|
|
| Қазақша рефераттар |
 |
Сәкен Сейфуллин
| Сәкен Сейфуллин (1894-1938) ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика қаламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал-серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде-ақ аңызға айналдырыл-ған Сәкен Сейфуллин-қоғамдық ой-пікір, әдеби-мәдени тарихы-мызда ерекше орын алатын жарқын тұлға. Сәкен Сейфуллин кейін өзі сұлу табиғатын талай рет тебірене жырлаған өкілде-Ақмола уезі, Нілді болысының бірінші ауылын-да орташа ауқатты кісінің отбасында дүниеге келеді.Әкесі Сейфолла серілігі бар домбырашы, саяхатшы, сөзге шешен кісі екен де, шешесі Жамал әңгіме, аңыз-ертекті көп білетін әрі нәшіне келтіріп айтатын салиқалы ана болыпты. Сәкен әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне түйіп өседі.Айналасына абайшыл, қылтың-сылтыңы жоқ, біртоға бала болды.Ұғымтал Сәкен ауыл молдасы-нан оңай хат танып, қолына түскен ескілі-жаңалы кітаптарды бас алмай оқиды.Әкесі тоғыз жасар Сәкенді тіл үйренсін деп, Нілдіде-гі таныс орысының үйіне тұрғызды.Сәкен әлгі үйдің таусылмай-тын қара жұмысын тиянақты атқара жүріп, кемпірінен бір жыл орыс тілін үйренеді.Одан кейін екі жыл зауыт мектебінде оқиды.Болашақ күрескер ақын кенішті қаладағы зауыт, шахта жұмысшыларының аянышты өмірімен танысып, ереуілдерін көріп, соларға бүйрегі бұрады.Одан кейін бес жылдай Ақмолада оқып, 1913 жылы Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияға түседі, оны 1916 жылы бітіріп шығады.Ол осы жылдары орыс және Еуропа әдебиетін ден қоя хабардар болады.Сөйте жүріп, өлең жазуды машық қылады.Алғашқы өлең жинағы 1914 жылы Қазан қаласында басылып шығады.Мағжанды айтпағанда, Сәкен сияқты 20 жасында өлең кітабы шыққан қазақта ол кезге дейін ешкім болған емес. Оқу бітірген соң, елге келіп, ауылда мұғалім болады.Көп ұзамай 16-жылға ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете түскенде, ақын халық жағына шығады.Оған іле-шала патшаны тақтан түсірген ақпан революциясын ақын қуана қарсы алады, қазақ елі бостандық алып, бодандықтан құтылады деп сенеді.Ол дереу Ақмолаға келіп, жаңа заман жолындағы күреске бел шешіп араласады.Өршіл ақын, екі тілге бірдей жүйрік жалынды насихатшы, алғыр да жігерлі, оның үстіне түр-тұрпаты да айтар қаларлықтай келісті бұла жігіт тез көзге түсіп, көрнекті тұлғаға айналды.Коммунистік партияның бастауымен халық бостандық алып, кедей-кепшік қалың бұқара теңдікке жетеді, әділдік орнайды деп сенген Сәкен бірден социа-лизмді, кеңес өкіметін жақтап шығады.Ақмолада кеңес өкіметі уақытша құлап, қамауға алынған Сәкен атаман Анненковтің “азап вагонында” көрмегенді көріп, 9 ай дегенде әрең қашып шығады. Көктемгі лайсаңда аш-арық, ауру ақын 500 шақырым жерді жаяу жүріп өтіп, еліне келеді, онда тұрақтай алмай, ол кезде кеңес өкіметі орын тепкен Жетісуға келіп, партия, кеңес органдарының жұмысына көмектеседі.Қым-қуыт, дүрбелеңді заман шындығы мен романтикасын көрсеткен “Асығып тез аттандық”, “Далада” “Кел, жігіттер”, “Сағындым”, “Қамаудан”, “Біздің жақта”, “Қашқынның аулы”, “Жас қазақ марсельезасы”, т.б. әсерлі өлеңдері мен “Бақыт жолында” драмасы-сол кезең жемісі. 1933 жылы Қазақстан басшылығына Леон Мирзоян келген соң, мәдениағарту саласында жандану байқалды.1936 жылы республи-када қазақ қаламгерлері арасында тұңғыш рет С.Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтіліп, ақын Еңбек Қызыл Туы орденімен марапатталды.Бірақ көп ұзамай 37-жылдың нәубетінде жолына жанын пида етіп, өзі құрған Кеңес үкіметінің түрмесінде жан түршігерлік қинау мен қорлық көріп, есіл ер 44 жасында опат болды.Ақын 1956 жылы толығынан ақталды.
|
|
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: erdeeen
|
| Просмотров: 3174 | Загрузок: 133
| Комментарии: 1
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|