Понедельник, 02.11.2026, 06:14
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Экономика Бухгалтерия

Бухгалтерлік түгендеу

Кіріспе

Бұл жазба жұмыста бухгалтерлік есеп әдісінің элементтерінің бірі – түгендеу қарастырылған. Қазіргі таңда түгендеудің маңызы зор болып келеді, себебі ол ұйымның мүлкінің сақталуын, қаржылық тәртіптерді ұстануын, операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрініс табуын қадағалаудың бірден бір тәсілі болып табылады.
Түгендеу бухгалтерлік есептің түп негізінде жатыр, сондықтан бухгалтерлің жұмысын түгендеусіз елестету мүмкін емес.
Бухгалтерлік есептің әдісі ретінде түгендеудің қайнар көзі мыңдаған жылдарды қамтиды, алайда «түгендеу» ұғымы алғаш рет 1931 жылы «Вестник Академии наук» атты журналда пайда болған. Оған дейін түгендеудің орнына тексеру, есептеу, қайта есептеу, санау, қайта санау және т.б. сияқты басқа терминдер қолданылған.
Жалпы түгендеу (inventarium, латын тілінен аударғанда шаруашылық заттардың нақты тізімі) – бұл бухгалтерлік есептің әр түрлі объектілерінің нақты қолда бар болуын және жағдайын тексеруді көздейтін, есептік мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығын анықтауға бағытталған бақылау құралы.
Сонымен қатар түгендеу құрамына бухгалтерлік есептің көрсеткіштерін бағалаудың нақтылануы, анықталуы кіреді. Яғни түгендеу процесінде мүліктер мен міндеттемелердің бар болуы ғана емес, сонымен қатар олардың жағдайы мен бағалануы анықталады.
Түгендеу маңыздылығы әр уақытта өзгеріп отырған. Ежелгі Рим дәуірінде түгендеу мұрағатқа қалдырылған мүлікті есептеу және бағалау үшін қолданылған.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі түгендеу принципі – қаттау-тіркеу құжатын жүргізу жолдарымен жүзеге асырылады. «Қаттап-тіркеу» деп ат қойылған құжат – бастапқы құжаттар құрамына жатады. Қаттап-тіркеу құжатын іске асыру арқылы белгілі жағдайды сипаттап саыстыруға, қолда бар құндылықтардың нақтылығын, натуралдық қалдықтарды, шындық фактілер дәрежесін анықтауға болады. Белгілі бір объектілердегі құндылықтарды қаттап-тіркеу үшін, бұл объектілердің ерекшелік жағдайларын (қойманың, цехтың, ферманың, жөндеухананың т.б.) білген жөн.

Түгендеу түсінігі және түгендеу принципі

Түгендеу (inventarium, латын тілінен аударғанда шаруашылық заттардың нақты тізімі) – бұл бухгалтерлік есептің әр түрлі объектілерінің нақты қолда бар болуын және жағдайын тексеруді көздейтін, есептік мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығын анықтауға бағытталған бақылау құралы.
ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен енгізілген 13.03.2003 жылғы №101 өзгертулермен 24 «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес Қазақстанда түгендеуді жүргізудің жалпы ережелері анықталады. 24-БЕС әдістемелік нұсқаулықтарында заңды тұлғалардың мүлік пен міндеттемелерді түгендеуді ұйымдастыру шарасының негізгі ережелері анықталған, сонымен қатар оның нәтижелерін рәсімдеу тәртібі де келтірілген.
Түгендеудің мақсаты – қолда бар барлық құндылықтар мен қарыздардың дұрыс пайдалануын және құжаттармен расталуын қамтамасыз ету.
Түгендеудің міндеттері:
 Активтердің сақталуын және материалды жауапты тұлғалардың іс-әрекетін бақылау;
 Есеп объектілерінің нақты жағдайының толық көрсетілуі;
 Тексерумен анықталған нәтижелердің өз уақыттылығы мен шынайылығы, нақты қолда бар мүлікті есеп мәліметтерімен салыстыру;
 Нормадан тыс, қолданылмайтын құндылықтарды кейін өткізу мақсатында анықтау;
 Есеп объектілері құнының нақтылығын және оларды сақтау ережелері мен жағдайларын тексеру, т.б.

Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі түгендеу принципі – қаттау-тіркеу құжатын жүргізу жолдарымен жүзеге асырылады. «Қаттап-тіркеу» деп ат қойылған құжат – бастапқы құжаттар құрамына жатады. Қаттап-тіркеу құжатын іске асыру арқылы белгілі жағдайды сипаттап саыстыруға, қолда бар құндылықтардың нақтылығын, натуралдық қалдықтарды, шындық фактілер дәрежесін анықтауға болады. Белгілі бір объектілердегі құндылықтарды қаттап-тіркеу үшін, бұл объектілердің ерекшелік жағдайларын (қойманың, цехтың, ферманың, жөндеухананың т.б.) білген жөн.
Қаттап-тіркеу фактісінің негізі – натуралдық өлшем бірлігіндегі құндылықтар. Натуралдық өлшем бірлігі ақшалай өлшемге айналған сәттен бастап ұйымның тауарлы-материалды құндылықтарын – ресурстарының жағдайын көрсетеді. Сонымен қатар түгендеп-қаттау құжаты құқықтық құжат болып танылып, ұйым деңгейіндегі жауапты адамдардың жауапкершілік деңгейін көрсетеді.
Қаттап-түгендеу принципінің түпкі мақсаты қолда бар нақтылы құндылықтар мен бухгалтерлік есеп мәліметтеріндегі (есептегі) құндылықтардың айырымын, салыстыру ведомстволарын қосымша жасау арқылы шығару. Қаттап-түгендеу объектісіне қолда бар құндылықтар жатады. Құндылықтардың дұрыс есептелінуін түгендеу үшін натуралды қалдықтар шығарылуы керек. Натуралды қалдықтарды шығару, өлшеу, қайта өлшеу, есептеу және қайта есептеу, таксировкалау, сандық өлшемді ақша өлшемімен көбейту әдістерін қолдану арқылы орындалады. Сонымен, қаттап-түгендеу дегеніміз натуралды қалдықтарды белгілі бір кезеңдерге қарай шығарып отыру болып табылады.
Ұйымдағы жауапты қызмет атқарушы адамдар мен бухгалтерлердің жауапкершілігіндегі құндылықтардың бар-жоғын түгендеу үшін ұйым басшылары арнайы комиссия құрып, қаттап-түгендеу ісін жүзеге асырады. Қаттап-түгендеу ісінің қорытындысы шығарылып, артық не кем шыққан құндылықтардың көлемі салыстыру ведомствосына жазылғаннан соң арнайы шешім қабылданады. Кем шыққан, жетпей қалған құндылықтарды есептен шығару үшін меншік иесінің келісімі немесе соттың шешімі шығарылады. Натуралды құндылықтар мен есеп мәліметтері арасындағы айырым болуын есептеу кезінде кеткен қателіктерден де болатыныдығын есте сақтау керек.
Құндылықтардың дұрыс сақталуын қамтамасыз етіп отыру, бұл үрдісті басқару, күнделікті бақылау жұмысын ұйымдастырудың маңызы зор. Кейде шаруашылық өмірде кездесетін апат, төтенше жағдай (өрттен, су тасқынынан, ұрлықтан) себептеріне байланысты түгендеу жұмысын жүргізу қажеттігі туындайды.

Категория: Экономика Бухгалтерия | Добавил: erdeeen
Просмотров: 1340 | Загрузок: 75 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2026