Ортағасырлық қазақ мәдениеті - Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Вторник, 06.12.2016, 17:05
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану

Ортағасырлық қазақ мәдениеті

Ортағасырлық қазақ мәдениеті
1. ХХ ғ. Мәдениетінің негізгі құндылықтары және қайшылықтары.
2. ХХ ғ. әлемдегі адам және адам әлемі.
3. Мәдениеттанулық теориялар мен кщнцепцияларға талдау.
ХХ ғасырдың мәдениеті даму барысында өзіндік тұрақты бағдарламаларынан айырылып қалып отыр. Бұл күрделі мәселе төңірегінде талай ғылымдар өз пікірлерін білдіріп келеді.
М.Маклюэн әлеуметтік – мәдени даму процесін тікелей ақпарат алмасу құралдарының өзгерістерімен байланыстырды да дискреттік идеяға мәдени дамудың континуалды идеясын қарсы қояды.Ол 60 – жылдардың басында - ақ адамзат тарихындағы мәдени кезеңдердің тікелей негізгі ақпарат құралдарының өзгерісіне байланыстылығы туралы мәселені көтерген болатын.
М. Маклюэн адамзаттың тарихы даму барысында негізгі қарым – қатынас құралдарының өзгеруіне байланысты үш кезеңді көрсетеді. Әрбір тарихи мәдени сатының өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар.
Негізгі коммуникация \байланыс\ құралы тіл болғандықтан, тілге, ауызекі сөзге негізделген салт – дәстүрлер, мифтер, әдет – ғұрыптар немесе жалпылама айтсақ, фольклор кеңінен дамыды және ұрпақтар мирасқорлығының негізі де сол болып табылады. Тіл – коммуникация құралы ретінде адамның тікелей қатынасуын қажет ететін болғандықтан да адамдар ұжымы өзара ұйымшыл, бөлінбес бірлікте болады.
Әліпбиге дейінгі қауымдық қоғамда адамның өмірге бейімделген негізгі сезім мүшесі – құлақ болады. Есту сенумен пара – пар болды. Фонетикалық әліпби құлақтың сиқырлы әлемін жайбарақат бейтарап көз әлеміне алмастырады. Ендігі жерде негізгі сезім мүшесі болып есту мүшесі құлақ емес, көру мүшесі – көз келеді.
Коммуникация құралдары күрделене келе, тек адамды қоршаған ортаны ғана өзгертіп қоймайды, сонымен бірге адамның өзінің идея ойлау жүйесіне, дүниетанымына , іс - әрекетіне, менталитетіне өзгерістер енгізеді.

Бытыраңқы әріптер сияқты, адамдар бірте – бірте о бастағы қауымдастықтан, бірлестіктен алыстай берді. Жазу – сызудың пайда болуынан басталған жатсыну, шеттену процестері Еуропадағы тұңғыш баспа станогының дүниеге келуімен одан әрі ұлғая түсті. Христиандық Еуропадағы ХV ғасырдың 2 – жартысында Йоганн Гуттенберг өзінің ойлап тапқан станогын іске қосты.
М. Маклюэннің айтуы бойынша, қатынас құралдарының өзгерісіне байланысты болатын мәдени кезеңдердің біреуінен екіншісіне өту барысында көптеген үйреншікті мәдени элементтердің жоғалуы және өзінің басты маңызынан айрылуы мүмкін, бірақ оны ешқашан күйреу, дағдарыс нәтижесі деп қарастырмау қажет, ондай құбылыстар орын алғанымен де, жалпы, прогрессивтік идеяны жоққа шығаруға болмайды деп есептеген.
Соңғы үшінші кезең немесе аудио – визуалды кеңістік кезеңі жаңа қарым қатынас құралдарын – телеграфты, радионы, телефонды, теледидарды, компьютерді және тағы басқа ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін ала келді. Соның нәтижесінде баспа өнімдері және соған негізделген басқа да мәдениет институттары дағдарысқа ұшырап отыр.
Мәдениеттің сан салалары мен түрлеріне жаңаша көзқараспен қарау - мәдениет мәселесіне тікелей байланысты ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізуге мол мүмкіндік туғызды. Міне, осы жағдайларға байланысты ХХ ғасырда өткен кезеңдердегі қол жеткен дәстүрлі жетістіктердің негізінде бірнеше мәдениеттану мектептері қалыптасты. Олар:

1. қоғамдық тарихи мектеп ;
2. натуралистік мектеп,
3. социологиялық \ әлеуметтік \ мектеп;
4. рәміздік \ символдық \ мектеп.

Леви – Стростың құрылымдық антропологиясында «миф – коллективтік сананың басты мазмұны, тұрақты әлеуметтік құрылымның негізі» ретінде қарастырылуы. «Миф өткеннен ғана емес, сонымен бірге қазіргі заман мен болашақтан да хабар береді» Мифология саяси идеологияны еске түсіреді, басқаша айтқанда, мифология мен идеология синонимдер.
ХХ ғасырда талай мифтер өмірге келсе, ал көне заманда адам тәріздес құдайдың бар екндігі туралы миф кеңінен тараған. Ежелгі замандағы мифтерді еске алсақ, түрлі ағымдар мен доктриналарға толы қазіргі заман идеологиясы сол мифтер негізінде құрылған жоқ па екен деген ойға да еріксіз келетін сияқтымыз.

Категория: Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану | Добавил: erdeeen
Просмотров: 1714 | Загрузок: 131 | Комментарии: 11 | Рейтинг: 2.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2016