Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы. Мәдениет – тіл. - Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Среда, 07.12.2016, 21:18
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану

Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы. Мәдениет – тіл.

Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы. Мәдениет – тіл.

1. Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны.
2. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді барыншша қамтуы.
Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді \материалдық, әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т.б.\ барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір – біріне этно - әлеуметтік, саяси моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, тәуелділіктерімен зерттейді.
Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым – қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды. Демек, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірді жан – жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өміріндегі толып жатқан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. Ал мәдени процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым салаларының өкілдерінің, атап айтқанда этнографтардың, әдебиетшілердің, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демографтардың және т.б. атсалысатынын ескерсек, мәдениеттану мен барлық ғылым саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады. Шындығында да , мәдениеттануға осы уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап айтқанда, антропология, психология, тарих, педагогика зор ықпал етті. Енді осы аталған ғылым салаларының мәдениеттануға қалайша ықпал ететіндігін қарастырып көрейік. Антропологияның басты бағытының бірі – қоғам мен адамды салыстырмалы тұрғыдан зерттеу. Осы тұрғыдан алып қарағанда, \антропология\ мәдениет деген ұғымның мағынасының анықтауда үш жағдайға назар аударады. Олар:
a. Қоғам мен адамның мәдени қалыптасуы \ағартушылық\;
b. Қоғамдық және адам заттық салт – дәстүрлердің, әдет – ғұрыптардың, қалыптасқан дағдылардың, қоғамдық мекемелердің және т.б. жиынтығы \бірлігі\;
Белгілі бір қалыптасқан мәдени ж үйенің басқа мәдени құндылықтарға қарсылығы. Мәдениетке антропологиялық тұрғыдан берілген бұл анықтаманы мәдениеттану саласындағы көптеген сыншылар «Жалпылама» деп есептеп, оның эмперикалық сипатта екендігін баса көрсетеді. Сонымен қатар олар «әлуметтік антропология» әлеуметтанудың \социологияның\ негізгі әдістері мен үлгілерін қабылдап, осы ғылымға мүлде бет бұрып кетті деп пайымдап ал, «мәдени антропология» деп антропологияның басты саласы – психология мен тарихқа ден қойды деп тұжырым жасайды. Әрине, түрлі пәндерге бағдар жасау қарастырып отырған аноропология саласында ғана емес, жалпы мәдениетті түрлі мағынадағы түсіндіруге әкеліп соғары сөзсіз. Осы орайда ерекше атап өтетін бір жәйт, ғасырлар бойғы даму жолынан өткен социология да дәл баяғыдай жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді, әлеуметтік ғылымды, әлеуметтік философияға қарсы қояды. Дүние жүзі халықтары мен этникалық топтарының тайпаларының мәдени және тұрмыстық ерекшеліктерінің, олардың шығу тегі мәселелерін , олардың жер жүзіне таралып қоныстануы мен мәдени тарихы қарым – қатынастарын зерттейтін этнография ғылыми адамзат баласының өткен заманмен бүгінгі таңдағы мәдениеттің мол мұрасын игеруде және оны ғылыми тұрғыдан ашып көрсетуде айрықша роль атқарып отыр. Этнография ғылымы белгілі бір халықтың қай этносқа жататындығына қарамастан, олардың қайсысының болсын материалдық және рухани мәдениет саласындағы жетістіктеріне үлкен құрметпен үйрете отырып, мәдениеттану ғылымының қалыптасуына өзінің қомақты үлесін қоса білді. Егер антропология мен этнография адамның биологиялық белгілеріне сүйене отырып мәдениет пен «жаратылыстану» ғылымдары ретінде үйлесімділік тапса, қоғамды жүйелі түрде қарастыратын әлеуметтану \социология\ ғылымының биологиямен байланысы жоқ. Социология мемлекет, таптар, топтар, сословие және одан да ұсақ қоғамдық топтарды этникалық белгілеріне қарай емес, олардың қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметіне қарай зерттейді. Көп уақытқа дейін КСРО – да социология марксизмге жат ғылым ретінде саналып, тарихи материализмге қарама- қарсы қойылды. Шын мәнінде, социология мәдениеттанушыларға қоғамның әлеуметтік әрекеттілігіне байланысты мәдениеттің материалдық және рухани көріністерін дұрыс түсініп, ой иелігінен өткізуіне көмектеседі.
Пролетарлық мәдениет, ақсүйектік мәдениет, сауықтық мәдениет сияқты мәдениеттану пәнінде кездесетін ұғымда тығыз байланысты.

Категория: Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану | Добавил: erdeeen
Просмотров: 1967 | Загрузок: 263 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2016