Саясаттану пәні - Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Вторник, 06.12.2016, 17:10
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану

Саясаттану пәні

Саясаттану пәні

Саяси ғылым да басқа ғылым салалары секілді, қалыптасу мен дамудың ұзақ жолынан, яки, саясат туралы ғылым қоғамдық ғылымдар мен тұтастықта және философиямен ара жігі ажырамаған антикалық (ежелгі) саяси-әлеуметтік әмбебаптықтан (универсализмнен), ең бастысы, саясаттың заңдық нормалар ой-өрісінің ықпалымен дамып, мемлекет пен құқық жөніндегі ғылымдардың жіктелу кезеңі арқылы, содан кейін саясатты оқып үйренуге философиялық, әлеуметтанулық және психологиялық бөліністер кезеңі арқылы, әлеуметтану, құқықтық және т.б. әр қилы көзқарастар мен ықпалдарды жинақтап, тұтастыратын саясат (саясаттану) туралы ғылымнын қалыптасуы, жүріп жатқан қазіргі кезеңге жетуі сияқты ұзақ жолынан өтті.
Қоғам туралы білім дамуының әр түрлі кезеңдерінде саяси ілімді зерттеуге Платон, Аристотель, әл-Фараби, Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Т.Пейн, Т.Джефферсон, А.Токвилль және еткен дәуірлердін т.б. ойшылдары зор үлестерін қосты. Саяси ойдың дамуында К.Маркс пен В.И.Ленин де маңызды орын алады. Сонымен бірге, саясаттанудың қазіргі кездегі зерттелуіне М.Вебердің. К.Луйистің, Р.Риплидің, В.Пареттоның, Г.Монтескьенің, Ч.Мерриамның, А.Финифтердің және т.б. көзқарастар жүйесі елеулі ықпал жасады. Қазіргі кезде дүниежүзінде саясаттануды, оның объектісі мен ғылым ретінде зерттеу ісінде оның түрлі тәсілдері мен әдістерін, жолдары мен түрлерін іздеу белсенді түрде жүргізіліп жатыр.
Саясаттанудың көтерген идеялары мен қағидалары жалпы адамзаттық құндылықтардың саяси ой арқылы қол жеткізген ортақ табысы болып табылады және олар кең түрде қолданылатын интернационалдық атауларда кезігіп отырады.
Дербес ғылым мен оқу пәні ретінде әлемнің барлық елдерінде дерлік оқылатын саясаттанудың айқындалуы жаратылыстанудың қисының қалпына келтіріп, оның ғылыми прогресс желісіндегі табиғи дамуы мен өркендеуіне даңғыл жол ашады.
Саясаттанудың ең басты зерттеу объектісі – қоғамның саяси жүйесі мен оның негізгі буыны мемлекет. Сонымен қатар, қоғамның тұтастай алғандағы саяси өмірі де саясаттанудың объектісіне жатады. Бұл жерде неғұрлым күрделі де маныздысы — саясаттану пәні туралы мәселе.
Осыған байланысты, саясаттану пәні туралы ғылыми әдебиеттердегі пайымдауларда әлі күнге дейін тиянақты пікірлер қалыптаспағандығын айта кеткен жөн. Саясаттану пәнінің әртүрлі саяси мектептер, бағыттар және әр түрлі зерттеушілер тарапынан әр қилы сипатталатындығы да сондықтан.
Бүгінде негізінен екі түрлі ыңғайдағы бағыт айқындалып отыр. Оның біріншісі - саясаттану пәнін мемлекеттен немесе саяси билікпен, сондай-ақ, саяси партиялармен және ұйымдармен тікелей байланыстыра қарастырып, анықтайтын тар көлемді түсінік.
Екіншісі – саясаттануға күллі саяси мәселелерді, саясат туралы кез келген ғылыми білімді ғана емес, сонымен бірге, кейбір саясатпен шектес күрделі мәселелерді де бірге қарастыратын кең көлемдегі түсінік.
Міне, осыған байланысты "саясаттану нені зерттейді?" деген заңды сұрақ туындайды. Бұл сұраққа "саясаттану" ғылымының "роlіtіке" деген грек сөзінен шыққан атауына сүйене отырып, жауап беруге болады. "Роlісіке" деген сөз - "мемлекеттік, я болмаса қоғамдық істер, мемлекетті басқару өнері" және "logos" "ілім" дегенді білдіреді, яғни, екеуін сөзбе-сөз қосып айтқанда, саяси ғылым немесе саясат туралы ілім болып шығады.
Демек, саясаттанудың өзіндік ерекше пәні бар. Бұл пән әр түрлі ғылымдардың аясында пайда болғанымен, оларды қайталамай-ақ саясат ғылымын оқып-үйренуге әбден болады. Мысалға, саяси билік мәселесін алсақ, оның мазмұны өте бай. Конституциялық құқық саласына енбей-ақ, яғни, саяси биліктің мәні мен құрылымдары, оның заңдылығын тану, билік субъектілері, топтық және жеке түрдегі жетекшілік, көсемшілік пен демократия, билік феномені ретіндегі зорлау мен күштеу, авторитарлық, үлгі-өнегелік пен құқықтық құндылықтар аясындағы билік — міне, бұлардың ешқайсысымен де заң ғылымдары шұғылданбайды, себебі, бұл оның негізгі пәні емес.
Саяси дағдарыстар, қақтығыстар, келісімдер, саяситұрақтылық, саяси құрылымдардың тұрақсыздығы жағдайындағы тұлғалар тәртібі сияқты мәселелермен қандай ғылым шұғылданады? Сондай-ақ, әр түрлі мәдениеттердің иерархиясы мен өзара қимыл-әрекеттері, олардың өркениеттік, қалыптық аймақтық және діни өлшемдері мәселелерімен қандай ғылым шұғылданады? Онымен ешқандай да ғылым шұғылданбайды. Ешқандай да ғылым митингілер мен жиналыстардағы адамдар тәртібінің ерекшелігімен, саяси институттар мен билік аппараттарының қызметімен, сондай-ақ, адамдардың саяси кіріптарлықтан құтылуы және әлеуметтендірілуі меселелерімен шұғылданған емес, шұғылданбайды да. Бұл мәселелердің барлығымен тек саясаттану ғылымы ғана айналысады.
Осыған байланысты, саясаттану әр түрлі қоғамдық-саяси жүйелердің қозғалысы мен қызметінің ерекшеліктерін, олардың өзін-өзі қамтамасыз ету сипаттамалары мен динамикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін жағдайларды, саяси дағдарыстар мен әлеуметтік қақтығыс себептерінің, барысын және рөлін, оларды реттеудің іс жүзіндегі тәжірибесін зерттейді. Яғни оның саясаттанудың міндеті саяси процестердің қатысушылары мен байқаушыларына мүмкіндігінше саяси өмір туралы жалпы ұғым мен ұдайы, дәлелді де дәйекті білім беру болып табылады.
Демек, саясаттану пәні әр түрлі тұрпаттағы саяси жүйелердің құрылымдары мен қызметінің ерекшеліктерін зерттейді, саяси өмір жөнінде білім береді және бұл білімді саяси қимыл жөнінде қабылданған шешімдердің біршама қатесіз де тиімді құралдарының бірі есебінде қарастырады. Сондай-ақ, адамдарға белгілі бір саяси, идеологиялық немесе құндылықты таңдауды ұсыну жағы саясаттанудың міндетіне кірмейді. Бұл – әрбір азаматтың, ұйымның, партияның жекекшісі. Бірақ саясаттану белгілі бір сәтке осыған сәйкес жағдайларға қажетті саяси таңдаудың түрлері мен қалыптарын, шешімдері мен қимыл-әрекеттерін көрсетіп, қателіктерден сақтандырады. Дер кезінде ұнамды және ұнамсыз жақтарға, ең бастысы, саяси шешімдер мен ойластырылған саяси әрекеттің ықтимал зардаптарына назар аударта алады.
Саясаттану саясаттағы тиімді, сондай-ақ, дұрыс қарастырылмайтын факторларды да талдайды. Саяси талдаулар, атап айтқанда, қазіргі кезде саясатта қандай нақтылы мақсаттарға қол жеткізуге болатынын, алға қойылған мақсаттарға сәйкес қандай қимыл-әрекеттердің дәл келетінін, белгілі бір саяси қадамдардың "ойда жоқ" ықтимал зардаптарға соқтыру мүмкіндігі хакындағы сұрақтарға жауап бере алады.
Шын мәніндегі ғылыми пән ретінде саясаттану өзінің пайымдаулары мен бағамдауларында идеологиядан, дәріптеушіліктен, құндылықтар мен әуестенушіліктен азат болуға тырысады. Яки, саясаттану бұл айтылғандардың бәрінің саяси институттар мен процестерге қайшылықты ықпалын зерттейді.
Саясн талдаулар мен ұсыныстар нәтижелерінің ғылыми нақтылығы әр түрлі саяси жүйелер қозғалыстарының түрлі кезеңдерінде әрқалай болып шығатындығы — табиғи нәрсе. Егер, тұтастай алғанда, саясаттанушылар белгілі бір жүйенің қызметінен жалпы және өзіндік ерекше факторларды көбірек ашып, нақты өмірді ең жоғары дәрежеде және объективті түрде көрсететін қоғамдық құрал жасақтай алса, онда мұндай ғылыми нактылықта жоғарырақ болады.
Әр елде саясаттану ғылымының, әсіресс, басқа кез келген қоғамдық ғылымға қарағанда, ұлттық өзіндік ерекшелікпен көбірек байланысты болуы — табиғи құбылыс. Оның тұжырымдары мен қағидаларының, пайымдаулары мен ұсыныстарының, көбіне, тек тікелей белгілі бір елге бағытталуы да сондықтан. Бұлардың баска елдерде қолданылуын ең әуелі қисындық талдаумен, әлеуметтік тәжірибемен, сезімге жүгінумен тексеруін алу керек.
Сондықтан, әрбір елдің әртүрлі аймақтарында елеулі айырмашылықтары болуы әбден мүмкін өзіндік ерекшелікті кейбір белгіленген жалпы заңдар аясында тереңдетігі зерттейтін плюралистік (көппікірлік) тұрпаттағы саясат танымдық өз мектебі болуға тиісті де.
Сайып келгенде, саясагтануды ғылым ретінде көп денгейлі салыстырмалы талдаусыз ойға алуға да болмайды. Дәл осындай талдаулар ғана белгілі бір шетелдік әлемдік тәжірибенің принципті мүмкіндіктері мен оларды қолданудың шегі туралы сұраққа азды-көпті сенімді жауап бере алады.
Сонымен, саясаттану пәні адамдардың саяси мүдделерімен, көзқарастарының және қарым-қатынастарының пайда болуы мен олардың бірте-бірте жетілуінің; саяси биліктің қалыптасу, даму және өзгеру жолдарының; саясат пен саяси қызметтің, саяси процесс дамуының объективтік заңдылықтары болып табылады.
Саясаттану пәнінің күрделілігі көпқырлылығы мен көп деңгейлігін танытатын бұл түсінік көбінесе оның құрылымымен де тығыз байланысты. Игерілуге тиіс білімдердің ортақтық денгейі бойынша саясаттану жалпы және жеке болып бөліне алады. Ал, өзінің сипатына қарай саяси білім теориялық және тәжірибелік білім салаларына тарамдалуы мүмкін.
Саясат танымдық зерттеулер өздерінің мақсаты мен міндеттеріне, бағытына қарай іргелі және қолданбалы зерттеулер саласына да бөлінеді.
Саясаттану – сөздің тікелей мағынасында — жалпы байланыстық (интеграциялық) ғылым, саяси процестер мен құбылыстар жөніндегі білімдердің жиынтығы, сондай-ақ, қоғамның саяси өмірінің жалпы принциптері мен заңдылықтары және олардың өзіндік ерекше көріністері туралы, қоғамдық прогресс жүйесіндегі саясат субъектілерінің қызметінде оларды жүзеге асыру жолдары, түрлері және әдістері туралы ғылым.

Категория: Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану | Добавил: erdeeen
Просмотров: 6047 | Загрузок: 231 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2016