Вторник, 03.11.2026, 02:31
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Қазақ әдебиеті

Балалардың сүйікті жыршысы - Мұзафар Әлімбай

Балалардың сүйікті жыршысы

(М.Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдістемелік құрал)

Ол алуан қырлы талантты ақын
Д.Әбілов

Кіріспе орнына

Қымбатты достым, қалай ойлайсыз, қазіргі қазақ әдебиеті мен поэзиясында жалпақ жұрттың жаңадан тіл ашқан бүлдіршінінен бастап, аз-көп жасаған ғұмырында әлденеше қыр асқан қариясына дейін жаппай оқитын да танитын қаламгер бар ма? Бар! Ол - қазақтың көрнекті ақыны, балалардың сүйікті жыршысы, Қазақстанның халық жазушысы - Мұзафар Әлімбай!
Бүгін қазақ әдебиетінде де, балдырған бағында да үлкен той, мереке. Алғашқы қадамын Павлодар облыстық “Қызыл ту” газетінде жарық көруден басталған өлеңдері қазір том-том болып халқымыздың рухани қазынасына айналған, бүгінде қазақ поэзиясының құнарлы топырағына қаққан қазығы нық, нығыз, асқар биік шығармашылық тұлға - Мұзафар Әлімбай сексен жасқа толып отыр.
Ақынның “Естай-Хорлан”, “Менің Қазақстаным”, “Ту тіккен” секілді эпикалық туындылары жыр сүйер жұрттың жүрегіне жол тауып, таңдаулы шығармалар қатарынан орын алды. Ондаған жылдар бойы ауыздан түспей шырқалып келе жатқан “Ақмаңдайлым”, “Өзің де жігіт, қызықсың”, “Маралдым”, балаларға арналған “Мұғалім ол біздің”, “Көшпелі фонтан”, “Бесік жыры”, “Қартаймайсың, жан ана” қатарлы көптеген ән-өлеңдері халықтың сүйікті туындысы болып кетті. Қаламгердің естеліктері мен эсселері, мақал-мәтелдері мен көңіл күнделіктері де оқырмандар көңілінен шыққан тартымды дүниелер. Халықтың ауыз әдебиеті - қанатты сөздер, мақал-мәтелдерді зерттеп, жинастырған “Маржан сөз”, “Мақал-мәтелдер” секілді кітаптары халықтың күнделікті қажетсінер дүниесіне айналды.
Сондай-ақ ол айтулы публицист, майталман аудармашы, әдебиет зерттеуші. Ақынның бұл қырларының қай-қайсы да-қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, мәуелі бұтақтар. Үздіксіз, әрі дәмді, мол жемістер беріп келе жатқан бұтақтар. Шындығын айтсақ, бізге үлкендер ақыны, аудармашы, сыншы, очеркші, ән-өлеңші, ұстаз, редактор М.Әлімбайдың қай-қайсысы да қымбат. Алайда, әсіресе соңғы ширек ғасыр көлемінде, қаламгер есімі аталса болды, алдымен балалар ақыны М.Әлімбайдың ойға оралары анық.
Әлемдегі қай елде болмасын балалар әдебиетіне, балалар ақын-жазушыларына деген көзқарас пен құрмет ерекше. Неге десең, балаларға арнап қызықты шығармалар жазу екінің бірінің еншісіне тие бермейді. “Бесік жырынан” басталатын балғындар өлеңінің әйтеуір бір құдіреті бар. Соған қарағанда, ән-өлең бала бойына ана сүтімен бірге таралатын болу керек. Әйтпесе, бөбекті өлеңмен қалай ұйықтатып, өлеңмен қалай оята алады? Дүниеден хабары жоқ, бесікте жатқан сәбиді өз ырқына көндіріп, өз дегенін істететін - өлеңнен артық керемет бола ма? Бөбектерге арнап өлең жазудың қиындығы да осында болса керек. Өйткені, ол барлық жырдың нәрі, барлық жырдың басы ғой…
М.Әлімбай - қазіргі балалар әдебиетінің ата буынына қосылған көрнекті қайраткері,тәлімгері. Ақынға 1984 жылы “Аспандағы әпке” атты балаларға арналған жыр кітабы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұл сыйлықтың бөбектердің сүйікті ақыны - Мұзафарға берілуі әбден орынды. М.Әлімбай балалар әдебиетінің қалыптасып дамуына өзінің әр жастағы баланың ой - өрісіне сай лайықталған азаматтығы асқақ, мұраты асыл, тілі шұрайлы, қызық оқиғалы, күлдіргі әрі тапқырлығы жағынан әр алуан ойлы туындылары бала психологиясының нәзік сырына жетік білгірлігін танытады. Оның шығармалары мектеп оқулықтарынан тұрақты орын алған. Өлеңдерін оқып тілі шыққан бүлдіршіндеріміз қазақ халқының бойындағы асыл қасиеттерін, қазақ сөздерінің ғажайып нәрін Мұзафар ағамыздан үйреніп келеді.

Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: erdeeen
Просмотров: 1454 | Загрузок: 1066 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2026