МАЗМҰНЫ Кіріспе 3 Аймақтардың қазіргі кезеңдегі даму бағыттары және әлемдік тәжірибе 4 Тарау 2. Аймақ бағасы 9 2.1. Экономикалық факторлар 9 Табиғи потенциал 9 Өнеркәсіп 10 Транспорт және коммуникация 10 Инвестициялар 12 Тұрмыстық қамсыздандыру инфрақұрылымдары 12 Ауыл шаруашылығы 14 Еңбек нарығы 15 Қаржылай-несиелік сектор 16 Сыртқы экономикалық қатынастар 17 2.2. Әлеуметтік факторлар 18 Демография 18 Миграция 18 Білім беру жүйесі 19 Денсаулық сақтау саласы 19 Жұмыссыздық деңгейі және еңбек жағдайы 20 Халықтың тұрмыс жағдайы мен тұтынушылық қабілеті 21 Қоршаған ортаны қорғау саласы 21 2.3. Технологиялық факторлар 22 Өнеркәсіптің инновациялық қызметі 22 Ғылым, технология және инновация дамуы 23 2.4. Бизнес ортаның хал ахуалы және институтционалдық даму 24 Бизнес-орта 24 Институционалдық баға 25 Шағын және орта бизнес дамуы 26 2.5. Облыстың Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырмалы түрдегі анализі 26 2.6. Әлемдік, ұлттық, аймақтық экономикасы бойынша облыстың бәсекеге қабілеттілігінің сандық бағасы7 27 2.7. Қарағанды облысы мен оның ірі қалаларының әлемдік, ұлттық, аймақтық деңгейде алар орны 28 Тарау 3. Қарағанды облысының территориялық стратегиялық даму сипаты 35 Облыс экономикасын түрлендіру / шикізат секторынан тәуелсіз болу 37 Экономикалық дамуды қамтамасыз ететін адамдар ресурсын дамыту 52 Бизнес-климатты жақсарту мен шағын және орта бизнесті табысты жетілдіруге ынталандыру 56 Аймақты территориялық тұрғыдан тиімді дамыту 60 Аймақ тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту 73 Тарау 4. Қарағанды облысының инвестициялық қарқынды жобалары 81 Тарау 5. Қарағанды облысын аумақтық даму стратегиясын жүзеге асырудағы күтілетін нәтижелер 86 Қосымшалар: 88 Кіріспе Қарағанды облысының 2015 жылға дейінгі территориялық даму Стратегиясы - «Қазақстанның әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің қатарына кіру Стратегиясы » деген Елбасының 2006 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқына жолдаған Үндеуі және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі территориялық даму Стратегиясы негізінде жасалып, Қарағанды облысының әлеуметтік экономикалық жедел дамуының орташа жоспары болып отыр. Стратегияны жасауда Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің аймақтарды бәсекелестік тұрғыдан дамыту стратегиясын жасауға арналған Әдістемесі мен Дүние жүзілік даму Банкысының жобасында қарастырылған құралдар пайдаланып отыр . Стратегия Қарағанды облысын аймақтық экономикалық тұрғыдан дамыту мақсатында, оның келешектегі мүмкіндіктері мен даму бағыттарын айқындап беруді көздеп отыр. Стратегия – атқарылған зерттеу қорытындылары мен жергілікті жоғары оқу орындарының, сарапшылар кеңестерінің, қалалық үкіметтің, кәсіпкерлердің мүдделлі тараптармен бірлесе отырып жүргізген статистикалық көрсеткіштер анализының жиынтығы болып отыр. Аталмыш құжат жүргізілген жұмыстардың негізгі кезеңдерін қамтып отыр. Құжаттың басты мақсаты – Қарағанды аймағының жоспарлық стратегиялық дамытуға байланысты алғышарттар мен жобалар, бағадарламалар мен зерртеулер, толғаныстар мен талқылауларды бір ғана құжатта топтастыру. Бұл құжат- жобалар мен бағдарламаларды, кеңестер мен мониторингтерді, қорытындылар мен Стратегияға енгізілу мүмкіндігі бар өзгерістерді жүзеге асыруда пайдаланылады. Стратегияны жасау 2 кезеңнен тұрады- Стратегияның базалық түрін жасау кезеңінде облыстың әлеуметтік экономикалық дамуына сараптама жасалынып, оның территориялық дамуы мен маманданудағы бәсекеге қабілеттілік бағыттары айқындалды. Зерттеу қорытындылары Қарағанды әкімшілігінде құрылған Жұмысшы топ келісімінен өтіп, кәсіпкерлер мен жоғары оқу орындарына және басқа да мүделлі тараптарға таныстырылды. Екінші кезең барысында кеңестер, қалалық жиындар, кәсіпкерлер және қала басшылығымен кездесулер, сондай-ақ Қарағанды, Балқаш, Теміртау қалаларында семинарлар өткізілді. Қарағанды облысының экономика мен бюджетті жоспарлау департаментінің тапсырысы бойынша аймақтық дамудың Ғылыми Зерттеу Институты облыстың ірі қалаларының ұлттық, аймақтық және әлемдік экономика жүйесіндегі алар орны мен бағыттарын айқындауға арналған маркетингтік зерттеулер жүргізді. Дүниежүзілік Банктың ұсынысы бойынша Кәсіпкерлер Форумы мен Сандж зерттеу Орталығы Қарағанды облысының жеке, жалпы және мемлекеттік секторларына институтционалдық тұрғыдан баға беріп, бизнес-ортаның анализын жасап берді. Стратегия – кеңестер мен ақылдасулардың қорытындысы және терең зерттеулердің қысқаша баяндамасы болып табылады. Баяндамалардың толықтай түрін Қарағанды облысының экономика және бюджетті жоспарлау департаментінен, Алматыдағы дүниежүзілік Банк кеңсесінен, АҚ «Маркетингтік- аналитикалық зерттеу Орталығынан» алып танысуға болады. Аймақтық экономикаға жүргізілген зерттеулер мен келтірілген анализ қорытындыларының негізінде Қарағанды облысының даму бағдарламасының алғышарттары, мақсат-міндеттері анықталып, салааралық құнды жобалардың тізімі жасалынды. Осы алғышарттар, келешектегі мақсат-міндеттер Қарғанды, Жезқазған, Балқаш қалаларында өткізілген семинарларда жергілікті жұртшылықтың қатысуымен талқыланды. Аудандық, қалалық әкімшіліктер мен кәсіпкерлердің ұсыныстарының негізінде жасалған құнды жобаларды Қарағанды облысының өнеркәсіп пен кәсіпкерлік департаменттері қуаттап отыр. Аймақтардың қазіргі кезеңдегі даму бағыттары және әлемдік тәжірибе Бүгінгі таңда аймақтардың экономикалық даму нәтижелері олардың жедел өзгермелі халықаралық және ұлттық деңгейдегі нарықтық қатынастарға тезірек бейімделу қабілетіне байланысты болып отыр. Аймақтардың келешектегі экономикалық жағдайын жақсарту үшін стратегиялық тұрғыдан жоспарланған экономикалық даму бағыттары пайдаланылып отыр. Жергілікті экономикалық даму (ЖЭД) аймақтың (қаланың) экономикалық потенциалын қалыптастыра отырып, аймақтың болашақтағы экономикалық дамуын жетілдіріп, халықтың тұрмыс деңгейін көтеруді көздеп отыр. Экономикалық дамуды жетілдіріп, аймақтың тұрғындарын еңбекпен қамтамасыз етуге бағытталған осындай күрделі процесске жеке меншік иелері, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар бірлесе отырып ат салысуы тиіс. Әрбір қала мен елді мекен экономикалық дамуды жетілдіруге қолайлы өзіндік жергілікті жағдайларымен сипатталады. Аталмыш жергілікті жағдайлар экономикалық даму стратегиясын ендіру мен қалыптастыруға негіз бола алады. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, жергілікті күшті экономиканы қалыптастыру үшін қауымдар жергілікті жердің әлді, әлсіз жақтарын және мүмкіндіктері мен қауіптерін ескере отырып, бірлескен стратегиялық тұрғыда жоспарланған іс әрекеттер жүргізуі тиіс. Бұндай процесс аймақтарға деген бизнестің, жұмысшы күші мен жәрдем институттарының қызығушылығын арттырады. ЖЭД тәжірибе жүзінде 1970-шы жылдардың басында қолға алынды, сол кездері жергілікті басқару органдары аймақтар мен қалаларды экономикалық жағынан нығайтудың қажеттілігін білді. Жеке секторларды дамытудағы келеңсіздіктерді жойып әлеуметтік –экономикалық дамуды белсенді түрде зерттей отырып, нығайту мақсатында стратегиялық бағдарламалар мен жобалар қабылданып отырылды. Осылайша, аймақтар өзінің экономикалық базасын ұлғайтып, тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз етіп отырды. Қазіргі таңда қалалар мен аудандық жерлердің алдында бұдан да зор мақсаттар қойылып отыр, ол дегеніміз аймақтардың жергілікті экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлы түрде жүргізу қажеттігінің зор маңызы бар екенін көрсетеді. Жергілікті экономикалық даму эволюциясы ФОКУС ҚҰРАЛДАР 1960-жж. бастап 1980-жж. басына дейін. • Жергілікті районың сыртқы мобилдық өндіріске инвестицияларды тарту • Ірі компаниялар үшін субсидиялар • Берік инфрақұрылымға инвестицияларды жүзеге асыру (тек мемлекеттік секторы үшін) • Ірі гранттар, салықтардың мөлшерлерің төмендету, өндірістік инвесторларға жұмсақ несиелер • Берік инвестицияларға субсидтенген инвестициялар • Арзан жұмыс күшін жалдау арқылы өндірістік шығындардың төмендету фокусы 1980-жж.-нан 1990-жж. ортасына дейін • Бар болған жергілікті кәсіпорындардың сақтауы мен дамуы • Ішкі инвестицияларды тарту кезінде оған үнемі акцент жасау, бірақ әдетте, нақты салаларға немесе белгілі географиялық жерлерге бағытталған әрекет (мемлекеттік сектордың басшылығымен) • Бизнестің бөлек субъекттеріне тіке төлемдер • Жұмысқа арналған бизнес-инкубаторлар/аумақтар • Техникалық кеңес беру, шағын кәсіпорындарды қолдау және тренингтер өткізу • Жаңа кәсіпорындардың шығаруын қолдау • Берік және жұмсақ инфрақұрылымдарға инвестциялар 1990-жж. аяғы • Іскер ахуалын түгелімен жайлы қалыптастыру • Жұмсақ инфрақұрылымдарға инвестициялар (мысалы, адам қорларын даму, біліммен алмасу, реттеуді рационалдау) • Мемлекеттік-жеке әріптестік • Жалпақ жұрттың берекесі үшін жеке сектордың инвестицияларын қолдану • Жергілікті тұрғындар және әлеуетті инвесторлар үшін өмірдің сапасын жақсарту • Жергілікті артықшылықтар тұғысынан қарағанда, ішкі инвестицияларды тарту (әдетте мемлекеттік сектордың басшылығымен) • Жергілікті іскер аухалын жайлы қалыптастыруға бағытталынған біріктірілген стратегия • Жергілікті компаниялардың дамуын ынталандыру • Жергілікті қоғамның арасында қарымқатынастарды және ынтымақтастықты дамыту • Бірлескен іскер байланыстарды дамыту • Еңбек күшті дамыту және жұмсақ инфрақұрылымды қамтамасыз ету • Өмір тіршілігінің сапасын жақсартуына қолдай жасау • Қызмет көрсету секторына және өндірістік секторына акцент жасау • Экономикалық байланысқан бизнес кластерлерді ынталандыру Аумақтық және жергілікті экономикалық даму бағдарламасын енгізу Тарау 1. Жұмысты ұйымдастыру Бұл тарауда қысқаша түрде Стратегияны жасау процессі сипатталып, жұмыс жасау барысында пайдаланылған әдістемелерге нұсқау келтіре отырып, процесстің бірізділік схемалары мен мүдделі тараптардың қатынасы беріліп отыр. Жоғарғы тарауларда көрсетіліп отырғанындай, Стратегия - Дүние жүзілік территориялық Даму Банксінің әдістемелік нұсқауларына сәйкес жасалынған. ( www.worldbank.org/urban/led). Аймақтық стратегиялар жасау процессі бес кезеңнен тұрады: I. Ұйымдастыру жұмыстары II. Жергілікті экономика болжамы III. Стратегияларды жасау IV. Жүзеге асыру V. Мониторинг пен баға Ұйымдастыру жұмысы және аймақтық экономикаға берілетін баға бойынша тарауларға барлық ұйымдастыру шаралары мен зерттеу қорытындылары жатады, сонымен Стратегия – болжам, мақсат, міндет, бағдарламалар мен жобалар сияқты 5 бөліктен тұратын матрица болып отыр. 3 тарауда осы матрицаның 5мақсаты беріліп отыр, онда мақсаттан туындайтын міндеттер, бағдарламаларды іске асыруға қажетті жобалар келтірілген. Жұмысты ұйымдастыру кезеңінде Қарағанды облыс әкімшілігінде құрылған Жұмысшы топ стратегияның алдын ала жоспары мен соңғы түрін қарады. Қарағанды облыс әкімшілігіне қарасты Жұмысшы топ келесі құрамнан тұрады: 1. Экономика мен бюджеті жоспарлау Департаменті; 2. Кәсіпкерлік пене өнеркәсіп Департаменті; 3. Қаржы Департаменті; 4. Әлеуметтік бағдарламалар мен еңбекпен қамтуды үйлестіру жөніндегі Департамент; 5. Мәдениет Департаменті; 6. Денсаулық сақтау Департаменті; 7. Білім беру Департаменті; 8. Ауылшаруашылық Департаменті; 9. Пассажирлік көлік және автомобиль жолдары жөніндегі Басқарма; 10. Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалану жөніндегі Басқарма 11. Қоршаған ортаны қорғау Басқармасы ; 12. Облыстық миграция Басқармасы; 13. Қарағанды облыстық кәсіпкерлер Ассоциациясы. Стратегияны жасаушы жобалық топ ААҚ «Маркетинг – аналитикалық зерттеу Орталығының» мамандарынан тұрады. Дүние жүзілік территориялық Даму Банкі әдістемелік көмек көрсетті. Стратегияны аймақтық деңгейде жасауға қатысушылар негізінен ҒЗИ басшылығы мен мамандарынан, сондай-ақ Қарағанды, Балқаш, Жезқазған қалаларының әкімшіліктеріндегі экономика және бюджетті жоспарлау департаменттерінің мамандарынан, кәсіпкерлер мен өнеркәсіп қызметкерлерінен тұрады. Стратегияның бастапқы түрі бойынша Қарағанды қаласында 5-тен астам көрмелер өткізіліп, Жезқазған, Балқаш қалаларында семинарлар жүргізіліп, Қарғанды, Балқаш, Жезқазған әкімшіліктері және облыс кәсіпкерлері, жоғарғы оқу орындары, кәсіпкерлер ассоциациясы, экологиялық мәселелер бойынша мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен кеңесу шаралары өткізілді. Тарау 2. Аймақ бағасы Бүгінгі таңда аймақ ресурстарының құндылығы маңызды емес, нарық экономикасының талаптарына сай ресурстарды бейімдейтін және қайтадан қалыптастырушы аймақтық басшылық пен бизнестің мүмкіншіліктері маңызды болып отыр. Аймақ экономикасының бағасы экономикалық, әлеуметтік, технологиялық факторларға, бизнес-ортасы мен институтционалдық дамуға негізделген (сурет-схема 1). 1 Кесте. Аймақтық дамуға әсер етуші факторлар 2.1. Экономикалық факторлар Табиғи потенциал Облыс Сарыарқаның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Оның Батысында Торғай жері, оңтүстігінде Бетпақдала және Балқаш көлі орналасқан. Облыс рельефы - жоталы, ұсақ құмды, төбелі жазық. Облыстың батысында Ұлытау таулары, шығысында Қарқаралы, Кент, Қу, Қызылтас, Қызыларай, Кешубай және басқа таулар; оңтүстік-батыс және оңтүстігінде Аралдық, Карақұм, екі Мойынқұм, Жетіқоңыр құмды массивтері бар. Облыс - минералды-шикізат ресурстарына бай. Облыста көмір, жез, қорғасын, марганец, темір, молибден, вольфрам кен көздері бар; сонымен қатар мышьяк, кобальт, никель рудалары табылып отыр. Руда емес шикізаттар запасы: құрылыс тастары, цемент шикізаты, батпақ, құм және тағы басқалар бар. Климаты континентальды, қысы суық, қары аз, жазы ыстық, құрғақ. Басты өзендер: Нұра, Торғай, Сарысу, Шідерті, Улы-Жыланшық, Құланөтпес, Қалмаққырған, Түндік, Тоқырауын, Жарлы, Талды және басқалар. Шағын тұзды көлдер өте көп. Ірі көлдері: Балқаш, Қарасор, Қыпшақ, Керей, Қарақойын, Қияқты, Шошқакөл, Балықтыкөл. Су қоймалары: Нұра өзеніндегі Теміртау (Самарканд), Шерубайнұралық, Кеңгір өзенінде - Кеңгірлік, Жезділік, Атасу өзенінде – Қылыш су қоймалары бар. Ертіс-Қарағанды- Жезқазған каналы бар.
|