда өз нәтижесін берді. Түс ауа қазақстандық делегация жетекшілері қандай жобаларды бірлесе жүзеге асыратыны туралы мәлімдеме жасады.
Ал, осы елдегі Дойчебанк пен Қазақстан Республикасы мемлекет басшысы жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі Петер Тиллс Қазақстанның қаржы саласына неміс банктерінің жетістіктерін енгізуге ұсыныс жасап отыр.
Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар да өз мүмкіндіктері мен инвестиция салуда жасалатын жеңілдіктерін бизнес ортаға түсіндірді. Форумға немістер жағынан 150 ден астам компания қатысты. Қазақстан Республикасының Германиядағы елшісі Нұрлан Онжанов экономика саласында ғана емес саяси бағытта да немістердің ықпалы қажеттігін айтты. Федеративтік Республика Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда Ұйымына мүшелікке өтуіне тілектес. Соны саяси мәселелер шешілетін алқалы жиындарда Германия өз тарапынан жие көтергені жөн. Германияның Евроодаққа энергетикалық сұранысын қамтып отырғанын ескерсек саясат пен экономиканың жолы бір арнаға тоқайласатын аңдау қиын емес. Жақын күндері Гамбургте Қазақстанның экономика күндері өтеді. Ал маусым айының басында Германияның экономика министрлігі Астанада өтетін форумға қатысады. Бірнеше облысқа сапар жасайды.
Сонымен бірге Қазақстанға Германияның президенті Хорст Келер келеді деп жоспарланып отыр.

Категория: География | Добавил: erdeeen
Просмотров: 1405 | Загрузок: 85 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2016