Кіріспе Өткен жылдың бюджеттері алдағы жылдардың бюджеттерінің орындалуы мен құрылуына біршама ықпал етті. Олардың ұзақ мерзімде орындалу тиімділігін арттыру үшін бірнеше жылға есептелген тиісті қызмет бағдарламасы болуы қажет. Мұндай бағдарламаның негізгі параметрлері мемлекеттік үкімет органдарының бюджеттік саясатымен анықталады. Қазына саясаты экономикалық саясаттың бөлшегі ретінде бюджет қаражаттарын шығындауға және құруға байланысты құралдарын пайдаланады. Бюджет механизмдерін тарту туралы сөз қозғалғанда жоспарланған нәтижеге шығындар мен кірістер бойынша бөлшектемей, барлық мүмкін болатын факторларды толықтай есепке алу қажет. Сондықтан, экономикалық міндеттерді мемлекеттік деңгейде шешу үшін мемлекеттік бюджеттеу элементтерін кешен түрінде, қазына саясаты деп аталатын, оларды бірыңғай тұжырымдама шеңберінде пайдалану қабылданған. Қарағанды облысының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімдік қазына саясаты (бұдан әрі - Орта мерзімдік қазына саясаты) Қарағанды облысының 2006-2008 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының Орта мерзімдік жоспар жобасының (бұдан әрі-әлеуметтік-экономикалық дамудың Орта мерзімдік жоспары), Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының және үш жылдық мерзімге арналған мемлекеттік реттеудің өте маңызды көрсеткіштер болжамының, Елбасының 2004 жылғы 19 наурыздағы “Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін” және 2005 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген жолдауын есепке ала отырып, аймақтық бағдарламалар мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде әзірленді. Орта мерзімдік бюджет саясаты әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттарын іске асырудың негізгі механизмдерінен (әдістерінен)- кірістер мен шығындар саясатынан, бюджеттік несие беруден, қаржы активтерін басқарудан, бюджетаралық қатынастардан, мемлекетті және кепілді мемлекетті басқарудан, алып пайдаланудан және қарыздан тұрады. Орта мерзімдік қаржы саясатын әзірлеу мына мақсаттарға жетуге бағытталып әзірленген: алдағы үш жыл мерзімге бар ресурстардың көлемін анықтау; Қарағанды облысы әкімиятының қаржы стратегиясын белгілеу және оның ағымдағы және алдағы мақсаттарға жету жоспары; Стратегиялық басым бағыттарды іске асыруға арналған шектелген бюджеттік ресурстарды бөлу бойынша шешім қабылдауға көбірек назар аудару; Бюджеттің болашақта шектелуін және мүмкіндігін түсінуді бұдан да артық қамтамасыз ету; Бюджеттік процесстердің тиімділігін және анықтығын арттыру. Бюджеттік процесстердің сабақтастығын және қаржы және қаржы тәртібін арттыруды қамтамасыз ету. Бұл құжатта Қарағанды облысының 2006-2008 жылдарға арналған қаржы саясатының негізгі мақсаттары, міндеттері және бағыттары анықталған. Қарағанды облысының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімдік қаржы саясаты 2006 жылға арналған облыстық бюджет жобасын қалыптастыру процесінің негізгісі және бастапқысы және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлеріндегі салық және бюджет саясатын іске асырудың үйлестіруші құжаты болып табылады. 1. Әлеуметтік – экономикалық жағдай 1.1. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және 2006-2008 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштер. Облыстың 2004 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары экономиканың нақты секторының, агроөнеркәсіп кешенінің, шағын кәсіпкерлік пен әлеуметтік саланың динамикалық дамуы есебінен тұрақты экономиканың өсу қарқынының тұрақты түрде сақталғанын куәландырады. 2004 жылы өнеркәсіп өнімдерін шығару 2,8% асып 435,0 миллиард теңгені құрады. Өңделетін өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 380,8 млрд. теңгені құрады (2003 жылға 103,8 %). Өндіріс көлемінің өсуі жалпақ прокатты 5,3 %, цинк прокатын 7,4% шығару есебінен қамтамасыз етілді. 2004 жылға электр қуатын өндіру және тарату 11995,0 млн. квт/сағ құрады (2003 жылға 107,0%). Экономиканың нақты секторының аймақтық даму бағдарламаларының шегінде 50 жоспар-тапсырма бойынша 39 жаңа өнеркәсіп құрылды. Есеп беру жылы облыстың 154 кәсіпорнымен 35,5 миллиард теңгеге импорт алмастыратын өнімдерді шығаруға келісім-шарт жасалды, бұл ойдағының -150,2%-ын, 2003 жылға -118,6%-н құрайды. Астана қаласының тапсырушыларына 10,9 миллиард теңге немесе 35,3 % құрылыс материалдары мен мердігерлік жұмыс орындалған. Бекітілген индустриалды-жаңалық енгізу бағдарламаларын, тұрғын үй құрылысын, жаңа өндірістер енгізумен қолданыстағыларын кеңейту 2008 жылы 2005 жылдың деңгейімен салыстырғанда өнеркәсіп өнім көлемдерін 18,7 % көбейту болжамданған (566,3 млрд. теңге) оның ішінде: Тау кен саласында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 30,1% (442,7 млрд. теңгені) құрайды, өңделетіні – 18,4 % (487,7 млрд. теңге), электр қуатын бөлу және өндіру, газ бен су – 11,4 % (34,3 млрд. теңге). Көрсеткіштердің ұлғаюы келесі мақсаттарды шешкенде нәтижелі болады: - Қарағанды аумақтық технопаркінің қызметін кеңейту; - венчур қорын құру; - металлургияда, тағам (ет және сүт) саласында, құрылыс материалдары өнеркәсібінде, туризмде және шикізатты тереңірек өңдеп, жоғары дәрежеде дайындалған өнімдерді өндіру бойынша жаңа өндірістерді дамыту кластерлерін жасау, материалдық және ресурстарды сақтау технологиясын енгізу; - Импорт алмастыру көлемін ұлғайту (2005 жылғы жалпы 6,1 % көлемінен 2008 жылы 10 % дейін жеткізу) және экспорттық бағдарлы өнімдерін кеңейту; - өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін артыру үшін кәсіпорындарда АЖҚ 9000 сериялы сапалы стандарт енгізу (90-нан кем емес); - 2008 жылы 2004 жылмен салыстырғанда тауарды экспортқа шығаруды 13,6 %-ға ұлғайту; Аграрлық секторда өнім 35,3 млрд. теңгеге өндірілді, табиғи көлемінің индексі – 103,7%. Ірі қара малдың саны (5,4%), қой мен ешкі (5,5 %), жылқы (3,4 %), шошқа (2,1%) өсуі сақталған. Ет өнімі (110,3 %), сүт (108,9 артқан. 2004 жылға арналған ауылды өркендету жөніндегі негізгі шаралардың жоспарын іске асыру ауқымында селоның экономикасына және әлеуметтік саласының дамуына 4,0 млрд. теңге инвестиция салынды, жоспардағы 1380 орнына 2278 жұмыс орны ашылды. 2008 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 41,5 млрд. теңгені құрайды немесе 2005 жылдың деңгейіне қарағанда 13,4 %-ға артады, оның ішінде өсімдік өнімдерін өндіру – 17,6 %-ға, мал шаруашылығы өнімдері – 10,3 %-ға. Егін өндіру көлемі 640 мың тоннаға дейін (2005 жылға 104,1 , картоп – 157,5 мың тонна (101,6 %), көкөніс – 80 мың тонна (106,7 %). Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі іс-шаралар 2008 жылы 101,5 мың тонна ет (тірі салмақпан) немесе 105,7 % болады деп күтілуде. Сүт өндіруді 294 мың тоннаға (106,1 %), жұмыртқаны – 208 млн данаға дейін (104,0 %-ға) жеткізіледі деп күтілуде. Бұл көрсеткіштерге мына міндеттердің шешілу есебінен жетуге болады: • облыс тұрғындарын ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемінің және сапасының өсуі есебінен өздері өндірген азық-түліктермен қамтамасыз етуді жақсарту; • ауылды дамытуға арналғанреспубликалық және жергілікті бюджеттен мемлекет бөлген қаражатты тиімді қолдану; • агроөнеркәсіп кешенін дамытудың болашақ жобасына инвестицияларды, қарыз қаражаттарын тарту; • селолық тауар өндірушілерді және қайта өңдеу кәсіпорындарын шоғырландыру; • Ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының селоларға басшылық тәжірибесін қайта жандандыру. 2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының аймақтық бағдарламасына сәйкес 135,6 мың шаршы метр тұрғын үй салынды (2003 жылға қарағанда 3,6 есе көп). 5214 адам жалпы сомасы 7255,3 млн. теңгеге ипотека ресімдеді. Бағдарламаның негізгі бағыттары: тұрғын үй құрылысының жоспарлама-көлемдік, сындарлы және инженерлік шешімдерін жетілдіру, ипотекалық несие беру, құрылыс қорлары жүйесін дамыту және халықтың, заңды тұлғалардың, банктер мен инвесторлардың қосымша қаражаттарын тарту арқылы тұрғын үй құрылысының тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ету. Болжамдалған мәліметтер бойынша үш жыл ішінде жалпы сомасы 28,7 млрд. теңгеге 573,6 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 2,5 млрд. теңгеге 67,4 мың шаршы метр, халықтың қаражаты есебінен –8,6 млрд теңгеге 165,5 мың шаршы метр, мемлекеттік емес сектордан кәсіпорындар мен ұйымдардың ипотекалық кредиті есебінен – жалпы сомасы 17,6 млрд. теңгеге 340,7 мың шаршы метр. 2004 жылы мемлекеттік бюджетке 73,0 миллиард теңге салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдер түсті (жоспардың 101,2%), оның ішінде жергілікті бюджетке – 30,8 миллиард теңге (жоспардың 101,3%). Экономиканың өсуі облыстың кәсіпорындарының негізгі капиталы 84,5 миллиард теңгеге жетіп, 2003 жылдың деңгейінен 120,3% асқан инвестициялық салым мөшерінің ұлғаюымен сүйемелденеді, артық бөлігі өнеркәсіп дамытуға жіберілген (77,0 %). Алдағы жылдары мемлекеттік емес секторлардың өз қаражаттары және шетел инвестициялары инвестиция салымдарының негізгі көздері болып табылады. 2006-2008 жылдары 308,9 млрд. теңге инвестициялық салымдар жоспарланған, оның ішінде шетел инвесторлары қаражатынан 25,7 млрд. теңге. Сыртқы сауда айналымының көлемі 3,4 млн. АҚШ долларын құрады және 2003 жылмен салыстырғанда 42,7% ұлғайды, оның ішінде экспорт – 31,0%, импорт – 88,7%. Сыртқы сауданың келешегі ішкі және сыртқы факторлармен анықталады. Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму келешегі сыртқы сауданың маңызды бөлігі болып табылады. 2008 жылдың аяғына дейін сыртқы сауда айналымы облыста 2004 жылмен салыстырғанда 11 %-ға ұлғаяды да, 3,8 млрд. АҚШ долларын құрайды деп күтілуде. 2004 жылы халықты жұмыспен қамту мақсатында жаңадан 21 мың жұмыс орны ашылды (жоспарланғаны 131,1%). Жұмыспен қамту қызметтерімен 37,9 мың жұмыссыз немесе жоспарға 126,5 % еңбекпен қамтылды, төленетін қоғамдық жұмыстарға 16,5 мың жұмыссыздар тартылды, кәсіптік оқуға және қайта даярлауға 5,1 мың адам жіберілді. Басым тәртіппен жастардың арасынан 20 мыңдай жұмыссыз (өтініш берушілер санынан 98,6 және 743 оралман (жоспарға 176,5 жұмыспен қамтылды. Жаңадан ашылатын жұмыс орындарын ұйымдастыру есебінен жұмыссыздық деңгейі азайып, экономикалық белсенді халықтың 1,0 %-н құрады, немесе 2004 жылдың басымен салыстырғанда 0,1 % тармаққа төмен. 2008 жылдың аяғына дейін жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру есебінен жұмыссыздар саны 6,7 %-ға азаяды және 45,9 мың адамды құрайды. Орташа айлық номиналды еңбекақыны өсіру 38,3 %-ға жоспарлануда. Күнкөріс деңгейінен 40 % деңгейде кедейшілік шегі сақталған кезінде, аз қамтылған азаматтар саны 2005 жылғы 37,4 мың адам санынан 2008 жылы 17,1 мың адамға дейін азаяды. Аз қамтылған азаматтар санының азаюына байланысты атаулы әлеуметтік көмек 2008 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 47,8 %-ға азайып, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу -41 %-ға, тұрғын үй көмегі 22 %-ға азаяды. Шағын кәсіпкерлікті дамыту динамикалық өсімімен сипатталады. 2003 жылы шағын кәсіпкерліктің субьектілері 2003 жылмен салыстырғанда 15,6% ұлғайды және 35,9 бірлік санын құрады, онда жұмыс істейтіндердің саны 155,6 мың адамға жетті ( 110,7%), ал аймақтағы кәсіпкерлер өндірген өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) көлемі 61,2 миллиард теңгені құрады (119,7%). 2008 жылы шағын кәсіпкерліктің субьектілерінің саны 2005 жылмен салыстырғанда – 9,3%, ондағы жұмыспен қамтылғандардың саны – 22,5%, шығарылатын өнімдердің көлемі (жұмыстары, қызметтері) 24,5% өсуі күтілуде. Білім беру жүйесін тиімді дамыту үшін жағдайлар жасалынған. Облыста білім берудің жаңа обьектілерін іске қосу жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Өткен жыл ішінде 7 мектепке дейінгі мекеме ашылды. Балаларды қабылдауға тағы да 2 балабақша дайындалуда. Нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбиемен қамту өткен жылмен салыстырғанда 21,6 %-дан 35,1 %-ға дейін ұлғайды. Сәтпаев, Жезқазған қалалары мен Алғабас селосында мектеп салу және Нұра ауданының Щербаков орта мектебінің қосымша құрылысын салу, Шет ауданының Ақсу селосында негізгі мектеп салу басталды. Қарағанды қаласында «Балдырған» балабақшасы мен Ұлытау ауданының Борсеңгір селосындағы мектепті қайта жөндеу аяқталды. 78 білім беру объектілерінде күрделі жөндеу жүргізілді. Интернет жүйесіне қосылған мектептер саны 33,2 %-дан 66%-ға дейін өсті. Елбасы мен облыс әкімінің денсаулық сақтау мен білім беру салаларының алдына қойған мақсаттарын ойдағыдай іске асыру үшін стандарттар әзірленді. 2004 жылдың басында білім беру жүйесі стандартқа 58,3 % сәйкес болса, жылдың аяғына дейін көрсеткіш 69,5%-ға дейін ұлғайды. Бұрын жабылған мектепке дейінгі ұйымдарды қалпына келтіру, жабдықтармен, жиһаздармен және бұйымдармен ең алғашқы кезекте селолық жерлердегі мектептерді жарақтандыру белгіленген. Жалпы орта білім беру саласында қолданыстағы жүйені сақтау жоспарлануда. 2006-2008 жылдары 21 мектепке дейінгі ұйымдарды қалпына келтіру және ашу көзделуде, оның 11-і селолар мен қала түріндегі кенттерде және 10-ы қалада, Жезқазған, Балқаш, Абай қалаларында жаңа мектеп, Қарағанды қаласында шипажайлы мектеп-интернат салу, Қарағанды қаласында, Жаңаарқа ауданының Ералиев селосында және Бұқар жырау ауданының Керней селосында авариялық апатты мектептерді жаңа типті мектептерге ауыстыру көзделген. Бастауыш және орта кәсіптік білім беру саласында барлық селолық жерлерде кәсіптік мектептер ашып, олардың материалдық - техникалық базасын нығайту көзделуде. Халықты жұмыспен қамту қызметтері жіберген жұмыссыздарды даярлаудан және қайта даярлаудан өткізуді жүзеге асыруға, оқушылардың өндіріс дағдысына үйрететін өндіріс шеберханалары мен оқу шаруашылықтарын құруға ықпал ету.
|