Каббаланы ашу - Ғылыми жұмыс - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Пятница, 02.12.2016, 22:56
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Ғылыми жұмыс

Каббаланы ашу

АВТОР ТУРАЛЫ

ихаэль Лайтман (философия PhD, биокибер¬нетика MSc, онтология және таным теориясының профессоры) классикалық каббала саласындағы дүниежүзіне белгілі маман болып табылады. Оның өмірлік жолы белгілі рухани көшбасшы үшін өте ерекше: академиялық білім алып, биокибернетика саласында айтулы жетістіктерге жете отырып, ол бүгінгі күнге дейін оның зерттеулерінің басты нысаны болып отырған ежелгі ғылым- каббаланы зерттеді.
Михаэль Лайтман 1976 жылдан бастап каббаланы зерттеуді бастады. Нағыз ұстаз іздестіру барысында ол 1979 жылы Йегуда Ашлагтың үлкен ұлы және мұрагері каббалистика әлемінде Бааль Сулам деген атпен белгілі каббалист Барух Ашлагқа (1906-1991) кездесті. Бұл атты және даңқты оған «ЗОАР» кітабына жазған «Сулам» (иврит –Баспалдақ) түсініктемесі алып келді.
Осы кезден бастап Михаэль Лайтман он екі жыл бойы Барух Ашлагтың жақын шәкірті әрі жеке көмекшісі болып, оның өмірінің соңына дейін қасында болды.
М. Лайтман өзінің ұстазы қайтыс болған соң каббала ғылымы саласында ғылыми және ағартушылық қызметпен айналысатын тәуелсіз, коммерциялық емес қауымдастықтар - 1991 жылы Халықаралық каббала академиясын, ал содан кейін, 2004 жылы Й. Ашлаг атындағы Зерттеу институтын (ARI – Ashlag Rеsеarch Institutе) құрды .
Халықаралық каббала академиясының әлемнің 30 мемлекетінде қашықтан оқыту орталықтары мен филиалдары бар. Академияның сайтын www.kabbalah.info «Британика» энциклопедиясы қатысушыларының саны, материалдарының хабардарлығы бойынша ірі оқу-білім беру интернет- ресурстарының бірі ретінде атап өтті.
Аталған сайт каббалалық мәтіндерге 20 тілде шектеусіз қол жеткізуге мүмкіндік береді және күніне он мыңға жуық адам сайтқа кіреді.
Бүгінгі таңда Михаэль Лайтманның каббала саласындағы көп жылғы зерттеулері қоғамда қолдау тауып отыр. Оның қаламынан 30-дан астам кітап шықты. www.kab.tv интернет-каналы бойынша күн сайын М. Лайтманның дәрістері алты тілдегі (ағылшын, орыс, неміс, испан, француз, түрік) ілеспе аудармамен тікелей көрсетіледі.
2005 жылдан бастап Михаэль Лайтман Қазіргі заманғы өркениеттің ғаламдық проблемаларын шешумен айналысатын алдыңғы қатарлы ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің жиналысы - Дүниежүзілік Даналық Кеңесінің (World Wisdom Coun¬cil) мүшесі болып табылады.Халықаралық зияткерлік қауымдастығының белгілі өкілдері М. Лайтманның ғалымдар мен қалың көпшілікке каббала білімдерін беру жөніндегі жұмсап отырған күш-жігеріне қолдау көрсетуде.
Будапешт клубының (Club of Budapest) негізін салушы әрі президенті және Дүниежүзілік Даналық Кеңесінің (World Wisdom Coun¬cil) Профессор Эрвин Ласло (Италия/Венгрия) былай деген болатын: «Осынау планетада біздің болашақтағы тіршілік етуіміздің тағдыры шешіліп жатқан уақытта ежелгі каббала ғылымы тағы да маңыздылық пен өзектілікке ие болуда. Классикалық ілімде қамтылған даналық қазіргі пайда болып отырған проблеманы шешу үшін және біздің алдымызда туындаған мүмкіндіктерді ашу үшін пайдаланылуы тиіс. Осы жолдау Израильде, сонымен қатар бүкіл әлемдегі барлық адамдар үшін қол жетімді болуы тиіс. Осы маңызды міндетті шешуге және осы тарихи миссияны орындауға Михаэль Лайтманның ғана қолынан келеді.
Каббала философиясы саласындағы жетекші маман профессор Даниэль Мэтт (АҚШ) «Михаэль Лайтман- бұл сирек кездесетін таң қаларлық тұлға: ғылым мен каббаланың негізделген синтезінің негізін қалаған таланты ғалым» деген болатын.

1-бөлім
Каббаланың өткені мен бүгіні

Жалпы түпкі ой
Каббаланың қазіргі заманғы голливудтық танымал ағымның жемісі емес екені баршаға белгілі. Бұл ғылым мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Ол туындаған кезде қазіргіге қарағанда адамдар табиғатқа етене жақын болған. Олар өздерінің табиғатпен тығыз байланысын сезініп, өздерін қоршаған айналаның барлығына ұқыптылықпен қарады. Ол күндері адамдарда оқшаулану үшін ешқандай себептері болмады, себебі олар бүгінгі күнгі біздер секілді менменшіл және табиғаттан мүлдем алыстамаған еді. Ол кезде адамзат табиғаттың ажырамас бөлігі болып табылатын және өзін қоршаған әлемді тереңірек танып білуге ұмтылатын еді.
Табиғаттың заңдарын білмеушілік адамдарға өздерін сенімді ұстауға мүмкіндік бермеді: олар табиғи апаттың күш-қуатының алдында дәрменсіз болды және оларды жоғарғы күш ретінде қабылдауға мәжбүр болды.
Табиғатпен тығыз байланыста бола отырып, сонымен қатар одан қауіптене отырып, адамдар қоршаған ортаны танып білумен ғана шектелмей, ең маңыздысы, табиғатты кім немесе не басқаратынын анықтауға ұмтылды.
Бұрынғы өткен заманда адамзат табиғат апаттарынан, дәл бүгінгі кездегідей, біздің «жасанды» әлемімізге белгісіз қиыншылықтардан құтыла алмады.(В те далекие времена род человеческий не мог укрыться от буйства стихий, как сегодня, избе¬жать невзгод, неведомых нашему «искусственно¬му» миру. ) Сондықтан табиғатқа етене жақындық пен оның алдындағы қорқыныш көптеген адамдарды олар үшін, яғни біздің барлығымыз үшін табиғат дайындаған қандай да бір ниетті іздестіруге итермеледі. Осы қоршаған ортаға тұңғыш жол салушыларды оның қандай да бір мақсаты бар ма, егер бар болса жаратылыстың жалпы түпкі ойындағы адамзаттың алатын орны қандай екенін білгісі келді. Жаратылыстың түпкі ойын танып білудің ең жоғарғы деңгейіне қол жеткізгендер «каббалисттер» деп атала бастады.

«Каббалист» термині «алу» деген мағынаны білдіретін иврит тіліндегі «каббала» сөзінен шыққан. Каббаланың түпнұсқа тілі бастапқыда бір-бірімен рухани тақырыптарда қарым-қатынас жасауда көмектесе отырып, каббалистермен және кабалисттер үшін жасалған.Көптеген каббалистік кітаптарбасқа да тілдерде жазылған, алайда негізгі терминдер әрдайым иврит тілінде қолданылады.
Осы тұңғыш жол салушылардың ішінде Авраам есімді ерекше тұлға болған. Ол Жаратылыстың түпкі ойын өзі терең зерттеп қана қоймай, осы білімдерді басқаларға да бергенімен белгілі болы.
Бір күні ол адамдар үшін табиғаттың оларға қатысты ниетін толық түсінгенде ғана қорқыныш пен қайғы-қасіреттен құтылуға болатынын түсінді, және сол себептен үйренгісі келгендердің барлығын күш-жігерін аямай оқыта бастады. Осылайша, Авраам каббала ұстаздары саңлақтарына жол салған тұңғыш каббалист болды. Оның ең қабілетті шәкірттері өз кезегінде оның берген білімін келесі ізбасарларының ұрпағына беретін ұстаз болды.
Каббалистер табиғаттың жалпы бағдарламасының авторын «Жаратушы», ал бағдарламаның өзін «Жаратылыстың түпкі ойы» деп атайды. Басқаша айтқанда,кабалистер табиғат пен оның заңдары туралы айтқанда олар Жаратушы туралы айтады. Жаратушы туралы айтқанда олар табиғат пен оның заңдары жөнінде тұспалдайды. Бұл терминдер синоним болып табылады.
Кабалист үшін «Жаратушы» анықтамасы нақты, табиғаттан тыс мағынаны емес, адам ең жоғары деңгейде білім алып, шығуы тиіс келесі сатыны білдіреді. Иврит тілінде «Жаратушы» «Борэ» деп айтылады және екі сөзден тұрады: «Бо» (кел) және «Рэ» (қара). Сонымен «Жаратушы» сөзі әрбір адамға арналады және рухани әлемді танып білуге шақырады.


Ғылым бесігі

Тұңғыш кабалисттер алған білімдер оларға айналада болып жатқан құбылыстардың жасырын тетігін білуіне көмектесіп қана қоймай, сонымен бірге біздің барлығымызға кездесетін табиғи құбылыстарды түсіндіруге мүмкіндік берді. Сондықтан, олардың ұстаз болуы, ал олар келер ұрпаққа қалдырған ғылыми мағлұматтардың ежелгі және қазіргі заманғы ғылымдарға негіз болуы да өте орынды.
Кейбіреулерге каббалистер жартылай қараңғы тар бөлмелерде шырағданның жарығымен құпия манускриптер жазатын тақуалар болып көрінеді. Себебі XX ғасырдың аяғына дейін каббала жасырын болып келді. Осындай мистикалық атмосфера аталған ғылымның айналасында небір аңыздар мен оқиғалардың пайда болуына әкелді, және олардың көпшілігінің жалғандығына қарамастан, олар бүгінгі күнге дейін ең салиқалы ойшылдардың өзін абдыратып, ойын сан саққа жүгіртеді.


Готфрид Лейбниц,ұлы математик және философ, құпиялылықтың каббалаға қалай әсер еткені жөнінде өз ойын былай деп ашық айтады: «Адамдардың білуге деген құштарлығы болса да Құпияға деген дұрыс кілті болмағандықтан, ақыр соңында каббаланың ақиқатынан алыс «тұрпайы каббаланың» пайда болуына әкеп соқтырған көптеген ұсақ-түйектер мен нанымдар, сондай-ақ сиқыршылық деген жалған атпен әртүрлі қиялдар туындады, және осылар туралы көптеген кітаптарда жазылған.
Дегенмен, каббала үнемі құпия болып келген жоқ.. Шындығында, алғашқы каббалистер өз танымдарымен ашық бөлісіп, қоғам өміріне белсенді араласты. Каббалистермен өзара іс-қимыл кейіннен қазіргі заманғы ғылымның іргетасын қалаған, және біз бүгінгі күні «батыс философиясы» деп атайтын ілімнің негізін салуға ықпалын тигізе отырып, олардың замандастары болып табылатын ғалымдарға үлкен әсерін тигізді.
Гуманист, классицизм зерттеушісі, ежелгі тілдер мен әдебиет саласындағы маман Иоганн Рейхлин «Каббала өнері» атты кітабында былай деп жазады: «Философияның атасы, менің ұстазым Пифагор өз ілімін гректерден емес, иудейлерден алды, сондықтан да ол каббалист болып аталуы тиіс… Және ол өзінің замандастарына белгісіз болып келген сөз «каббаланы» грек тіліне «философия» деп аударды…Каббала бізге мүрдемізді сүйретіп өмір сүруге мүмкіндік бермейді, алайда біздің санамызды танымның шыңына шығарады».

Басқа да жолдар

Дегенмен, философтар каббалист болған емес. Олар каббаланы зерделеп оқымағандықтан, осы ежелгі даналықты терең бойлап, толық түйсінбеді. Соның нәтижесінде ол бұрмаланып дамыды және қолданылды, себебі каббаланы білу, дамыту және қолдану ерекше көзқарасты талап етеді. Каббала ғылымы әлемнің басқа да жерлеріне енген кезде едәуір өзгерістерге ұшырады.
Осылайша адамзат бұрма жолға түсті. Батыс философиясы өзіне каббалистика ілімінің бір бөлігін алғанымен, оның дамуы мүлде өзгеше бағытта болды. Батыс философиясынан бес сезім органдары арқылы қабылданатын біздің материалдық әлемімізді зерттейтін ғылымдар туындады. Ал каббала біздің табиғи сенсорларымыздың қабылдауынан тыс болатын құбылыстарды зерделейтін ғылым болып табылады. Басымдылықтардың өзгеруі адамзатты каббалистердің бастапқы білімдерінен басқа, мүлде қарама қарсы бағытқа бастады. Осындай бағыттың ауысуы адамзатты ұзақ та айналма жолмен жүруге мәжбүрледі, бұл фактінің салдарларын біз келесі бөлімде қарастырамыз.

Категория: Ғылыми жұмыс | Добавил: erdeeen
Просмотров: 842 | Загрузок: 1073 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2016