Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер. Номадалардың ежелгі мәдениеті - Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Пятница, 02.12.2016, 23:00
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану

Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер. Номадалардың ежелгі мәдениеті

Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер. Номадалардың ежелгі мәдениеті

1. Көне мәдениеттер мен өркениеттердің әлеуметтік тарихы және шығу мәдениеті.
2. Шығыс мәдениетіндегі дін және мифология, әдебиетпен өнердің тарихы.
Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардың өзгеше мәдениетінің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмір мен өлім мәселелерінен гөрі жарығаушыларға бас иіп, оларға еліктеуді өздерінің қасиетті парызы деп санады. Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді уағыздаушылардан гөрі, осы нақты өмірін мән мағынасын терең түсіне отырып «өмір үшін өмір сүруге» үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызып, олардың даналық қағидаларына бас иген. Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет – бйнесінің қалыптасуына діннен гөрі, салттық этиканың ерекше әсер етуі де осы жағдайға тікелей байланысты болса керек.
Қытай қоғамында орын алған мұндай жағдайлардың бәрі де адамзатты қоршаған дүниенің бейнесі жайындағы нақты ұғымдардың қалыптасуына да, оның эволюциялық сипатына да өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Мысалы, Қытай діни құрылымында дін адамдарының рөлі алғашқы кездерде онша жоғары бола қойған жоқ. Оған дәлел ретінде Аспан құрметіне байланысты өткізілетін діни рәсімдерді ғалым адамдардың емін – еркін атқара беретіндігін атап кетуге болады.
Қытайлар да дүниежүзінің басқа халықтары сияқты құдайлар мен рухтардың құрметіне құрбандықтар шалды. Бірақ, уақыт өткен сайын көп құдайлар мен рухтардың ішінен Ұлы Құдай дәрежесіне жетіп, аты аңызға айналған Шанди басты орынға шықты. Әрине, діннің даму тарихындағы мұндай дара тұлғалар әлемдік басқа діндерде де жиі кездеседі.
Қытай мәдени космостық ырғаққа, оның ырқына байланысты іс - әрекетке шақырады, өйткені адамның әрбір іс - әрекеті, тіпті оның шығармашылық қасиеттері де Аспанға, оның құдыретіне тікелей байланысты. Мұндай тәңірлік көңіл – күйді қытайлықтар былайша білдіреді: «Мен сөйлеп тұрған жоқпын, мен баяндап тұрмын». Табиғат адамға дарын берді, ал дарындылық – табиғаттағы шығармашылық процестердің заңды нәтижесі болып табылады. Демек, қоғам мен табиғаттың өзара үйлесімділігі негізінде Аспан әлемінен, оның табиғи іс - әрекетімен байланыстырыла қарастырылатын әлеуметтік этникалық мазмұндағы идеялар жатыр.
Қытай мәдениетінің екінші бір қайнар бұлағы – Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун – Фу - цзы, яғни Кун – ұстаз. Конфуций б.з.б. 551 ж. Шамасында өмірге келген. Бала кезінен – ақ білімге өте құштар болған Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқып, ескі салт – дәстүрлерді өте жақсы көрген. Өмір жолында талай қиындықтарды басынан кешірген Конфуцийдің бойында өзі өмір сүрген ортаға көңіл толмаушылық сезімібелең алды. Конфуций өзінің өмірлік қағидаларын қағаз бетіне түсірген жоқ, бірақ оның айтқан ой тұжырымдарын шәкірттері жазба түрінде «суждения и беседы» деген еңбекте жан – жақты баяндайды. Мәдениет болмысы – тарихи мәдени процесс. Оны әлеуметтік қозғалыстың ақпараттық түрі деп атауға болады. Мәдениеттің заттық пішіндерінде ақпараттық беріліс адам әрекеті нәтижесінде «жасанды табиғатта» ұяланса, ал рухани мәдениетте ол текстер мен тілде жүзеге асады.
Тарихи мәдени қозғалысты мәдениеттану дүниежүзілік тарихтан басқаша қисынмен зерттейді. Оның алдында оқиғалар мен тарихи деректердің тізбесін жасау мақсаты тұрған жоқ. Ал осы тарихи – мәдени процестің қисындық модельдерін бейнелеуге тырысады. Егер біз дүниежүзілік тарихқа осы сипатта назар аударсақ, онда адамзат дамуында екі бағыт бар екендігін байқаймыз. Біріншісі, табиғатты меңгеру арқылы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды өркендетумен, білім мен техниканың дамуы нәтижесінде қалыптасатын өркениетпен байланысты. Өркениет заманы адам өміріне машинаның жан – жақты енуімен, тіпті адамның руханилығының құндылығы кеміп, оның осы машинаның тетігіне айналған көріністермен айқындалып тұр. Н.А Бердяев бұл туралы былай деген: «Өмір органикалық сипатын жоғалтып, табиғи тербелістермен байланысынан айырылады. Адам мен табиғаттың ортасына, адамның табиғатты бағындырғысы келген құралдары қойылған... Өркениет негізі енді табиғилық та, руханилық та болмай қалды, оның негізі – машиналық »
Өркениет адам өмірін қазіргі кезде тұтынудың жоғары деңгейіне көтерді. Дамыған елдерде «не жеймін, не киемін» сияқты мәселелер түбегейлі шешілген. Бірақ адамзат үшін бұлардан басқа маңызды талап – тілектер бар. Екінші бағыты – адам руханилығының дамуы деп атауға болады. Ол адамның ішкі дүниесіне, оның терең сезім қатпарларына, ой - өрісіне бұрылған. Осы екі бағыттың айырмашылығының Шығыс пен Батысты салыстыру арқылы да байқауға болады. Егер шығыс мәдениетке көбірек көңіл бөлсе, батыс өркениетті дамытуда бірталай жетістіктерге жетті. «Батыс адамы дүниемен, табиғатпен, өзі сияқты басқалармен күресуде. Шығыс адамындағы күрес пафосы – керісінше: ол өзімен - өзі, өзіндегі толымсызбен күреседі»

Категория: Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану | Добавил: erdeeen
Просмотров: 1463 | Загрузок: 143 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2016