|
|
| Қазақша рефераттар |
 |
Шоқан Уәлиханов
| Шын аты Мұхамед Ханафия.Қазіргі Қостанай облысы, Жетіөзен ауданы, Құсмұрын шатқалында дүниеге келген.Отыз жасында қазіргі Талдықор-ған өңіріндегі Алтын Емел шатқалында қайтыс болды.Ш. Уәлиханов-қазақтың ғұлама-ғалымы, саяхатшы, этнограф, фольклорист, Шығыс Түркіс-тан мен Қазақстан, Орта Азия халықтарының та-рихы мен мәдениетін зерттеуші. Шоқан Уәлиханов-Шыңғысханның тікелей ұрпағы. Оның шежі-ресіне көз салар болсақ, Жошы хан, Орыс хан, Құйыршық хан, Борақ хан, Есім хан, Абылай хан, Уәли хан және Шыңғыс сұлтан сынды сом тұлғаларды көреміз. 1847 жылдан 1853 жылға дейін Шоқан Омбы қаласындағы кадет-тер корпусында оқыды.Оқып жүрген кезінде ол Шығыс елдерінің жағрапиясын, тарихын зерттеумен айналыса бастайды.1853 жылы Сібірде әскери қызметін бастайды, 1854 жылы Батыс Сібірдің гене-рал-губернаторы Г.Х.Госфорттың адьютанты болып тағайындала-ды.1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстан, Жетісу мен Шығыс Қа-зақстан бойынша жасаған саяхатына қатысады.Бұл экспедиция кезін-де ол қазақтар туралы жазған кітабына көп септігін тигізген қазақ халқының құқығы, салт-санасы, діні, тарихы туралы құнды матери-алдар жинады. Оның саяхаттарына байланысты жазылған ғылыми еңбектерінің нәтижелері баспасөз беттерінде жарық көрді.Шоқанның “Ыстықкөл күнделіктері”, “Қытай империясының Батыс провинциясы және Құл-жа”, “Қырғыздар туралы жазбалар” сынды ғылыми еңбектеріне орыстың Жағрапиялық қоғамының назары ауды.1857 жылы П.П.Се-менов-Тяньшанскидің ұсынуымен ол аталмыш қоғамның мүшесі болды. Шоқан Уәлиханов орыс ғылымының дамуына зор үлес қосты, оның еңбектері неміс, ағылшын, француз тілдеріне аударылды.Ол әртүрлі азаматтық және әскери ведомстволарда қызмет етті, Ресей мемлекетінің Орта Азия мемлекеттерімен келіссөз жүргізуімен көп көмектесті. 1859-1961 жылдары ол Петербургте өмір сүрді.1861 жылы денсаулы-ғының нашарлауына байланысты Отанына оралуға мәжбүр болды.
|
|
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: erdeeen
|
| Просмотров: 1276 | Загрузок: 75
| Комментарии: 1
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|