| Ел тарихын ұмыттырмаған ән “Қожаберген жыраудың шығармаларын сұрыптап, толықтырылған жинағын баспаға дайындап жатыр едiк, соған сiз алғы соз жазсаңыз”- деп, Қызылжардан телефон шалғанда уәдемдi берiп қалып едiм. Өзiң атқарар iстi бiреу жарқыратып атқарып жатса, құдайдың бергенi емес пе? Осыған орай, алдымен әдебиеттiң, өнердiң жанашыры, облыс әкiмiнiң орынбасары Қуат Есiмханұлы бастаған Қызылжардың бiр топ азаматтарының игiлiктi iсiне ризашылығымды бiлдiрем, сәттiлiк тiлеймiн. Шындығын айтсақ, Қожаберген мұрасын, өмiр жолын ғылыми зерттеу жұмысының жүйелi түрде қолға алынуы елiмiздiң тәуел-сiздiгiне қол жеткен кезден басталды. Осы тұста әдебиетшi - ғалым Төлеш Сүлейменовтiң, атыраулық Нәбиден Әбутәлиевтiң “Сегiз серi”(1991), “Ордабасы Қожа-берген”(1995) жинақтарын айрықша еске алу керек. “Елiм-ай”жинағын шығарған Мәдина Дастанованың “Жырлары қазақ жұртын елжiреткен”деген еңбегi де құнды зерттеулердiң бiрi. Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университетiнiң “Қазақ әдебиетiнiң тарихы мен сыны”кафедрасы жанындағы “Қазақ фольклоры және әдебиет тарихы”деп аталатын ғылыми зерттеу тобы 1991 жылдан осы тақырыпта тұрақты жұмыс iстеп келедi. “Қазақ әдебиетiнiң қысқаша тарихы”деп аталатын еңбектiң бiрiншi томында, “Қожаберген жырау (1663-1763 ж.ж.)”атты арнайы тарау берiлiп, Қазақ әдебиетi тарихында тұңғыш рет “Елiм-ай” әнiнiң авторы жөнiнде бiрқыдыру мәлiмет берiлген. “Қаратаудың басынан көш келедi, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді...” - деп басталатын әнінің алғашқы нұсқасы 16 жол көлемiнде 1875 ж. “Записки Оренбургского отдела Императорского русского географического обществаның 3 кiтабының 253 бе-тiнде жарияланған болатын. Екiншi рет, 1932 ж. “Билер дәуiрiнiң әдебиетi”деген атпен Сәкен Сейфуллин өзiнiң атақты оқулық-хрестоматиясында “Елiм-ай”ға орын берген, 20 жол. (“Қазақ әдебиетi”I-бөлiм, 1932 ж.). Қожаберген жырау туралы Ыбырай Алтынсаринның, Мәшһүр Жүсiп Копеевтiң, Сұлтанмахмұттың мұраларында да айтылған болатын. Ыбырай 1879 жылы өзiнiң қазақ хрестоматиясында 1896 ж. “Махтубатында”керей Қожаберген жыраудың атын атап, өлеңнен үзiндi келтiрген. Мәшһүр Жүсiп: “Елiм-ай”әнi менен жыры тағы, Шығарған Қожаберген бабаңды сүй, - деп жазған. Сұлтанмахмұттың: Керейде Қожаберген, Сегiз өткен Қазақтың шежiресiн жыр ғып шерткен, - дегенiне ұзақ уақыт мән берiлмей, Қожабергеннiң кiм екенi анықталмай келген болатын. Осы халықтық ән болып кеткен керемет дүниенiң авторы 1981 жылы Г.Тұрсыновтың “Мәдениет және тұрмыс”журналының 6-санында жарияланып, 1983 ж. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты шығарған “Ерте дәуiрдегi қазақ әдебиетi”(ХУ-ХУIII ғ.ғ.) деген зерттеулер жинағында “бiр халық өлеңi хақында”деген атпен хабарлама берiлдi: “Қаратаудың басынан көш келедi” өлеңiн шығарушы, таратушы кiм деген сұраққа содан кейiн ғана жауап берiле бастады. М.Әуезов “тарихи өлеңдердiң авторы, көбiнесе сол уақиғалар-ды көзiмен көрген тұстастары”деп ескертедi. Ғалымның бұл пiкiрiн растай түсетiн айқын, ашығырақ айтылған деректер де жоқ емес. Ол - Қазақ ССР Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы сақтаулы С.Шақшақов (1818-1854) қалдырған “Керей шежiресi”. Бұл қолжазбаны халық әдебиетi қазынасын жинаушы Қаратай Биғожин (1936 ж. туған) тапсырған. Ал, “Елiм-ай”дастаны алғаш ауызша туып, кейiн оны Қожабергеннiң өзi хатқа түсiрген. Жазба күйде сақтаушы Толыбай сыншы ұрпағы - Шақшақ батыр Көшекұлы. Шақшақтан немересi Се-гiз жазып алған. Оның қолжазбасын сақтаушы Тәштит Тәбеиұлы Барлыбаев. Тәштитен Сегiздiң үлкен баласы Мұстафа көшiрiп алған. Мұстафадан 1879 жылы Дәрiбай Малыбайұлы деген жас шежiрешi жiгiт жаттап үйренедi. Дәрiбайдан оның баласы жазып алып жаттайды. Ол 1891 жылы туып, 1978 жылы 87 жасында қай-тыс болған Қожахмет деген кiсi. 1936 жылы Б.Майлин, I.Жансүгiров, Ғ.Мүсiрепов Қожаберген ұрпақтары туралы материал жи-науға жыраудың елiне келген. Бiрақ, 1937 ж. ойраны олардың еңбегiнiң нәтижесiн жойды.
|