Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органы және қызметі - Құқық - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Пятница, 02.12.2016, 22:58
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Құқық

Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органы және қызметі

Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органы және қызметі
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы бөлім
1. Осы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің Қазақстан Республикасының прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарымен және қаржы полициясымен өзара іс-қимыл жасасу ережесі (бұдан әрі-Ереже) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау органы) республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалануда бақылау объектілері лауазымды тұлғаларының қылмыстық белгілерін анықтаған жағдайда прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер және қаржы полициясы органдарымен (бұдан әрі – құқық қорғау органы) өзара іс-қимыл жасасу тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік бақылау органының құқық қорғау органымен өзара іс-қимыл жасасу қызметіндегі басым мәселелердің бірі республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау болып табылады.
2. Өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру
3. Мемлекеттік бақылау органы жоспарлы және жоспардан тыс бақылау жүргізеді.
Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын жоспарлы бақылауды мемлекеттік бақылау органы мемлекеттік бақылаушы және құқық қорғау органының берген ұсыныстарының негізінде жасалған Бақылау жүргізу жоспарына сәйкес жылына екі рет ағымдағы жылдың 10 маусымына және 10 желтоқсанына жүзеге асырады. Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын жоспардан тыс бақылауды мемлекеттік бақылау органы "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 5-тармағына сәйкес қылмыстық қудалау органының республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалануда тәртіп бұзушылық фактілері бойынша тексеру жүргізу туралы қаулысы болған кезде жүргізеді. Құқық қорғау органы жоспарлы және жоспардан тыс бақылау жүргізу жөніндегі ұсыныстарды мемлекеттік бақылау органына енгізеді.
4. Мемлекеттік бақылау органының басшысы құқық қорғау органының тексеру жүргізу туралы қаулысын алып, үш күндік мерзімде құқық қорғау органын бақылау жүргізу мүмкіндіктері мен оны бастау мерзімдері хабардар етуге міндетті.
5. Алған құжаттар бойынша құқық қорғау органының қызметтік үй-жайында бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік бақылау органының қызметкеріне (бұдан әрі – бақылау қызметкері) қажет болған кезде бақылау жүргізуге қатысты мәселелер бойынша түсіндірулер бере отырып, қажетті техникалық қамтамасыз етуі бар жеке жұмыс орыны беріледі.
6. Бақылау бағдарламасын келісу кезінде мемлекеттік бақылау органының құзыретіне жататын мәселелер, бақылау жүргізу кезінде олардың қатысуы қажет бақылау объектісінің лауазымды және материалдық-жауапты тұлғаларының шеңбері нақтыланады.
7. Бақылау объектісінің лауазымды тұлғалары қажетті құжаттарды беруден бас тартқан не бақылау жүргізу кезінде өзге кедергілер туындаған жағдайда оның тапсырмасы бойынша бақылау жүргізілетін құқық қорғау органы бақылау қызметкеріне қажетті құжаттарды кедергісіз және уақытылы берілуіне ықпал етеді, бақылау объектісі лауазымды тұлғаларының тарапынан мүмкін қарсы іс-әрекеттерді ескертеді.
8. Бақылау қызметкері жеке қауіпсіздігіне төнген қатер туралы, бақылау жүргізуге қарсы іс-қимыл бойынша бақылау объектісі қабылдайтын оған белгілі болған басқа да шаралар туралы құқық қорғау органын хабардар етеді, көрсетілген мәселелер жөнінде құқық қорғау органының ұсынымдарын орындайды.
3. Бақылау жүргізу
9. Бақылау жүргізу кезінде қажет болған жағдайларда құқық қорғау органы бақылау қызметкерінің сұрау салулары бойынша бақылау объектілерінің орналасқан орнының мекен-жайларын іздестіруге, бақылау жүргізу уақытында болсын, басқа кезеңдерде болсын жұмыс істейтін бақылау объектісінің лауазымдық, материалдық-жауапты тұлғаларының не басқару функцияларын орындайтын тұлғалардың болуына және олардан түсініктер алуға жәрдемдеседі.
10. Бақылау қызметкері тексеру барысында құқық қорғау органының алдына бақылау бағдарламасын мазмұны мен мерзімдері бойынша түзету туралы мәселе қоя алады. Бақылау жүргізу мәселелері мен мерзімдерін көрсетілген түзетуге мемлекеттік бақылау органы мен құқық қорғау органы басшылығының өзара келіскен негізінде ғана жол беріледі.
4. Бақылау жүргізу актісін жасау және бақылау нәтижелерін ресімдеу
11. Бақылау қызметкері бақылау нәтижелерін бақылау жүргізу актісімен (бұдан әрі акт) оған құжаттардың көшірмелерін, ал қозғалған қылмыстық іс бойынша құжаттардың, лауазымды және материалдық-жауапты тұлғалардың түсіндірулерін қоса бере отырып, ресімдейді, оларға бақылау актісінің мәтінінде тиісті сілтемелер жасалады.
12. Актіде бақылау қызметкері лауазымды және материалдық-жауапты тұлғалардың іс-әрекетіне моральдық-этикалық баға бермеуі, олардың әркеттері, ниеті мен мақсаты біліктілік деп танылмауы, жалған бағалық немесе кінә тағу ойы бар ұғымдар мен фразаларды қолданбауы керек.
13. Бақылау қызметкері тексеру аяқталғанға дейін тексерілген не оларды аяқтау жөніндегі себептер мен ұсыныстарды көрсете отырып, толық көлемде тексерілмеген бұрын келісілген мәселелер бойынша тексеру нәтижелері туралы жұмыс тәртібімен құқық қорғау органын жазбаша хабардар етеді.
14. Актіге бақылау қызметкері – орындаушы қол қояды және танысу мен қол қою үшін тексеру аяқталғаннан кейінгі ағымдағы не келесі жұмыс күнінің ішінде бақылау объектісінің басшысына, бас бухгалтерге, ал қажет болған кезде басқа да лауазымды тұлғаларға жіберіледі.
15. Бақылау объектісі басшысының немесе бас бухгалтерінің тарапынан акт бойынша қарсылықтар немесе ескертулер болған кезде мемлекеттік бақылау органының басшысы түскен қарсылықтарды қарайды және қарсылықтар түскен күннен бастап бір апта мерзімде бақылау объектісінің басшысына қорытынды береді, содан кейін актіге қол қойылды деп саналады.
16. Акт ресімделгеннен және қарсылықтармен, ескертулермен және қорытындылармен толықтырылғаннан кейін оған қол қойылғаннан немесе бақылау қызметкері іссапардан келгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік бақылау органының басшысына берілуі тиіс.
17. Актімен танысу және оған қол қою үшін осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда актіге бақылау қызметкері ғана қол қояды, ол туралы келесі құжат жасалады.
5. Бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына беру тәртібі
18. Акт қосымшаларымен бірге мемлекеттік бақылау органының басшысына берілгеннен кейін үш күндік мерзімде оның тапсырмасы бойынша бақылау жүргізілген құқық қорғау органының тізімдемесі бойынша жіберіледі.
19. Мемлекеттік бақылау органының бастамасы бойынша жүргізілген тексерудің қорытындысы бойынша, бақылау объектісінің қаржы-шаруашылық қызметінде жетіспеушіліктер, талан-таражға салу, теріс пайдалану және өзге құқық бұзушылықтар фактілері анықталған кезде актілер ресімдеу аяқталғаннан кейін үш күндік мерзімде процессуалдық шешім қабылдау үшін прокуратура органдарына беріледі.
20. Берілетін материалдар мыналарды:
1) мемлекеттік бақылау органының басшысы қол қойған тәртіп бұзушылық фактілері туралы ілеспе хатты;
2) лауазымды тұлғалар қол қойған актілерді, оның ішінде аралық, қарсы актілерді қамтуы тиіс, онда жіберілген тәртіп бұзушылықтар және тиісті нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасала отырып олардың сомасы келтіріледі. Бақылау материалдарына анықталған фактілерге қатысты құжаттардың куәландырылған көшірмесі, ал қозғалған қылмыстық іс бойынша құжаттардың түпнұсқалары (шоттар, ведомостер, ордерлер, банктердің тапсырмалары, чектер, нарядтар, актілер, бұйрықтар және өзге де құжаттар) лауазымды тұлғалардың жазбаша түсіндірулері мен қарсылықтары, мемлекеттік бақылау органының қорытындысы (акті бойынша қарсылықтар болған кезде) қосылады.
21. Құқық қорғау органының жазбаша сұрау салулары бойынша мемлекеттік бақылау органы үш күндік мерзімде негізді шешім қабылдау үшін қажет қосымша материалдарды беруге міндетті.
22. Құқық қорғау органы заң актілерінде белгіленген жағдайларда бір айдың ішінде көрсетілген органдарға берілген бақылау материалдары бойынша қабылданған шаралар туралы мемлекеттік бақылау органын хабардар етеді.
Категория: Құқық | Добавил: erdeeen
Просмотров: 1432 | Загрузок: 184 | Рейтинг: 3.4/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2016