Понедельник, 02.11.2026, 04:58
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Экономика Бухгалтерия

Банктік карточкалар

Кіріспе.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының төлем системасының ұйымдастырылуы жетілдіріліп келеді. Төлем системасындағы есеп айырысу операциялары экономикадағы ақша массасы мен оның қозғалысын реттеуге және оған бақылау жасауға ықпал етеді. Есеп айырысу операциялар банктік операциялар ішінде ең көп қолданылады. Төлем құралдары ішінен артынан шыққан банктік карточкалар қазіргі таңда кең өріс алуда. Төлем карточкалардың көптен қолдануы «көлеңкелі» экономика көлемінің азаюына және ақша айналымыныңбір бөлігінің легалдандыруына ықпал етуі мүмкін. Бұл пікірді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің төрағасы Ануар Сайденов айтқан болатын. Банктік карточкаларды қолданудың ыңғайлығы мен оның мүмкіндіктері , оны жетілдіріп дамуына және басқа төлем құралдарынан озып кетуіне ықтимал. Осы мақсаттарда клиенттерге осы төлем нысаны бойынша қызметтер кеңейте түседі. Ал бәсекелестікті қолдау үшін жүргізілетін есеп айырысу операциялары бойынша тарифтер төмендетіліп, түрлі жеңілдіктер жасалып отыр. Бұл банктік карточкалардың төлем системасында нығая түсуіне ықпалын тигізеді.
Келтірілген жағдайлар таңдалған тақырыптың өзектілігін айқындайды, өйткені банктердің төлем системасындағы банктік карточкаларды жетілдіру айырықша маңызды болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерімен шығарылатын банктік карточкалардың мәнін және оны қолданудың проблемаларын зерттеу.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыста бір қатар міндеттер белгіленеді:
1. Коммерциялық банктердің банктік карточкаларына жалпы теориялық сипаттама беру;
2. Банктік карточкалармен есеп айырысу есебіне талдау жүргізу.
3. Банктік карточкалардың қолдануымен операциялардың жаңа түрлерін жетілдіру.
Зерттеу тақырыбы – Қазақстан Республикасының төлем системасының ұйыдастырылу процесіне банктік карточкалардың алатын орнын айқындау. Зерттеу объектісі – Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, бес бөлімі бар үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымшалардан тұрады.

І тарау. Банктік карточкаларға жалпы теориялық сипаттама
1.1 Банктік карточкалардың ұғымы мен оның түрлері

Пластикалық карточка – бұл ақпараттың қазіргі жоғары технологиялық алып жүрушісі. Мамандардың айтуы бойынша, пластикалық карточка – бұл Қазақстанның төлем жүйесінің болашағы. Пластикалық карточка жақында тек қана қолма – қол ақшаларды емес, құжаттарды да ауыстырады (жеке куәлік немесе төл құжат орнына – карта суретімен). Барлық әлемде 2,5 миллиардтан астам адам тауарлар мен қызметтерге төлем жасау, жалақы алудың құралы және есептеудің тағы басқа түрлері ретінде пластикалық карточкаларды таңдады. Ендеше, пластикалық карточка қолма – қол ақшалармен еспетеуге қарағанда, қолайлы, әрі сенімді болып табылады. Пластикалық карточкалар шартты түрде:
- Халықаралық;
- Жергілікті;
- Дебеттік;
- Кредиттік;
- Корпоративтік;
- Жекешелік;
- Құрама;
болып бөлінеді.
Әлемде пластикалық карточканың 3 негізгі жүйесі бар:
- VISA;
- Master Card/Europay;
- American Express;
Олардың барлығы қазіргі таңда Қазақстанда қызмет көрсетеді.
1993 жылдың соңында Alembank бірінші болып Қазақстанда Visa карточкасымен қызмет көрсетті, ал 1994 жылдан бастап - Master Card карточкасы қолданыла бастады. Карточкамен қызмет көрсету тәжірибесі кеңейген соң, Alembank 1994 жыдың қараша айында жеке Alem Card дебеттік карточкасын шығарды. Alem Card иелері болып корпоративтік карточка алатын заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта барлық елдерде шығарылған карточкалардың саны 2 миллиардтан асты. Статистика бойынша дамыған елдерде әр тұрғынға 2-3 карточкадан келеді. Қазақстанда да көбінің, зейнеткерлер, бизнесмендер, шахтерлер мен студенттердің, карточкалары бар. Карточкалардың саны күннен-күнге өсуде және олар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуда.

Visa Electron – ең пайдалы тарифтер бойынша ең қол жетерлік халықаралық банктік карточка. Бұл ең қарапайым, әрі арзан халықаралық карточка. Visa Electron шет елге жол жүретін кезіңізде және күнделікті өміріңізде сізге қолма – қол ақша алуыңызға, тауарарлар мен қызметтер үшін ақы төлеуіңізге көмектеседі. Visa Electron бойынша электродық құрылғылар: банкоматтар және POS – терминалдар арқылы қызмет көрсетіледі.

Visa Classic – Қазақстанда және шет елдегі ең танымал төлем карточкасы. Қызмет көрсетудің ең пайдалы тарифтері, сондай – ақ әлемнің кез келген елінде нақты қолданылу ыңғайлылығы оны шет елге шығатындар үшін маңызды нәрсе етеді. Ол бойынша Visa логотипі бар жерлердің бәрінде қызмет көрсетіледі. Visa Classic көмегімен сіздің:
- Сауда және сервис кәсіпорындарында тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуге;
- Банкоматтарда және қолма – қол ақша беретін пункттерде ақшаны қолма – қол алуға;
- Қонақ үйлерде нөмірді күні бұрын алып қоюға, автокөлікті жалға алуға, авиакомпаниялар мен агенттіктерде билеттерге тапсырыс беруге мүмкіндігіңіз бар;
Visa Business – корпоративтік карточка болып табылады және кәсіпорындардың қызметкерлеріне компанияның балансына жататын іссапарлық, өкілдік және өзге де шығыстарды ақша аудару арқылы төлеуге мүмкіндік береді. Карточка жоғалатын жағдайда сізге бар болғаны карточканы шұғыл түрде ауыстыру немесе қолма – қол ақшаны беруді ұйымдастырады. Сіздің компанияңыздың:
Қызметкерлердің қаражатты жұмсауын талдауға;
Іссапарлық және өкілдік шығыстарды жоспарлауға;
Іссапарлық шығыстарға қаражатты ақша аудару тәсілімен беруге мүмкіндігі бар;

Visa Gold анағұрлым мәртебелі карточка қолайлылық пен сервистің жоғары деңгейін бағалайтындарға арналған. Visa Gold ұстаушыларына айтарлықтай шегерімдер мен жеңілдіктер беріледі. Карточка ұстаушыларының көрсететін қызметтерінің міндетті түрлерінің қатарына карточка жоғалатын жағдайда шұғыл қызмет ету, жоғалғанның орнына уақытша карточканы тегін алу мүмкіндігі және т.б. кіреді. Visa Gold карточкасының иесі қаржылық жағынан қабілеттілігін атап көрсетеді және анағұрлым қаржылық мол мүмкіндіктерді береді.

Tsesna Local - ең тиімді белгіленген баға бойынша арзан төлем карточкасы болып саналады. Кәсіпорындарда тауарлар мен қызметтерге төлем жасау және қолма – қол ақша алуға мүмкіндік береді.

Виртуалдық карточка - Интернетте сауда жасау үшін қолданылатын карточкалар, бірақ карточка Интернетте одан әрі нақты ұсынуды талап ететін қонақ үйлерде номерлер брондау, автокөлік жалға алу сияқтыларға есеп айырысу үшін қолданыла алмайды.

Категория: Экономика Бухгалтерия | Добавил: erdeeen
Просмотров: 1058 | Загрузок: 169 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2026