Мәдениеттер типологиясы және мәдениеттің тарихи өлшемдері - Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Вторник, 06.12.2016, 17:03
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану

Мәдениеттер типологиясы және мәдениеттің тарихи өлшемдері

Мәдениеттер типологиясы және мәдениеттің тарихи өлшемдері

1.Тарихи – мәдени процесс.
2.Типология деп нені айтады?
3.Типологияның адамға қажеттілігі.
Біз осыған дейін мәдениетті ұғымдық жағынан қарастырып келдік, ал мәдениет болмысы – тарихи – мәдени процесс. Оны әлеуметтік қозғалыстың ақпараттық түрі деп атауға болады. Мәдениеттің заттық пішіндерінде ақпараттық беріліс адам әрекеті нәтижесінде «жасанды табиғатта» ұяланса, ал рухани мәдениетте ол текстермен тілде жүзеге асады.
Тарихи – мәдени қозғалысты мәдениеттану дүниежүзілік тарихтан басқаша қисынмен зерттейді. Оның алдынд оқиғалар мен тарихи деректердің тізбесін жасау сақсаты тқрған жоқ. Ол осы тарихи – мәдени процестердің қисындық модельдерін бейнелеуге тырысады. Егер біз дүниежүзілік тарихқа осы сипатта назар аударсақ, онда адамзат дамуында екі бағыт бар екендігін байқаймыз. Біріншісі, табиғатты меңгеру арқылы өндіргіш күштермен өндірістік қатынастарды өркендетімен, білім мен техниканың дамуы нәтижесінде қалыптасатын өркениетпен байланысты. Өркениет заманы адм өміріне машинаның жан – жақты енуімен, тіпті адамның руханилығының құндылығы кеміп, оның осы машинаның тетігіне айнала көріністерімен айқындалып тұр. Н.А:Бердяев бұл туралы былай деген: «Өмір органикалық сипатын жоғалтып, табиғи тербелістермен байланысынан айрылады. Адам мен табиғаттың ортасына, адамның табиғатты бағындырғысы келген құралдаы қойылған... Өркениеттің негізі енді табиғилық та, руханилық та болмай қалды, Оның негізі - машиналық».
Әрине өркениет адам өмірін қазіргі кезде тұтынудың жоғары деңгейіне көтерді. Дамыған елдерде «Не жеймін, не киемін» сияқты мәселелер
түбегейлі шешілген. Бірақ адамзат үшін бұлардан басқа талап – тілектер бар. Екінші бағытты – адам руханилығының дамуы \мәдениет\ деп атауға болады. Ол адамның ішкі дүниесіне, оның терең сезім қатперларына, ой - өрісіне бұрылған. Осы екі бағыттың айырмашылығының Шығыс пен Батысты салыстыру арқылы да байқауға болады. Егер Шығыс мәдениетке көбірек көңіл бөлсе Батыс өркениетті дамытуда бірталай жетістіктерге жетті. «Батыс адамы дүние мен, табиғатпен, өзі сияқты басқалар мен күресуде. Шығыс адамындағы күрес пафосы – керісінше: ол өзімен - өзі , өзіндегі толысымсыз бен күреседе».
Марксизм бес қоғамдық – экономикалық формацияға \алғашқы қауымдық, құлиеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік\ тән мәдениеттің бес түрін көрсетеді.
Бұған дейін мәдениет өзінің тұтастық және жалпылық белгілері бойынша бүкіладамдық қасиет ретінде сипатталды. Алайда, нақтылы тарихта әр түрлі мәдени жүйелер өмірге келіп жатады, олар кейін орнын басқаларға береді. Ал этностық \ұлттық\ мәдениеттерді алсақ, олар тіпті бір ғасырдың ішінде талай өзгерістерді басынан өткізген. Мысалы, ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті туралы сөз болғанда көшпенділерден бастап кеңестік тоталитарлық мәдениетпен қоса, қазір қайта жаңғырып жатқан қазақтың төл мәдениеті туралы айту қажет.
Сонда, әр мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерін жоғалтпай, оларды белгілі бір жүйеге, топқа келтіруге бола ма? Бұл мәдениеттер типологиясы туралы және мәдениеттанудағы ең келелі мәселелердің бірі болып табылады.
Типология деп қазіргі ғылыми әдебиетте зерттеу объектілерін жалпылама үлгі көмегімен талдау, сұрыптау және жинақтау әдістері мен тісілдерін айтады. Типология, әсіресе, бір – бірне ұқсамайтын, көп түрлі құбылыстармен істес болатын ілімдерде реттеу және түсіндіру мақсатында жиі қолданылады. Осы сипатта типологияның ХХ ғасырда жан – жақты дамыған структурализм, жалпы жүйелік ілім мен мәдениеттану сияқты ілімдерде кеңінен қолданылатын баса айту қажет.
Бұл ілімдерде типология әр түрлі құрылымдық заңдылықтарды ашу, олардың негізіндегі архетиптерді айқындау, осының нәтижесінде идеалды типтерді құрастыру және оларды салыстырмалы тәсілдермен түсіндіру сияқты ғылыми негізгі әдістерге жатады. Сонымен, адамзатқа тән сан алуан мәдениетті зерттеу үшін типология ауадай қажет.

Категория: Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану | Добавил: erdeeen
Просмотров: 1622 | Загрузок: 216 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.3/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2016