1.2 Танымның әмбебап принциптері және жалпы ғылыми әдістері - Психология, Философия - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Суббота, 03.12.2016, 18:35
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Психология, Философия

1.2 Танымның әмбебап принциптері және жалпы ғылыми әдістері

1.2 Танымның әмбебап принциптері және жалпы ғылыми әдістері

Әмбебап принциптер – танымдық қызметтің барлық салаларында, техникалық және гуманитарлық ғылымдар жүйесінде пайдаланылатын ойлау амалдары. Бұл мынадай принциптер:
Объективтілік принципі. Ішкі имманентті көріністерден шыға отырып, объектіні қарастыруға деген ұмтылыс (құбылыс, зат немесе процесс).
Сәйкес түрде объективтілік (объективті ақиқат) салыстырмалы және абсолюттік ақиқаттың өзара байланысы, танымдық процесс динамикасында объективтіні және субъективтіні толықтыру ретінде беріледі. Бұл танушы субъектіге сол немесе өзге шамада тәуелді болатын табиғи заттарды тануға, сол сияқты маңызды дәрежеде субъект әрекетінің нәтижесі болып табылатын, әлеуметтік процестерді тануға қатысты.
Объективтілік – қарама-қайшылықтар феномені, бір жағынан, ақиқат адам қызметінің нәтижесі ретінде алға шығады, яғни субъективті элементтен тұрады. Екінші жағынан, оның субъективті пайымдалуынан қарамастан ақиқат объекті-ге тән, сондықтан объективтік принципі - нақтылықты танудың субъективтілігі мен объективтілігінің арасындағы «Ариадна жібі».
Даму принципі. Оған сәйкес заттың, құбылыстың немесе процестің сандық та, сапалық та қатынаста өзгеруі олардың ішкі қасиеті болып табылатын түсінік.
Даму органикалық та, органикалық та емес объектілерге де, сондай-ақ әлеуметтік мәдени жүйелерге де тән болады. Дамудың әр түрлері, атап айтқан-да, жоғары өрлейтін және төмен түсетін, прогрессивті және регрессивті, жоғарыдан төменге, қарапайымнан күрделіге, қажеттіден кездейсоққа және т.б. атап көрсетіледі.
Дамудың жалпы теориясына диалектика кіреді, соның шеңберінде даму-дың ішкі механизмдері және қозғалатын күштері қарастырылады. Диалектика-ның баламасы табиғат маңызының өзгермейтіндігін абсолюттейтін метафизика. Ғылымның механистикалық кезеңіне сәйкес келетін метафизика, ғылыми динамика процесінде игерілді. Синергетикалық амал оны сызықтық емес, қайтымсыз және бифуркациялық процесс ретінде түсіндіре отырып, дамуды сызықтылық сатысынан шығарады.
Абстракттыдан нақтылыға өрлеу принципі. Таным шекті қарапайым ұғымдар мен түсініктерден аса күрделі және құрылымды мен нақтыларға өтумен байланысады.
Бір жағынан, танымдық процесс нақты объектіні зерделеуден оны аса жоғары теориялық деңгейде ойша бөлшектеуге жылжи алады. Әрі қарай, ойлау процесінде байытылған, нақты объектіге қайтып оралады. Екінші жағынан, объектіні зерделеуге қарама-қарсы жолмен де келуге болады, яғни оны (объектіні) бастапқыда - ойша, ал сонан кейін нақтылау керек.
Айталық, антикалық кезеңде тұжырымдалған, атом туралы абстрактты түсінік тиімді өзгерістерге ұшырады. Болмыстың «бөлінбейтін» мәні тым дискретті болып шықты. Атомның қазіргі замандағы құрылымына электрондар, протондар, бөлшектер, физикалық өрістер және басқалар кіреді. Оның бөлін-беушілігі туралы түсініктерді игеру «атом» ұғымының теориялық байытылуына әкелді.
Тарихи және логикалық бірлік принципі. Оның шеңберінде танымдық процестің негізгі бағыттарына басты назар аударылады.
Объектіні объективті зерттеу объектіні динамикада қарастыруға мүмкіндік беретін, тарихи амалды болжайды. Алайда, объектінің тарихи динамизмін ескерсек, ғылыми талдауды объектінің немесе процестің тарихи «кедір-бұдырларын» қалай да «түзететін», логикалық амалдан бастау жиі тиімдірек болады.
Қазіргі замандағы теорияны қалыптастыру кезінде тек ғылыми білімді дамыту логикасы ғана емес, сонымен бірге тиісті тарихи контекст те ескеріледі. Жаңа теория тарихи қалыптасқан ғылыми түсініктерді жай ғана қабыл алмайды, ал оларды сол немесе өзге шамада өздерінің құрылымына енгізеді. Демек, дарвиндік және генетикалық түсініктер бір-бірін қабылдай алмай-ақ, тірі эволюцияны баяндай отырып, бір-бірін толықтырады.
Тарихи бірлік зерделенетін объектінің пайда болуы мен дамуының құрылымдық және функционалдық процестерін білдіреді. Логикалық бірлік сол процестермен, бірақ зерделеу объектісінде өзінің салыстырмалы аяқталған дамуын алған процестермен байланысқан. Егер жанды эволюциясын оның «шыңы» - адамның мысалында зерделесек, онда оның зерттеулері жанды объектілердің даму механизмдерінің ашылуына мүмкіндік туғызады, сол сияқты зерттеудің логикалық деңгейі оның өзімен бөлінбейтін өзара байла-ныста бола отырып, тарихи деңгейден озып кетуі мүмкін.
Жүйелілік принципі. Затты, құбылысты немесе процесті олардың барлық элементтерінің бірлігінде, өзара әрекеттесуі мен өзара байланысында талдау; жүйе элементтерін бірыңғай тұтас ретінде қарастыру болжанады.
Жүйелілік – гносеологиялық идеал ретінде түсіндірілетін, танымдық процестің барлығын қамтушылыққа ұмтылу. Жүйелілік танымды шектейтін, «ақымақ шексіздікке» айналмас үшін, жүйенің барлық бағыныңқы жүйелерінің емес, оның элементтерін анықтайтын (субстанциялық) жүйелерінің ғана өзара байланысы қарастырылады. Жүйеліліктің негізгі ерекшеліктерінің бірі жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдарда оқылатын деңгейдегі объектіні зерттеу әдістері және оларда қолданылатын қалыптасқан және қалыптаспаған құралдарда пайдаланылатын өзара байланыс болып табылады.
Ғылыми танымның әмбебап принциптері (олардың кейбіреуі жоғарыда қарастырылған) жалпы ғылыми әдістер: индукция және дедукция, талдау жә-не синтез, аналогия және ұқсастық, абстракциялау және дәріптеушілік, мо-дельдеу және ой эксперименті, математикаландыру шеңберінде нақтыланады.
Индукция және дедукция. Индукция (латын тілінен inductio - бағыттау) – сана жеке білімнен жалпыға, заңдар танымына қозғалғанда, жекеден жалпыға өтетін ой қорытындыларына негізделген, таным әдісі. Ғылыми индукция белгілі топтың заттары мен құбылыстары бөліктерінің елеулі қасиеттерінің қайталануы мен өзара байланысына, ал олардан жалпыға ортақ себептік байланыстарды айқындауға негізделе отырып, себептік байланыстарды анықтайды. Индуктивті ой қорытындылары сенімді білім бермейді, тек осындай білімді анықтауға ой «келтіреді».
Дедукция (латын тілінен deductio - шығару) – жалпыдан жекеге ой қорытындыларына негізделген, индукцияға қарама-қарсы таным әдісі. Дедук-тивті ой қорытындылары сәйкес алғышарттарда осындай болған жағдайда, сенімді білім білдіреді. Нақты танымда дедукция және индукция өзара байланысты. Дедуктивті әдістің конструктивтілігі адамның заттық-практика-лық және әлеуметтік-мәдени қызметімен байланысты, басқаша айтқанда, оның тиімділігі сәйкес эмпирикалық материалды жинақтаумен және теориялық түсіндірумен себептелген.
Талдау және синтез. Кейіннен жоғалған тұтастықты қалпына келтіру арқылы тұтасты құрамды бөліктерге бөлшектеудің ойша және нақты процесі.
Талдау (грек тілінен analysis - ажырату) – затты, құбылысты немесе процесті тану мақсатында құраушы элементтерге ойша бөлшектеуден тұратын, таным әдісі. Аналитикалық әдіс бөлікті тұтастың элементі ретінде тануға мүмкіндік береді.
Синтез (грек тілінен synthesis - қосылу) – объектінің көрсетілген элементтерін қандай да бір тұтасқа біріктірумен байланысты, қарама-қарсы ойлау операциясы. Талдау және синтез өзара байланыста болады.
Мәні бойынша, синтез аналитикалық әдістің нәтижелерімен байытылған, танымдық процесті білдіреді. Танымның жалпы тәсілінен талдау және синтез нақты ғылымдарға – математикалық талдау, синтетикалық химия және т.б. сәйкес келетін, арнайы зерттеу әдістеріне айналады.
Жіктеу және қорытындылау. Ғылыми объектілер мен нақтылық процестерін логикалық реттеу.
Жіктеу (латын тілінен classis - разряд және facere - істеу) – зерттелетін заттар, құбылыстар немесе процестерді анықталған белгілеріне сәйкес жекелеген топтарға бөлу әдісі. Оның шеңберінде объектілердің елеулі ұқсастықтары мен айырмашылықтары, мысалы, биологияда және жасанды жіктеуде - кітапханалық алфавиттік каталог анықталатын, табиғи жіктеу атап көрсетіледі. Жіктеу елеулі белгілері бойынша типология ретінде сипатталады, кез келген жіктеу нақты объектілерді тану процесінде жетіліп, айтарлықтай шартты және салыстырмалы болып табылады. Жіктеу – қорытындылау түрі.
Қорытындылау – ойлау амалы, оның шеңберінде болмыстың заттары, құбылыстары және процестерінің жалпы қасиеттері, белгілері мен сапалары айқындалады. Алынған қорытындыланған білім нақтылықтың тереңдетілген көрінісін білдіреді және зерттелетін объектінің мәніне әрі қарай терең кіруді куәландырады. Егер жіктеу шеңберінде объектінің түрлік белгілері, мысалы, «қайың», «терек», «үйеңкі» және т.б. ұғымдар ерекшеленсе, онда қорытынды-лау тектік белгілер деңгейіне шығады, берілген жағдайда - өзгеше сипаттың белгілерін жоққа шығаратын, «ағаш» ұғымы.
Аналогия және ұқсастық. Әр текті объектілер мен жүйелердегі ұқсас элементтерді табу.
Аналогия (грек. analogia – сәйкестік) – тепе-тең объектілердің кейбір қатынастарында, тараптарында және сапасында ұқсастықтарды табуға негізделген әдіс және аналогия бойынша ой-тұжырымдардың логикалық әдісіне сүйенеді. Аналогия ғылым дамуының алғашқы кезеңдерінде сараптаманы және бақылауды айырбастады, антикалық дәуірде «ғылым алды» (натурфилософия) микрокосма (адам) және макрокосма (табиғат) тепе-теңдігінен шыққан. Кейінірек аналогия негізінде адам ағзасы және мемлекеттің ұқсастығы дәлелденді.
Жарық және дыбыс қасиеттерінің аналогиясының негізінде классикалық жаратылыстану шеңберінде жарықтың, электр магниттік өрістің толқынды табиғаты туралы тезис дамыды. Аналогия уақыттағы процестердің ұқсас құбылыстарын анықтай отырып, тарих ғылымында белсенді қолданылады, мысалы, 1917 жылғы Қазан төңкерісінің және 1991 жылғы Кеңес Одағының құлау феноменіндегі аналогияларды іздеу.
Ұқсастық – аналогия нұсқасы, алайда ол аналогты объектілерді, бірақ әр түрлі масштабта салыстыру үшін пайдаланылады, мысалы, «ұқсас-үшбұрыш-тарды», яғни біркелкі масштабталғандықпен сипатталатын, геометриялық фигураларды атап көрсетеді.
Абстракциялау және дәріптеушілік. Шындығында болмайтын объектіні немесе процесті теориялық тұрғыдан атап көрсету және қарастыру.
Абстракциялау (лат. abstractio - дерексіздену) – заттың, құбылыстың немесе процестің жекелеген тараптарын, қасиеттерін, сапаларын немесе қатынастарын олардың сапалық басқа сипаттамаларынан бір мезгілде дерексіздене отырып, ойша бөліп шығару процесі, олар бұл зерттеушілік контексінде анықтаушылар ретінде қарастырылмайды. Абстракциялау әдісі зерттелетін құбылысты тереңірек білуге мүмкіндік береді.
Дәріптеушілік (грек. idea - бейне, түсінік) – объективті шындықта принципті түрде болмайтын кейбір абстрактілі объектінің бөлінуін ойша жорамалдайтын процесс. Бұл объектілер ғылыми талдау құралы ретінде теория негізінде енеді. Дәріптелген объектілер ғылыми білімнің барлық жүйелеріне тән, атап айтқанда, математикада - абсолюттік қара дене; физикада – нүкте; химияда – идеал ерітінді; әлеуметтануда – рационалдық тип; мәдениеттануда – мәдени-тарихи тип және т.б.
Дәріптеушілік абстракциялауды білдіретін нысан болып табылады, дәріптеу процесінде нақтылықта болмайтын белгілердің пайда болған ұғымдарының мазмұнына нақты қасиеттер мен сапалардан заттар немесе құбылыстарды бір мезгілде енгізуден шекті дерексіздендіру шығады. «Материалдық нүкте» ұғымы, айталық, идеал объект болып табылады, бірақ оның пайдалануы тек теориялық сипатта ғана емес, сонымен бірге, мысалы, нақты материалдық объектілердің қозғалысын есептеу үшін практикалық қосымша болады. «Рационалдықтың батыстық типі» ұғымы (М. Вебер) мысалы, батыс өркениетінің негіздеулеріне теориялық талдау беруге мүмкіндік береді («протестанттық этика»).
Модельдеу және ойша эксперимент. Нақты объект (процесс) және оның аналогы арасындағы ара қатынасты анықтау.
Модельдеу (фр. modele – үлгі) – зерттелетін объект (түпнұсқа) оның зерттеуі үшін арнайы жасалған басқасымен (модель) орын ауыстыру әдісі. Модельдеу заттар, құбылыстар немесе процесті зерттеу мүмкін емес немесе сол немесе өзге себептер бойынша қиын кезде ғана қолданылады.
Модельдеудің бірнеше түрі атап көрсетіледі, мысалы, физикалық, матема-тикалық, логикалық, компьютерлік. Модельдеу мүмкіндігі компьютерді жетіл-діру процесінде – жергіліктіден ғаламдық модельдеуге дейін, яғни планетарлық масштабты модельдеу тұрғызуға дейін көтеріледі.
Модельдеу түрлерінің бірі ойлау эксперименті болып табылады. Ғылыми ойлаудың бұл тәсілі материалдық эксперименттің аналогтық құрылымына, соның көмегімен теориялық білім және эмпирикалық деректерге сүйене отырып, зерттелетін объектінің идеал модельдерін және солармен өзара байланысатын жағдайларды құрылымдай отырып, теориялық проблеманың мәнін ашады. Ойлау эксперименті материалдық эксперименттің негізінде қалыптасады, алайда оның механизмі материалдық эксперименттің мүмкіндік-терді сарқа пайдаланған кезде ғана пайдаланылады. Ойлау эксперименті (теориялық танымның әдісі ретінде) теория және материалды сараптама арасындағы аралық буын болып табылады. Ойлау эксперименті идеал объектілерге және соларға әсер ететін идеал жағдайларға сүйенеді. Ой жағдайлары танымның сараптамалық сияқты, теориялық та әдістерінің негізінде құрылымдалады.
Математикаландыру. Эмпирикалық білімге теориялық мәртебе беретін жалпы ғылыми сипаттағы іргелі әдістердің бірі.
Математикаландыру (грек. mathema - білім) – ғылым жүйесінде қалып-тасқан ғылыми білімдердің барлық салаларына математикалық әдістердің енуі. Математикалық тілдің пайдалану тиімділігі жалпы ғылыми сияқты жеке ғылыми міндеттерді шешуде танымның тұжырымдамалық әдістердің бірі ретінде математикалық аппараттың ерекше ролі туралы куәландырады. Бұл ретте математика тек басқа ғылымдарға ғана ұсынылмайды, формальды түрлендіру үшін құрал ретінде ұсынылады, бірақ арнайы ғылымдарда кең қолданысқа ие болады, оның пайдалануы нақты ғылымға абстракциялау және қорытындылаудың неғұрлым жоғары дәрежеге өтуін білдіреді.
Математикаландыру әр түрлі көріністе әр түрлі ғылымдарда пайда болады, физика және математика арасында ерекше өзара қатынас түзіледі. Егер классикалық физикада бастапқыда сәйкес келетін математикалық аппарат кейінірек құрылымданатын тиісті процестердің теориясы пайда болса, онда қазіргі замандағы физика жаңа теорияға сәйкес математикалық аппаратты жасайды. Басқаша айтқанда, қазіргі замандағы теория абстрактілі математика-лық құрылымдарда физикалық мағынаны анықтайды. Математикалық әдістерді пайдалану теориялық биологияны жасауға мүмкіндік берді, химияны математикаландыру органикалық синтез мүмкіндіктерін маңызды арттырды, географияда математиканы қолдану оны табиғат туралы жетекші ғылымдардың топтарына жетеледі. Математикаландыру әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық бейіндегі (экономикалық математика, математикалық социо-логия және т.б.) ғылымдарда белсенді пайдаланылуда.
Танымның әмбебап принциптері жалпы ғылыми әдістері бір-біріне деген қатынасы бойынша «қосымша» болып табылады. Олардың өзара әрекеті процесінде объективті шындық және оның тұтастығы туралы барабар түсінік қалыптасады.
Категория: Психология, Философия | Добавил: erdeeen
Просмотров: 2561 | Загрузок: 519 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2016