|
|
| Қазақша рефераттар |
 |
Хронологиялық деректер
| Хронологиялық деректер 1680—1715 жж. — Тәуке ханның ел билеуі. 1718 ж. — Семей қаласының салынуы. 1670—1697 жж. — Жоңғар қонтайшысы Қалдан Бошақтудың билік құрған жылдары. 1697 — 1727 жж. — Жоңғар қонтайшысы Севан Рабданның билік құрған жылдары. 1720 ж. — Өскемен қаласының салынуы. 1723 ж. — “Ақтабан шұбырындының” басталуы. 1725 ж. — жоңғарлардың Ташкент пен Түркістанды басып алуы. 1726 ж. — Ордабасыдағы қазақтардың құрылтайы. 1728 (1726) ж. — Бұланты, Белеңті өзендері жағалауындағы (Орталық Қазақстан) қазақ жасақтарының жоңғарлармен соғыстары. 1730 ж. — Сазтөбедегі (Сайрамға жақын жерде) құрылтайда жоңғарға қарсы әскери одақ мәселесінің шешілуі. 1729 (1730) ж. — Аңырақай шайқасында (Балқаш көлінің оңтүстігі) жоңғарлардың жеңілуі. 1731 ж. — А.И.Тевкелев бастаған орыс елшілігінің келуі және Әбілқайыр ханның Ресей протекторатын қабылдауы. 1734 ж. — И.К.Кириллов бастаған Орынбор экспедициясының қызметінің басталуы. 1735 ж. — Ор өзені бойына Орынбор қаласының салынуы (кейіннен Орск бекінісі). 1740 ж. — Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қаза табуы. 1740 ж. — Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтанның Ресейге ант беруі. 1741—1742 жж. — Қазақ-жоңғар соғыстары. Абылайдың тұтқынға алынуы. 1745 ж. — Жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің өлімі, тақ таласының басталуы. 1748 ж. — Барақ сұлтанның Әбілқайыр ханды өлтіруі. 1748 ж. — 1785 ж. — Нұралы ханның Кіші жүзді билеуі. 1752 ж. — Петропавл қаласының салынуы. 1756 ж. — Орта жүз қазақтарының Жайық өзенінің арғы бетіне өтуге тыйым салынуы. 1756—1757 жж. — Абылай бастаған қазақ жасақтарының Цинь басқыншыларымен күресі. 1756 ж. — Абылайға Қытай елшілігінің келуі. 1757—1777 жж. — Абылайдың Пекинге барлығы 10 елшілік жіберуі. 1758 ж. — Цинь империясының Жоңғарияны талқандауы. Жоңғария мемлекетінің жойылуы. 1771—1781 жж. — Абылай ханның ел билеуі. 1773—1775 жж. — қазақтардың Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы. 1783—1797 жж. — Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс. 1785 ж. күз — Орынбор әкімшілігі дайындаған Кіші жүз рубасыларының құрылтайы. 1786 ж. — Кіші жүзді басқару туралы Игельстромның реформасы. 1792—1794 жж. — Кіші жүздегі Ералы ханның билігі. 1795—1797 жж. — Кіші жүздегі Есім ханның билігі. 1797—1805 жж. — Кіші жүздегі Айшуақ ханның билігі. 1801 ж. — Еділ мен Жайық аралығында Бөкей (Ішкі) ордасының құрылуы. 1801—1845 жж. — Жәңгір хан өмір сүрген жылдары. 1802 ж. — Сырым Датұлының Хиуа жерінде қаза табуы. 1808 ж. — Ұлы жүз жерлерін Қоқан хандығының басып алуы. 1805—1809 жж. — Кіші жүздегі Жантөре ханның билігі. 1806 ж. — Хиуа ханы Мұхаммед-Рахымның Сырдария бойындағы қазақтарды күшпен бағындыруы. 1809 ж. — Қаратай Нұралиевтің қолынан Кіші жүз ханы Жантөренің қаза табуы. 1812 ж. — Кіші жүзден Бөкей ордасының бөлінуі. 1815—1821 жж. — Арынғазы Әбілғазыұлының Хиуа басқыншыларына қарсы күресі. 1821 ж. — Ұлы жүз қазақтарының Тентек төре бастаған Қоқан билігіне қарсы көтерілісі. 1822 ж. — “Сібір қазақтары туралы жарғы”. Орта жүзде хандық биліктің жойылуы. 1823 ж. — “Орынбор қазақтары туралы жарғы”. Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы. 1823—1845 жж. — Жәңгір ханның Ішкі ордадағы билік құрған жылдары. 1825 (24)—1836 жж. — Орта жүздегі патшалық реформаларға қарсы Саржан Қасымұлының қозғалысы. 1824 ж. — Қарқаралы, Көкшетау округтерінің құрылуы. 1826 ж. — Баянауыл округінің құрылуы. 1831—1868 жж. — Кіші жүзде дистанциялық биліктің орнауы. 1831 ж. — Аягөз (Сергиополь) округінің құрылуы. ХІХ ғ. 1835—1838 ж. — Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлының Ресей отаршылдығына қарсы күресі. 1833 ж. — кедей қазақ Апақ Байжановтың Қарағанды аймағында тас көмір кенін табуы. 1833 ж. — Арынғазының Калуга жерінде қайтыс болуы. 1835 ж. — Орск пен Троицк арасында жаңа шептің салынуы. 1836—1838 жж. — Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс. 1837 ж. қазан — Жәңгір хан ордасын қоршау. 1838 ж. 12 шілде — Ақбұлақ түбіндегі шайқас. 1837—1847 жж. — Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс. 1839 ж. — губернатор Б.А. Перовскийдің Хиуаға әскери жорық жасауы. 1841 ж. — Кенесарының хан сайлануы. 1845 ж. — Ырғыз, Торғай бекіністерінің салынуы. 1846 ж. — Каспийдің шығыс жағалауында Ново-Петровск (кейіннен 1846 ж. Форт-Александровск, қазіргі Ақтау қаласы) қамалының салынуы. 1847—1904 жж. — Қазақстанның түсті металл мен көмір кен орындарын Попов, Рязанов, Ушаков сияқты ресейлік кәсіпкерлердің игеруі. 1847 ж. — Сырдарияның төменгі ағысында Ресейдің Райтм (кейіннен — Арал) бекінісінің салынуы. 1847—1858 жж. — Есет Көтібарұлы бастаған отаршылдық езгіге қарсы көтеріліс. 1853 ж. — Қоқандықтардың Ақмешіт бекінісін В.А. Перовский бастаған орыс әскерлерінің жаулап алуы (Қазіргі Қызылорда қаласы). 1854 ж. — Верный (Алматы) бекінісінің салынуы. 1856—1857 жж. — Жанғожа Нұрмұхаметұлы бастаған Сырдария бойындағы қазақтардың көтерілісі. 1864 ж. — Орыс әскерлерінің Түркістанды, Әулиеатаны, Шымкентті жаулап алуы. 1865 ж. — Орыс әскерінің Ташкентті жаулап алуы, Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуінің аяқталуы. 1865 ж. — Гирс басқарған Дала комиссиясының қызметі. 1867 ж. 11 шілде — “Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже”. 1868 ж. 21 қазан — “Торғай, Орал, Ақмола, Семей қалалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже”. 1868 ж. — Ақтөбе қаласының салынуы. 1869—1870 жж. — Орал, Торғай облыстарындағы және Маңғыстаудағы қазақтардың отаршылдыққа қарсы көтерілістері. 1881—1884 жж. — ұйғырлар мен дүнгендердің Қытайдан Жетісуға қоныс аударуы. 1881 ж. ақпан — Петербург келісім-шартының қабылдануы. 1868, 1869, 1883, 1889 жж. — Ресейден Қазақстанға шаруаларды қоныс аударту туралы заңдардың қабылдануы. 1886 ж. 11 маусым — “Түркістан өлкесін басқару туралы ереже”. 1891 ж. 25 наурыз — “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы ережең. 1902 ж. — Қазақстан аумағы бойынша Орал қаласында алғашқы социал-демократиялық үйірме дүниеге келді. 1904 ж. — Қазақстан тау-кен орындарының шетелдіктердің қолына өтуінің басталуы. 1904—1906 жж. — Ресейден Қазақстанға шаруаларды қоныс аударту, орналастыру жөніндегі қоныстандыру мекемелерінің ашылуы. 1905—1907 жж. — Қазақстан бірінші орыс революциясы жылдарында. 1905 ж. — Орал қаласында “Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының” құрылуы. 1905 ж. — Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесінде қазақтарының петиция ұйымдастыруы (4,5 мың адам қол қойды). 1905 ж. 17 қазан — Ресей империясында азаматтық бостандықтар туралы манифест. 1906—1907 жж. — І және ІІ Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутаттар сайлау (Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, М. Тынышбаев, Б. Құлманов, т.б.). 1913—1918 жж. — “Қазақ” газетінің шығуы. 1914—1918 жж. — Бірінші дүниежүзілік соғыс. 1916 ж. 25 маусым — Патша үкіметінің бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлығы. 1916 ж. шілде — Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің басталуы. 1917 ж. 28 ақпан — Ресейдің Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы; патша өкіметінің құлауы. 1917 ж. шілде — Орынбордағы бірінші жалпықазақ съезі. “Алаш” партиясының құрылуы. 1917 ж. қараша — Түркістан автономиясын жариялаған мұсылмандар съезі (Қоқан қаласы). 1917 ж. желтоқсан — Орынбордағы Алаш автономиясын жариялаған екінші жалпықазақ съезі. Алашорда үкіметі. 1917 ж. 24—25 қазан — Петроградтағы Қазан төңкерісі. 1917 ж. — депутаттар кеңестері мен қазақ ұлттық комитеттерінің құрылуы. 1918 ж. 21 қаңтар — РСФСР ХКК “Шіркеуді мемлекет пен мектептен ажырату” туралы декреті шықты. 1918 ж. көктем — 1920 ж. маусым — Азамат соғысы мен әскери интервенция. 1918 ж. қараша — Мәскеуде мұсылман коммунистерінің бүкілресейлік І съезі болып өтті. 1919 ж. мамыр — Ағарту халкомы жанынан үгіт пункттерінің Орталық партиясы құрылуы. 1919 ж. 10 шілде — Қырревком құрылған. 1919 ж. 10 шілде — Қырғыз (Қазақ) революциясылық комитетінің құрылуы. 1919 ж. қазан — В.И. Лениннің ұсынысымен ВЦИК-тің РСФСР ХКК Түркістан ісі туралы комиссия құрылды. 1919 ж. 26 желтоқсан — РСФСР ХКК декреті бұқаралық сауаттылық жолындағы күрестің басы болды. 1919 ж. — алғашқы мемлекеттік ғылыми мекеме “Алматы жеміс-жидек станциясы” құрылды. 1920 ж. 30 сәуір — РК(б)П-ның Қырғыз (Қазақ) облысының бюросы құрылды. 1920 ж. тамыз — партияның ОК-де үгіт-насихат бөлімі құрылды. 1920 ж. 26 тамыз — Қазақ автономиялық Кеңес Социалистік республикасы құрылды. 1920 қыркүйек — 1940 ж. — РСФСР ХКК декретімен рабфактар ашылып жұмыс істеді. 1920 ж. — Семейде тұңғыш ауыл шаруашылығы техникумы ашылды. 1920 ж. 6 қараша — РСФСР Ағарту халкомы қасында саяси-ағарту комитеті іске қосылды. 1920—1924 жж. — Республика астанасы — Орынбор. 1921 ж. 11—18 маусым — Орынборда І Қазақстандық облыстық партия конференциясы өтті. 1921 ж. 7—13 шілде — РКЖО-ның Бүкілқырғыздық (Қазақстандық) облыстық съезд өтті. 1922 ж. — КСРО-ның құрылуы. 1923 ж. — РСФСР-дің ұлттар ісі жөніндегі халық комиссариаты араб қарпіне реформа жасау жөніндегі комиссия құрады. 1923 ж. — “Талап” қоғамы. 1924 ж. ақпан — Қазақстанда Бүкілодақтық “Сауатсыздық жойылсын” қоғамының бөлімшесі құрылды. 1924 ж. — Жетісу мен Сырдария облыстары бөлігінің Қазақстан құрамына қосылуы. 1924 ж. — “Өлкелік өсімдік қорғау станциясы” құрылды. 1924 ж. 23 қаңтар — Спартак атындағы жас пионерлердің балалар коммунистік топтары, Ленин атындағы жас пионерлердің балалар коммунистік топтары құрылды. 1924—1925 жж. — Қазақстанға Сырдария және Жетісу облыстарының аумағы қайтарылды. 1925 ж. 19 ақпан — РК(б)П ОК Қазақстан Өлкелік комитеті етіп қайта құру жөнінде қаулы қабылдады. 1925—1933 жж. — Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Ф.И.Голощекин. “Кіші Қазан” науқаны. 1925—1929 жж. — Республика астанасы — Қызылорда. 1925 ж. — пролетар-шаруа жазушылардың Қазақ қауымдастығы құрылды. 1926 ж. наурыз — І Бүкілодақтық түркологтер съезі өтті. 1926 ж. — “Тыңайтқыштар және агротопырақтану ғылыми-зерттеу институты” құрылды. 1926 ж. — Қызылорда қазақ театры ашылды. 1927 ж. 29 наурыз — “Көшпелі жартылай көшпелілерді отырықшыландыру туралы” қаулысы. 1927—1931 жж. — Түрксіб темір жолының салынуы. 1928 ж. 27 тамыз — “Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы” қаулысы. 1928 ж. күзі — латын негізіндегі қазақ алфавитінің жобасын ұсынды. 1928 ж. — тұңғыш жоғары оқу орны — Қазақ педагогикалық институтының ашылуы. 1928 ж. — республикада тұңғыш ЖОО — Қазақ педагогикалық институты ашылды. 1928 ж. — “Восток кино” тресінің республикада өз бөлімі ашылды. 1929 ж. 18 тамыз — Мәскеуде КСРО пионерлерінің І Бүкілодақтық слеті ашылды. 1929 ж. — Республика астанасы Алматыға көшірілді. 1929 ж. — Қазақ Зоомалдәрігерлік институты ашылды. 1930 ж. — халыққа қарсы қуғын-сүргін жылдары. 1920—1930 жж. — қазақтарды күштеп отырықшыландыру мен ұйымдастыру жылдарында қазақтардың жаппай аштан қырылуы, шетелдерге көшуі. 1930 ж. 27 тамыз — Жалпыға бірдей білім беру декреті жарияланды. 1930—1931 жж. — ОГПУ-дің ГУЛАГ, КарЛАГ жүйесінің құрылуы. 1931 ж. — Медицина институтының ашылуы. 1932 ж. наурыз — КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды. 1932 ж. — Алматыда Театр-музыка техникумы ашылды. 1933 ж. — Алматыда музыкалық студия ашылды. 1933 ж. 5 қыркүйек — Орыс драма театры ұйымдастырылды. 1933 ж. күзі — Қазақ драма театры жеке ұғымға айналды. 1933 ж. күзде — Алматыда Кәсіпқой ұйғыр ұлттық театры құрылды. 1933 ж. — Республикада Суретшілер одағы құрылды. 1934 ж. — Қазақ Мемлекеттік университетінің ашылды. 1934 ж. 15 мамыр — “Бастауыш және орта мектептер құрылымы туралы” қаулы қабылданды. 1934 ж. 12—18 маусым — Қазақстан жазушыларының І съезі өтті. 1934 ж. маусым — халық Өнер қайраткерлерінің І слеті өтті. 1934 ж. 14 қыркүйек — студия мемлекеттік музыкалық театр болып өзгерді. 1934 ж. — Қазақ Мемлекеттік университеті ашылды. 1934 ж. — республикада “Қазақ әдебиеті” баспасы ашылды. 1935 ж. — Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филормониясы құрылды. 1936 ж. мамыр — Мәскеуде Қазақстан Әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті. 1936 ж. — КСРО Конституциясына сәйкес ҚАХСР-і одақтық республика болып қайта құрылды. 1936 ж. — Қазақ АКСР-нің одақтас республикаға айналуы. 1936, 1944—1945 жж. — Батыс Украинадан, Беларуссиядан поляк, неміс қоныс аударылғандардың келуі. 1937 ж. — Қызылордаға Владивостоктың Қиыр Шығыс өлкелік корей драма театры көшірілді. 1937 ж. 5—12 маусым — Қазақстан Коммунистік (большевиктер) партиясының І съезі өтті. 1937—1938 жж. — Қиыр Шығыстан Қазақстанға корей ұлтының күштеп көшіріп әкелудің басталуы. 1937 ж. — күрдтердің Орта Азия мен Қазақстанға көшіруінің басталуы. 1938 ж. — КСРО-ның қазақ филиалының құрылуы. 1938 ж. — КСРО ҒА қазақстандық базасы КСРО ҒА-ның қазақ филиалы (ҒАҚФ) болып қайта құрылды. 1939 ж. — жалпы Республика бойынша қазақтардың үлесі 38% болды. 1939 ж. — Қазақстан халқының сауаттығы 76,3%-ға жетті. 1940 ж. —латын қарпін кириллицаның ауыстыруы. 1940 ж. екінші жартысы — 50 ж. басы — “идеологиялық шабуыл”. Көрнекті ғалымдар мен өнер адамдарының қуғындалуы. 1941 ж. — Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының қазақ филиалы құрылды. 1941—1945 жж. — Ұлы Отан соғысы. 1943—1944 жж. — қарашай, балқар, шешен, ингуш, қалмақтардың Қазақстанға күштеп көшірілуі. 1944 ж. — татар, болгар, грек, месхеттік түріктердің Қазақстанға күштеп көшірілуі. 1946 ж. — 1 маусым айында Қазақстанның ғылым академиясы ашылды. 1947 ж. 21 қаңтар — “ҚазКСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы” қаулы. 1947 ж. — Семей полигонының салынуы. 1949 ж. 29 тамыз — Семей полигонда бірінші сынақ болған. 1950 ж. — жалпыға бірдей жетіжылдық білімнің енгізілуі. 1951 ж. қазан — Пешаварда “Қазақ босқындарының шығыстүркістандық қауымдастығы” құрылды. 1952 ж. 13 наурыз — Түркия үкіметінің шығыстүркістандық қазақ босқындардың Үндістан, Пәкстан және Сауд Арабиясынан Түркияға көшіп келуге рұқсат беруі. 1953—1964 жж. — КОКП ОК-ның Бас хатшысы — Н.С. Хрущев. 1954 ж. ақпан-наурыз — КОКП ОК Пленумы болып “Елде астық өндіруді одан әрі арттыру және тың және тыңайған жерлерді игеру туралы” мәселе қаралды. 1946—1954 жж. — Қазақстан КП(б) ОК бірінші хатшысы. 1954—1959 жж. — Республикаға тың және тыңайған жерлерді игеру үшін 1 млн 500 мың адамның көшіп келуі. 1955 ж. 12 ақпан — КСРО үкіметінің қазақстандық Төретам станциясының маңынан полигон құру туралы жабық шешімі шықты, бұл Байқоңыр ғарыш айлағы еді. 1955 ж. тамыз — 1956 ж. наурыз — Л. И. Брежнев Қазақстан КП(б) ОК бірінші хатшысы. 1956 ж. наурыз — И. Д. Яковлев, 1957 ж. қыркүйек — 1960 ж. қаңтар — Н. И. Беляев Қазақстан КП(б) ОК бірінші хатшысы. 1957 ж. ақпан — Халық шаруашылық кеңестері құрылды. 1959 ж. — Халық санағы бойынша қазақ ұлтының республика тұрғындары арасындағы үлесі 30%-ға төмендеді. 1960 ж. 19 қаңтар — Д.А.Қонаев Қазақстан КОКП бірінші хатшысы. 1960 ж. — Қазақ диаспорасының Еуропа және АҚШ елдеріне таралып қоныстана бастауы. 1960 ж. — Жалпыға бірдей сегізжылдық білімнің енгізілуі. 1962 ж. — Ы.Ю.Юсупувтың Д.А.Қонаевты ауыстыруы. 1964 ж. 7 желтоқсан — 1986 ж. желтоқсан — Қазақстанда ҚКП ОК бірінші хатшысы — Д.А.Қонаев. 1965 ж. — Орталық өндірістік министрліктер қайта қалпына келтірілді. 1965 ж. — шаруашылық реформасы. 1966—1979 жж. — Азғыр атом полигоны. 1970 ж. — Жалпыға бірдей орта білімнің енгізілуі. 1978 ж. — Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы. 1985 ж. — КОКП ОК-нің Бас хатшысы М.С.Горбачев. Қайта құру бағдарламасы. 1985—1991 жж. — қайта құру кезеңі. 1986 ж. 17—18 желтоқсан — Алматыдағы желтоқсан оқиғасы. Республика басшылығының ауысуы. 1989 ж. 22 қыркүйек, 1997 ж. шілде — Қазақстандағы Тілдер туралы заңдардың қабылдануы. 1989 ж. — Невада — Семей экологиялық қозғалысының құрылуы. 1990 ж. 24 сәуір — республика президенті орнының енгізілуі. 1990 ж. 25 қазан — Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. 1991 ж. 29 тамыз — ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей полигоны жабылды. 1991 ж. 18 қараша — “Өзге республикалар мен шетелдерден Қазақ¬с¬танға келіп, ауыл шаруашылығында еңбек етуге тілек білдірген жергілікті ұлт өкілдерін көшіріп алу тәртібі мен жағдайлары туралы” қаулы қабылдады. 1991 ж. 16 желтоқсан — ҚР тәуелсіздігі туралы Заңның қабылдануы. 1991 ж. 16 желтоқсан — Қазақстан тәуелсіздігінің жариялауы. 1991 ж. — Семей ядролық полигонының жабылуы. — Қазақстан Компартиясының таратылуы. — Қазақстан Президентін сайлау. 1991 ж. — шетелдегі қазақтардың ішінен алғаш Монғолиядан оралмандардың келе бастауы. 1991 ж. — Мәскеудегі қазақ жастарының мәдени қоғамы “Мұрагер” өз жұмысын бастады. 1992 ж. 2 наурыз — ҚР БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдануы. 1992 ж. 2 наурыз — ҚР БҰҰ құрамына кірді. 1992 ж. 4 маусым — Мемлекеттік елтаңба мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы айшықтанды. 1992 ж. 28 қыркүйек — 4 қазан — Алматыда қазақтардың дүниежүзілік бірінші құрылтайы өтті. 1992 ж. қазан — БҰҰ Бас Ассамблеясында Президент Н.Назарбаев АБӨ СШ (Азияда бірігіп әрекет ету және сенім шаралары) ұйымды қолдап сөз сөйледі. 1992 ж. күзде — Қазақтардың Дүниежүзілік қауымдастығы құрылды. 1992 ж. — Қазақстан Республикасының “Көші-қон туралы” Заңы қабылданды. 1993 ж. 28 қаңтар — ҚР бірінші Конституциясы қабылданды. 1993 ж. сәуір — мемлекет иелігіне алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы іс жүзіне асырыла бастады. 1993 ж. — “Болашақ” бағдарламасы қабылданды. 1993 ж. күзі — Кеңестер төменгі құрылымынан бастап өздері тарата бастады. 1993 ж. 15 қараша — ҚР-ның өз ұлттық валютасы — теңге айналымға кірді. 1993 ж. 13 желтоқсан — Қазақстан “Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге” қол қойды. 1994 ж. наурыз — Мәскеуде Президент Н.Назарбаев Еуроазиялық Одақты құру жөнінде мәселе көтерді. 1995 ж. 1 наурыз — ҚР Президенті жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылуы. 1995 ж. 30 тамыз — республикалық референдумда ҚР-ның жаңа Конституциясы қабылданды. 1996 ж. — ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасында ғылымды басқарудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру шаралары туралы” жарлығы шықты. 1996 ж. — ҚР “Мәдениет туралы” заң қабылданды. 1997 ж. 20 маусым — “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заң қабылданды. 1997 ж. 11 шілде — “Қазақстан Республикасындағы Тілдер жөніндегі заң” қабылданды. 1997 ж. 10 қазан — ҚР 2030 ж. дейінгі стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды. 1997 ж. қазан — “2030” Қазақстанның даму стратегиясы. 1997 ж. — Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше болды. 1997 ж. — “Көші-қон және демография агенттігі” құрылды. 2001 ж. — ҚР-ның “Ғылым туралы” заңы қабылданды. 2002 ж. 23—24 қазан — Түркістан қаласында қазақтардың Екінші дүниежүзiлiк құрылтайы болып јттi. 2002 ж. 23—24 қазан — Түркістан қаласындағы қазақтарды» Екiншi дүниежүзiлiк құрылтайы.
|
|
Категория: Қазақстан тарих | Добавил: erdeeen
|
| Просмотров: 4125 | Загрузок: 224
| Комментарии: 2
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|