Понедельник, 02.11.2026, 16:24
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Скачать рефераты бесплатно на казахском и на русском языках | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории
Ағылшын тілі [5]
Ашық сабақ [41]
Биология, Валеология [54]
География [162]
Математика [11]
Информатика [55]
Экономика Бухгалтерия [132]
Қазақ халық әндері,тарихы [9]
Қалғандары [106]
Қазақ хандары, билері, батырлары [153]
Қазақ әдебиеті [367]
Қазақ тілі [79]
Құқық [81]
Қазақ мерекелер,салт-дәстүр [20]
Қазақстан тарих [178]
Химия Физика Астрономия [34]
Дін тану [26]
Тест сұрақтары [33]
Қазақша диплом [7]
Шет ел әдебиеті мен тарихы [92]
Шағын көлемді шығармалар [7]
Ұлы ОТАН соғысы [18]
Психология, Философия [36]
Педагогика [127]
Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану [47]
Ғылыми жұмыс [93]
Экология [35]
Рефераты на русском [28]
Программы (Сборник Рефератов и т.д) [0]
Слайдтар [4]
Форма входа
Қазақша рефераттар
Главная » Файлы » Ғылыми жұмыс

Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру

Зерттеудің көкейкестілігі. «Қазақстан – 2030» Жолдауында Республика Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемендігін танытатын мемлекетіміздің ұзақ уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм» студенттердің тәрбиелік деңгейін бағалудағы көрсеткіш болып қарастырылады.
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, қоғамның саяси және рухани өмірі саласындағы міндеттерді қайта жаңартуға бағытталған идеялық-тәрбие жұмыстары мемлекеттің стратегиялық бағдарымен анықталды. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады.
Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында студенттерге этностық ерекшеліктерімізді, халқымыздың тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін назарға алу, жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің қажеттілігін арттыра түседі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің студенттермен кездескен сөзінде оларды патриоттыққа тәрбиелеудің қажеттілігін көрсетті. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады.
Соңғы жылдары қалыптасқан тәрбие жүйесі көпшілік жағдайда сөз, ұран, мәліметтік сипатта болып, жоғары оқу орындарындағы студенттерді міндетті түрде қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қатысуын қарастырмады, олардың патриоттық тәрбиелеу бағытын дамытуды қиындатты.
Бұл қазіргі кезде тәрбиелік мән беретін көптеген мәселелерді қайта қарауды және студенттерді жалпы Отанның өткендегі ерлік істерін терең сезіммен ұғынуға баулитындай тәрбиенің ерекше тиімді формалары мен әдістерін қарастыруды талап етеді. Әсіресе бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық, білім ғана емес, әсіресе өнегелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды.
Қазіргі уақытта «Қазақстандық керемет» деген ұғым пайда болды. Ол тек бастамасы. Оған нағыз сай болу үшін жан-жақты дамуымыз керек. Қазақ – құдыреттілігі, имандылығы, адамгершілігі көзінен, жүрегінен көрініп тұрған, патриоттығы ішінде ұйып жатқан кең халық. Бүкіл білім беру жүйесі арқылы осыларды сыртқа шығару, жоғарғы дәрежеге көтеру қажет, ол үшін сапалы патриоттық тәрбие керек. Бұл сырттан ғана келетін әсер емес, ол іштен шығатын, дамитын, қалыптасатын ерекше қасиет. Ол қазақ менталитетінің ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан халыққа тән санамен келген ойлау нәтижесі.
Қайта жаңғырған ұлттық педагогикамыздың маңызды бір бөлігі рухани мұрадағы тәлім - тәрбиелік ой пікірлер, патриоттық сана-сезім, оған деген ғылыми көзқарас.
Қазақ елі жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы рухани сілкінісі туғызған қайта түлеу процесі, сол патриотизмнің даму барысын өзгертуге, сөйтіп, шынайы ұлттық патриоттық тәрбие қағидаларын (принциптерін) қайта қарауға ықпал етті.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып ана тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды елеп-екшеп және рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосатын мұраларын зерделеп зерттеу бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің керегіне жарату, өзекті мәселелердің бірі болуда.
Кеңес Одағы кезінде жоғарғы оқу орындарында студенттерді тәрбиелеудің арқауы болған «социалистік патриотизм» ұғымы сол идеологиямен бірге құрдымға кетті. Қазіргі заманда біздің халқымыздың патриотизмі экономиканы қайта құруда, қоғамды рухани жаңартып демократияландыруда, плюрализм пікірін бекітуде және әлеуметтік орта мен идеологиядағы сол бір тоқырау кезеңдерінің әсерінен туған жікшілдік пен бұрмалаушылықты жоюдағы күреске бар күшті ынталандыру болып табылады.
Мұның бәрі келешек жас ұрпақты патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеудің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының білім беру жаңа бағдарламасында, қоғамның, бүгінгі күнгі талабы алдағы уақытта да әрбір адамды Отанын сүюге, туған жерін құрметтеуге, ата-бабаның озық салт-дәстүрлерінің құндылығын мақтаныш тұтуға, әлемде халықтар арасындағы бейбітшілік үшін достықты нығайтуға бағыт беруде талмай еңбек етуді қажет санайды.
Идеялық тәрбие жұмыстарының маңызды міндеттерінің бірі-патриоттық тәрбие. Патриотизм-әлемдегі бейбітшілік үшін күреспен, адамзат өміріне қауіп төндіретін термоядролық, экологиялық және террорлық апаттың алдын алумен, халықаралық қатынастарды құрумен және әлемдегі жаңа тәртіптерді бекітумен, өзара түсіністікті негізге алумен, тәуелсіз елдермен және басқа да мемлекеттермен көршілік татуластықпен, іскерлік ынтымақтастықпен тығыз байланыста болумен өлшенеді.
Қазіргі кезде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеу жүргізуші ғалымдар халқымыздың сан ғасырлардағы рухани мұрасын, әсіресе оқу, тәлім-тәрбие мәселесін философия, психология, педагогика ғылымдарының зор жетістіктерін пайдаланып, асыл қазыналарын жоғары теориялық биіктен талдап, ғылыми көзін ашуда.
Тәлім-тәрбие мәселелерін зерттеуде елеулі үлес қосқан қазақстандық ғалымдар Қ.М.Арынғазин, Қ.Ж.Аганина, Ш.Ә.Әбдіраман, Е.З.Батталханов, А.А.Бейсенбаева, Қ.Бөлеев, Қ.Б.Жарықбаев, С.Т.Каргин, Ғ.М.Кертаева, С.Қалиев, К.Ж. Қожахметова, С.А.Ұзақбаева, этномәдениет мәселесі бойынша М.Х. Балтабаев, Ж.Ж. Наурызбай, А.С.Сейдімбек, патриоттық тәрбие бойынша С.К.Нурмукашева, Н.Р.Рамашовтың еңбектері.
Қ.М. Арынғазин «Мағыналы педагогикаға кіріспе» атты еңбегінде, сыныптық сабақ беріп оқыту жүйесінен, сыныптық сабақ беріп оқыту-тәрбиелеу жүйесіне көшу қажеттілігін, оқыту жолдарын тұтас педагогикалық процестің жаңа үлгісін көрсеткен.
Жаңа тәрбие үлгісіне (парадигмасына) көшу жолындағы оқыту, рухани байлықты, өнегелікті қалыптастыруды Қ.М.Арынғазин, А.А.Бейсенбаева еңбектерінде қарастырады. Осы процесті одан әрі дамыта отырып, көптеген ғалымдар қазақ халық педагогикасы мұраларының құнды идеяларын тәрбие құралы ретінде және дене тәрбиесі, музыкалық-эстетикалық тәрбиесі арқылы қарастырғандар Р.Қ.Дүйсембінова, Т.Ә.Қышқашбаев, Ы.Оршыбеков, Е.Сағындықов, т. б.
Ү.К.Санабаев Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігіне қарасты ішкі әскерлерінің әскери қызметкерлерінде патриотизмді тәрбиелеудің педагогикалық негіздердін өз ғылыми зерттеу жұмысына арқау етіп алған.
А.А.Бейсенбаева «Қазақтың ерлік эпосы арқылы жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру» атты ғылыми еңбегінде «патриотизм», «патриоттық тәрбие» ұғымдарының мәні, олардың құрылымдық компонентері мен функцияларын нақтылап, жоғары сынып оқушыларының патриотизмін сыныптан тыс жұмыстарда қазақ ерлік эпосы арқылы қалыптастырудың механизмін жасады.
Р.М.Айтжанова «Жалпы білім беретін мектеп жағдайында этнос субъектісін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» атты еңбегінде жалпы білім беретін мектептің оқушысын этнос субъектісі ретінде қалыптастырудың педагогикалық негіздерін айқындап, мектеп оқушысын этнос субъектісі ретінде қалыптастырудың теориялық моделін жасаған.
Интернацоналдық-патриоттық тәрбие мәселесін зерттеумен республикамызда бірқатар ғалымдары айналысады. Олар мына бағыттарда, атап айтсақ, ұлттық дәстүрлер мен патриоттық тәрбие, әскери-патриоттық, интернацоналдық, адамгершілік, ерлік тәрбиесі проблемаларын қарастырады (С.Ешімханов, Р.С.Елубаева, Е.Жұматаева, С.Т.Иманбаева, т.б).
Соңғы жылдары қазақстандық патриотизмге зор мән берілуде. Бұл тұрғыда К.Т.Әбілғазиева, Ғ.Б.Базарғалиев, Д.С.Құсайнова, А.К.Салимолдаева, еңбектерін атауға болады.
Патриоттық тәрбиенің кейбір мәселелерін қарастырған ғалымдар С.Ә. Әбдіманапов, Л.А. Шкутина, т.б.
Дегенмен, жоғарыда айтылған ғалымдардың ғылыми еңбектеріне талдау жасай келе біз зерттеп отырған мәселеің толық зерттелмегені байқалды. Қазіргі жаңа қоғамда студенттерге патриоттық тәрбие берудің этнопедагогикалық негіздері арнайы жеке зерттеу пәні ретінде толық қарастырылмаған деп тұжырымдауға болады.
Жоғары оқу орындарында патриоттық тәрбие беру саласы ғылыми тұрғыда негізделген нұсқауларға мұқтаж. Сонымен бірге жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие практикасын талдау барысында студенттерді патриотизмге тәрбиелеудің тарихи-педагогикалық және этнопедагогикалық тұрғыдан толық зерделенбеуімен бүгінгі күнде студенттерді ел жанды, отанының нағыз патриоттары болып қалыптасуында этнопедагогиканың қағидаларын пайдаланудың қажеттілігі арасында қайшылық туып отыр. Сондықтан студенттердің оқу-тәрбие процесін қазақ этнопедагогикасының негізінде ұйымдастыру арқылы патриотизмге тәрбиелеу біздің зерттеу проблемамызды айқындайды.
Аталған қайшылықтың шешімін зерттеуіміздің тақырыбын «Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орындары студенттерінің патриоттық тәрбиесі.
Зерттеудің пәні: жоғары оқу орнында қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттердің патриоттық тәрбиесі.
Зерттеудің мақсаты: қазақ этнопедагогикасы арқылы студенттердің патриоттық тәрбиесін теориялық тұрғыдан негіздеп, оның әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жоғары оқу орындарында студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің ерекшеліктерін анықтап, патриоттық тәрбие берудің моделі жасап, оқу-тәрбие процесіне енсе, онда студенттерге патриоттық тәрбие берудің тиімділігі артады, өйткені патриоттық тәрбие халықтың педагогикалық тәжірибесінің өзегі.
Зерттеудің міндеттері:
 қазақ этнопедагогикасын студенттердің патриоттық тәрбиесінде пайдаланудың теориялық негіздерін ашу;
 студенттерге патриоттық тәрбие беруде қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм ерекшеліктерін көрсету, мәнін ашу;
 студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің теориялық моделін жасау;
 қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасап, оның тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: қазақ этнопедагогикасындағы патриоттық тәрбие идеялары бүгінгі оқу-тәрбие процесінде патриоттық тәрбиенің қайнар көзі.
Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері: ұлттық педагогикалық ой пікірлерге байланысты философтардың, тарихшылардың, педагогтардың, психологтардың еңбектерімен ой-пікірлері, этнопедагогика және этнопсихологияның теориялық қағидалары, тәрбие теориясы, біртұтас педагогикалық процесінің теориясы және кәсіби білім берудің теориясы.
Зерттеудің негізгі көздері: әр дәуірде өмір сүрген ойшыл-ғұламалардың тәлім-тәрбиелі мұралары, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы орта және жоғары білім беру тұжырымдамалары; Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы; «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы», Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тәрбие берудің кешенді бағдарламасы (2000); оқу және тәрбие процесінің бағдарламалары; психологтар мен педагог ғалымдардың, жазушылардың, соғыс ардагерлерінің оқу және тәрбиеге арналған еңбектері.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-педагогикалық, әдебиеттерге талдау жасау; белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану; жоғарғы оқу орындарында студенттердің оқу-тәрбие процесін бақылау; студенттермен пікір талас, әңгіме жүргізу, сауалнама алу; модельдеу; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестілігін, тиімділігін тәжрибелік-педагогикалық зерттеу жұмысы арқылы тексеру; алынған нәтижелерді сұрыптау әдістері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
 қазақ этнопедагогикасын студенттердің патриоттық тәрбиесінде пайдаланудың теориялық негіздері ашылды;
 "қазақстандық патриотизм" мен "ұлттық патриотизм" ерекшеліктері айқындалды жәні анықтамалары нақтыланды;
 жоғары оқу орындары студенттеріне қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің моделі құрылды;
 қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің әдістемесі жасалды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі:
Жоғарғы оқу орны студенттерін патриотизмге тәрбиелеуде жинақталған тарихи - педагогикалық материалдарын орта арнаулы оқу орындарының оқу тәрбие ісінде, қоғамдық мекемелердің тәрбие практикасында пайдалануға болатындығында.
Студенттерге патриоттық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық үлгісі жасалды. Олар мына бағытта пайдаланылады:
- «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты курсты оқытудағы тәрбиелік іс–шаралар жүйесі жасалынды (қазақ күресі, тоғызқұмалақ, садақ ату, аударыспақ, т.б. жарыстары);
- «Әскери патриоттық тәрбие негіздері» атты типтік бағдарлама жасалып оқу-тәрбие процесінде пайдаланылды;
- «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты арнайы курс бағдарламасы жасалып, енгізілді;
- «Студенттерге отаншылдық негізде патриоттық тәрбие беру» атты оқытушылармен семинар бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылды.
Категория: Ғылыми жұмыс | Добавил: erdeeen
Просмотров: 2012 | Загрузок: 278 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]

Хостинг от uCoz
Тегін қазақша рефераттар © 2026