XVIII ғ. мен ХХғ. аяғындағы қазақ мәдениеті - Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Суббота, 03.12.2016, 18:41
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану

XVIII ғ. мен ХХғ. аяғындағы қазақ мәдениеті

XVIII ғ. мен ХХғ. аяғындағы қазақ мәдениеті
1. Қазақстан этногенезінің ерекшеліктері.
2. Хандық дәуірдегі мәдени қатынас.
3. Жыраулар поэзиясы.
Қазақ мәдениеті ХХ ғасырды әрі үмітпен, әрі түңілумен қарсы алды. Дүниежүзілік техникалық және демократиялық прогресс. Азия құрылығына да жете бастады. Ұлттық идея темір тордағы халықты толғандырып, оны азаттық үшін күресуге ұмтылдырды. Әрине, ұлт – азаттық күреске бүкіл Ресей империясын қамтыған революциялық және реформалық қозғалыстар да әсерін тигізді.
Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. ХХ ғасырдың басында қазақтың шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі – «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол тұңғыш рет халықты ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал – демократтарға бірауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жастар төгуіңіз пайдалы, бірақ алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып – тозып кетер». Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М. Дулатов болғандықтан көреді.
Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім – Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан.
Қазақ ғұламасы Ә. Бөкейханов революция жасала сала «Жаңарған Ресейдіің ерікті азаматтары – қазақтарға» деген өз үдеуін жариялады. Жалпы алғанда қазақтың ұлттық мәдениетін ХХ ғасыр талаптарына сәйкес қайта құруда «Алаш» партиясының рөлі ерекше болды.
Қазақ немесе мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері мен өзіндік белгілеріне тоқталып өткен жөн. Егер бұрынғы қазақ мәдениетін дәстүрлік өркениет деп бағаласақ, онда тоталитарлық жүйеде ұлттық негіздерді жойып беруге бағытталған большевиктік шараларды ескеру керек. «Тағдыры ортақ жаңа қауым», «тарихта бұрын болмаған адамдардың жоғары бірлестігі – кеңес халқы», сондай – ақ «мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық социалистік мәдениет» ұрандарын басшылыққа алған идеологтар мен саясатшылар рухани мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте заманның өзінде атақты Аристотель мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе, революционер марксистер мәдениеттегі ұлттық мазмұнды бекерге шығарды.
Қорытып айтқанда, большевиктік «мәдени революция» Жер шарының 1/6 бөлігінде «кеңестік адам» атты, бұрын – сонды болмаған, адамдардың айрықша түрін қалыптастыруға бағытталды. Баспасөз газет – журналдар шығару, радио хабарларын тарату, теледидар, кезінде «от арба», «сиқырлы машина» деп жүретін ауыл тұрғындарына жете бастады. Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық опера, балет , драма, симфониялар пайда болып, ауқымы кеңи түсті. Қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітова, шебер биші Шара кәсіпқой сахна жұлдыздары Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышпаев, Шәкен Айманов т.б. өз өнерлерімен халық дәстүрін жаңа заманға лайықты жалғастыра білді.
ХІХ ғасырдың ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазба әдебиеті де кеңес өкіметі жылдарында біршама табыстарға жетті. Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев сияқты көптеген ақын - жазушылар, социалистік реализм мен тап күресі идеологиясының шеңберінен шығып, өз шығармаларында халықтың көңіл – күйін, арман – тілегін, тыныс – тіршілігін шебер суреттей білді.
Алайда, тоталитарлық жүйе Қазақстан халықтарының мәдени толысуына ынталы емес еді. Мұны әсіресе мәдениеттің өзегі тілмен дінге байланысты жүргізілген саясаттан көруге болады. «Феодализм мен алғашқы қауымдық құрылыс қалдықтарымен күресуді» желеу еткен Орталық 20 – жылдардан бастап мешіт пен медресе мүлкін тәркілеп, діни өкілдері қуғынға ұшыратты. Ондаған түрік халқы алдымен латын, кейін славян алфавитіне көшірілді.
Категория: Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану | Добавил: erdeeen
Просмотров: 1009 | Загрузок: 140 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2016