Вернадский ілімі (Биосфера тусiнiгi) - География - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Суббота, 21.01.2017, 01:08
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » География

Вернадский ілімі (Биосфера тусiнiгi)

Тақырыбы: «Вернадский ілімі»
Биосфера түсінігінің екі негізгі түсініктемелері бар, біріншісі ғылымда сол терминнің пайда болу кезінен белгілі. Ол биосфера түсінігін жердегі барлық тірі және жансыз ағзалар бірлестігі. Докучаев түлегі, топырақ ілімнің қалыптасушысы, тірі және жансыз жүйелер байланысын зерттейтін В.И.Вернадский, биосфера түсінігін қарастырып, тірі және жансыз айырылмас байланыс принципін енгізген. Ол биосфераны тірі және өлі бірлестік орта ретінде түсінген. Осындай түсінік Вернадскийдің жер бетіндегі өмірдің пайда болу мәселелеріне көзқарасын анықтаған. Келесі түрлер қарастырылған:
1) өмір жердің пайда болуына дейін жаралған және оған ол енгізілген;
2) өмір жердің пайда болған соң жаралған;
3) өмір жердің пайда болуымен қатар жаралған. Вернадский соңғы ойды
қалаған және оның ойы бойынша, біздің планетамызда тіршілік болмағаны туралы ғылыми деректер жоқ деп ойлаған. Басқаша айтқанда, биосфера жерде әрқашан болған.
Сонымен, биосфера ретінде Вернадский жерді, барлық процестердің тірі
ағзалардың тікелей әсерінен өтетін жіңішке қабаты ретінде түсінген. Соңғысында Вернадский биосфераның сол түсінігін дамытып оның құрылысын анықтаған.
Нақты аударғанда «биосфера» термині өмір отрасын белгілейді және сол
мағынада бірінші рет ғылымға 1875 жылы австриялық геолог пен палентологы Эдуард Зюсспен енгізілген ( 1837-19141). Бірақ соған дейін басқа атымен, негізінде « Өмір кеңістігі », « жердің тірі қабаты» т.б оның құрлысы көптеген басқа жаратылыстану сынаушылармен қарастырылған.
Бастапқысында осы түсініктемелер бойынша тек планетада мекендейтін тірі
ағзалар бірлестігі қарастырылған, кей кезде оны географиялық геологиялық және космостық процестермен бірлестіктері көрсетілген, және көңіл тірі табиғаттың бейорганикалық табиғаттағы күштермен заттардың байланысына аударылған. «Биосфера» терминнің авторы Э.Зюсс өзінің кітабында «Жердің жүзі», терминнің енгізгеннен кейін 30 жылдан соң (1909 ж) биосфераның кері әсерін байқамаған және оны «жер бетінде мекендейтін және кеңістікпен уақытта шектелген бірлестік ағзалар ретінде» анықтаған.
Тірі ағзалардың жер қабатының пайда болуның үлкен рөліне көңіл аударған
алғашқы биологтарының бірі Ж.Б.Ламарк (1744-1829) оның көрсетуі бойынша, жер шарының бетіндегі бар және оның қабығын құрайтын барлық заттар тірі ағзалар қызметінен қалыптасқан.
Биосфера туралы фактілер және ережелер ботаника, топырақтану, өсімдіктердің географиясы және басқа да, ерекше биологиялық ғылымдар және геологиялық пәндердің дамуымен байланысты келе-келе жинақталған. Биосфера түсінігіне қажетті білім элементтері, жалпы экологияның пайда болуымен байланысты болды, ол ағзалар және қоршаған ортаның арасындағы қарым-қатынасты зерттейді. Биосфера ол белгілі табиғи жүйе, ал оның тіршілігі біріншіден тірі ағзалардың қатысуымен энергия мен заттардың айналамында көрінеді. Биосфераны түсіну үшін неміс физиологы Пфефермен (1845-1920) тірі ағзалардың тамақтану үш түрін белгілеуі өте маңызды болған:
● автотрофты – ағзаның табиғаттағы бейорганикалық заттарды
пайдалану арқылы құрылуы;
● гетеротрофты – төменгі молекулаларды органикалық қосылыстар-
ды пайдалану арқылы ағзаның құрылысы;
● миксотрофты – ағза құрылысының аралас типі (автотрофты-
гетеротрофты).

көрінеді. Биосфераны түсіну үшін неміс физиологы Пфефермен (1845-1920) тірі ағзалардың тамақтану үш түрін белгілеуі өте маңызды болған:
● автотрофты – ағзаның табиғаттағы бейорганикалық заттарды
пайдалану арқылы құрылуы;
● гетеротрофты – төменгі молекулаларды органикалық қосылыстар-
ды пайдалану арқылы ағзаның құрылысы;
● миксотрофты – ағза құрылысының аралас типі (автотрофты-
гетеротрофты).
Биосфера (қазіргі түсінік бойынша) – ол тірі ағзалардың барлық қауымдастығын және сол ағзалармен тікелей байланыста болатын планета заттарын кірістіретін жердің өзіндік қабаты. Биосфера – бұл жер планетасында тіршілік тараған орта.
Биосфера атмосфераның төменгі бөлігі, гидросфераны және литосфераның жоғарғы бөлігін қамтиды.
● Атмосфера – ауа қабаты, жердің ең жеңіл қабаты, космос кеңістікпен шекараласқан; атмосфера арқылы зат және энергияның космоспен байланысы жүргізіледі. Атмосферада бірнеше қабаттар бар:
● тропосфера – төменгі қабат, жер бетіне жалғасқан (биіктігі 9-17 км) б.а. биосфераны қалыптастыратын атмосфера қабаты. Тропосфера – жер климатын құрастыратын атмосфера қабаты. Онда атмосфераның 80% газды құрамы және су буы жинақталған;
● стратосфера – тропосфераның жоғарғы шетінен жоғары қарай 50 км дейінгі орналасқан атмосфера аймағы. Стратосферада озонды қабаты бар;
● ионосфера – онда «тірі зат» болмайды.
● Атмосфераның химиялық құрамының басымды элементтері: азот – N2 (78%) оттек – О2 (20,95%), көмірқышқыл газы – СО2 (0,03%).
Термосфера қабатында 500-600 км биіктікте температура 1500°С астам.
Гидросфера – жердің су қабаты. Гидросфера – планетамыздың су ресурстары. Жоғары қозғалғыштықтан сулар барлық әртүрлі табиғи құбылстарға өтеді, тіпті таза атмосфералық суларда 10-наан 50 мгр/л ерітінді заттар болады. Ғидросферада өмірдің өту шекарасы 11 км құрастырады.
Гидросфера химиялық құрамының басымды элементтері: Na+, Mg2+, Ca 2+Cl‾ , S, С.
Судағы әртүрлі элементтердің мөлшері, оның ондағы мекендейтін өсімдіктер мен жануарлар үшін маңыздылығы туралы толық ештеңе айтпайды. Осы қатынаста, тірі жануарлармен игерілетін алғашқы ролі -ға тәуелді. Мұхитты сулардың алғашқы ерекшеліктері, оның негізі иондары барлық әлемдік мұхит көлемінде тұрақты байланыспен сипатталады.
Литосфера – жердің сыртқы қатты қабаты, шөгінді және магматикалық жыныстардан құрылған.қазіргі мезгілде жердің қабығы ретінде Мохорович сейсмикалық шекарадан жоғары орналасқан планетаның жоғарғы қатты қабатын қабылдауға болады. Тірі материяның минералдымен (бейорганикалық) байланыс болатын литосфераның жоғарғы беті топырақты көрсетеді. Ағзалардың қалдықтары шіріген соң гумусқа айналады (топырақтың құнарлы бөлігі). Топырақтың құрамды бөлік ретінде минералдар, органикалық заттар, тірі ағзалар, су, газдар қызмет етеді.
Литосфера химиялық құрамынының басымды элементтері: О,Si, Al, Fe, Ca, Mg, Na, K.
Алғашқы ролін оттек орындайды, оның үлесі жер қабығының массасында жартысы келсе, оның көлемінде 92% құрайды, бірақ оттек басты жыныс құрастырушы минералдарда басқа элементтермен тығыз байланысты. Сонымен сандық байланыста жер қабығы – ол жер қабығының геологиялық даму жолдарында химиялық байланысты оттектің «дүниесі».
Основные положения о биосфере, её структуре и развитии были разработаны Владимиром Ивановичем Вернадским (1863 – 1945). Биосфера ілімінің негізін қалаған ғалым Владимир Иванович Вернадский.

Биосфера туралы негізгі ережелері, оның құрылысы және дамуы Владимир Иванович Вернадскиймен құрастырған (1863 – 1945).

Негізгі ережелері:
1. Биосфераның эволюция нәтижесінде ол ноосфераға (ақыл – ой сферасы) өзгеріледі. Ол материяның өз ұйымдастыруының барлық процестерін бірлік ретінде қарастырған.
2. Эволюциялық процестер адамның табиғатқа әсерінің өсуінен көп жылдамдайды. Оның дамуының анықтаушы факторы адам.
3. Ұжымды ақыл – ой эволюциялық даму жолдарын анықтауға қабілетті.
В.И.Вернадский концепцияның негізгісі ол тірі ағзалар туралы түсінік, оны ол тірі ағзалар бірлетігі ретінде анықтайды. Өсімдіктер мен жануарлардан басқа В.И. Вернадский оған адамзатты да кірістіреді, себебі оның геохимиялық процестерге әсері басқа тірі тіршіліктердің әсеріне қарағанда өзгеше, біріншіден, өзінің қарқындылығымен, геологиялық мезгілмен көбейетін, екіншіден, адам қызыметінің басқа тірі заттарға тигізетін әсерімен.
В.И.Вернадскийдің ойы бойынша, тірі ағзалардың өзінің эволюциялық процесі бар, ол ортаның өзгерісіне байланысты емес, геологиялық мезгілдің жүру өзгерісінде көрінеді.
Өз ойын дәлелдеу үшін ол жануарлардың орталық нерв жүйесінің үздіксіз өсуіне және оның биосферадағы маңызы және биосфераның ерекше ұйымдастырылуына сілтейді. Оның ойы бойынша, жеңіл модельде осы ұйымдастыруды келесі түрімен көрсетуге болады, биосферадағы бірде бір нүкте «бұрыңғы орынға, биосферадағы сол нүктеге түспейді». Қазіргі терминдер бойынша ол көріністі эволюция мен дамудың әрбір процесіне тәуелді қайтарымсыз өзгерістер ретінде көретуге болады.
Жаңа ағзалар түрлерінің пайда болуымен шағылысатын эвоюцияның үздіксіз процесі жалпы биосферадағы, соның ішінде табиғи биокосты денелерге, мысалы, топыраққа, жер бетті мен жер асты суларға және т.б. әсер тигізеді. Ол келесімен дәлелденеді, девонның топырақ пен өзендері, третичті, және қазіргі мезгілде ерекше. Сонымен, түрлердің эволюциясы таралып жалпы биосераға өтеді.
Кейбір қарамағарсылыққа қарамастьан Вернадскийдің биосфера туралы ілімі, тек қана тірі табиғатың емес, оның тарихи адамзат қызметімен тығыз байланысты түсінуіндегі жаңа үлкен қадамды көрсетеді.
В.И.Вернадский биосфера деп өмірдің тіршілік ететін немесе бұрын тіршілік еткен және тұрақты тірі ағзлар әсеріне тартылатын немесе тартылған біздің планетамыздың облысын атаған.
3,5-4,0 млрд. жыл бұрын пайда болған, қазіргі биосфера тірі ағзаларды (3 млн.түрге дейін), олардың қалдықтары, мекендейтін және сол ағзалармен өзгертілген атмосфера, гидросфера және литосфера аймақтарын кірістіреді.
Планетамыздағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И.Вернадский тірі зат деп атаған, оның негізгі қасиеттері ретінде қосынды массасын, химиялық құрамын және энергиясын қарастырған. Сонымен, В.И.Вернадский бойынша бос энергияның ұстаушы ретінде тірі органикалық заттар болып есептеледі.
Биосфера құрылысына, тірі заттан басқа (өсімдік, жануар, микроағзалар) биогенді заттар (тірі ағза өмір қызметінің өнімдері – тасты көмір, битум, мұнай), биокосты заттар – тірі ағзалар мен геологиялық процестердің бірлескен қызметінің нәтижесінде пайда болған денелер (таулы және шөгінді жыныстардың тірі ағзалармен өндірілуі және таралу өнімдері – топырақ, барлық табиғи сулар, олардың қасиеттері жер бетіндегі тірі заттардың қызметімен байланысты) және қосты заттар – биосферадағы, тірі ағзалардың қатысуынан пайда болған заттардың жиынтығы (магматикалық, бейорганикалық түпті тау жыныстары, су, космосты шаң, метеориттер) кіреді.
Сонымен, биосфера – тірі заттар әсерімен қамтылған жердің бөлігі.
1940 ж. В.И.Вернадский тірі ағзалардың биосферадағы геохимиялық процеспен басқаратын (биогеохимиялық принциптері) ашқан:
1. Биосферада химиялық элементтер атомның биогенді көшуі өзінің максимальды көрінісіне ұмытылады.

Осы принциптің маңызы өмірдің максимальды көлемінде өзіне жарамды кеңістіктерді толтыруға ұмтылуында негізделеді. Биосфера эволюцияның процесінде тірі зат, өмір-дің жаңа мекендеу аймақтарының тартуында, қоршаған жансыз табиғатқа және өзіне өзінің өзгертуші қысымын күшейтеді (мысалы, абиогенді химиялық элементтерге).
2. Биосерадағы тұрақты өмір түрлерінің қалыптасуына әкелетін, геологиялық мезгіл жүрісінде түрлер эволюциясы, биосфера атомның биогенді көшуін көбейтетін бағытта жүреді.
Көрсетілген принцип тек өмір тарихын түсіну үшін маңызды емес, ол табиғи өсімдіктердің шығаруына және атомның биогенді көшуін көбейтуге, басқаша айтқанда өсімдіктер мен жануарлардың өнімділігін көбейтуінде қазіргі мақсаттардың шешілуіне маңызды.
3. Планета тарихының барлық мезгілінде оның орналасуы тек сол кезде тіршілік ет-кен тірі заттар үшін максимальды маңызы болған.

Категория: География | Добавил: erdeeen | Теги: Вернадский ілімі (Биосфера тусiнiгi
Просмотров: 8497 | Загрузок: 2244 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2017