|
|
| Қазақша рефераттар |
 |
В категории материалов: 367 Показано материалов: 321-340 |
Страницы: « 1 2 ... 15 16 17 18 19 » |
Сортировать по:
Дате ·
Названию ·
Рейтингу ·
Комментариям ·
Загрузкам ·
Просмотрам
|
Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы |
|
Алла тағала берген ақылымен, теңіздей терең білімімен уақыттың өзінен озған ғұлама фәниден бақиға аттанарда өсиет айтыпты: “Дауыл ма, жауын ба, сең бе, сел ме, өрт пе, дерт пе... қандай қысылтаяң, қиын шақ болса да ең алдымен халықтың қазынасын құтқарыңдар, сол қазынаны жасаушыларды жан салып қорғаңдар. |
|
Дүниеден Хамаң – Хамит ақын Ерғалиев озғалы да бірнеше жылдың мұғдары болыпты-ау. Кейде өзіңнен-өзің отырып таңғаласың: біртуар тұлғаларды күнде көріп, олардың лебізін тыңдап жүргенде ондай адамдар ешқашан өмірден өтпейтіндей көресің. Оның үстіне Хамит Ерғалиев сияқты кесек мінез, өр тұлға халқының махаббатына бөленіп ортамызда жүре беретіндей көрінетін. |
|
Көркем сөз өнерiнiң көрнектi өкiлi, қазақтың ақтангер ақындарының бiрегейi, әйгiлi Шал ақынның туғанына биыл 250 жыл толып отыр. Кейбiр газеттерде анда-санда шын жанашырлықпен жарқ еткен қызғылықты мақалалар, арнаулар болмаса бабаның тойы деп, бауыр тартып, дананың тойы деп дабыл салушылық бұл жолы бұйырмай тұр. |
|
Шәңгерей – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасып, дамыған қазақ жазба әдебиеті өкілдерінің бірі. Ол Батыс Қазақстан облысының қазіргі Орда ауданында, Жасқұс құмында – хан ордасында дүниеге келген. Жәңгір ханның немересі. Ақын өзінің бір өлеңінде «Алпыс бөлме, жүз есік» көк орданың ішінде дүниеге келгенін айтады. |
|
Шерхан Мұртаза Қамалға арнаған бір хатында «жетпіс деген сөз Жет! Піс! деген екі сөзден құралады, яғни жетілген шағың, піскен кезің деген рас-ау», деген ой білдіріпті. Иә, ол рас, мен бұл сөзге көңіл аудармаушы едім. Осыны оқығаннан кейін маған бір ой келді. Мүмкін, әр санның өз мағынасы бар шығар. Қазір ойланып қарасам, бұл дұрыс айтылған ұғым екен. |
|
Уәлиханов Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы (1835-1865) – қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы, шығыстанушы, тарихшы, этнолог, географ, фольклортанушы, суретші. Қазіргі Қостанай облысы аумағында (Сарыкөл ауданы Күнтимес мекенінде) дүниеге келген. Бабасы – Абылай Қазақ Ордасының, атасы – Уәли Орта жүздің хандары болған. |
|
Ыбырай Алтынсарин1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған. Атасы өз заманының беделді адамдарының бірі болған, заман ағымын аңғарғыш, оқу - өнердің маңызын жақсы түсінген Балқожа би 5 жасар Ыбырайды Орынборда ашылмақ болған, болашақ орыс- қазақ мектебіне жаздырып қойды. |
|
Шортанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған. |
|
Ыбырай Жақаев! Қазақ халқының бұрынғы, қазіргі мемлекетіміздің тарихындағы ірі, іргелі тұлғалардың бірі. Еңбек сүйгіштіктің, адамдықтың, адалдықтың, азаматтықтың өлшемі. |
|
Халқымыздың “Жақсы адам-қазына” деген нақыл сөзі бар. Сондай адамдардың бірі емес, бірегейі Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани өміріне көз жіберсек, ол кісінің өте бір бай өмір кешкенін байқаймыз. |
|
Әбілғазизұлы Арынғазы (1785-1833) – алмағайып аласапыран заманда өмір сүріп, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі үшін арыстандай арпалысып өткен көрнекті мемлекет қайраткері, көреген саясаткер, төре күйлерінің негізін салушылардың бірі болған дәулескер күйші-композитор. Арынғазы қазақ сахарасына әйгілі болған текті әулеттен. |
|
Журналист, жазушы, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Жайық Кәгенұлы Бектұров 1912 жылы 10 маусымда Ақмола уезінің Моншақты болысында (қазіргі Астана облысы, Алексеев ауданы, “Үрпі” ауылы) туған. 1928 жылы ҚАССР-нің Халық ағарту комиссариатының мұғалімдер курсын бітірген соң, Атбасар қаласында мұғалім болған. |
|
Қазақстанның экономикалық даму перспективаларының болашағы оның жер қойнауындағы орасан зор табиғи байлықтарымен байланысты екендігі жасырын емес десек, өткен XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарының ортасында геологиялық тұрғыдан Қазақстан аумағы “ақтаңдақ” болып есептелді және Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің шын мәнінде барлығы дерлік бар екендігін дәлелдеу үшін Сәтбаевтың және оның мектебінде |
|
Өскелең ұрпақты өткеннің өнегесімен тәрбиелеу қажет. Көкірегінде өткенімізге деген мақтаныш сезімі ұялағанда ғана олардың бойында отаншылдық асқақ рух пайда болмақ.“Жеті жарғы” және Қожаберген жырау” қоғамдық қайырымдылық қорының негізгі ұстанған мақсат-мұраты да осы. |
|
Тұманбай Молдағалиев — 1935 жылы 20-наурызда Алматы облысы, Еңбекші-қазақ ауданы, “Жарсу” совхозында дүниеге келді. Тұманбай Молдағалиев — сыр-шыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның халық жазушысы. |
|
Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931) – қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан. |
|
Алтынсарин Ыбырай (Ибраһим, 1841-1889) – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері – Қостанай облысының Қостанай ауданы, Аққарағай. Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі (1850). |
|
Байтұрсынұлы Ахмет (1873-1937) - қазақтың ұлы ағартушысы, ірі ғалым-лингвист, түріктанушы, ақын, аудармашы, әдебиет жинаушы һәм зерттеуші, бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Туған жері – бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (Қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы). |
|
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. |
|
|