Понедельник, 02.11.2026, 18:36
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Қазақ хандары, билері, батырлары

Махамбет Өтемісұлының өлімі

Махамбет Өтемісұлының өлімі

Осыдан 160 жыл бұрын, яғни, 1846 жылы 20 қазанда Ақжайық өңірінде қанды оқиға орын алды. Ол атақты ақын Махамбет Өтемісұлының жантүршігерлікпен өлтірілуі еді.
1846 жылы қазан айында Орынбор қазақтарының батыс бөлігінің билеушісі, сұлтан Баймағамбет Айшуақов патшаға адал қызмет етуге берілгендігін дәлелдеу үшін Махамбетті өлтірудің жоспарын жасайды. Және де ақынның өзін тірілей қолға түсіріп әкелген адамға ескі патша ақшасымен 1000, ал басын кесіп әкелген адамға 500 сом төлейтінін жария еткен. Мұндай қылмысты жүзеге асыратын адамдар да табылады.
Әнуар Әлімжановтың кітабында Махамбеттің басын Баймағамбет сұлтанға алып барғанда Шернияз ақын да сұлтанның жанында отырғаны жазылады. Ықылас оны қызыл подносқа салып, бетін мақпал матамен жауып әкеледі. Сұлтан: “Қандай сыйлық әкелдің?” деп матаны қанжардың ұшымен ашып қалғанда, подноста Махамбеттің басы жатады. Шернияз әуелі бұл кім деп ойлады ма, ұзақ қарап, ақынның басын таныған соң, жағалай отырған адамдарды бір сүзіп өтеді де, айқайлап далаға шыға жүгіреді.
Ал жазушы Тәкен Әлімқұлов “Қараой” әңгімесінде ақынның дүниеден өтер сәтін: “Махамбеттің теңдессіз үлкен жүрегі тынымсыз дүрсіл қағумен болды. Жаралы арыстанның ыңыранғанындай, тұншыққан домалақ дүрсілден Ықыластың үрейі ұшты. Ол қазықтың қасында жатқан тоқпақпен Махамбеттің басына ұрды. Махамбет ақтық рет: “Әуес!” деп, сылқ түсіп, сұлап қалды”, – деп суреттейді.
Зерттеуші-ғалым Исатай Кенжәлиев болса “Махамбет Өтемісұлы” кітабында қанды оқи¬ғадан кейін жендеттер Махамбеттің үйін тонап, інісі Хасенді, әйелін, Бетімбай Шөкеұлын Баймағамбетке алып барғанын жазады. “Бұл тұтқындалған адамдарды Баймағамбет бір айдай ұстап, әбден қорқытып жауап алады да, сосын қоя береді”, делінген. Зерттеуші еңбегінде жендеттердің ақынның әйелін де өздерімен бірге ала кеткені анық жазылған.
1847 жылы 27 ақпанда ақ патшаға адал қызмет еткені үшін сұлтан Баймағамбет Айшуақовқа генерал-майор атағы беріледі. Сол жылдың 30 наурызында сұлтан қайтыс болған. Ел ішінде оның Санкт-Петербургтен үйіне қайтып келе жатқан жолда Елек өзенінен өтер кезде опат болғаны туралы әңгіме бар. Сұл¬танды суға батырып өлтірген топтың басында Махамбеттің досы Асаубай болған көрінеді. Олар осылай ақын үшін кек алған.

Категория: Қазақ хандары, билері, батырлары | Добавил: erdeeen
Просмотров: 2408 | Загрузок: 73 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2026