Лиро-эпостық яғни махаббат жырларында негізінен батырлық, ерлікті жырлаудан гөрі, екі жастың арасындағы шынайы махаббат, халықтың әдет-ғұрпы , салт-дәстүрі көбірек суреттеледі екен. «Қыз Жібек» жыры да солардан кенде емес. Олай болса бүгін біз «Қыз Жібек» жырында кездесетін салт-дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға тоқталамыз. Дәптерлеріңді ашып, күн ретін, тақырыпты жазып қойыңдар: «Қыз Жібек» жырындағы салт-дәстүрлер - Қане, кім айтады, балалар, «Қыз Жібек» жырын оқып отырғанда сендер қандай салт-дәстүрлерді кездестірдіңдер? ( Оқушылардың ойын тыңдаймын) - Енді мен тапқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрлеріне назар салайық: - Әр салттың мазмұнына және оның жырдың қай жерінде кездесетініне тоқталып кетеміз. Енді назарымызды теледидарға аударайық. («Қыз Жібек» фильмінен үзінді көрсетемін) ( 3 минут) - «Қыз Жібек» жыры 1971 жылы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген. Авторы Сұлтан-Ахмет Ходжиков. Рөлдерде Асанәлі Әшімов, Әнуар Молдабеков, Фарида Шәріпова, Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков сынды атақты өнер қайраткерлеріміз ойнаған - Жаңа өздерің тамашалаған үзіндіден сендер қандай әдет-ғұрып, салт-дәстүрді байқадыңдар? ( Бата беру, шашу шашу, отқа май құю дәстүрлері, сондай-ақ жерді, отты, ақ төсекті киелі санап, ерекше қастерлеген) - Балалар, сендер батаның қандай түрлерін білесіңдер? (Наурыз бата, шілдеханада берілетін бата, дастарқанда ас қайырғанда берілетін бата, беташарда берілетін бата,қыз балаға, ұл балаға берілетін бата, жаңа айға берілетін бата, алғыс батасы, т.б.) Енді балалар, қазір мен сендерге батаның алғашқы жолын беремін, сендер соны ауызша ары қарай өздерің ойдан шығарып жалғастырасыңдар. - « Батамен ел көгерер» деп халық бекер айтпаған. Балалар, кеше мен интернеттен «Қыз Жібек» фильмі, «Қыз Жібек» жыры туралы қосымша материалдар немесе деректер бар ма екен деп іздестіріп отыр едім, «Мәдени жаңалық. Қазақстанда халық эпосы «Қыз Жібектің» бұрын белгісіз болып келген үзінділері, яғни фрагменттері табылды» деген хабарламаны оқыдым. Онда Батыс Қазақстан жеріндегі Сайлау деген кісі «Қыз Жібек» жырының бізге белгісіз үзінділерін (фрагменттерін) білетіндігі, оны кішкентай күнінде үйіне келген қонақтан естіп, есінде сақтағандығы және осы үзінді енгізілген жыр нұсқасы жақын уақытта «Орал өңірінің музыкалық фольклоры» деген атпен жарық көретінін жазған екен. Бірақ табылған үзіндінің өзі берілмеген екен. - Сендерге тапсырма: 1-қатар: Табылған жаңалық, үзінді не туралы болуы мүмкін? 2-қатар: Бекежанға хат 3-қаатар: Егер Төлеген Шекті еліне бір күн кешігіп шыққанда, оқиға ары қарай қалай жалғасуы мүмкін еді? Оқушылар, сендердің оқыған өз туындыларыңнан біз сендердің шығармашылықпен жұмыс жасай алатындарыңды көріп отымыз. Енді сендерге тапсырма : Мына үзіндіде Төлеген мен Жібектің бір-бірімен әңгімелесіп отырғаны берілген. Бірақ дыбысы шықпай тұр. Сендер Төлеген мен Жібектің не туралы сөйлесіп отырғанын болжап, диалог құрастырасыңдар. Диалог құрастыру барысында Төлеген мен Жібектің бет ажарына, бет қимылындағы өзгерістерге назар салып отырыңдар.( Соңынан оқушылардың диалогын тыңдаймын ) ІІІ. Қорытынды Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардан ауызша «Шығарма кестесіне» жауап аламын. Шығарма кестесі Шығарма аты Шығарманың авторы Оқиға орны Кейіпкерлері Ұлттық салт-дәстүрлер Шығарманың басталуы Немен аяқталды Не үйретті ІҮ. Бағалау Ү. Үйге тапсырма: «Қыз Жібек» жырын қайталау Сабақ соңынан ең үлкен кісіге бата бергіземін. Қосымша материалдар Салт-дәстүрлер Қыз көру «Қыз көру» (салт). Кейде «қыз таңдау» деп те аталады. Салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаздар , сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. «Пәлен жерде жақсы қыз бар» дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жолдастарын ертіп қыз аулына барады. Қазақта «Қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді» деген мақал қы
|