Понедельник, 02.11.2026, 19:29
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Қазақ әдебиеті

Әміре Қашаубаев

Әміре Қашаубаев
Әміре Қашаубаев 1888 жылдың шілде айында туылған. Туған жері – Шығыс Қазақстан, қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Қайнар селосында тұрған. Кедей шаруа жанұясында туып өскен. Қазақстан ұлттық театр өнерінің негізін салушылардың бірі. Өнер жолын 1917 жылы бастады. 1921-1924 жылдары Семейде құрылған Қазақ Совет жастарының ағарту ұйымы (Ес-аймаққа) мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті. 1924 жылы осы қалада ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына (әншілер сайысына) қатысып, бас бәйгеге Байжановпен бірге ие болды. 1925 жылы Қызылордада өткен Қазақстан Советтерінің бесінші съезі мен 1927 жылы Москвада болған Советтердің төртінші съезіне делегат болып, әрі делегаттар үшін ұйымдастырылған концертке қатысты. 1925 жылы Париж қаласында өткен Бүкіл дүние жүзіне сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», тағы басқа әндерді орындап, екі бәйгемен қоса, күміс медальды иеленді. Сөйтіп, Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсеткен тұңғыш қазақ әншісі болды. 1927 жылы сәуір айында Әміре Қашаубаев Москва консерваториясында қазақ әндерін астана көрермендері алдында тамылжыта шықады. Сол жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен халықаралық музыкалық көрмеде өнер көрсетіп, тағы да қазақтың халық әндерін әлемге паш етті. Оның орындауындағы әндер сәнді ырғағымен, нәзік нақышымен, сазды әуенімен ерекшеленеді. А. В. Затаевич Әміре Қашаубаевтың әншілік өнерін өте жоғары бағалап, одан көптеген әндерді жазып алды. Әміре Қашаубаевтың орындауында 1925 жылы Москвада фонографқа жазылып алынған «Жалғыз арша», «Үш дос», «Ағаш аяқ», «Дударай», «Бесқарағай» әндерін 1974 жылы музыка зерттеушісі әрі музыкант Ж. Шәкәрімов тауып, оларды техникалық өңдеуден өткеннен кейін қайтадан күйтабаққа түсірді. 1925 жылы Қызылордада ашылған Қазақ драма театрының алғашқы актерлерінің бірі болып қабылданады. Осы театрда 1926 жылы М. О. Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясы алғаш қойылғанда Жапал ролінде ойнайды. Кейіннен Қоскелді, қойшы, Жарас, Ақын (М. Әуезовтың «Қаракөз», «Бәйбіше-тоқал» және « Айман-Шолпанында») қария (М. Триггердің «Сүңгуір қайығында»), («Шайхана қожасы»), (Д.А.Фурмановтың «Бүліншілінде»), тағы да басқа әр алуан кейіпкерлердің образын жасады. 1933 жылға дейін театрда әнші-актер болған. Әміре Қашаубаев 1934 жылы музыкалық театрға (қазіргі опера және балет театры) ауысады. Әншінің өмірі мен творчестволық жолы туралы Шәкәрімовтың « Әміре» 1973 жылы, «Ән жұлдызы» 1978 жылы, «Әміре Қашаубаев» 1980 жылы, атты зерттеу еңбектері, Қ. Жармағамбетовтың «Әнші азамат» 1951 жылы және М. Тоқжігітовтың «Ән атасы - Әміре» 1972 жыл, кітаптары жарық көрді.
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: erdeeen | Теги: Әміре Қашаубаев
Просмотров: 2321 | Загрузок: 62 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2026