Среда, 24.05.2017, 16:34
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Химия Физика Астрономия

Химия кешенінің Қазақстандағы болашағы

Химия кешенінің Қазақстандағы болашағы

Келешектің кешенін отандық және ше¬телдік инвесторлар бірігіп салып, бөлісе иеленетін болады. Ал оның жұмыс істеу жүйесі мен ұстанымдарын айтар болсақ, оның негізі 2010 жылға дейінгі уақытты қамтитын Мұнай-химия саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қаланып, ол Елбасы берген тапсырмаларға сәйкес жүзеге асуда. Атырау облысында арнайы экономикалық аймақ құрылмақшы. Осы аймақта шағын және орта бизнесті дамыту ойда бар. Жоғарыда аталған зауыт 1,2 миллион тонна мұнай-химия өнімдерін шығарады да, өнімнің бір бөлігін арнайы экономикалық аймақтағы жеке кәсіпорындарға сатады. Ал олар өз кезегінде оны одан әрі өңдеп, дүкен сөрелеріне дейін шыға¬ратын дайын тауар дайындайды. Бұл – мұнай-химия саласын дамытудың басты тұжырым-дамасы. Екіншіден, Атырау мұнай өңдеу зауытын одан әрі кеңейтіп, бензол шығару көзделіп отыр. Зауыт былтыр жыл бойы жаңартылды. Бензолды одан әрі өңдеп, одан стирол мен полистирол алады. Өнімнің бұл түрлері үлкен сұранысқа ие. Ақтаудағы ескі зауыттардың бірі жаңартылып, қазірдің өзінде полистирол шығаруда.
Аромат қосындыларын шығару жобасы қаралып жатыр. Одан бөлек тағы да бірнеше зауыт салу жоспарлануда. Оның ішінде битум шығаратын зауытты айта кеткен жөн. Көлік және коммуникация министрлігіндегі әріптес¬теріміз жол құрылысы бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Әлемдік сапаға сай жол салу үшін битум¬ның да сапасы жоғары болуы тиіс. Еліміз барлық жол инфрақұрылымын жаңартуды қолға алып отыр. Себебі, біз Еуразия құрлығы¬ның ортасында орналасқанбыз. Жүк және жолаушы тасымалы үшін өте қолайлы географиялық жағдайымыз бар. Еуропа мен Азия ортасындағы транзиттік әлеуетіміз жоғары. Бұдан басқа да жобалары бар. Оларға әзірге техникалық зерттеулер жүргізілуде.
Дүниежүзілік сапаға сай алты-сегіз қондырғы орнатылмақшы. Бір зауытта бірнеше қондырғы болуы мүмкін. Газ-химия кешенінің өзінде үш қондырғы болады. Газды полипро¬пилен мен полиэтилен шығаруға дейін жет¬кізетін бір қондырғы болса, әлгі екі түрлі өнімді шығаруға тағы да бір-бір қондырғы болады. Әр зауытта екі-үш қондырғыдан алты-жеті, тіпті сегіз қондырғыға дейін болуы мүмкін. Осындай бірқатар зауыттар салынбақ.
Мұнай-химия саласындағы бастамалар мұнай-газ дамуын, сөзсіз, жаңа сатыға көтереді. Сіз меңзеп отырған дайын бұйымның көпшілігін өзімізде шығарсақ деген талпыныс зор. Атап айтсақ, 2005 жылдың сәуі¬рінен бастап “Интеркомтаир” АҚ доң¬ға¬лақ камераларын және түрлі резеңке бұйым¬дар шығара бастады. “Сараньрезинотехника” және “Қараған¬дырезинотехника” компаниялары резеңке бұйымдарын шығаруға машықтанған. Ақтаудағы бұрынғы пластмасса зауыты, қазіргі “Sat Operatіng Aktau” ЖШС полистирол өндіріп жатыр. Ендігі біздің мақсатымыз осы компанияларға өңделген шикізат жеткізу.

Категория: Химия Физика Астрономия | Добавил: erdeeen
Просмотров: 843 | Загрузок: 111 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2017