Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жылдар) - Ғылыми жұмыс - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Среда, 18.01.2017, 00:14
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Ғылыми жұмыс

Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жылдар)

Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі
(1926-1959 жылдар)

К І Р І С П Е

Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемендікке жеткеннен кейінгі уақытта, қазақ елінің жүріп өткен жолы мен тарихын жаңаша көзқарас тұрғысынан жазу уақыттың қойған талабы болды. Отандық тарихтың өткен кезеңдеріндегі шындығы бұрмаланып, ақиқаты айтылмай келген оқиғалары мен құбылыстарын ой елегінен өткізуге деген қажеттілік туындады. Қазақстан тарих ғылымының әр саласы бойынша шынайы зерттеулер жүргізіле бастады. Осындай тарих ғылымының бір саласы саналатын тарихи демография бағытында да, республика халқы жайында зерттеулер жүргізіліп, бірқатар еңбектер жарық көрді. Республикамыздағы демографиялық ахуалдың астары өткен кезеңдермен тығыз байланыста жатқандығы жайында нақты мғліметтер мен тұжырымдамалар көпшілік назарына ұсыныла бастады. Тарихи демография саласына одан әрі серпін бере түсу үшін ендігі жерде белгілі бір кезеңдер аралығындағы халық санының динамикасындағы өзгерістерге, көші-қон процестерінің ауқымына және олардың жекелеген аймақтардағы ерекшеліктеріне баса назар аударған абзал. Сонымен қатар, бұл мәселелердің ғылыми әдебиеттерде көрініс табу деңгейіне тарихнамалық талдау да жасау қажет. Өйткені мұндай талдау тарихи процестердің негізгі желісін, оның елеулі құбылыстарын ғылыми тұрғыда дұрыс көрсетуге және көкейкесті проблемаларын белгілеп, зерделеу үшін тарихи таным тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.
Тарихи демография саласындағы өзекті мәселелердің бірі – Кеңестік дәуірде қазақ жеріндегі көші-қон процестері өзіндік ерекшеліктерімен дараланған, ол биліктің жүзеге асырған саяси, әлеуметтік-экономикалық іс-шараларымен тығыз байланыста жүрді. 1917 ж. Қазан төңкерісінен кейін орын алған азамат соғысы, жер-су реформасы, күштеп ұжымдастыру, қуғын-сүргін, күштеп қоныс аудару, Ұлы Отан соғысы кезіндегі мобилизация мен эвакуация, депортация, соғыстан кейінгі демобилизация, халық шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы шаралар, күштеп қоныс аударғандарды кері қайтару, тың және тыңайған жерлерді игеру секілді тағы басқа оқиғалар мен ахуалдар ішкі және сыртқы көші-қон процестеріне тікелей ықпал етті. Өз кезегінде кеңестік дәуірдегі көші-қон процестері Қазақстан халқының ұлттық құрамындағы ара салмаққа күрделі өзгеріс ала келді. Міне, осы мәселе отандық тарих ғылымында ұлттық мүдде тұрғысынан объективті тұрғыда зерттеуді қажет ететіндігі ешқандай күмән туғызбайды.
Көші-қон процестері бұрын да зерттеушілердің назарына ілікпей қалған жоқ. Бұл мәселе кеңес дәуірінде де, қазіргі кезде де және шетелдік ғалымдар тарапынан да әрқилы бағаланып келді. Әрбір кезеңге тән тарихи концепцияларды талдау және ғылыми еңбектердің деректік негізіне баға беру отандық тарих ғылымының басты мақсаттарының біріне айналды. Бұл көші-қон процестерінің тарихнамасын арнайы қарастырудың өзі ғылыми маңызға ие екендігін аңғартады. Осының бәрі біздің зерттеуіміздің өзекті, әрі ғылыми сұранысқа ие тақырыпқа арналғандығын байқатады.
Мғселенің зерттелу деңгейі. Кеңестік дғуірде алғашқылардың бірі болып қазақ халқының саны, құрамы, орналасуы жайында М. Тынышпаев, кейін, Қазақстан демографиялық ахуалына байланысты Т. Шонанұлы, М. Есболұлы жазды. Сондай-ақ, бұл жөнінде М. Шоқайұлы, С. Асфендияров, Т. Рысқұлов, С. Сғдуақасов [1] сияқты қазақ зиялылары да қалам тартқан. Олардың еңбектерінде ұлттық мүддені қорғау көзделгені аңғарылады. 1920-30 жж. мемлекеттік тапсырыспен А.Н. Донич пен Н.Д. Трублаевичтің халықтың саны, құрамы, орналасуы жайында еңбектері жарық көрді. А.Н. Донич зерттеуінде демографиялық шолу жасаса, Н.Д. Трублаевич республикадағы халықтың табиғи өсімі мен ұлттық құрамындағы өзгерістер жайын қарастырды [2]. Бірақ, авторлар ұлттар арасындағы табиғи өсімнің ғркелкі көрсеткішке ие болу себептерін түсіндірмей, тек мғліметтер келтірумен шектелді. Одан кейінгі уақытта демография мғселесіне байланысты еңбектер жазылмады. Себебі, кеңестік тоталитарлық жүйе оған мүмкіндік бермей, 1937 ж. халық санағың қорытындысын жариялауға тыйым салып, оған қатынасқан адамдарды қудалады.
Демографияға байланысты зерттеулер тек 1960-жылдары ғана қайта қолға алына бастады. 1960-1970 жж. Қазақстанның демографиялық дамуының кейбір аспектілері қарастырылған, алайда негізінен еліміздің ғлеуметтік даму мғселелеріне арналған еңбектер шықты. Әсіресе жұмысшы табы, шаруалар мен интеллигенция тобының қалыптасуы мен даму процесі қарастырылды, ресми статистиканы қолданған зерттеушілер ғлеуметтік топтардың демографиялық сипаттамаларына, ғсіресе өнеркғсіптік және аграрлық көші-қон ерекшеліктеріне тоқталған. Жұмысшы табы мғселесін зерттеген ғалымдар, нақтылап айтсақ, А.Н. Нүсіпбеков, М.Х. Асылбеков, С.Б. Нұрмұхамедов, Б.Н. Ғбішева, шаруалар тарихын зерттеген А.Б. Балақаев, Г.Ф. Дахшлейгер, К.Н. Нұрпейіс, интеллигенция тобын зерттеген Ш.Ю. Тастанов, Х. Ғбжанов [3] сияқты ғалымдар Қазақстандағы этно-демографиялық процестерді анықтайтын статистикалық мұрағат деректерін айналымға енгізді.
1970-1980 жж. тарихи демография саласында арнайы еңбектер шыға бастады. Соның ішінде революцияға дейінгі статистикалық мғліметтердің негізінде ғлеуметтік және ұлттық демографиялық факторларды өзара байланыспен, өзара шарттылықта қарастыру ғдістері негізделді.
Қазақстанда көші-қонның тарихи мғнін, оның халықтың ғлеуметтік-ұлттық құрамына тигізген ғсерін ашқан, көші-қон мен ұлттық құрылым өзгерістерінің өзара байланысты тарихи құбылыс екендігін көрсеткен алғашқы зерттеушілер – Е.Н. Гладышева, Н.Е. Бекмаханова, В.М. Кабузан мен Н.В. Алексеенко болды, ал Ф.Н. Базанованың монографиясында көші-қон қозғалысының республика халқының көп ұлтты құрамының қалыптасуына ғсер еткен күрделі де көп салалы процесс екендігі көрсетілді [4]. Алайда, бұл еңбекте кеңес дғуіріндегі тыйым салынған Қазақстандағы көші-қон процестерінің маңызды беттері: репрессияланған халықтарды депортациялау, таптық белгісіне байланысты жер аудару тағы басқа мғселелері ашылған жоқ.
1980 жж. аяқ кезінен бастап қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде халықтар тағдырындағы саяси фактордың ғсерлері талдана бастады. Ғсіресе, М.Қ. Қозыбаевтың, Ж.Б. Абылхожиннің еңбектерінде Қазақстандағы 1920-1940 жж. тоталитарлық жүйенің экономикадан тыс, күштеу саясатының дағдарыстарға толы ғлеуметтік-демографиялық нғтижелері анықталды. Қазақстан жұмысшыларының саны, ұлттық, жасы мен жыныстық құрамы, білім деңгейі, мамандық түрлері мғселелерін қарастырған екі томнан тұратын еңбек жарық көрді. Зерттеудің мерзімдік шеңбері 1917-1937 жғне 1938-1960 жылдарды қамтыды. Ауылдық жерлердегі интеллигенция қауымының қалыптасуына, сананың өсуіне, ұлттық, жыныстық құрамына, даярлау жолдарына арналған Х.М. Ғбжановтың зерттеуі шықты [5].
Қазақстанның кеңестік дәуірдегі ғлеуметтік демографиялық дамуы М.Х. Асылбеков пен Ғ.Б. Ғалиевтің арнайы монографиясында біртұтас жғне сан-салалы процесс ретінде алғашқы рет жан-жақты қарастырылды, бұл процестің болашақтағы дамуына ғылыми тұжырымдамалық болжамдар жасалды [6].
1990 ж. М. Қойгелдиев пен Т. Омарбековтың жғне тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде ұжымдастыру жылдарындағы қазақ халқының демографиялық келбетін айқындайтын, халықтың азаюы мен апатқа ұшырауы салдарын ашқан тұжырымдары жарияланды. Онда Қазақстаннан тысқары кеткен қазақтардың саны мен ғлеуметтік құрамы жөнінде құнды мғліметтер берілді [7].
А.Н. Алексеенконың, Н.З. Тғкіжбаеваның ауыл халқының өсу қарқыны мен ұлттық құрамы, аймақтарға шоғырлануы, экономикалық аудандарға топтастырылуы қарастырылған докторлық диссертациялар қорғалды. Бірақ, бұл зерттеулер тек жарияланған санақ материалдарына ғана негізделген, мұнда 1939-1959 жж. аралығындағы туу, өлім-жітім, көші-қон, халық құрамының ішкі тенденциялық ерекшеліктеріне аз көңіл бөлінген [8].
С. Айымбетовтің кандидаттық диссертациясында Қазақстан халқының 1926-1939 жж. аралығындағы демографиялық жағдайы баяндалса, Л.Т. Қожекееваның диссертациясы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан халқының әлеуметтік құрамы және демографиялық өзгерістерін зерттеді.
Кеңестік тоталитарлық жүйенің мғні мен оның Қазақстандағы демографиялық процестерге әсері М.Қ. Қозыбаев пен Қ.С. Алдажұманов еңбектерінде ашылды [9].
Тарихи демография саласында аймақтар бойынша да зерттеу жұмыстары жарық көрді. Батыс Қазақстан халқының екі ғасырлық тарихи дамуы М.Н. Сдықовтың монографиясында, Шығыс Қазақстан халқы туралы статистикалық мағлұматқа толы А.Н. Алексеенконың еңбегінде табиғи өсімге өлім-жітім көрсеткішінің әсері мен денсаулық сақтау мғселелері талданды. Орталық Қазақстанның ХІХ-ХХ ғасырлардағы демографиялық дамуына В.В. Козинаның еңбектері арналды. Жетісу өлкесі бойынша докторлық диссертацияны М.К. Төлекова қорғаған еді. Тарихи демография саласында Қазақстанның жекелеген аймақтары бойынша кандидаттық диссертациялар да қорғалды. Атап айтсақ, О.Д. Табылдиева – Маңғыстау, ал А.А. Какенова Солтүстік Қазақстан аймағы халқының демографиялық дамуын зерттеді [10].
Кеңестік тоталитарлық кезеңде «бұрынғы азаматтар» деген ұғымдарды зерттеуге идеологиялық тыйым салынғандықтан, шетелдік зерттеулерде ғана қарастырылып келген шет елдердегі қазақтар тарихы алғаш республикада К.Л. Есмағамбетов, Г.М. Меңдіқұлова монографияларында зерттелді. Сонымен қатар, қазақ ириденттері тарихы А.В. Коновалованың [11] тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде талданды.
Қазақстанда 1939-1959 жылдардың аралығында болған халықтың ғлеуметтік жғне ұлттық құрамындағы өзгерістер саны, орналасуы, өсіп-өну ерекшеліктері және көші-қон процестерінің ұлттық құрамға тигізген ғсері А.И. Құдайбергенованың кандидаттық диссертациясында талданды [12].
Тарихи демография саласындағы жетістіктерді тарихнамалық талдауға С.И. Ковальскаяның, М.Х. Асылбеков пен Л.Х. Төлешованың еңбектері арналған. С.И. Ковальскаяның кандидаттық диссертациясында негізінен ХVІІІ жғне ХІХ ғасырдағы көші-қон мғселесі қамтылып, ХХ ғасыр мғселесі толық жазылмаған. Ал, М.Х. Асылбеков пен Л.Х. Төлешованың монографиясында ХХ ғасырдағы демографиялық мғселерге тарихнамалық талдау беріліп, көші-қон процестеріне де едәуір көңіл бөлген. Сондай-ақ, Б.Р. Найманбаевтың кандидадттық диссертациясында 1970-1989 жж. аралығындағы Қазақстанға қоныс аударылғандардың азаюы мен олардың кері көшуі жайында, сонымен қатар, олардың құқықтық жағдайы қарастырылған [13].
Қазақстанда тарихи демографияның дамуы мен методологиясы жайында көлемді ғылыми еңбектер де жарық көрді. Мысалы, М.Х. Асылбеков, А.Ш. Алтаевтың және А.И. Құдайбергенованың көлемді мақалалары жарияланды [14].
Тарихи демография мғселесіне байланысты ресейлік ғалымдардың да еңбектері жарыққа шықты. Олардың қатарына Н.Ф. Бугай, В.П. Данилов, Н.И. Платунов, Т.М. Реннер, В. Хорев, В. Чапек, М.П. Малышева, В.С. Познанский, С.И. Брук, Ю.А. Поляков, В.Б. Жиромская, И.Н. Кисилев жғне тағы басқа ғалымдардың еңбектері жатады [15].
Аталып отырған тақырыпқа қатысты шетелдік ғылымдардың да зерттеулері баршылық, Қазақстандағы демографиялық ахуалға байланысты бірқатар мғселелер Р. Конквест, С.Г. Уиткрофт, Х. Дэвис, М.Б. Олкот, А.Р. Льюс, Н.Р. Роулэнд жғне т.б. еңбектерінде баяндалған [16].
Сонымен, диссертация тақырыбына арналған ғдебиеттерге шолу нғтижесінде, Қазақстанда 1926-1959 жылдардың аралығындағы көші-қон процестері арнайы және жан-жақты зерттелмегені байқалады. Ғсіресе, мұрағат қорларында сақталған тарихи деректерде кеңестік кезеңде ғр түрлі ұлттардың Қазақстан территориясына қандай жағдайлармен қуғындалып келгендерін нақты дғлелдей түсуі қажет. Бұл тақырыптың арнайы және жан-жақты зерттелмегені байқалады. Мғселен, көптеген еңбектер жарық көргенімен, олардың жеткен жетістіктерін талдай отырып, мұрағат қорларындағы тарихи деректермен салыстыра қарастырған арнайы тарихи және тарихнамалық зерттеу жоқ.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертацияның басты мақсаты 1926-1959 жылдар аралығындағы Қазақстандағы көші-қондық процестердің себептерін, нғтижелерін кешенді түрде зерттеу және бұл мәселенің тарихнамасын ғылыми талдау. Осы мақсатқа жету үшін мынандай нақтылы міндеттерді шешуге талпыныс жасалды:
- Көші-қон процесінің тарихнамасына қатысты зерттеу еңбектерін ғылыми тұрғыдан талдау;
- Бұл еңбектердің жетістіктері мен кемшіліктерін анықтау нәтижесінде көші-қон проблемасының зерттелмеген жақтарын белгілеп беру;
- Тарихнамалық жұмыстар мен тарихи деректерді салыстыра отырып, көші-қонның халық құрамына әкелген әсерін айқындау;
- Көші-қон қозғалысы нәтижесінде республика халқының ішінде қазақтар азшылыққа айналғандығын көрсету;
- Күштеп көшірілген ұлттардың ұлттық құрамға тигізген әсері, үлес салмағы, құқықтық жағдайын жаңа мұрағат құжаттары арқылы көрсету;
- Қытай халық Республикасынан келген көштің нәтижесінде қазақ халқының өсуіне мүмкін болған алғышарттарды көрсету.
Диссертацияның ғылыми жаңалығы – Қазақстандағы 1926-1959 жж. көші-қон процестерінің дамуы мен халық құрамына әсері алғаш рет тарихнамалық және тарихилық тұрғыдан зерттелуінде, диссертацияда осы ғылыми жаңалықтың негізі - тарихи ғдебиеттердегі мғліметтер мен мұрағаттардағы деректерді бір-бірімен салыстырмалы түрде зерттеудің нғтижесінде төмендегідей жаңа, нақтылы, ғылыми нғтижелерге қол жеткізілді:
- Көші-қон процестеріне қатысты ғылыми еңбектер тарихнамалық тұрғыдан зерделеніп, олардың жетістіктері мен кемшіліктері талданды.
- Көші-қон проблемасы жөнінде болашақта зерттеуді қажет ететін мәселелер анықталды.
- 1926-1959 жж. Қазақстан халқының көші-қон процестері арнайы және Жан-жақты талданды.
- Бұл кездегі көші-қон қозғалысы нәтижесінде қалыптасқан ұлттық құрамдағы өзгерістері қарастырылды.
- 1953-1959 жылдары Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға көшірілгендер жөнінде тың мұрағат деректері ғылыми айналымға тартылды.
- Көшірілген халықтардың құқықтық жағдайы тарихи тұрғыдан зерттелді.
- Қазақстан халқының жалпы саны мен құрамына ғасырлар бойы күшті ғсер етіп келген көші-қонның 1926-1959 жж. аралығындағы ерекшеліктері анықталып, бұл кезең осы процестің ең күшті және шыңы болғаны дәлелденді.
Зерттеудің қорғауға ұсынылатын тұжырымдары. 1926-1959 жж. аралығындағы көші-қон процестері жғне оның зерттелу мғселелері жөнінде жазылды:
- Қазақстандағы көші-қон процестеріне қатысты тарихнамалық еңбектердің жетістіктері мен әлі де болса зерттеуді қажет ететін бағыттары талдау;
- Көші-қон қозғалысын зерттеудің нәтижесінде республикадағы көпұлтты құрамының қалыптасуы кеңестік жүйе жүргізген саясатпен байланыстылығы айқындау;
- Кеңестік кезеңнің ұжымдастыру, тәркілеу нақандары кезінде шетел асқан қазақтардың саны жүз мыңнан аса болғандығы зерттеу еңбектерімен салыстырмалы түрде көрсету;
- Республикаға күштеп көшіріліп келген ұлттардың үлес салмағы айтарлықтай басымдылық танытып, қазақ халқының азшылыққа айналуына әсерін тигізгендігі мұрағат деректері негізінде қарастыру;
- Қытай Халық Республикасынан келгендер саны 1953 -1959 жж. 100 мыңнан аса болғандығын және олардың ішінде қазақ, орыс, ұйғыр, дүнген, татар, өзбектер болғандығын дәлелдейтін мұрағат деректері ғылыми айналымға тарту;
- Күштеп көшіру нәтижесінде келген халықтардың құқықтық жағдайы және олардың еңбекке араласуы зерттей түсетін мәселелердің қатарына саналады.
Территориялық ауқымы. 1926-1959 жылдар арасындағы Қазақ КСР-ның ғкімшілік территориялық шекарасын қамтиды. Осы аталған кезең ішінде болған ғкімшілік бөліністер, аймақтардың ерекшелігі назарға алынды.
Зерттеудің нысаны. Қазақстандағы көші-қон процестерінің зерттелу деңгейін көрсететін ғылыми еңбектерде талдау жасау жғне салыстыру. Сонымен қатар, 1926-1959 жж. аралығындағы көші-қон қозғалысының республика халқының ұлттық құрамына ғкелген өзгерістер мен әсерін анықтау .
Диссертацияның мерзімдік шеңбері. 1926 және 1959 жылдардағы Одақтық екі халық санақтары аралығындағы 34 жылды, яғни екінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңын, соғыс жылдары мен онан кейінгі кезеңді қамтиды. Қазақстан халқы үшін бұл күрделі тарихи оқиғалар мен бетбұрыстарға толы мерзім, оның басты-бастылары: екінші дүниежүзілік соғыс, соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру, тың және тыңайған жерлерді игеру, алпауыт өнеркәсіп орындары мен жаңа транспорт жүйелерінің салынуы және т.б., яғни халықтың әлеуметтік-демографиялық құрамына күрделі әсер еткен көші-қон толқындарының ең күшейген уақыты болды.
Диссертацияның дерек көздері. Зерттеуде әртүрлі деректер пайдаланылды, олардың бастылары: 1) мұрағат құжаттары мен мәліметтері; 2) 1926, 1937, 1939 және 1959 жылдардағы Бүкілодақтық халық санақтарының мәліметтері; 3) жарияланған статистикалық жинақтар; 4) баспасөз мәліметтері; 5) Демографиялық және көші-қон мәселелеріне арналған монографиялар, мақалалар және т.б. тарихнамалық талдаудың деректік негізі болды.
Негізгі деректердің дені Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты мен Қазақстан Республикасы Призиденті мұрағатынан алынды. Мәселен, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатындағы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің жанындағы Орталық статистикалық басқарма (698) қоры Статистикалық мәліметтерге толы бұл қорда әр облыстар бойынша келген-кеткендер туралы деректер бар. Сондай-ақ, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің еңбек ресурстарын реттеу жөніндегі Мемлекеттік Комитет (1987) қорында Одақ бойынша шаруашылықты реттеуге байланысты көшірілгендер туралы мәліметтер кездеседі. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің құпия қорында (1137) Қазақстан Министрлер Кеңесінің шешімдері мен қаулыларынан құралған материалдар бар. Осы қор құжаттарында өзге ұлт өкілдерінің Қазақстанға көшірілгені кезіндегі қабылдануы, ұлттық құрамы жайында мәліметтер кездеседі. Қазақ КСР-нің үкіметі жанындағы Көшіру-қоныстандыру бөлімінің (1208), Қазақ КСР Жоспарлау комитетінің (1179) қорларында да қажетті деректер жинақталған.
Қазақстан Республикасының Президент мұрағатындағы деректер де жұмысты жазуға пайдаланылды. Атап айтсақ, БКП(б) Қазақ Өлкелік Комитетінің қорында (141) кеңестік билік орнағаннан кейінгі уақытқа ұжымдастыру, байларды тәркілеуге қатысты деректер бар. Одан кейін республикадағы халықтың ұлттық құрамы және олардың бір-бірімен қарым-қатынасы туралы құжаттық деректер кездеседі. Мәселен, Қазақстан Комунистік Партиясының Орталық Комитетінің қорында (708) көптеген қаулы-қарарлар, шешімдер және басшылардың есептері жинақталған. Қор деректерінен Қазақстанда кеңестік кезеңде жүргізілген көші-қон қозғалысын, депортацияланып келгендер мен тың игеру кезінде елдің еуропалық бөлігінен келгендер жайында мәліметтер кездеседі. Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасынан көшіріліп келген қазақ, татар, дүнген, орыс, өзбектердің облыстар бойынша орналасуы туралы деректер сақталған.
Демография мәселесі бойынша жарық көрген зерттеулердің ішінде М.Х. Асылбеков пен Л.Х. Төлешованың тарихнамалық тұрғыдан жазған еңбегінде, сондай-ақ, М.Х. Асылбеков және А.И. Құдайбергенованың монографиясында көші-қон қозғалысына қатысты мұрағат, санақ материалдарына негізделген бірқатар мәселелер көтерілген. Осындай зерттеулер Қазақстанның жекелеген аймақтары бойынша да жасалды. Мәселен, Орталық Қазақстан бойынша В.В. Козинаның, Батыс Қазақстанның демографиялық жағдайы М.Н. Сдықовтың еңбегінде көрсетілсе, Жетісу халқының демографиялық дамуы М.К. Төлекованың зерттеуінде қарастырылды. Міне, осындай іргелі зерттеулерде көші-қон мәселесі ішінара болса да жазылған. Сондықтан, мұндай еңбектер тарихнамалық және тарихи тұрғыдан зерттеулер жасауға негіз болары сөзсіз.
Зерттеу жұмысының методологиясы мен әдістемелері. Диссертацияда қойылған мғселелерді ғылыми тұрғыдан ашып көрсету үшін тарихи зерттеудің логикалық тғсілімен тығыз байланыстылығы тарихшылдық, объективтілік, жан-жақтылық сияқты негізгі методологиялық принциптері басты назарда болды. Зерттеу барысында жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдар, жаңа тарихи көзқарастар тұрғысынан жазылған зерттеулер басшылыққа алынды.
Зерттеу барысында тарихи салыстырмалық, диалектикалық, статистикалық, демографиялық талдау және басқа әдістемелер қолданылды.
Зерттеудің қолданбалық маңыздылығы. Диссертацияның қорытындыларын 1926-1959 жылдар аралығындағы тарихи кезеңнің демографиялық дамуы мен тарихнамасына арналған жоғары оқу орындағы курстарда оқуда пайдалануға болады. Бүгінгі таңдағы еліміздегі көші-қон мәселелеріне қатысты саясатты белгілеуге де диссертация материалдары өзіндік игі ықпалын тигізе алады.
Диссертацияның сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі тұжырымдары бойынша 2004 жылы және 2005 жылы ҚазҰУ-де өткен дғстүрлі «Е. Бекмаханов оқуларына» арналған ғылыми халықаралық конференцияларында баяндамалар жасалды. Сондай-ақ, 2004 жылдың қазан айында Астанада өткен «Гуманитарлық жғне құқықтық білімдердің ғлеуметтік мғдени проблемалары» атты Қазақ гуманитарлық заң университетінің 10-жылдығына арналған халықаралық ғылыми теориялық конференциясында, 2004 жылы желтоқсанда Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастырған «Қазақстан жғне ғлем: тарих жғне заман» деп аталатын ғылыми халықаралық конференцияда баяндамалар жасалды. Диссертация бойынша 9 ғылыми мақала жарияланды.
Диссертация Қазақстан Республикасы Білім жғне Ғылым министрілігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уғлиханов атындағы Тарих жғне этнология институтының «Қазақстанның жаңа заман тарихы және тарихи демография» бөлімі мен «Тарихнама жғне деректану» бөлімдерінің біріккен мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Диссертация құрылымы. Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі мғселені қарастыратын 3 тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған ғдебиеттер тізімінен тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Жұмыстың «Кіріспе» бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, мақсаттары мен міндеттері, методологиялық принциптері мен әдістемелік негізі, ғылыми жаңалығы мен қолданбалы маңызы айқындалып, мәселенің зерттелу дәрежесіне талдау жасалады және пайдаланылған деректер мен әдебиетке сипаттама беріледі.
Диссертацияның «Қазақстан қоғамын жаңғырту (модернизациялау) кезеңіндегі көші-қон (1926-1939 жж.)» деп аталатын бірінші тараудың «Көші-қон процестерінің тарихнамасы» тараушасында тарихи демография саласы бойынша зерттеу нысаны етіп алынып отырған көші–қонның анықтамасы мен тарихнамалық еңбектерге талдау жасалды.
Ресейлік зерттеуші Т.А. Володинаның ғылыми еңбегінде тарихнамалық зерттеудің әдістемесіне қызығушылық 1960-жж. туа бастағандығы айтылады. Тарихнамалық зерттеу мәселесіне және оның ғылымдағы алатын орнын анықтау барысында қызу талқылауға М.В. Нечкина, А.В. Черепин, А.М. Сахаров, С.О. Шмидт, А.Л. Шапиро, С.Л. Пештич, Е.Н. Городецкий және тағы басқа ғалымдар қатынасқан. Осындай талқылаудан кейін ғалымдар тарихнама тарих ғылымы болып табылады және мазмұны жағынан ғылым дамуының мынандай қырларын қамтиды деген тұжырымдар жасады: тарихи процестің жалпы концепциясы; зерттеуге қойылған бағыт; зерттеу әдістері; жаңа әдістемелік мәселелер; жаңа деректерді ғылыми айналымға тарту; ғылымды жаңа сапаға көтеруде жаңаша ұйымдастыру мәселелері. Тарихнамалық зерттеу салыстырмалы түрде талдау әдістеріне сүйенгендіктен, ғылымның бір кезеңінен екінші сатыға өткендегі жеткен жетістіктері мен кемшіліктерін көрсетеді, яғни бұл белгілі бір тақырыптардың зерттелу, зерделену деңгейін көрсететіндіктен, ғылым саласы ретінде жаңа сапаға көтерілер шақта өте қажет зерттеу бағыттарының бірі болып табылады.
Жалпы әлемдік тарих ғылымдағы секілді Қазақстандық тарих ғылымында да көші-қон мәселесі классикалық теорияның прагматикалық ұғымдарының таза пәндік шекаралық шеңберінде зерттелуде. Қазақстандық ғалымдар тарихи демографияның барлық мәселелері секілді 20 ғасырдағы өзгерістер әкелген көші-қондық үрдістерді жан-жақтылық және гуманистік таным бағытында жүйелі, объективті түрде нақты мәнін ашу бағытында зерттеуде.
Қазақстандағы көші-қон қозғалысы мен отарлау саясатына ашық та батыл көзқарастарын білдіргендер қазақ ұлтының зиялылары болды. Мәселен, Мұстафа Шоқайдың пікірінше, Қазақстанды кеңестік отарлау шаруашылық өмірді ұйымдастырудың бір жақтылық және шикізаттық ұстанымын қалыптастыру арқылы, Ресейге барынша тәуелді ету бағытынан бастау алады. Мұстафа Шоқайдың кеңестік жер саясатының «Құлаған патшалық ескі саясатын еске түсіреді» деп сынағаны белгілі. Түркістанда «Орыс пролетариатының диктатурасы» орнады дей келе, жаңа формадағы ұлт саясаты орыс өкіметінің пайдасына қызмет етуде деген тұжырымға келді. Демек, М. Шоқайұлы отаршылдық саясатты сезе де көре білген ұлт зиялысы ретінде күрес жүргізген. Осы жолда ойларын, пікірлерін ашық айтты. Бірақ оның сын-пікірлері кеңестік билікке ұнамады. Соның нәтижесінде ұлт зиялысы қуғындалды.
Қазақстан халқы үшін күрес жүргізген қазақ зиялыларының бірі С.Сғдуақасұлы партия басшыларының жүргізіп отырған солақай саясатына қарсы наразылығын білдіріп, орынды сынға алды. Оның ұлттық мғселеге байланысты жарық көрген «Большевик» журналындағы «О национальностях и националах» атты мақаласы болды. Автор өз еңбегінде Қазақстандағы айтыс-тартыс жағдайларының себептерін дғлелдеуге тырысқан.
Кеңестік кезеңде халықтың хал-ахуалына назар аударып, ол үшін күрес жүргізген қазақ зиялыларының бірі М. Есболұлы Түркістан өлкесінің материалдары бойынша жер мғселесінің ушығуын сырттан ағылған көші-қоншылар санының артуымен тікелей байланыстырады. Автор нақты деректерге сүйене отырып, Түркістанды отарлау барысында көші-қон қозғалысына тартылған өзге жұрт өкілдерінің саны арта түскенін атайды. Келімсек атанған көші-қоншылардың барлық жері жергілікті халықтардың жерінен 15 есе артық екендігін дғлелдейді. Зерттеуші бір кездері Ресей империясынан кейінгі кеңестік қызыл империя жалғастырған орыс отаршылдарының орыс көші-қоншыларының санын арттыру арқылы жүзеге асыруға талпынғандығын да зерделейді.
1926 жылы Т. Шонанұлының «Қазақ жер мғселесі тарихы» деген еңбегінде аграрлық көші-қон патша өкіметінің отаршылдық саясатымен тығыз байланыста қарастырылып, қазақ жеріне қоныс аударылған келімсектерге көңіл аударған. Қоныс аудару саясатының нғтижесінде, Т. Шонанұлының пікірінше, «Қазақ жерлері отар аймаққа айналдырылып, қазақтар жерсіз қаңғырып өз атамекендерінен көше бастаған», қазақтардың өзі де көші-қон процестерінің иіріміне амалсыздан енгендігіне алғаш көңіл бөлді, қазақтар арасында сыртқа көшу жғне ішкі көші-қон процестерінің үдей түсуін отаршылдық саясатпен байланыстыра отырып: «Қазақты жерден қуып, қазақты переселенге айналдыру – отаршылдар жұмысының бірінші жемісі. Қазақтың отырған жерін жұрдай қылып талап, қазақты атамекенінен айдап, қолайсыз жерге ықтырып тастау – отаршылдар жұмысының екінші жемісі», - деп жазып, мғселені дғл басып көрсетті.
М. Тынышпаев Жетісу облысындағы қоныс аударушылардың тым көптігіне назар аударып, келімсектердің келуіне байланысты ғлеуметтік-экономикалық жағдайдың күрт төмендеуін ашып айтады. Аймақтағы шаруашылық құлдырап, құнарлы жерлер тартылып алынған соң, егіс-жайылым көлемі қысқартылып, халқы кедейленіп, адам танымастай өзгерген, - деп жазды.
Үкімет тапсырмасын орындап, Қазақстанның демографиялық жағдайын зерттегендер де болды. Мғселен, А. Донич өз еңбегінде 1926 ж. халық санағының материалдарын талдап, 1928 ж. дейінгі кезеңдегі халық санының өсу динамикасына назар аударды. Оның мғліметтеріне қарағанда, 1928 ж. күзіне дейін республика тұрғындары 6 миллион 507 адамды құраған, 3717094 адамы (51,1%) қазақтар, 1280000 адамы (19,7%) орыстар, 860978 адамы (13,2%) украиндар, 648923 адамы (10%) басқа ұлт өкілдері болған. Республика халқы санының тым аз өсіп, төменгі үлеске ие болуын автор механикалық өсіммен орынды байланыстырғанымен, табиғи өсімнің әсерін ашып бере алмаған.
Республикадағы 1924-1927 жж. ауыл тұрғындарының табиғи өсіміндегі ерекшеліктерін Н.Д. Трублаевич қарастырды. Ауыл тұрғындарының табиғи өсімі 1927 ж. 27,6 промильге ие болғандығын айқындап, оның ұлттар арасындағы ерекшелігіне тоқталды. Автордың көрсетуінше, осы жылдары табиғи өсім орта есеппен қазақтарда – 20,6 промиль, ұйғыр, дүнген жғне өзбектерде – 22,3, ал орыстарда – 30,6 промиль болған. 1920-жж. республика тұрғындары ішінде орыстардың табиғи өсімі жоғары болған. Бірақ, автор ұлттар арасындағы табиғи өсімнің ғркелкі көрсеткішке ие болу себептерін түсіндірмей, тек мғліметтер келтірумен шектелген. Демек, кеңестік өкімет жағдайында ашық жазу көпшілігіне мүмкін болмады.
Қазақстан халқы, оның ұлттық құрамы мен орналасуы мғселелері Т. Рысқұловтың 1927 ж. жарық көрген «Қазақстан» атты еңбегінде жғне М.О. Ғуезовтың 1930 жылы шыққан «Қазақстандағы ұлттар» деген кітабында көрініс тапқан.

Категория: Ғылыми жұмыс | Добавил: erdeeen
Просмотров: 1370 | Загрузок: 410 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2017