Қазіргі заман мәдениеті. Басты проблемалары мен даму бағыттары - Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Вторник, 06.12.2016, 17:08
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану

Қазіргі заман мәдениеті. Басты проблемалары мен даму бағыттары

Қазіргі заман мәдениеті. Басты проблемалары мен даму бағыттары
1. Тәуелсіз Қазақстан және ұлттық мәдениеттің қайта өрлеуі.
2. Қазіргі ұлт мәдениеті, қалыптасуы жағдайы мен даму болашағы.
3. Қазақ тілі мен әдебиетінің даму ділгірлігі.

1991 жылдан бастап Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Ата заң бойынша, ол қазақ халқының өзін - өзі билейтін елі және басқа этникалық топтарға тең құқықты қамтамасыз етеді. Екі ғасырдан артық қилы заман бұғалағын басынан өткізген ел енді ғана өзіне тән мәдениет пен өркениетті қалыптастыруға мүмкіндік алды.
Қазіргі қазақ мәдениетіндегі негізгі мәдени әлеуметтік типтерге келейік. Бұл мәселенің бұрын зерттелмегенін аңғару қиын емес. Мәдени - әлеуметтік типтер ғылымда қалыптасқан қағидаларды талдаудың нәтижесінен гөрі, өмір тенденцияларын жалпылаудың тәжірибесіне жақын.
Қазіргі Қазақстан республикасын алып қарайық. Отаршылық және тоталитарлық мәдени құндылықтардың жалғандығы айқындалды және төл мәдениетті жаңғырту ниетіндегі заңды әрі түсінікті ұмтылыс қалыптаса бастады. Бірақ, азаматтық қоғамның орнына жеті аталық үрдіске, рулық – тайпалық басқару жүйесіне, исламның орнына тәңіршілдік пен шаманизмге қайтып келу, дүниежүзілік тарихты шежірешілдікпен ауыстыру және т.б. осы архаизмнің көріністеріне жатады. Тағы бір мысал келтірейік. Әрине «жеті атасын білмейтін ұл жетесіз». Бірақ, қазіргі ақпараттық әлемде, экрандық мәдениетте, өркениеттердің тоғысу заманында бұл мәселе тәрбиелік – жадылық мағынаға ие болып, басқа өркениет тілік құндылықтарға орнын береді.
Қазіргі кезде өркениетті елдерде мәдени тұтастанудың төмендегідей жүйесі қалыптасқан: адам – отбасы – адамзат. Бұл жерде формальдық логикадағы ұғымның мазмұны мен көлемінің кері қатынасы заңы әрекет етеді. Яғни, ең мағыналы тұлға адам болып табылады. Ұғымдардың көлемі кеңейе берген сайын комплиментарлықтың деңгейі де азая түседі. Енді архаистік нұсқаны келтірейік: қауым мүшесі – ата баласы – ру – тайпа – жүз – ұлт. Ары қарай байланыстың ықтималдық дәрежесі төмен. Бұл жүйенің басқа адамдары ассимиляциялау қабілеттілігі де жеткіліксіз. Түрік халықтарының тарихынан икопорациялық деңгейі жоғары болған этностардың санының тез өскенін байқаймыз. Бұл да ескеретін жәйт. Әсіресе дәстүршілдіктің көріністеріне қазақтың және әр жүздің ханын сайлау, шариғат пен қазылық салтты қалпына келтіру, батыстық киім үлгілерін тежеу сияқты пікірлерді ұсыну жатады.
Қазіргі кезде өркениетті елдерде бұрынғы жоғары мәдениетке күшпен енгізу бағдарламасының орнына «мәдениеттер сұхбаты» идеясы ұсынылып отыр. Бір ескере кететін жәйт: мәдениеттанушылар «жоғары төменгі» деген бөлуден мәдениеттердің теңқалыптығы принципін қолдауға көшті.
Қазақстандағы Ресей ықпалы тек республикадағы үлкен славяндық топтың барлығымен ғана емес, қазақ халқының ұзақ жылдар бойы Ресейдің қоластында болуына қатысты. Отаршылдықтың қазақ мәдениетіне тигізген теріс әсерлері жөнінде осыған дейін жеткілікті айттық. Алайда, бірнеше ғасырлар бойы бірге өмір сүрудің нәтижесінде қазақ халқының мәдени құрылымында біраз өзгерістер болды. Бұл процесс ең алдымен тілді қамтыды және орыс тілді қазақтар мәселесін тудырды.
Әрине, демографиялық және тілдік факторлардың этномәдениетке тигізетін әсерлері мол. Алайда, тілден айырылдың деп бұл үлкен топты ұлттық мәдениет аймағынан шығарып тастаған дұрыс емес. Мысалы, шотландтар мен ирландтар ағылшын тілінде сөйлегенімен ұлттық менталитетінен айырылған жоқ. Осы сияқты республикадағы орыс тілді қазақтардың және басқа да мұсылман халықтарының бірталайы ұлттық салт – дәстүр мен діни мәдениет өрісінен алыстап кеткен жоқ. Және мәселе сан – мөлшер мен үлес туралы болып отырған жоқ.
Қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы мәдени жүйесінде үш бөліктің бар екендігіне көз жеткізуге болады. Оларға төлтума мәдениет, отаршыл мәдениет және батыстық әсер жатады. Қазақстан жағдайында еуразиялық – қазақы мәдени тип пен орыс тілді мәдениет өкілдерінің арасында көптеген ұқсастық бар. Әрине, соңғылардың менталитеті әр уақытта православиялық дінге және Ресейдің қамқоршылығына бағытталған. Алайда, Кеңес Одағына қаншама әділ теріс баға бергенмен, бір нәрсені мойындау керек. Халықтар достығы тек жалған ұран емес, қарапайым адамдардың ментальдық қасиетіне айналды.

Категория: Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану | Добавил: erdeeen
Просмотров: 1443 | Загрузок: 116 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2016