Халықтың көшіп-қонуын мемлекеттік реттеудің экономикалық мәселелері - Ғылыми жұмыс - Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках - Қазақша реферат
Суббота, 25.02.2017, 02:52
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Ғылыми жұмыс

Халықтың көшіп-қонуын мемлекеттік реттеудің экономикалық мәселелері

БЕН қалыптасуында білікті еңбекшілерді экспорттаушы елдер бұрынғыға қарағанда белсенді рөл атқара бастады. Бұл елдер осы нарыққа шығудың және ұлттық даму мақсатында онда ең үлкен артықшылықтарды алудың стратегиясын жасап шығуда. Айталық, мысалы Қытай 2000 жылдың көктемінде «сыртқа бару» ұранын алға шығарған жаңа сыртқы экономикалық стратегияны жариялады. Қытайлар бұл стратегия елдің халықаралық еңбек нарығындағы позициясының едәуір кеңеюін қамтамасыз етуі тиіс дейді. ҚХР өз елінің үлесіне жер шарындағы жұмыс істеуші адамдардың үштен бірі келетінін, әйтсе де әлемдік еңбек нарығының 2-3 % ғана оған тиесілі екендігін назарға алып отыр. Соған сәйкес Пекинде әлемдік еңбек нарығының шамамен 10 % жаулап алу міндеті алға жиі қойылып отыр]. ҚХР-дағы ғылыми-техникалық кадрлардың (ҒТК) саны АҚШ, Жапония, ЕО, Ресей елдерінің бәрін қоса алғандағыдай болады. Бірақ бұл кадрлардың сапасы біршама төмен деңгейде. Айталық, Лозанна халықаралық менеджмент мектебінің халықаралық бәсекелестікке қабілеттілік жөніндегі баяндамасына (2000) сәйкес ҚХР «білікті инженерлердің жарамдылығы» көрсеткіші бойынша ең соңғы, ал «білікті ақпаратық технологтардың жарамдылығы» көрсеткіші бойынша соңғының алдындағы орынды иеленді.
Сонымен, жоғары білікті жұмыскерлердің ғаламдық нарығы барлық шекараларды жойып отыр, ал бірыңғайландырылған дипломдардың иелері осы нарықтың, өз білімдері мен дағдыларын ең тиімді түрде жүзеге асыруға мүмкіндігі бар, белсенді қатысушыларына айналды.
Ғаламдық еңбек нарығының қалыптасуы шетелдік жұмыс күшін төмендегідей түрде жүзеге асатын экспорттау және импорттау арқылы көрініс тапты:
- білікті жұмысшы мигранттардың орын ауыстырулары;
- студенттерді шетелде оқыту және кейін оларды оқыған елдерінде немесе басқа елдерде жұмысқа орналастыру;
- білікті жұмысшылардың білімдерін оларды орын ауыстырмай-ақ пайдалану.
Мемлекеттің эмиграциялық саясатының негізі — жұмыс күшінің елден шығуын; шетелде болуын; отанына қайтуын — қамтитын эмиграциялық циклдың үш фазасын реттеу болып табылады. Іс жүзінде бұндай реттеу төмендегі ұстанымдарды сақтаудан тұрады:
- жұмысшылардың қозғалыс еркіндігі мен жұмысқа орналасу құқығын қамтамасыз ету;
- миграттандың отанына қайтуына кепілдік беру;
- еңбекші мигранттардың валюталық ақша аударымдарының елге келуін және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
- мамандықтарына сұраныс жоқ жұмысшыларды шетелге жіберу арқылы жұмыссыздықты азайтуды қолдау;
- экономиканың жұмыс күшіне деген сұранысы қанағаттандырылмаған секторларында жұмыс істейтіндердің елден кетуін шектеу;
- халық шаруашылығын дамытуға қажетті мамандықтарды шетелде игерген репатрианттарды қабылдау арқылы ішкі еңбек нарығын жетілдіру;
- еңбекші эмигранттарға әлеуметтік кепілдіктер беру.
Қазіргі таңда тұрғындардың халықаралық көші-қоны аса ауқымды болып кетті, бұның өзі, ең алдымен, дамыған елдердің алдына күрделі және көптарапты мәселелердің кешінін қойды. Көші-қонды реттеуші биліктің елге қажет емес иммигранттардың алдына өте алмастай тосқауыл қоюға және ірі өзге этникалық қауымдардың қабылдаушы қоғамға тиімді кірігуін қамтамасыз етуге қабілетсіз болуы, көші-қон саясатының жаңа әдіс-тәсілдері мен жаңа құралдарын іздеудің қажеттігін көрсетіп отыр.
Дамудың қозғаушы күші ретіндегі диаспоралардың белсенділігі тұтастай алғанда — отанында қалған туыстарының, байланыстарының болуы, оларға қаржылай және басқаша көмек көрсетуге ұмтылу, макроэкономикалық жағдайлар, мигранттардың отанында қаржы салушылық және басқа да мүмкіндіктердің болуы (немесе болмауы) сияқты бірқатар факторларға байланысты болады. Оның үстіне, нарықтық инфрақұрылымның институтционалдық дамуының белгілі бір деңгейде болуы талап етіледі, оған әлі бірқатар елдер жеткен жоқ. Инвестициялық климаты нашар, фискалдық тәртібі әлсіз және басқаруында қателіктер жіберілетін елдер диаспораның тарапынан болатын қаржы салымдарының шектелуіне ұшырайды.
Әдетте, диаспора мен мигранттардың отанындағы экономиканың дамуы арасындағы байланыс төмендегідей формада жүзеге асады:
- мигранттардың ақшалай аударымдары;
- отанда қалған қауымдарды дамыту үшін ұжымдық ақша аударымдары;
- диаспораның көмегімен іскерлік байланыстарды жолға қою;
- диаспораға арналған қаржы салу құралдарын жасау;
- ілім-білімді беру, «милардың айналымы» немесе «ми тресі» деп аталатынға қатысу.
Өздері шыққан елдің дамуына мигранттардың қатысуының алғашқы екі түрін (тікелей түрі — отбасына көмектесуге жіберілген ақша аударымдарының шағын бизнеске салынуы және жанама түрі — мигранттың туысқандары ақша аударымдарын өздерінің тауарлар мен қызметтерге деген қажеттіліктерін өтеуге жұмсаған кездегі болатын мультипликациялық әсер арқылы жүзеге асады) олардың бәрі жүзеге асырса, соңғы үш түрі тек білікті және әсіресе жоғары білікті мигранттардың үлесіне тиеді.
Мигранттардың санының көбеюі оларға жаңа сапалық сипат береді, өздері шыққан елдердің ғаламдасу үдерісінің шеңберіне енуіне көмектесуші байланыстырушы буынға айналдырады. Соның ішінде иммиграция сыртқы сауданы жандандырады. Батыс ғалымдарының мәліметтеріне сәйкес, мысалы, АҚШ-тағы иммигранттардың санының 10%-ға өсуі экспортты 4,7%-ке, импортты – 8,3%-ке ұлғайтады.
Этникалық кәсіпкер-мигранттар, әдетте, нарықта төрт қуыстықты табады. Біз осы жіктемелеумен көп жағынан келісе отырып, оның қосымша белгісі ретінде этникалық кәсіпкердің миграцияның түріне қарым-қатынасын пайдалануды мүмкін деп есептейміз. Осы факторды есепке алу этникалық кәсіпкерлердің нарықтағы мамандануын ғана қарастырып қоймай, сондай-ақ этникалық мигранттардың іскерлік әлеуеттерінің жүзеге асу ерекшеліктерін және келешек дамуын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Бірінші қуыстық — ретті емес, көп жағдайда кездейсоқтық сипаттағы эпизодтық миграцияның негізінде этникалық мигранттар қауымының ішкі қажеттіліктері үшін этникалық тұтыну тауарларын жеткізу, өндіру және сату.
Екінші қуыстық – этникалық тауарларды тұрғылықты халыққа жеткізіп берумен байланысты болады, ол қоржын сауданың немесе маятниктік көші-қонның негізінде жергілікті нарыққа «экзотикалық» тауарларды ұсыну болып табылады. Көп жағдайда бұл айқын байқалатын моноэтникалық сипатқа ие тұтастай монополияландырылған нарықтар болып табылады.
Үшінші қуыстық – тұрғылықты мекенжайға көшіп-қону кезінде тұтынушыға қажетті әрқилы түрдегі қызметтерді қанағаттандыру.
Төртінші қуыстық – нашар қорғалған және тұрақсыз нарықтарды толтыру, сондай-ақ экономиканың абыройлы емес, байырғы тұрғындардың көп жағдайда тастап кететін салаларында жұмыс істеу. Бұл жағдайда мигрант кәсіпкерлердің арасында маусымдық және мәжбүри мигранттар басым болады.
Қазіргі таңдағы кеңестік дәуірден кейінгі экономиканың дамуының өзіндік жағдаяттарын есепке ала отырып, біздің пікірімізше, бесінші қуыстықты бөліп көрсетуге болады. Оны көптеген аймақтардағы этникалық азшылықтардың заңсыз мигранттары толықтырады, олар негізінен көлеңкелі құрылымдардан тұратын белгілі бір топтардың тар корпоративтік мүдделерін қанағаттандыру мақсатында криминалдық экономика саласында әрекет етеді.
Жоғарыда баяндалғандардан төмендегідей қорытындылар жасауға болады:
Біріншіден, этникалық еңбектік көші-қон диаспораның қамқорлығымен жүзеге асады, ол мигранттарды қаржылық, моральдық қолдау түрінде көрініс табады. Мигранттардың жаңа өмір сүру орындарына орнығуына және кәсіпкерліктің дамуына қажетті қаржы-қаражатты мемлекет емес, туған-туыстары мен достары береді.
Екіншіден, этникалық кәсіпкерлік мигранттарды әлеуметтік-экономикалық бейімдеудің шынайы табысты жолы болып қана қоймай, кең көлемде ен жайып отыр.
Үшіншіден, этникалық кәсіпкерліктің қарқынды дамуы ұлттық негіздегі табыс деңгейінің әрқилы болуын күшейте түседі. Көптеген ұлтаралық талас-тартыстардың негізінде экономикалық себептер жатады – яғни, тұрғылықты халықпен салыстырғанда кейбір этникалық топтардың өмір сүру деңгейінің жоғары болуы себеп болады.
Сонымен, этникалық көші-қон және кәсіпкерлік өзара тығыз байланысты құбылыстар. Кәсіпкерлік этникалық көші-қонсыз да дами беруі мүмкін, алайда мигранттар кәсіпкерлікке белгілі бір әлеуметтік-мәдени түр-түс беріп қана қоймайды, сондай-ақ көп жағдайда оның дамуының қозғаушы күші ретінде де көрініс табады. Сонымен бірге көші-қонның экономикалық себептері – өз бизнесін ашуға ұмтылу және өмір сүру деңгейін жақсартуға тырысу – әрдайымда негізгі қозғаушы күш болып қала береді. Этникалық бизнес – кейбір этникалық азшылықтардың әрқилы іс-әрекет түрлеріне бейім болуы және мигранттардың басқа бір әлеуметтік-мәдени ортада өмір сүруге табысты бейімделуінің үйлесуінің нәтижесі болып табылады.
Қазақстан республикасындағы көші-қон үдерістерін талдау.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы және оны әлемдік қоғамдастықтың тануының нәтижесінде туындаған жаңа экономикалық және саяси жағдайлар тұтастай алғанда елдегі және оның аймақтарындағы көші-қон үдерістерінің сипатына, түрлеріне және бағыттарына елеулі өзгерістер енгізді. Қазақстан ұзақ кезең бойы жабық жүйе ретінде өмір сүрді, ондағы халықаралық миграция туристік немесе жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысулармен шектеліп, эпизодтық сипатқа ие болды. Ол, сондай-ақ, негізінен жоғары білікті жұмысшылардың социалистік және дамушы елдердегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың және басқа нысандардың құрылысына іссапарларға барып қайтуы түрінде де жүзеге асырылды.
Елдің «ашық болуы» саясатын жүргізу, эмиграцияға байланысты көзқарастарды либералдандыру халықтың Қазақстаннан басқа елдерге қоныс ауыстыруын жандандырды, бұның өзі еңбек әлеуетінің едәуір азайып кетуіне әкеліп соқтырды. Өзінің тарихи отанына оралуына мүмкіндіктің кеңеюіне байланысты тұрғылықты емес халықтың көшіп кетуі ұлғайды. Негізгі көші-қон ағыны жақын шетелдің Ресей, Украина, Беларусь сияқты елдеріне, Германия, Израиль сияқты алыс шетелдерге бағытталды. Айталық, 1991-2001 жылдардағы халықаралық көші-қон бойынша республикаға 788,2 мың адам көшіп келді, 2757,8 мың адам республикадан көшіп кетті. Көші-қонның теріс сальдосы 1969,8 мың адамды құрады. Көші-қонның теріс сальдосының ең көп болған «шыңы» 1994 жылмен тұспа-тұс келді, бұл кездері елден жарты миллионға жуық адам кетті, 70 мыңнан сәл астам адам көшіп келді.

3- кесте - Қазақстанда реформа жылдарындағы көшіп-қону үдерісінің динамикасы.

Жылдар Барлық көшіп-қонушыға қатысушылар, мың. адам
Көшіп-кетушілер Көшіп-келушілер Көшіп-қону сальдосы
1995 309,6 71,1 - 238,5
1996 229,4 53,9 - 175,5
1997 299,5 38,1 - 261,4
1998 243,6 40,6 - 203,0
1999 164,9 41,3 - 123,6
Барлығы 1995-1999 ж.ж. 1247,0 245,0 - 1002,0
Орташа жылдық 249,4 49,0 - 200,4
2000 155,8 47,5 - 108,3
2001 141,7 53,5 - 88,2
2002 120,2 58,2 - 62,0
2003 73,9 65,6 - 8,3
2004 65,5 68,3 2,8
Барлығы 2000-2004 ж.ж. 557,1 293,1 - 264,0
Орташа жылдық 111,4 58,6 - 52,8
2005 74,8 52,1 22,7
2006 68,3 65,5 2,8
Ескерту- ҚР статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйеніп жүйеленген

3 кестеге қарап, Қазақстанда 2004 жылдан бастап, сыртқа шығатын адамдар саны азайды, (бірінші рет соңғы 40- жылдың ішінде), сырттан келушілермен салыстырғанда. Статитстикалық мәліметтерге қарап баға берсек, 1206,7 мың орыс, 531,2 мың неміс, 177,5 мың украйндар кеткен, сонымен қатар осы аралық ішінде 171,8 мың қазақ көшіп кетті.
Көші-қон үдерістерінің қарқындылығын анықтайтын экономикалық факторлардың ішіндегі ең маңыздысы жылына бір адамға шаққандағы ақшалай табыстың көлемі болып табылады. Зерттеулер қала тұрғындарының табысы ауыл тұрғындарыныкінен 2 есе көп екендігін көрсетіп отыр. Сонымен бірге, бұндай жағдай 2001-2005 жылдарда да сақталып отыр және ол төмендегідей себептермен түсіндіріледі:
1) қалада асыраудағы адамдардың аздау болады және жалданып істелінетін жұмыс үшін алынатын табыс деңгейі жоғары болады (қалада —70-79 %; ал ауылда — 57-60 %);
2) әдетте, мөлшері аз болатын зейнетақы, жәрдемақы, төлемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер ауылдық жерлердегі табыстың деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Ол ауылдық отбасының жалпы жиынтық табыстарының 23%-ын құрайды (ал қалада — 30%).
4 - кесте - Қазақстандағы халықтың орташа айлық еңбек ақысы 2001-2005 жылдар
Экономика саласы 2001 2002 2003 2004 2005
Өндіріс 23,76 26,23 30,3 36,2 40,9
Ауыл шаруашылығы
17,3
20,3
23,13
28,33
34,1
Сауда 15,4 18,9 22,8 27,6 33,6
Байланыс және көлік
24,4
29,0
34,1
41,6
49,0
Мемлекеттік басқару
15,0
16,9
18,0
26,0
31,1
Ескерту- ҚР-ның статистика агенттігінің мәліметі

4 – кестеден көріп тұрғанымыздай, Қазақстанның экономикасы тұрақтанған кезден бастап, ауыл шаруашылығындағы орташа айлық еңбек ақысы өндіріспен салыстырғанда 15-17 % кем болды, ал ел бойынша орташа 16,3% - ға кем болды. Осы көрсеткіш табысқа да байланысты және күн көру қажеттілігіне де сақталып отыр. Келесі кестеде.
5 - кесте – Табыс, Қазақстандағы күн көруге байланысты (айлық орташа жан басына шаққанда, теңге)
Тұратын жері 2001 2002 2003 2004 2005
Қалалық жер 6787 7799 8999 98/60 11504
Ауылдық жер
4477
4989
5828
6560
7599
Ескерту- ҚР-ның статистика агенттігінің мәліметі

5 - кестеден көріп тұрғанымыздай ауылдағы халықтың табыс деңгейі, қаламен салыстырғанда 66,1 %-ы құрайды.
Табыстардың қалыптасуының елеулі тұсы, қалада көпсалалық көбірек байқалады, сол себепті этникалық құрамы әрқилы, кәсібилігі және мамандығы жетілген, саяси бағыт-бағдары мен мәдениетінің өрісі кең топтар кеңірек таралған. Қалалық ортада білім алудың, жұмыс орнын таңдаудың кең мүмкіндіктері бар, бірақ ол үлкен қайтарымды, жоғары деңгейдегі мәдениетті жұмысты қажет етеді. Осылайша, ақшалай табыстар динамикасының қаладағы деңгейінің жоғары болуы объективті түрде қалыптасады.
Алматыдан, Астанаға астананың 1997 жылғы көшуі, ішкі көшіп қонуда үлкен өзгеріс алып келді, мұндағы еңбек ресурстарының жаңа қалаға ағылуы. Астана қаласына 1999-2001 жылдар арадлығында 192976 мың адам келді. Астанаға 1997 жылдан 2005 жылдар аралығында барлығы 264,2 мың адам келді.
Астана қаласын еңбекке қабілетті адамдармен қамтамасыз ету керек болып, Қазақстан республикасындағы еңбек нарқында біршама өзгерістер болып, еңбек әлеуеттерін бірқалыпты болу керек болды.
Астана қаласына көшіп келген 120 адамға анкета өткізгенде, төмендегідей негізгі себептердікөрсетті:
- болашақтағы карьералық өсу үшін (40,7%);
- еңбек ақының жоғары болып, көп ақы алу мүмкіндігі – (17,3%);
- өмір сүру деңгейі жоғары – (14,7%);
- отбасы жағдайына байланысты – (12,7%);
- жоғары білім алу мүмкіндігі – (9,3%).
Себептерді талдағанда байқағанымыз, алдымен экономикалық факторлардың тұратындығы, содан соң әлеуметтік фактор. Бірақ осы екі фактор бір-бірімен өте тығыз байланыста, осылардың жиынтығы еңбекке қабілетті халықты құрайтындығы немесе еліміздің кадр әлеуметін жасақтайды.
Сондай-ақ Қазақстанның аумағындағы халықтың орналасуында да өзгерістер болып жатыр. Халықтың тығыздығы аз да болса төмендеді (1989 жылғы 1 км2 5,95 адамнан 1999 жылғы – 5,49 адамға). Республиканың халық ең тығыз орналасқан облысы Оңтүстік Қазақстан (16,9), ал халқы ең аз облысы Маңғыстау (1,9) болып отыр. Батыс Қазақстан аймағында да, сондай-ақ Орталық және Шығыс Қазақстанда да халықтың тығыздығы азғантай. Елдің халқының едәуір бөлігі (41,8% немесе 6250 мыңнан астам адам) Оңтүстік табиғи-экономикалық аймақта өмір сүріп жатыр. Солтүстік Қазақстан елдің халқының саны көп аймағы болып табылады, санақ жүргізілген кезде бұл жерде 3,7 млн. адам немесе бүкіл халықтың төрттен бірі өмір сүріп жатты. Батыс Қазақстанның үлесіне халықтың 13,7%-ы тиесілі. Республиканың әрбір бесінші тұрғыны Шығыс (10,3%) және Орталық (9,4%) Қазақстанда өмір сүруде.
Өндірістік емес салада еңбек етушілердің үлес салмағының көбеюі ауыл халқының қалаға қоныс аударуы деңгейіне теріс әсерін тигізеді. Қазақстандағы жұмыспен қамту жеке тұтынудың барынша тармақталған және күрделі жүйесін қанағаттандыруға қатысушы жұмысшы күшінің жаңа топтарының пайда болу үрдісін көрсетіп отыр. Соған қарамастан бұл үрдісті бір жақты бағалауға болмайды, себебі, позитивтік көзқарас тұрғысынан ол халықтың экономикалық мінез-құлқының эволюциясына әкеліп соғады, сонымен қатар ол жұмысшы күшінің материалдық өндіріс саласынан (әсіресе ауылшаруашылық) ауысуына өте теріс әсер етеді, бұл қызмет көрсету саласына берілетін өндірістің күрт қысқаруымен қатар жүреді.
Республикадағы төзімділік көңіл күйге, этникалық және аймақтық талас-тартыстардың болмауына қарамастан, тек қана 1992-1994 жылдары елден 1125 мың адам кетті, 343 мың адам келді. Миграциялық кетудің ең көп болған кезі 1994 жылы елден 811,3 мың адам кетті, 400,9 мың адам келді. Миграцияның теріс сальдосы 410,4 мың адам болды. Елден кеткендердің ішінде елді мәжбүри тастап кеткен репатрианттар болды, олар қазіргі кездері өздерінің тұрғылықты орындарына қайтуда, бірте-бірте көші-қон үдерістерінің қарқындылығы азая бастады. Алайда, 1997 жылы әлеуметтік саланы оңтайландырудың барысында көптеген шағынжинақты ауыл мектептері, медициналық пункттер және басқа әлеуметтік мекемелер жабылған кездері адамдардың елден кетуі күшейді, кетушілердің саны 504 мың адамға дейін ұлғайды. Кейінгі жылдары таратылған, өмірлік маңызы бар әлеуметтік құрылымдарды қалпына келтіру адамдардың өз тұрғылықты орындарын ауыстыруға деген ынтасын едәуір төмендетті. 2001 жылы көші-қонның теріс сальдосы 94,2 мың адамды, ал 2002 жылы – 62 мың адамды құрады. Белгілі бір табиғи өсімге қарамастан республика өзінің халқының бір бөлігінен айырылып қалды. 1989 жылы жүргізілген санақтың мәліметтері бойынша Қазақстанның халқының саны 16199,2 мың адам болса, ал 1999 жылғы санақ бойынша – 14953,1 мың адам болды, яғни осы санақтардың арасында республика 1246,1 мың адамнан немесе өз азаматтарының 7,7 %-нан айырылды. 2006 жылдың басына қарай Қазақстанның халқы 15219,3 мың адам болды, яғни 5,6 адамға бір км2 келді, мұның өзі, әрине, елдің аумағына сәйкес емес.
6-кестеден көріп тұрғанымыздай Қазақстандағы көшіп – қону үдерісі, кері жағдайға өзгерді. Қазіргі таңдағы тұрғылықты орнын ауыстырушы мемлекетаралық иммиграцияның көлемі мен сипаты әлемнің бірқатар елдерімен адам алмасу арқылы жүреді. 2000 жылы жақын шетелдерден Қазақстанға 31,6 мың адам келді, 117,4 мың адам кетті; ал 2005 жылы тиісінше 74,8 мың адам келіп, 52,14 мың адам кетті (6 кесте).
6 кесте - 1993 ж. және 2005 ж. Қазақстан Республикасындағы сыртқы миграция
1993 жыл 2005 жыл
Келді Кетті Сальдо Келді Кетті Сальдо
Барлық мигранттардың саны 461,4 683,5 -222,1 373,4 350,8 +22,7
Соның ішінде:
Халықаралық миграция: 111,3 333,4 -222,1 74,8 51,14 +22,7
ТМД елдері 100,3 232,9 -132,6 65,8 40,7 25,1
ТМД елдерінен тыс 11,0 333,4 -89,5 8,98 11,4 3,5
Ескерту: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтері

Көші-қонның теріс сальдосы орыстілді халықтың отандарына қайтуына байланысты сақталып отыр: украиндар – 6 мың адам; белорустар – 1,3 мың адам; орыстар – 46 мың адам кеткен.
Эмиграциялық ағындарда екі негізгі бағыт көзге түседі: Ресейдің шекаралас облыстарына көшіп кету, ол жерлерде өмір сүру деңгейі жоғары, тезірек үйренісуге болады және сол жақта қалған туыстармен байланыс орнату оңайырақ. Екінші бағыт Қазақстанның өндірістік аймақтарынан Ресейге, Украинаға, Белоруссияға көшу, бұл жұмыссыз қалған жұмысшы кадрлардың кетуімен және ол жерде туысқандардың бар болуымен байланысты болып отыр. Иммигранттар үшін де осы бағыттар басым мәнге ие болуда.
Соңғы 15 жылдың ішінде облыс ішіндегі және облыстар арасындағы халықтың көші-қонында үлкен өзгерістер болды (7 кесте). Айталық, облыс ішіндегі көші-қон 1991 жылғы 275,5 мың адамнан 1999 жылғы 94,8 мың адамға дейін (яғни 2,9 есеге) азайды, облысаралық көші-қон тиісінше 155,8 мың адамнан 78,6 мың адамға (2 есеге) азайды.
7 кесте - 1991 - 2005 жылдардағы республика ішіндегі халықтың көші-қоны, адам
Жылдар Республикалық миграция соның ішінде:
Облыс аралық облыстар ішіндегі
1991 431262 155766 275496
1992 361356 136094 225262
1993 347652 134445 213207
1994 327323 131002 196231
1995 304959 123383 181576
1996 236957 97524 139433
1997 204569 81060 123509
1998 228610 96973 131637
1999 173416 78584 94832
7 - кестенің жалғасы

2000 184409 79104 105305
2002 268922 103881 165041
2005 317928 127474 190454
Ескерту – ҚР статистикалық агентінің мәліметтірі бойынша автор жүйелеген

Соңғы жылдардың ішінде халықтың облысаралық көші-қонында Астана мен Алматы қалалары, Ақмола және Маңғыстау облыстары елдің басқа аймақтарының есебінен көші-қонның оң сальдосына ие болып отыр. Астана қаласы негізінен төмендегідей аймақтардың есебінен – Ақмола облысы, Алматы қаласы, Қарағанды және Қостанай облыстарынан жүрген көші-қонның оң сальдосына ие болып отыр. Ал, Алматы қаласы болса – тиісінше Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының есебінен ие болған. Облысаралық ауысулар негізінен аймақтың шеңберінде жүруде.
Біз жасалып шығарылған болжамдау әдістемесін пайдалана отырып, ҚР көлемінде облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша, сондай-ақ тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы көлемінде халықтың көші-қонының 2010 жылға дейінгі болжамын жасадық (жұмыста келтірілген).
Көрсетілген обьектілер бойынша халықтың көші-қонының динамикасы мен болжамын әрқилы болжамдық әдістерді қолданып, іздестіріп-зерттеудің нәтижелері келесі кестелерде келтірілген. Сәйкестікке (сапаға) және дәлдікке қойылатын жоғарыда көрсетілген талаптарды есепке ала отырып, 8, 9 кестелерде келтірілген, сондай-ақ 3 суретте көрсетілген ҚР халқының көші-қон деңгейінің 2011 жылға дейінгі көрсеткіштерін болжамдаудың математикалық үлгілері таңдалып алынды.
8 кесте - ҚР халқының көші-қон деңгейін Браунның полиномиальды үлгісі бойынша
а = 0,0005, адам деп алғандағы болжамдаудың нәтижелері

Жылдар
t
Көші-қонның іс жүзіндегі деңгейі, адам
Көші-қон деңгейінің есептік мәндері, адам
Сенімді болжамдау
аймағы

1991
1
431262
442391

1992
2
361356
386658

1993
3
347652
338531

1994
4
327323
298009

1995
5
304959
265094

1996
6
236957
239783

1997
7
204569
222079

1998
8
228610
211980

1999
9
173416
209487

2000
10
184409
214600

2001
11
226666
227319

2002
12
268922
247643

2003
13
293425
275572

2004
14
317928
311108

8 кестенің жалғасы
Алдын алу уақыты

Болжамдық У (t)

2005
15

372731
370795
374667

2006
16

315089
313153
317025

2007
17

261249
259313
263185

2008
18

211213
209277
213149

2009
19

164979
163043
166915

2010
20

122548
120612
124484

2011
21

83920
81984
85856

9 кесте - ҚР халқының облысаралық көші-қон деңгейін Браунның полиномиальды үлгісі бойынша а = 0,0001 деп алғандағы болжамдаудың нәтижелері

Жылдар
1
Көші-қонның іс жүзіндегі деңгейі, адам
Көші-қон деңгейінің есептік мәндері, адам Сенімді болжамдау аймағы

1991
1
155766
162817

1992
2
136094
145124

1993
3
134445
129850

1994
4
131002
116997

1995
5
123383
106564

1996
6
97524
98552

1997
7
81060
92960

1998
8
96973
89788

1999
9
78584
89037

2000
10
79104
90707

2001
11
91493
96007

2002
12
103881
101306

2003
13
115678
111447

2004
14
127474
121587

Алдын алу уақыты Болжамдық У (t) Сенімді болжамдау аймағы
2005
15

111567
111212
111922

2006
16

93271
92916
93627

2007
17

76186
75831
76542

2008
18

60312
59957
60667

2009
19

45647
45292
46002

2010 20
32193 31838 32548
2011
21

19948
19593
20304

іс жүзіндегі мәліметтер
тегістелген және болжамдық
Логарифмдік (тегістелген және болжамдық)
3 сурет - ҚР халқының көші-қон деңгейін Браунның бейімдеуші полиномиальды үлгісі бойынша болжамдау
Қазақстан Республикасы халқының көші-қон деңгейінің бейімдеуші полиномиальды үлгісі Д = 505729 – 67141• t + 3803 • t2,
мұндағы Д — көші-қон деңгейі, мың адам;
t — жылдардың индексі (реттік нөмірі).
Қазақстан республикасындағы көші-қон үдерістерінің болашағы.
Біздің пікірімізше, Қазақстан халқының эмиграциялық әлеуеті түгесілді. Сол себепті де келешекте бірте-бірте сыртқы көші-қонның оң сальдосының көбеюін күтуге болады, ол төмендегі себептерге байланысты болады:
- республиканың оралмандарды елге қайтару бойынша мемлекеттік саясатының жалғасуы;
- өтпелі кезеңде шетелге кеткендердің бір бөлігінің кері қайту үдерісінің басталуымен (ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 1990-2003 жылдар аралағындағы сыртқы көші-қонның жиынтық теріс сальдосы 3 млн. адамнан асып кеткен);
- табиғи ресурстарға бай жер аумағында халықтың тым сирек қоныстануы кезіндегі республикадағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың тұрақты түрде жақсаруымен, мұның өзі көрші елдердің халқының елімізге еңбек миграциясы бойынша, ал соңынан тұрақты өмір сүруге рұқсат алу мақсатымен келуін ынталандырады.
2005 жылы сыртқы көші-қонның оң сальдосы 1 промилледен (15,1 мың адамнан) кем болмайды деп болжамдаймыз. Біз алдағы кезеңде осы сальдо әр жыл сайын 0,05-0,1 промильдік пунктке ұлғайып отарады деп есептейміз, мұның өзі 2050 жылы оның 3,25-5,5 промиллеге дейін өсуіне ықпал етеді (халықтың саны 25 млн. адам болған жағдайда бұл сыртқы көші-қонның 81,3-137,5 мың адам көлеміндегі сальдосын береді).
Отандық ғалымдардың болжамдық есептері республика халқының саны әрбір бес жыл сайын 1 миллионнан астам адамға көбеюі мүмкін екендігін көрсетеді, соның нәтижесінде ол 2030 жылдың басында 19,8-20,9, ал 2050 жылы 23,5-26,8 миллион адамды құрайтын болады (10 кесте). Ерлердің өлім-жітімінің жедел азаюының арқасында 2030 жылы 1000 әйелге 949-951, ал 2050 жылы 979-985 еркек адамнан келетін болады (соңғы жылдары бұл көрсеткіш 929 адам деңгейінде болып тұр).
10 кесте - 2005-2050 жылдардағы халық санының мақсаттық болжамының минимальды деңгейі және халықтың туылуының жалпы көрсеткіштері

2005
2010
2015
17044,3

2020
18092,4

2025
18985,4

2030
19831,9

2040
21767,7

2050
23526,6

Жыл басындағы халықтың саны, мың адам 15070,8

15959,3

Соның ішінде:

еркектер 7252,1
7681,6
8223,3
8754,3
9212,9
9654,3
10682;7
11639,2

әйелдер
7818,7
8277,7
8821,0
9338,1
9772,5
10177,5
11085,0
11887,4

1000 әйелге шаққандағы әйелдердің саны 928

928

932

937

943

949

964

979

Миграциялық
сальдо, мың адам 15,1 19,9 25,6 31,7 38,0 44,6 59,9 76.5
Соның ішінде:

еркектер 7,3
9,6
12,3
15,3
18,4
21,7
29,4
37,8

әйелдер
7,8
10,3
13,2
16,3
19,5
22,9
30,5
38.6

Туылғандардың саны, мың адам 284,9 349,9 353,0 316,5 291,7 306,0 344,2 311,1
Соның ішінде:

ұлдар 147,3
180,9
182,5
163,6
150,8
158,2
178,0
160,9

қыздар 137,6
169,0
170,5
152,9
140,9
147,8
166,3
150,3

Қайтыс болғандардың саны, мың адам 154,6

160,4

159,2

157,6

162,6

172,5

205,0

245,8

Соның ішінде:

еркектер 86,3
86,8
84,2
81,7
82,6
86,3
100,1
121,0

әйелдер 68,3
73,6
75,0
75,9
80,0
86,2
104,9
124,8

Табиғи өсім, мың адам 130,3 189,5 193,9 158,8 129,0 133,5 139,2 65,3
Соның ішінде:

10 кестенің жалғасы

еркектер 61,0
94,1
98,3
81,9
68,2
71,9
77,9
39,9

әйелдер 69,3
95,4
95,6
76,9
60,9
61,6
61,3
25,5

Халықтың орташа жылдық санының 1000 адамға шаққандағы коэффициенті
миграциялық
1,0
1,2
1,5
1,7
2,0
2,2
2,7
3,2

туылу 18,8
21,8
20,6
17,4
15,3
15,4
15,7
13,2

қайтыс болу 10,2
10,0
9,3
8,7
8,5
8,7
9,4
10,4

табиғи
8,6
11,8
11,3
8,7
6,8
6,7
6,4
2,8

өсім

Барлық өсім
9,6
13,0
12,8
10,5
8,8
8,9
9,1
6,0

Ескерту – ҚР статистикалық агентінің мәліметтірі бойынша автор жүйелеген

2006 жылдың өзінде туылғандардың саны 300 мың адамнан асып кетеді және іс жүзінде болжамданып отырған кезеңнің өнбойында осы деңгейден артық болып тұрады. Оның үстіне, бұл көрсеткіш бір минимумға (2025 жылы — 291,7-315,7 жаңадан туылғандар) және екі максимумға (2015 жылы — 353,0-378,5 мың және 2040 жылы — 344,2-402,6 мың жаңадан туылғандар) ие болады. Соған сәйкес, туылудың жалпы коэффициенті де 2025 жылы ең аз мәнге (15,3-15,9) және 2 максимальды мәнге (2010 жылы — 21,8-23,1 және 2035 жылы — 16,0-17,0 промилле) мәнге ие болады.
Қайтыс болғандардың саны 2030 жылғы 161,2-172,5 мың адамнан 2050 жылғы 241,0-241,8 мың адамға дейін бірте-бірте көбейетін болады. Қайтыс болудың жалпы коэффициенті бұл кезеңде 2025 жылғы 7,6-8,5 промиллеге дейін тұрақты түрде азайып отырады, ал одан әрі қарай 2050 жылы 8,9-10,4 шамаға дейін өседі. Халықтың өлім-жітімі үнемі азайып отырады деген болжамға қарамастан, осындай толқулардың себебі — халықтың жыныстық-жастық құрылымындағы демографиялық толқындарға байланысты болып отыр.
Осындай болжамдардың нәтижесінде анықталған халықтың жас құрылымын талдау 2005 жылы 65 жастағы және одан үлкендердің үлесі 7,7%-ға дейін көбейетіндігін көрсетеді, кейінірек 2010-2015 жылдары бұл шама 7,2%-ға дейін азаяды. Одан арғы кезеңдерде халықтың «қартаюы» үдерісі барынша айқын байқалатын болады, соның салдарынан 20-30 жылы жасы ұлғайған адамдардың үлесі 11,1-11,3%, ал 2050 жылы — 14,7-15,0%-ға дейін көбейетін болады.
Қазақстан республикасындағы көші-қон үдерістерін басқаруды жетілдіру.
Көші-қонға мемлекеттің ықпал ету әдістері тікелей де, жанама да болуы мүмкін. Әлемдік іс-тәжірибе қатаң, директивалық іс-шаралардың тиімсіздігін көрсетіп отыр, керісінше, жанама, үкімет тарапынан түзетуші ықпал жасаудың артықшылығы көп. Әлемдік қауымдастық, ең алдымен, халықаралық ұйымдардың құжаттарында бекітілген белгілі бір құқықтық нормалар мен стандарттарды сақтап отыруды қажетті және мақсатқа сай деп мойындап отыр. Айталық, еңбектік көші-қон үдерісін реттеуші халықаралық конвенцияны бекіту кезінде елдер халықаралық құқық нормаларының ұлттық заңнамадан басымдығын мойындайды. Бұл елдер үшін де, сондай-ақ шетелде құқықтары едәуір көбеятін мигранттар үшін де едәуір маңызға ие. Егер жұмысшы күшін қабылдаушы ел негізінен мигранттардың елге келуі мен оларды пайдалану үшін жауапкершілікті болса, ал жұмысшы күшін шетке жіберуші елдер шетке кетуді реттеу және өздерінің азаматтары болған шетелге кеткен мигранттардың мүдделерін қорғау мәселесімен айналысуы тиіс.
КСРО ыдырағаннан соң Қазақстанға әрқилы санаттағы шетелдік мигранттардың ағылып келуі және «мөлдір шекаралардың» пайда болуы біздің республикамызға келетін заңсыз мигранттардың санын көбейтіп жібергенін атап өту керек.
Заңсыз миграция мәселесі елдегі қылмыстық жағдайды шиеленістіріп жібереді (контрабанда, есірткі саудасы).
Соған байланысты 2000 жылдың ақпанында Үкіметтің Қаулысы бойынша алыс шетел азаматтарының елімізге келуі және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуі тек виза бойынша жүзеге асырылатын болды. Біздің пікірімізше, мұндай шаралар заңсыз миграцияны болдырмауға ықпалын тигізеді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев осыған байланысты Қазақстандағы мигранттардың заңсыз болуының алдын алу және мақсаты мен ниеті белгісіз күдікті туристердің жолын кесу шаралары арқылы біз өзіміздің көршілеріміздің тұрақтылығын сақтауға көмектесеміз, деп атап өткен болатын.
Заңдық базаның жетіліспеуі, заңсыз мигранттарға және оларды ұйымдастырушыларға тиімді ықпал ету шараларының болмауы, ақпараттық талдаушылық базаның нашар материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі заңсыз көші-қон мәселесін шиеленістіріп жібереді.
Біздің пікірімізше, заңсыз миграция көлемінің өсуінің жалғасып отыруының себептері төмендегідей:
- осы саладағы Қазақстанның саясатын, сондай-ақ халықаралық іс-тәжірибені есепке алатын заңнамалық жүйенің болмауы;
- техникалық, сондай-ақ қаржылық жағдайларын қоса алғандағы шекараны қалыптастыру мәселесі.
1998 жылдың желтоқсанында Республика Парламенті Босқындар туралы 1951 жылғы конвенцияны және соған байланысты 1967 жылғы Хаттаманы бекітті. Сол арқылы Қазақстан осы конвенцияға қосылған 137-ші мемлекет болды, бұл конвенцияға сәйкес Республика босқындарды қорғау кезінде халықаралық стандарттар мен ұстанымдарды сақтауда өзіне міндеттеме алды, оның ұстанымдарының ең бастылары босқындарды елден шығарып жіберуге немесе мәжбүрлеп еліне қайтаруға тыйым салу, босқындардың өздеріне баспана іздеген елдеріне жетуіне мүмкіндік беру, сондай-ақ белгілі бір елде босқын деп танылған адамға негізгі адамдық құқықтарды беру болып табылады.
Көші-қон үдерістерін құқықтық реттеуді жүзеге асыру үшін тек заңдық актілер ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес тұғырнамалық ұстанымдар қажет.
Демографиялық көші-қон саясатын реттеп отыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі төмендегі құжаттарды мақұлдады:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік демографиялық саясатының тұғырнамасы (2000 жылдың 17-тамызындағы, № 1272);
2. Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының тұғырнамасы (2000 жылдың 5-қыркүйегі, № 1346).
Көші-қон саясатының тұғырнамасында өтпелі кезеңдегі көші-қон саясатын жүзеге асырудың төменде көрсетілгендей негізгі бағыттары мен механизмдері белгіленді:
- оралмандардың орнығуын, көшіп келген жерлерінде бейімделуіне және жергілікті жердегі әлеуметтік ортаға кірігуіне жан-жақты қолдау көрсету, қарулы қақтығыстарды бастан өткерген адамдарға психологиялық қолдау көрсету;
- мәжбүрлі көші-қон ағындарының алдын алу және одан туындайтын теріс салдарларды болдырмау;
- мәжбүри иммигранттар мен босқындарды өздері келген мемлекеттеріне ерікті түрде қайтару, мұның өзі көші-қон саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады:
- көші-қондық бақылауды қалыптастыру және дамыту;
- еңбек көші-қонын реттеп отыру.
Осыларға қарамастан, біздің пікірімізше, нарықтық экономика жағдайында көші-қон саясатының осы негізгі бағыттарын экономикалық, әлеуметтік және стратегиялық мақсаттарды есепке ала отырып, жетілдіру қажет.
Экономикалық мақсаттарға төмендегілер жатады:
- жұмыссыздық деңгейінің азаюы;
- сырттын келетін валюталық түсімдердің көбеюі;
- халықтың жинақтық ақшаларының көбеюі.
Әлеуметтік мақсаттарға:
- білім беруге қаржы салуға әлеуметтік төлемдердің өсуі;
- көшіп келушілердің және олардың отбасыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шараларды қолдану;
- заңсыз миграцияны болдырмау және көші-қон үдерісіне байланысты заңдарды бекіту жатады.
Стратегиялық мақсаттарға:
- еңбекші мигранттардың кәсіби біліктілік құрамына ықпал ету;
- көші-қонды ілім-білім мен ноу-хау алудың әдісі ретінде пайдалану;
- білікті жұмысшы күшінің шетке кетуін барынша азайту;
- еңбек нарығының кеңеюіне байланысты жалақы көлеміндегі теңсіздіктерді азайту.
Көші-қон саясатын жүзеге асыру үшін бағдарламалық-мақсаттық әдісті пайдалану қажет болды, сол себепті де Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29-қазандағы (№ 1371) Қаулысымен Қазақстан Республикасының 2001-2010 жылдардағы Көші-қон саясатының салалық бағдарламасы қабылданды және бекітілді.
Қазақстан Республикасының Көші-қон саясатының салалық бағдарламасында «Ішкі миграцияны реттеу қозғалыстың еркіндігі және өмір сүру орнын ерікті түрде таңдау құқығы ұстанымдарына негізделеді. Сонымен бір мезетте ол елдің экономикалық өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталады» деп атап көрсетілген.
Соған байланысты ішкі көші-қонды мемлекеттік реттеудің негізгі әдістемелік базасы этномәдени, экологиялық және басқа да факторлармен бірге Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі кезеңдегі өндірістік күштерді орналастыру болып табылады. Ол төмендегідей міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
- еңбек нарығындағы, әсіресе жастардың, мектепті және жоғары оқу орындарын бітірушілердің арасындағы жұмыссыздықты азайту бойынша шараларды қабылдауға;
- артта қалған құлдыраған аймақтардан инфрақұрылымы дамыған аймақтарға қоныс аударуларды есепке ала отырып, халықты орналастырудың тиімді сұлбасын анықтауға;
- жағдайы төмен аймақтарды аймақтарды, шағын қалаларды, ауылдық елді мекендерді дағдарыстан шығару, олардағы өндірісті қалпына келтіру.
Ортамерзімдік перспективада (2001-2005 жж.) ішкі көші-қонды реттеудің негізгі бағыттары төмендегідей салалар бойынша іс-шараларды жасап шығуды қажет етті:
- қалыптасып келе жатқан нарықтық жағдайда елді мекендердің тиімді этнодемографиялық дамуын қамтамасыз ету;
- ауылдық жердегі халықтың жұмыспен қамтылуын қолдау бойынша арнайы шараларды дайындау және жүзеге асыру,

Категория: Ғылыми жұмыс | Добавил: Axi
Просмотров: 1066 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2017