Понедельник, 02.11.2026, 16:09
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » География

Тың және тыңайған жерлер

Тақырыбы:Тың және
тыңайған жерлер.

Тың және тыңайған жерлер
Құрылыс саласын басқарудағы келесі бір қадам-Азаматтық тұрғын үй құрылысы министрлігінің құрылуы болатын.Себебі,республиканың өндіргіш күштерінің өрге басуы тұрғын үй мәселесінің шешілуімен тығыз байланысты еді.
Бұл кезеңде астық өндіруді арттыру көзделді.Өйткені,астық өнімінің төмендеуіне орай 1953 жылға қарай ашаршылық қаупі төнді. Қиындықтан шығу жолы тың жерлерді игеру арқылы шешілмек болды.Қолда бар күш-мүмкіншіліктерді есптеп, республика басшыларының бастапқы төрт жылда 2.5 миллион гектар жерді игеру жөніндегі тұжырымы өмір талабынан туындады.Хрущев болса, 1953 жылғы жеті миллион гектардан 1960 жылға 25 миллион гектарға жеткіздірді.Игерілген тыңның 40 жылында 9 рет миллиард тұттан астық тапсырылды,650 қазақстандық Социалистік Еңбек ері атағын алды. 1956-1965 жылдармен салыстырғанда 1966-1975 жылдары дәнді дақылдар түсімі әр гектарға шаққанда орта есеппен 1.9 центнерге көтерілді.1976-1980 жылдың маусым сайын миллиард тұттан астық жиналды.
Сол кездегі Қазақстан экономикасының қарышты қадаммен дамыған саласы-құрылыс индустриясы.Қазақстан тыңын игеру мақсатымен 1954 жылдың көктеміне 131 мың жалын оты лаулаған жастар келді, алғашқыда олар палатка, вагон үйшіктерде тұрды.Бірақ бәрібір баспана жағы жетіспеді.Бұл аймақтарда тұрғын үй және өндіріс орындарын, мәдениет және
ошақтарын, денсаулық сақтау, тұмыстық қамту мекемелерін салуға 400 миллион сом қаржы бөлінді.Бұрынғы одақтың түкпір-түкпірінен 250 мың шаршы метр стандартты тұрғын үй
бөлшектері жөнелтілді.Тек күрделі құрылыстың өзіне 1954-1958 жылдары 1536 мың сом бөлініп, құрастырмалы үйлерге қажет ағаш, цемент, тас, шифер жіберілді.Осының арқасында 1954-1958 жылдары тың аймағында 118 мың тұрғын үй, 941 клуб, 588 кітапхана, 1070 қызыл мүйіс 33 мәдениет сарайы салырды, 337 жаңа совхоз орталығы сәнді қалашыққа айналды.

Көтерілген тыңның кіндік тұсынан орын тепкен Ақмола, Қоста-най, Петропавл, Павлодар қалалары бір кездегі шағын бекініс-тен сәулетті шахарлар санатына қосылды.Қазақстан картасында 90-дай жаңа шахар пайда болды.Құрылыс салу қарқыны, әсіре-се,оныншы бесжылдықта биін деңгейге көтерілді, үш миллион 193 мың адам және республиканың әрбір бесінші тұрғыны үй жағдайын жақсартты.Алматы үлкен құрылыс алаңына айналып,
халқы бір миллионнан асты.Осылай оңтайлы шешілген әлеу-меттік-экономикалық мәселелер еңбекшілерді жаңа жетістік-терге жігерлеңдірді.Он бірінші және он екінші бесжылдықтар-ды жан басына шыққанда 1300 килограмнан астық өндірілді. Өкінішке қарай жер өндеу, топырақ қорғау, оған тыңайтқыштар сіңіру, суырмалы егіншіліктің мәдениетін көтеру мәселелері барлық шаруашылықтарда бірде сақталмады.
Астық түсімі төмендеуін атақты агроном әрі ұйымдастырушы
Федор Моргун “Думы о целике” кітабында 18.7 миллион ға танаптың жел эрозиясымен зақымдалуынан дейді.Ертіс өңірінен басталған борана Алтай өңірін басып өтті.Топырақтың
құнарлы қабатын жел ұшырып әкетті Бұндай келеңсіздікпен күресу үшін Шортанды да ана делиен А.И.Бараевтың басшылығымен Бүкілодақтың егіншілік ғылыми-зерттеу институты құрылды.Ақмолада жер эрозиясымен күресуге қажетті машина зауыты салынды.Тың аймағына аса қажет Павлодар трактор зауытын пайдалануға беру алпысыншы жылдардың аяғына таман іске асты.Оның өзін 250 аттық күші
бар К-701 түріне көшіреміз деп көп жыл жергілікті органдарды
желіктірді “Дала” кең жатқалы комбаинын шығару уәдесі де
қаулы күйінде қалды.Осындай оралымсыздардың салдарынан
соңғы қырық жылдың төрттен бірінде ғана тәуір өнім жиналды.
Қалған жылдардағы көрсеткіш орта есеппен гектарына бес центнерден аспады.Тоқырау жылдарында астықты алтынмен теңеп, диқандарымызды асыраушыларымыз десек те шын мәніндегі көзқарасымыз керісінше еді.Көптеген қиыншылықпен өндірілетін бидайдың тоннасы 130 сомға бағаланды.

Бұл жылдары қазақ мәдениетіне, тарихына да селқос көзқарас қалыптасты.Тыңға келушілерді жергілікті халықтың тарихы
мен ұлттық мәдениеті қызықтырмады.Өйткені, Н.Хрущевтің
өзі Қазақстанды Ресейдің бір пұшпағы деп санады.Тың жерлерге қалалар салуды айта келіп, Ақмола атын Целиноград
етіп өзгерттірді.Қазақ сахарасында “ақ” қасиетті сөз екенін, ал
“мола” түрікше “қорған” мағынасын беретінің қайдан білсін.
Мәдениеттегі бұрмалаулардың бірқатары мектеп ісіне байланысты болды.1950-1970 жылдары аралығында ғана қазақ
мектептері 1314-ке қысқарып, керісінше, орыс тілді мектептер-
дің бір жарым мыңға көбейгендігі бұқара көпшіліктен бүркеме-
ленді.Мәдениет саласына мардымсыз қаржы бөлінді.Тың жер-
лердің басым көпшілігі негізінен Қазақстанның солтүстігіндегі
алты облыста-Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан,Көкшетау, Торғай және Павлодар облыстарында жүзеге асырылды.1954 жылы бұрынғыға қосымша колхоздар мен МТС-тердің күшімен 4.847 мың гектар, ал совхоздардың күшімен 3684 мың гектар жаңа жерлер жыртылды.Сонымен тың және тыңайған жерлерді
игеру жөніндегі екі жылға арналған мемлекеттік жоспар не бары
бір жылда артығымен орындалды.Жаңа жолдар салынып, жаңа
елді мекендер бой көтерді.Тың жерлерді игеруге он мыңдаған
мамандар, ауылшаруашылық өндірісінің ұйымдастырушылары
аттандырылды.1954 жылдың бірінші жартысында бір ғана Ақмола облысына тың жерді көтеру үшін 20 мыңнан астам адам
келді.Мұның үстіне өнеркәсіп орындарының ұжымдары ауылшаруашылық өндірісіне, тың және тыңайған жерлерді игеруге 1336 мамандар мен механизаторлар жіберді.Мәселен,
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы мен дайындау қызметкерлерінің кәсіподағынан 300 адам Казах-сельмаш зауытынан 121 адам, олардың ішінде жоғары білімді қызметкер- лер тың игеруге жіберілді.1954-1955 жылдары колхоздар мен совхоздарға 4.5 мың маман жіберілсе, 1959 жылы оларда 15 мыңнан астам жоғары және орта білімді маман еңбек етті.1953-1958 жылдарда ауыл шаруашылығына жалпы алғанда 266.6 мың
механизатор жіберілді.

Тың жерлерді қысқа мерзімде игеру мақсатында және
ауыл шаруашылығын бұрынғыдан әрі дамыту үшін адамдардың
материалдық ынтасын көтеруге бағытталған ұйымдық шаралар
жүзеге асырылды.Тың игеруге басқа жерлерден, ең алдымен Ресейден келушілерге айтарлықтай жеңілдіктер жасады.Тыңгер-
лер орналасатын жеріне дейін дүние мүлкімен тегін көшірілді; әр отбасы басшысына 500-100 сом, оның әрбір мүшесіне 150-200
сом мөлшерінде бір реттік көмек көрсетілді;10 мың сом көлемін-
де 10 жылдық мерзімге үй салу үшін несие берілді.1500-2000 сом мөлшерінде мал сатып алу үшін несие берілді; 1.5 центнер
көлемде астық немесе ұн азық-түлік көмегі ретінде бөлінді;
тыңгерлер 2 жылдан 5 жылға дейін мерзімге ауылшаруашылық
салығынан босатылды.1954-1959 жылдары Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сомдай қаражат жұмсалды.Ұлан-ғайыр жерді игеру, кең көлемді тұрғын үй құрылысы, он мыңдаған шақырым жолдар төсеу, т.б. көптеген шаруашылық, мәдени обьектілер салу Қазақстанның тың игерген облыстарына сан мыңдаған адамдар мен қыруар техниканы жеткізуді қажет етті.КСРО-ның түкпір-түкпірінен тың игеру үшін келіп жатқан адамдарды баспанамен қамтамасыз ету, оларға ойдағыдай тұрмыстық және мәдени жағдайлар жасау,
азық-түлікпен, сумен қамтамасыз ету оңайға түскен жоқ.

Категория: География | Добавил: erdeeen | Теги: Тың және тыңайған жерлер
Просмотров: 3927 | Загрузок: 194 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 3.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2026