Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары - Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Суббота, 03.12.2016, 18:39
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану

Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары

Қоғам мен саяси жүйенің бейімделу жолдары
Әр түрлі елдердің бейімделу жағдайларын талдап, қорыта келіп, ғалымдар бұл жолда белгілі бір жүйелілік болуы керек дегенді айтады. Біреулері бейімделуді қоғамды индустриаландырудан бастағанды, екіншілері ауыл шаруашылығын реформалаудан, үшіншілері дамыған елдердің қарқынды, ауқымды көмегінен, төртіншілері елді мекендерді қалаландырудан және т. с. с. бастаған жөн деп санайды.
Теориялық жақтан алғанда бұл мәселеге екі түрлі: либералдық және консервативтік көзқарастар бар. Либералдар (Г. Алмонд, Р. Даль, Л. Пай) жаңа жағдайға көшуде орта тапқа, халықтын білім дәрежесіне баса назар аударады. Бейімделудің сипаты мен серпінділігіне еркін төбе топтың (элиталардың) бәсекелестігі, қатардағы азаматтардың бұл саяси процеске тартылу деңгейі шешуші рөл аткарады. Себебі, солардың аркасында саяси реформалар атқарылады. Бұл процеске авторитарлық тәртіп жарамайды, ол секіріссіз, біртіндеп жасалуға тиіс дейді.
Консерваторлар (С. Хантингтон, Дж. Нельсон, X. Линдз) бұған көрісінше қарайды. Олардың ойынша, демократиялық үрдісте тәрбиеленбеген, билік институттарын дұрыс пайдаланып басқаруға білмейтін халықты билікке араластырып керегі шамалы. Ол қоғамды саяси дамуға емес, кұлдырауға әкеледі. Егер экономиканы реформалау үшін басты көрсеткіш өсу болса, саяси реформа үшін тұрақтылық кажет. Сондықтан дейді олар, дамып келе жатқан елдердің жаңа жағдайға бейімделуі үшін мықты саяси тәртіп, тұрақсыздықты тежей алатын заңды, беделді саяси партия, авторитарлық тәртіп болуға тиіс. Солар ғана билікке саяси басшылық жасай алады, мемлекетте мықты бюрократия калыптасады, реформаларды кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүзеге асыруға болады. Авторитарлық тәртіп әртүрлі кездесетіндіктен бейімделу де әр түрлі болуы мүмкін деп пайымдайды консерваторлар.
Тарих көрсетіп, дәлелдеп отырғандай, дамып келе жатқан елдердің басым көпшілігі индустриалды, постиндустриалды жолмен жүруде. Оны бүкіл әлемдегі мемлекеттердің өсу жолы айғақтап отыр. Әр елдің даму сатысына, әлеуметтік-саяси құрылымына, әдет-ғұрпына және т. с. с. байланысты бұл процесс әр түрлі рең алуы мүмкін. Кейбір ғалымдар балама түрін де жокқа шығармайды. Дегенмен, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бейімделу жолына түскен елдердің бәріне тән әмбебап талаптар мен принциптерге жауап беру керектігі мойындалды. Мысалы, экономика саласында өндірістің товар–ақша арқылы реттелуі, мемлекеттер арасында экономикалық және сауда қатынастарының кеңеюі, ғылыми жетістіктер мен алдыңғы қатарлы технологияларды кеңінен тарату, білім мен ғылымды дамытуға қаражатты көбейту және т.с.с. Әлеуметтік салада сословиелік-касталық бөліністерді жойып, бір жіктен екінші жікке кедергісіз етуге болатындай ашық қоғам орнату. Саяси салада билікті алуан түрлілік түрғыда ұйымдастыру, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, саяси қатынастарды кеңейту және әрдайым жетілдіріп отыру, саяси шешімдерді қабылдағанда, кикілжіндерді шешкенде мәмілеге келе білу және т. с. с.
Әрине, бұл көрсетілген әмбебап талап, принииптерді еріксіз сырттан теліп, міндетті түрге айналдыруға болмайды. Бұлар бағдар сияқгы. Соған орай әр ел өзінің ішкі жағдайларына, ұлттық, тарихи ерекшеліктеріне, әдет-ғұрып, салт-санасына байланысты әрекет етеді. Егер халық бұл тарихи кұбылысты түсініп, қабыл алса, оған өту оңайырақ болады. Ал оны орынсыз жылдамдатпақ болушылық жергілікті менталитетке сай келмесе, реформа тоқырап, шиеленістерге әкелуі мүмкін. Сондықтан ғалымдар бұл жолға түсушілерге алды-артын байкап, терең саралап іс істеуге кеңес береді.
XX ғасырдың 50—60 жылдары капиталистік жүйе болсын, социалистік жүйе болсын берік тұрған мызғымас қамал сияқты болып көрінетін. Дегенмен, 70 жылдары жағдай өзгере бастады. Осы кезде үш бірдей авторитарлық тәртіп (Греция, Португалия, Испания) өздерінің бұрынғы жолдарынан бас тартты. 80 жылдардың басында Аргентинада әскерилер билікті өз қолдарынан берді, ал Бразилиядағы генералдар (билікті 1964 лсылы басып алған) елді әскери диктатуралық тәртіптен біртіндеп демократиялық жолға шығарды. Мұндай жағдайлар басқа елдерде де бола бастады. Кейінірек Чилидегі әскери хунтаның бастығы генерал Пиночетте оларға қосылды.
Көп жылдар бойы Оңтүстік Кореяда авторитарлық тәртіп үстемдік еткен. Олар демократиялық жолға көшті. Филиппинде президент Маркостың отыз жылдык билігі құлады. 1989 жылы Шығыс Еуропада "барқыттық революция" кан төгіссіз, бейбіт жолмен жүзеге асты. Бұрынғы социалистік елдер бірінен кейін бірі тоталитарлық жүйеден бас тартып, демократиялық жолға түсті. Капиталистік және социалистік жүйеге бөлінудің нышаны (символы) сияқты болып тұрған Берлин қабырғасының күйреуі Шығыс және Орталық Еуропаның арасында жаңа жағдай туғызды. Ең соңында бұрынғы КСРО-дағы тоталитарлық тәртіп күйреп, оған қараған республикалар көп жылдар бойы аңсаған егемендігін алып, терезелері тең ел болды. Бұл оқиғалардың бәрі келіп, саясатганушылардың алдына тоталитарлық, авторитарлық тәртіптерден демократиялық тәртіпке қалай өтуге болады деген сұрақты тудырды.
Варшава университетінің (Польша) көрнекті профессоры, саясаттанушы, әлеуметтанушы Ежи Вятрдың ойынша, демократияға революция арқылы келуге болмайды. Себебі революция кезінде зорлыққа жол ашылады, ол зорлық қарсы жақган да зорлықты тудырады. Сондықтан оған тек бейбіт жолмен ғана жетуге болады. Оның үш түрі бар.
Біріншісінде, реформа жоғарыдан басталады. Мұнда авторитарлық басқарушылар жағдайды түсініп, ешкімнің зорлығынсыз, өз еріктерімен саяси жүйені өзгертеді. Мысалы, Түркияда президент Ататүріктің басқаруымен осылай болды. Жоғарьіда аталғандай, Бразилияда да әскерилер өздері өзгеріс жасады. Бірақ мұндай жағдайлар тарихта сирек кездеседі.
Екіншісінде, амалсыздықтан биліктен бас тарту. Мысалы, Грекияда басқарып тұрған полковниктер 1974 жылы Кипрде әскери төңкеріс жасамақ болды. Оған жауап ретінде Түркия Кипрге әскер кіргізіп, нәтижесінде арал екіге бөлінді. Түркия мен Грецияның арасы соғыс жағдайына келді. Греция АКШ-қа арқа сүйемек болып еді, бірақ олар қолдамады. Сондықтан билік басындағы грек полковниктері амалсыздан билікті азаматтық үкіметке берді. Осындай жағдай 1982 жылы Аргентинада да қайталанды. Ондағы генералдар біздің жеріміз деп Мальвин аралдарына басып кірген. Ал ол аралдарды Фольклендтік аралдар деп атап, ағылшындар иелік ететін. Соғыс салдарында аргентиналық генералдар жеңіліс тауып, өздерін-өздері әшкерелеп, амалсыз билікті азаматтық үкіметке өткізуге мәжбүр болды. 1989 жылы бейбіт жағдайда ГДР мен Чехословакияның басшылары (Хонеккер мен Гусак) биліктен амалсыз бас тартуларына тура келді.
Үшіншісінде, билік басындағылар оппозициядағылармен келісімге келу арқылы авторитарлық тәртіптен демократияға өтеді. Мысалы, Испания (Франко өлгеннен кейін), Оңтүстік Корея, Польша, Венгрия және т. б.
Авторитарлық тәртіптің күйреуінің бірнеше себептері бар. Біріншіден, ол тәртіпті өмірге әкелген мақсатгардың орындалуы, екіншіден, сол тәртіптің шеңберінде шешілмейтін қайшылықтардың көбеюі, үшіншіден, авторитарлық тәртіп дағдарысқа ұшыраған кезде өз елдеріндегідей демократиялық тәртіпті орнатқылары келген дамыған Батыс елдерінің ықпалы мен қысымы.
Казіргі кезде демократияның басқа елдерге кең тарауы – тарихи шындық. Ондай мәселе біздің еліміздің алдында да тұр.
Біреулер Батыстың үлгісіне жүгінеді, екіншілері Шығыс үлгісін алға тартады.
Батыс деген не? Біреулер үшін ол жамандықтың, бәленің басы. Ол адамды жекелендіреді, дараландырады, адамшылықтан аздырады, бұзады дейді. Басқалар үшін ол өркениетті өмір сүрудің көзі. Адамдарға еркіндік пен бостандық әкеледі, әділдікті, демократияны орнатады, материалдық және рухани байлыққа қол жеткізеді. Соларға карап өз еліннің экономикалык, мәдени, ғылыми деңгейіңді салыстырып, байкауға болады, тіпті өзіміздің күнделікті өміріміздің кедейлігін, күйкілігімізді, бейшаралығы маңызды айнада көргендей боламыз дейді.
Әрине, Батыстан көп нәрсені үйренуге болады. Әсіресе, жеке адамның еркіндігі мен бостандығын жоғары қою, оны мемлекеттің езгісінен босату, олармен сауда-саттықты өрістету, тәжірибесін саралап, жаксы жағын қабылдау, мәдениетін бағалау жөн және т.б. Десе де Қазақстанның түп тамыры Шығыспен байланысты. Оған дәлел – діні, мәдениеті, бұрынғы жазуы. Мәдениет бізге ең алдымен сол жақтан келді. Шығыс мәдениетіне қазақтардағыдай қауымдастық, ұжымдастық, туыстық жақын. Азия елдерінде саяси бейімделудің тиімді мысалы ретінде Жапонияны алуға болады. Олар басқа елдердің ең жақсы жақтарын қабылдай отырып, өзіндік ерекшеліктерін, төл тумалығын жоғалтпайды. Ұлттың бар күшін Батыстың ең жаңа технологияларын меңгеруге жұмсап, жұмылдырып, әлемдегі ең озық, дамыған елдердің біріне айналды.
Егер республикамыз өркениетті елдердің даму жолын, тәжірибесін терең саралап, орынды пайдалана білсе, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, реформаны жылдам жүргізуге болар еді. Тарих көрсетіп отырғандай, Батыс елдері реформаны жасағанда халықпен кеңесе отыра істейді. Оны сан түрлі жүзеге асыруға болады. Мысалы, жергілікті жерде болса жиындар, жиналыстар, билік органдарын бақылайтын комиссиялар және т.т. Ал бізде шешімдер көп жағдайда біржақты жоғарыдан төмен түсірілу, әміршілдікке ұрыну, олар жабық жағдайда қабылдануы басым сияқты. Жалпы, билік басындағылардың қызметі халық бақылауынан тыс қалып бара жатқандай. Онсыз демократияны орнату қиын.
Біздің халықтың санасына авторитарлық тәртіп сіңіп қалған. Сондықтан халықтың саяси мәдениетін көтеру басты мақсаттардың бірі болуға тиіс. Олар өз кұкықтарын, бостандықтарын қорғай білулері керек. Бұл жолда алдымен Конституцияда көрсетілген қағидалар: кұкыктық мемлекеттің принциптері, оның демократиялық негіздері, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық екендігі, оның құқықтары мен бостандыктарының мүлтіксіз сақталуы, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне шын мәнінде (сөз жүзінде емес) тармақталуы және т.б. ережелердің қалтқысыз орындалғандары шарт.
Елде экономикалық, саяси, құқықтық реформалар тынымсыз болып жатады. Ол — өмір талабы. Бірақ солардың бәрі әбден ойланып, терең толғанып қабылданып, іс жүзіне асып жатса, мемлекеттік емес қатынастар бекітіліп, өмірдің барлық саласында өркениетті қарым-қатынастар қалыптасып жатса, демократиялық тәртіпке жылдам жетуге болады.
Сайып келгенде, либералдық демократиялық жолға түсу — бүгінгі танда дамудың ең басты бағыты. Ол жалпыадамзаттық құндылыққа жатады. Саяси бейімделу барысында қоғамның жаңа экономикалық және әлеуметгік мұқтаждықтарына тиімді жауап қайтарарлықтай ашық саяси жүйе құрылады. Біздің мақсатымыз — ата-бабамыздың дәстүр ерекшеліктерін сақтай жүре, алдыңғы қатарлы елдердің өркениетті тәжірибесін бойға сіңіре отырып, нағыз демократиялық жолға тезірек түсу.
Категория: Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану | Добавил: erdeeen
Просмотров: 1133 | Загрузок: 127 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2016