|
|
| Қазақша рефераттар |
 |
Ұлы Жеңіс күнін
| Ұлы Жеңіс күнін жақында туған Атырау аймағы да ерекше үлес қосты.Соғыс басталған 1941 жылдың 22 маусымы әрбір жүректе қайғы-қасіретпен бірге,елімізге-жерімізге деген Орасан зор патриотизм сезімін тұтатты.Соғыстың алғашқы күндері республикамыз бойынша әр түрлі ұйымдарға,майданға сұранған 70 мыңдай өтініш берілсе, соның ішінде Атырау өңіріннен бірнеше жүз адамнан өтініш түскен.Атырау өңірінде өткен жиындарда еңбекшілер фашистермен соғысу үшін Қызыл Армия қатарында майданға баруға сұранды.Ер азаматтармен бірге, майданға барып Отан қорғауды Атыраулық әйелдер мен қыздар өздерінің патриоттық борышымыз деп санады. 1942 жылы күзінде жау әскері Еділге ентелеп кірген кезде, Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Каспий өңірінің жағалауын соғыс жағдайында деп жариялап,соған орай Атырау өлкесі соғыс жағдайында болды.Қорғаныс Комитетінің бұйрығын орындау орындау үшін Атырау облыстық партия комитеті 5 адамнан Қорғаныс Комитетін құрады.Оның төрағасы болып сол кездегі облыстық партия комитетінің бұйрығын орындау үшін Атырау облыстық партия комитетінің 1-хатшысы М.Бекжанов тағайындалады.1942 жылы 29 қыркүйекте Атырау қалалық партия комитеті қала басшыларының активін өткізіп,онда М.Бекжанов облысты соғыс жағдайында деп жарияланылуына байланысты алда тұрған міндеттерге тоқталады. Соғыстың алғашқы кезеңінде көптеген өндіріс орындары, колхоз, совхоз жау қолында қалдырылмау үшін шығыс аудандарға, оның ішінде 15 кәсіпорын Атырау аймағына орналастырылды. Олармен бірге оның жұмысшылары, олардың отбасылары да көшіп келді.Мәселен,1944 жылдың қарашасында Атырау қаласына 3500 адам, Мақат ауданына 1000 адам,өзге аудандарға 1460 адам көшіріліп әкелінді.Жергілікті халықтар оларды өз қамқорлықтарына алып үймен, тамақпен,жұмыспен қамтамасыз етті. Атырау сол кезде Кавказды Орта Азиямен байланыстырып тұратын қақпа болдв. Шығыс аймаққа көшірілген өндіріс орындары, колхоз, совхоз малдары мен адамдар Атырау арқылы өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында Атырау өңірінен 42509 адам, ал қаладан 11302 адам қолына қару алып фашизмен соғысқа аттанды. Туған жер, Отан үшін бұлардың 13267-сі, оның ішінде қаладан аттанған 4683 боздақ майданда ерлікпен қаза тапты.Атыраулықтар кең байтақ кеңес Одағы, Еуропа елдерін азат ету жолында ерен ерліктің үлгісін көрсетті.9 жауынгер Совет Одағының Батыры атаған, ал 4 адам Даңқ Орденінің толық иегерлері болды.Ал орден, медальдармен наград-Афанасьев-Александр никифорович, 1914ж.Теңіз ауданының Ганюшкино с-нда туған жастайынан балықшылықпен айналасты, колхозда және сауда ұйымдарында жұмыс істеді.Әскерге 1942 жылы 5 мамыр күні Теңіз АӘК арқылы шақырылды.Гитлерші-лерге қарсы шайқастардың бірінде рота командирі ұрыстан шығып қалды.Осы кезде аға сержант А.Н.Афанасьев бөлім-шені басқаруды өз қолына алып, жауынгерлерді жаудың бекінісіне қарай шабуылға бастады.Ол гитлершілердің орына бірінші болып басып кіріп, қолма-қол айқаста немістерді шептең қуып шықты.Афанасьевтің жеке басының көрсеткен батырлығы гвардиялық жауынгерлерді ерлікке жігерлендірді. 1942ж. күз айында А.Н.Афанасьев Воронеж майданын-дағы қанды шайқастарға қатысты.Осы ұрыста Афанасьевтің пулеметшілері немістердің екі пулемет расчетын және 50-ден астам солдаты мен офицерлерін жайып жіберді.1943жылы 13 қарашада калмунист А.Н. Афанасьевке өлгеннен кейін кеңес одағының Батыры атағы берілді. Баймұханов –Мұса Баймұханұлы, 1910жылы Қызылқоға ауданының Қарабау селосында туған.Әскерге 1941жылы маусым айында шақырылып, әскери училищіге жіберілді.М.Баймұханов Ленинград майданындағы Қызыл Тулы 120-Гатчино атқыштар дивизиясы, 538-атқыштар полкінің құрамындағы атқыштар взводының командирі болды.Одерфельд елді пунктіне шабуыл кезінде Баймұхановтың взводы, оған алғашқы боп енді және ондағы үйлерді жаудан бірінен соң біріназат етті.Мұса Баймұханов өзінің жауынгерлерінің алдыңғы сапында бола отырып, оларды әскери ерлік жасауға жігерлендірді.Тек осы айқаста оның взводы 25-гитлершіл солдат пен офицерді, ал Баймұхановтың өзі тоғыз фашистті жойды.Ордерден өткен кезде көрсеткен ерлігі үшін КСРО жоғарғы Кеңесі Президиу-мының жарғысы бойынша М.Б.Баймұхановқа 1945жылы 10-көкекте Кеңес Одағының батыры атғы берілді.Бірақ қаһарман солдат бұл награданы алуға үлгермеді.М.Б.Баймұха-нов 1945 жылы 18 наурызда ерлікпен қаза тапты. Нысанбаев-Боран, 1918 жылы Есбол ауданының Қаңбақты ауылында туған.Ол 1935 жылдан ,,Қаңбақты’’ колхозында жұмыс істеген. Әскерге 1942 жылғы қаңтар айында шақырылды.Ұрыс кезіндегі ерлігі ескеріліп, оған бірінші дәрежелі Отан соғысы ордені берілді.1943 жылғы ақпан айының алғаш-қы күні Орел облысы Лески деревнясында болған ұрыс Боран-ның қарулас жолдастарының есінде мәңгілік қалды.Полк деревнясының оңтүстік шығыс жағынан шабуылға шықты.Қарлы боранмен араласа немістер жағынан пулемет пен минометтерден үсті-үстіне үдей түсті.Сондықтан да біздің әскерлерге саябырлауға тура келді.Боран бірнеше гранатыны алып, жаудың танкісіне лақтырады.Атыс ұясының үні өшеді де, батальонның шабуылға шығуына мүмкіндік жасалады. Атыс ұясының ішінде жаудың 28 солдатымен офицерінің өлігі қалады.Сол жерде Боранның жансыз денесі қалады.Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының 1943 жылғы 23қыркүйектегі Жарғысы бойынша Б.Нысанбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Полынин-Евгений Михайлович, 1914жылы Жылыой ауданында туған. Соғыс басталысымен әскер қатарына шақырылып,1942жылы байланысшы жауынгер болып майданға жіберілді. 1942жылыМедынь түбінде жау оғы астында ондаған рет байланысты қалпына келтірген. Осы ерлігі үшін ол Қызыл Жұлдыз орденімен наградталған.1944Жылы жазда Белоруссияның Дубровно ауданында кескілескен ұрыс болды. Жау зеңбірегі мен минаметі оғының астында жүрген. Е.М.Полынин Даңқ орденінің толық игері болған.1984 жылы қайтыс болған.
|
|
Категория: Ұлы ОТАН соғысы | Добавил: erdeeen
|
| Просмотров: 1626 | Загрузок: 283
| Комментарии: 1
| Рейтинг: 3.0/2 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|
|