Мәдениеттің теориясы. Мәдениет ұғымы және оның мәні. - Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Суббота, 03.12.2016, 18:42
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану

Мәдениеттің теориясы. Мәдениет ұғымы және оның мәні.

Мәдениеттің теориясы. Мәдениет ұғымы және оның мәні.

1. Мәдениет терминінің шығуы және мағынасы.

2. Мәдениет адамзаттың әлеуметтік ісі ретінде: мәдени тәжірибені беру және оның сабақтастық механизмі.

3. Адам мәдениет әлемінде.

«Мәдениет дегеніміз не?» - деген сұраққа жауап беру үшін, бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығуына тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» - қала, қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу кезеңіндегі қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген қөптеген анықтамаларды альтернативтік деп атауға болады. Бұл жерде алдымен көзге түсетіні – мәдениет пен табиғатты, «культура» мен «натураны» қарсы қоюшылық.
Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағына берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда Цицеронның еңбектерінде \б.з.д. 45ж\ бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген мағына білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола бастады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолынан өтті . Мәдениет ұғымын алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға тырысқандар философтар болды. ХVІІІ ғасырға, яғни Ағартушылық кезеңіне дейін, басты құндылық – «адам мен оның ақыл ойы» деген қағида жүзеге асқанға дейін «мәдениет» сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланылды.
«Мәдениет» ұғымы жерді жырту, бау – бақщаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен, дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен мәдениет ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне заманда жатыр . Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтын ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту, сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға ие. Осылардың ішінде ең бастысы – діни табынушылық. Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан құдайлар берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдар мен бірге болды, оларды жебеп , қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле - жаладан қорғады. Міне, сондықтан да болар белгілі эллинист Макс Поленц полистік потриотизмді ерекше дәріптейді.
Полис дегеніміз – шағын ғана халқы бар қала, ал қала тұрғындары сол қаланың азаматтары болып саналады. Олар өз қаласының заңына бағынды, қаланы сыртқы жаулардан қорғады, қажетті азаматтық міндеттері мен борыштарын мүлтіксіз орындан отырды. Мұндай қалаларда мәдениет әрі тәрбие беруді, әрі діни табынушылықты, әрі жер өңдеуді де білдірген. Дәл осындай үйлесімділік көне полистерде қала азаматтарының азамат болып қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Гректер бұл процесті «пайдея» деген ұғым арқылы берген. Бұл термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, кең мағынада білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға ие болған. В. Йегер былай деп тамаша айтып кеткен болатын: «Грек мәдениетінің идеяларынсыз ертедегі дүние тарихи кезең болып өмір сүре алмас еді де, ал Датыс Еуропалық мәдениет дүниеге келмеген болар еді». Грекияда, негізінен, мәдениеттің аристократиялық \ақсүйектік\ түрі кеңінен таралған, ал оның негізінде терең генеологиялық дәстүрлер жатыр. Ақсүйектік қасиеттермен қатар «адамзаттық» қасиеттерге де ерекше көңіл бөлінді. Басты мақсатқа апарар жол – білім жолы болды. Г.Е. Жуковский былай деп жазды «Көп жылдық Афины мектептеріндегі білім берудің түпкі мақсаты – оқушыларға афин қоғамының толық праволы мүшесі екендігін толық сездіру болып табылады».
Грек қоғамының белсенді мүшесі болу, қоғамдық өмірдің сан – саласына араласу белгіленген ережелер, талаптарды толық игергенде ғана жүзеге асып отырды, ал бұларды гректер «даналық табыстар - нома» \заңдар\ деп атады. Демек, мәдениеттің мақсаты – адам бойында ойлау, пікір айтып пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімді дамыту болды.
Эллинизм дәуірінде, көне полистердің өз тәуелсіздіктерін жоғалтуына байланысты грек «пайдеясының» идеалдары бұзыла бастады. Әлеуметтік тұрақсыздық пен бей – берекет саяси уақиғалардың салдарынан мәдениетке нұқсан келді. Білім берудің және тағы да басқа мәдени құндылықтардың дәрежесі түсіп кетті. Бірақ қоғамдағы мұндай өзгерістерге – қиындық пен тоқырауларға қарамастан мәдениет өз дамуын тоқтатқан жоқ.

Категория: Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану | Добавил: erdeeen
Просмотров: 2493 | Загрузок: 173 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2016