ХІ құқық әлеметтануы. Құқық әлеуметтік институт ретінде. - Құқық - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Среда, 07.12.2016, 21:18
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Құқық

ХІ құқық әлеметтануы. Құқық әлеуметтік институт ретінде.

ХІ құқық әлеметтануы
Құқық әлеуметтік институт ретінде.
Бұл тұрғыда құқық жалпы әлеуметтік бүтіндіктің бір бөлігі ретінде қаралады. Құқық әлеуметтік мұқтаждықтың, талап-тілектің негізінде пайда болып, өмірге келді. Сондықтан ол қоғамға қажетті қызметтерді атқарады. Сөйтіп қоғамның басқа да әлеуметтік инститтарымен (мысалы, мәдениет, білім, саясат, экономика, т.б.) бірлесе, байланыса отырып, қоғамның бірлігін, тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырады.
Құқықтың институционалдық сипаты оның басқа жақтарынан да көрінеді. Мысалы, құқықтың іс-әрекеті, қызметі қамтамасыз етіледі. Оның ішінде құқықтық нормаларды орындау үшін мәжбүрлеу шаралары қолданылады, ал, құқықты бұзса, санкция белгіленеді. Дегенмен, әлеуметтанушылар әлеуметтік ұйымдар тұрғысынан құқықтық ережелердің алға қойған мақсатты орындауда, олардың қызметінің тиімділігінің артуына әр уақытта күдікпен қарайды.
Әлеуметтану тұрғысынан қарағанда құқық әлеуметтік үддеріс ретінде қаралуы тиіс. Ал, оны осындай үдеріс ретінде түсіну – ол құқықтық ережелердің атқаратын қызметін (нақтылап айтсақ бұл құқықтық ережелер өмірге қалай енгізіледі, олар өмірде қалай қолданылады және қалай түсіндіріледі, шаблондық пайдалану арқылы қоғамның институционалдық құрылымына қалай кіреді, т.б.) түсіну деген сөз.
Әлеуметтануда құқық алуан түрлі әлеуметтік құбылыс, оның ішінде әлеуметтік институт ретінде қаралады. Бұл жерде құқық қоғамның объективтік - әлеуметтік-нормативтік (ережелік) құрылымын белгілейді. Мұның өзі оған әлеуметтік себептердің байланысын, шарттылығын анықтауға мүмкіндік береді. Бұған қоса құқықтық нормалардың (ережелердің) қоғамның әр түрлі жақтарына тигізетін нақты ықпалын, оны халықтың алуан түрлі топтарының қалай қабылдайтынын, адамдардың құқықтық нысаны, бағыттарын, тәртіптерін; заң шығарушы саласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекеме ұйымдардың жұмыс қызметін, олардың тиімділігін артыру, т.б. зертейді. Сөйтіп М.Вебер көрсеткендей, қоғамдағы әлеуметтік тәртіп, адамдардың іс-әрекеті өзара бір нысанаға бағытталған жіне ондағы өмір сүріп тұрған әлеуметтік бағыттар, нысаналар, ережелер әрбәр адамның жеке дара қалыптасқан бағытында, нысанасында көрініп отырады. Сонымен, қоғам объективтік факті бола отырып, адамды индивид ретінде қалыптастырады да оны белгілі бір қызмет атқаруға мәжбүр етеді. Екінші жағынан индивидтердің іс-әрекеті негізінде қоғамның іргетасы қаланады. Сөйтіп қоғам бізді анықтайды, ал екінші жағынын,біз, керісінше, қоғамды анықтаймыз.
Бұл қағида әлеуметтануда құқықты зерттеуге де қолданылады. Әлбетте, құқық-әлеуметтік факті, ол объективті тұрғыда қоғамдық өмірдің негізгі параметрлерін (яғни, көрсеткіш жақтарын) анықтайды, бірақ, құқықтың күші жеке-дара қасиеті арқылы оның заңдылық ережелер тәртібін мойындаумен анықталады.
Қорыта айтқанда, құқық әлеуметтік институт болып, қоғамдағы алуан түрлі қатынастарды реттейді. Қоғамдағы тәртіпті, әлеуметік бірлікті, тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Категория: Құқық | Добавил: erdeeen
Просмотров: 1294 | Загрузок: 145 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2016